Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет62/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   86
Акишев

22-сурет. Салыстырып тексеру сұлбасының типтік түрі
1–мемлекеттік эталон;2–бірлік мөлшерін беру әдісі;3–эталон-көшірме; 4–эталон-куәгер; 5–жұмысшы эталон; 6,7,8, -сәйкес разрядтағы үлгілі өлшем құралдары; 9-басқа салыстырып тексеру сұлбаларынан алынған үлгілі өлшем құралдары; 10-жұмысшы өлшем құралдары

Мысал. Уақыт пен жиілік үшін салыстырып тексеру сұлбасын қарастырайық (23-сурет) [5]


Сұлбаның жоғарғы бөлігінде 0,1-1,5 МГц жұмысшы жиілік диапазонындағы жиіліктің рубидилі генереторы орналасқан. Ол бірліктің мөлшерін жиілікті салыстыру компараторы арқылы кварцтық генераторға және жиілік синтезаторына береді. Салыстырудың салыстырмалы қателігі - 5·10-8 ол бастапқы генератордың беретін 1·10-9 жиіліктің қателік мәнімен мөлшерлес.



23-сурет. Уақыт пен жиіліктің өлшем құралдары үшін ведомстволық салыстырып тексеру сұлбасының мысалы

Сондықтан екі разрядтағы үлгілі өлшем құралдары үшін жиілікті жаңғыртудың салыстырмалы қателіктері жиіліктің жұмысшы диапазондары үшін көрсетіледі. Жиіліктің өлшем бірлігін одан әрі төмен қарай беру жиілікті салыстыру және тікелей өлшеу әдістері көмегімен жүзеге асырылады. Мұнда жұмысшы өлшем құралдарының метрологиялық көрсеткіштері 2-разрядты үлгілі өлшем құралдары көрсеткіштеріне қарағанда төмен болады.


Сонымен қатар бұл сұлбада жиіліктің бірлік мөлшерлерін тікелей алғашқы үлгілі өлшем құралдарынан, эталонды жиілік сигналдары мен уақыттың сигналдарының шәкірті болып табылатын, жұмысшы өлшем құралдарына берілуі көрсетілген. Мемлекеттікқызметкерлер үшін уақыттың дәл сигналдарын алу өте маңызды болып табылады.


Бақылау сұрақтары

1. Бірліктің өлшемін эталондардан жұмысшы өлшемдер мен өлшеуіш құралдарына беру не арқылы жүзеге асырылады?


2. Үлгілі өлшем құралдары дегеніміз не?
3. Бірліктің өлшемін эталондардан жұмысшы өлшемдер мен өлшеуіш құралдарына беру жүйесінің элементтерін атаңыз.
4. Өлшем құралын тексерудің әдістері қандай?
5. Өлшем құралын салыстырып тексеру дегеніміз не?
6. Тура өлшеу әдісінің мәні неде?
7. Жанама өлшеу әдісі қандай жағдайларда қолданылады?
8. Салыстырып тексеру сұлбалары дегеніміз не?
9. Мемлекеттік және локальді салыстырып тексерудің мәні мен айырмашылықтарын атаңыз.
10. Салыстырып тексеру сұлбасы қандай элементтерден тұрады?
11. Салыстырып тексеру сұлбасының әрбір сатысындағы үдерістерді түсіндіріңіз.
12. Эталонда үлгілі өлшем құралдарының разрядтары не үшін қолданылады?
13. Массаны өлшеу сұлбасында пайдаланылатын өлшем құралының дәлдігін талдаңыз.
14. Рубидий генераторындағы 1-разрядты өлшем құралы мен жұмысшы өлшем құралдарының қателіктерінің мәндерін салыстырыңызү




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет