Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады


Метрологияның негізгі түсініктері



бет46/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   86
Акишев

Метрологияның негізгі түсініктері

Іргелі және тәжірибелік метрологияның негізгі түсініктерінің мазмұнын қарастыра кетейік.


Өлшем метрологияның негізгі объектісі ретінде физикалық шамалармен және өзге де ғылымдарға жататын шамалармен (математика,психология,медицина,т.б ғылымдарға жататын) байланысты.
Үдерістер мен физикалық денелердің түрлі қасиеттерін сандық сипаттау үшін шама түсінігі енгізілген.
Шама-басқа қасиеттердің ішінен ерекшеленетін және белгілі-бір әдіспен бағаланатын белгілі бір нәрсенің қасиеті (1-сурет).
Шамаларды екі түрге бөлуге болады:шынайы және идеалды.
Идеалды шамалар негізінен математика саласына байланысты болады және нақты шынайы түсініктердің жалпы түрі болып табылады.Шынайы шамаларды,өз кезегінде,физикалық және физикалық емес,өлшенетін және бағаланатын деп бөлуге болады.
Физикалық шама деп көптеген физикалық объектілер үшін сапалық тұрғыда ортақ болатын және сандық мәнде ерекшеленетін физикалық объект (құбылыстың,үдерістің) қасиеттерінің бірі аталады.Осылайша,қаттылық қасиеті сапалық тұрғыда болат,ағаш,шыны сияқты материалды сипаттайды,ал қатылық дәрежесі (сандық мәні)-олардың әрқайсысы үшін әр түрлі шама.
Өлшем деп шама бірлігін сипаттайтын және одан өлшенетін шаманы сәйкестендіруге мүмкіндік беретін,техникалық әдіс көмегімен орындалатын операциялардың жиынтығы аталады.Шаманың алынған мәні өлшемнің нәтижесі болып табылады.
Метрологияның басты міндеттерінің бірі-өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету-мынадай негіз салушы екі шарт ескерілгенде шешілуі мүмкін:
-өлшем нәтижесін бірдей заңды бірліктерде көрсету;
-өлшемдер нәтижелерінің жіберілетін қателіктерін және олардың берілген ықтималдылықпен шығуға тыйым салынатын шектерін көрсету.
Қателіктер деп өлшемдер нәтижелерінің өлшенетін бірліктің нақты мәнінен ауытқуын атайды.Мұнда ескерілуі тиіс бір жайт,физикалық шаманың нақты мәні белгісіз болып саналады және теориялық зерттеулер қолданылады;физикалық шаманың нақты мәні сынақ (эксперименталды) жолымен табылады,ол тәжірибе нәтижесі ең жоғары дәрежеде нақты мәнге жақын деп болжанады.Өлшемдердің қателіктері әдетте техникалық құжаттарда көрсетіледі.Егер қателіктердің өлшемдер жүргізілетін жағдайларғаәдістемелік эксперименталды қателіктеріне және сол жағдайлардағы адамның субъективті ерекшеліктеріне байланысты екенін ескерсек,өлшемдердің қателіктерінің бірнеше құраушылары немесе жиынтық қателіктері туралы айтуға болады.
Өлшем бірлігі тек қателіктердің сәйкес келуімен қамтамасыз етілуі мүмкін емес.Сонымен қатар,өлшемдердің дәлділігі (достоверность) талап етіледі,ол қателіктер ауытқулар шегінен шығып кетпейтіндігін көрсетеді.Сондай-ақ өлшемдердің дәлдігі (точность) деген түсінік бар,ол өлшемдер қателіктерінің нөлге жақындау дәрежесін сипаттайды.
Бұл барлық жағдайларда өлшемдердің бірлігі түсінігін жалпылайды.Өлшемдердің бірлігі-өлшемдердің нәтижелері заңдық бірліктерде көрсетілген,ал қателіктері берілген ықтималдықта белгілі және қойылған шектерден тыс шықпайтын өлшемдердің күйі.
Жоғарыда айтылып кеткендей,өлшемдердің бірлігін нақты қамтамасыз ету бойынша шаралар әлемінің көптеген елдерінде заңдылықтармен белгіленген және заңдылық метрологияның қызметіне кіреді.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет