19-сурет. Килограмм этолоны
Массаның ұлттық эталоны (бұрынғы КСРО-ның ұлттық эталоны) Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Ғылыми-зерттеу институтында сақталған. Ол кварцтық үстілде, екі шыны ыдыстың астында болат сейфте тұрады. Ондағы ауа темперетурасы 20±300C-де ұсталады, ал салыстырмалы ылғалдылық - 65%. Он жылда бір рет оны екі екінші эталонмен салыстырады. Халықаралық эталонмен салыстырған кезде массаның ұлттық эталоны 1,0000000877 кг мәнге ие болды. №12 үлгіден екінші ретті эталондарға масса бірлігінің өлшемін беру үшін қашықтықтан басқаруы бар №1 және №2 арнаулы таразылар қолданылады. Килограмды бейнелеу қателігі 2·10-9 болды.
Халықаралық салыстырулар кезінде анықталған эталон массасының ауытқулары оның тұрақтылығының жеткілікті дәрежесін көрсетеді. 1-кестеде екі салыстырулардың нәтижелері келтірілген [2].
1-кесте
Масса эталонының халықаралық салыстыруларының нәтижелері
Мемлекет
|
Эталон нөмірі
|
Эталон массасының ауытқуы
|
Эталон массаларының айырмасы
|
|
|
|
Бірінші салыстыру
|
Екінші салыстыру
|
|
|
МБМВ халықаралық эталон
|
31
|
+0,162
|
+0,128
|
-0,034
|
Франция
|
35
|
+0,191
|
+0,183
|
-0,008
|
КСРО
|
12
|
+0,068
|
+0,085
|
+0,017
|
АҚШ
|
20
|
-0,039
|
-0,019
|
+0,02
|
Жапония
|
6
|
+0,169
|
+0,170
|
+0,001
|
Италия
|
5
|
+0,018
|
+0,018
|
0,000
|
Швейцария
|
38
|
+0,183
|
+0,214
|
+0,031
|
2.5. Эталондар дамуының болашағы
Соңғы жылдары кванттық эффекттерді пайдалану негізінде жасалынған эталондардың дәлдігі мен сенімділігінің жоғарғы нәтижелері алынды. Ол болашақта жаңа эталондарды жасау мүмкіндігінің бар екендігіне сенімділік туындырады [2].
Кванттық эффектілерді пайдалану арқылы ампер мен омның қазргі заманғы эталоны жасалды. Кванттық эталондар шама бірліктерін жаңғырту қателіктері мәнінің тұрақтылығының жоғарғы деңгейімен сипатталады.
Өлшеудің жаңа әдістері мен құралдары көмегімен іргелі физикалық тұрақтылар тексерілуде, сондықтан кванттық эталондардың дәлдігі өсе береді.
Ғылымдардың ойынша кванттық эталондарды «мәңгі эталондар» деп санауға болады, өйткені бұл эталондардың физикалық шамалардың бірліктерін жаңғырту қабілеті сыртқы жағдайлардың, географиялық орналасу мен уақыттың әсеріне ұшырамайды.
Егер ядролық физика мүмкіндіктері негізінде масса эталоны жасалса, онда көптеген маңызды эталондар «мәңгі» разрядқа көшеді, өйткені олардың шамаларының өлшемдері массамен байланысты болады. Мұндай жағдайларда мемлекеттік эталондарға келтірілген салыстырып тексеру және калибрлеу жүйесі де өзгереді, яғни оның орталықсыздануы болады, ол өз кезегінде экономикалық эффектті қамтамасыз етеді.
Жоғары температурадағы аса өткізгіштік эффектті тәжірибеде қолдану негізінде салыстырмалы қымбат емес кванттық эталондар мен өлшеулердің жұмысшы құралдарын жасау мүмкіндігінің пайда болуы күтілуде. Ол іргелі және тәжірибелі метрологияның дамуында жаңа кезеңнің бастауы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |