Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет29/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   86
Акишев

1.2. Сертификаттаудың қысқаша тарихы


Сертификаттау - латыннан аударғанда «дүрыс жасал-ған» деген үғымды білдіреді.
Сертификаттау деген үғымның күнделікті және ком-мерциялық тәжірибеде қолданылып жүргеніне көп уақыт болмаса да ол үғым ретінде XIX ғ. белгілі. Мыса-лы, Ф. А. Бронгауз және И. А. Ефронның 1900 жылы шыққан энциклопедиялық сөздігінде сертификаттау-дың бірнеше анықтамалары келтірілген. Соның бірінде сертификаттау - ол куәландыру делінген.
Тауар өндірушілер ертеде өздері шығарған бүйымның сапасына кепілдік бергені туралы және ол кепілдіктер жазбашатүрінде, яғни «сәйкестік мәлімдемесі» түрінде берілгені туралы деректер кездеседі. Мүндай мәлімде-мелер көптеген жағдайларды қамтыған және солардың ішінде бейнелеу өнері де бар. Қайта қүру дәуірінде өмір сүрген суретшілер өз туындылары 300 жыл сақталады деп кепілдік берген. Мүндай кепілдіктер көп жағдайда шындыққа үласқан.
Келтірілген мысалдарды бірінші жақтардың кепілдігі деп қарастыруға болады.
Метрологияда сертификаттау аспаптарды тексеру және таңба ңою шаралары түрінде белгілі болған. Қойыл-ған таңбалар аспаптың қүрылымдық және метрология-лық сипаттамалары сертификаттау талаптарына сәйкес дегенді білдірген. Метрологиялық тәжірибеде сертифи-каттау деген үғым 100 жылдан астам қолданылады. Осы уақыт аралығында Халықаралық өлшемдер мен салмаң-тар бюросының түрғысынан атқарылған жүмыстарды үшінші жақ жүргізіп отырған сертификаттау деп есеп-теуге болады.
КСРО кезінде отандың экспортқа шығарылатын өнім түрлері сертификатталған. Алғашқыда олар шетелдегі орталықтарда жүргізілген. Сондықтан сертификаттау-дың міндеттілігі отандың емес сол тауар апарылатын елдердің заңдарымен белгіленетін.
1984 жылы КСРО Үкіметі экспортқа шығарылатын өнімді сертификаттау жөнінде Қаулы ңабылдады.
1986 жылы елде машина жасау саласының өнімдерін сертификаттау туралы уақытша тәртіп енгізілді.
Өзара экономикалық ынтымақтастық Кеңесіне енген елдер 1988 жылы сапаны бағалау жүйесін және өзара алмасатын өнімдерді сертификаттау туралы Конвен-цияға қол қойды (СЕРИО СЭВ). Бүл конвенция бойын-ша (сертификаттауды) өзара экономикалық ынтымақ-тастық кеңесінің стандарттарын және басқа халықара-лық нормаларды, жақсы деп танылған үлттың стандарт-тарды қолдана отырып жүргізу көзделді. Бүл жүйе іс жүзінде сынау зертханаларын халықаралың аккре-диттеуді және халықаралық аттестаттауды енгізді. 1991 жылға дейін 14 сынаң орталықтары ңүрылып бірнеше өндіріс мекемелері аттестаттаудан өтті.
Айта кететін жағдай - КСРО-да өнім сапасының талапқа сәйкестігін бағалау шетелдерден өзгеше жүргізілді: сапа категориялары бойынша аттестаттау, өнімді мемлекеттік қабылдап алу, мемлекеттік сынақтар, стандарттарды мемлекеттік қадағалау. КСРО ыдырағаннан кейін өнім сапасының талапқа сәйкестігін бағалаудың бүл әдістері ресми түрде жойылды. Қазаңстан Республикасында сер-тификаттау 1991 жылы қабылданған «түтынушылардың қүқығын қорғау» туралы Заңға сәйкес жүргізіле баста-ды. Заң халық түтынатын тауарлардың қауіпсіздігін міндетті түрде сертификаттауды енгізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет