4.3. Өлшеу құралдарының дәлдік кластары
Өндірісте немесе күнделікті өмірде өлшеу жүргізген кезде дәлдік қажет бола бермейді. Сонымен бірге өлшемдер қателіктерінің мүмкін инструменталды құраушылары туралы белгілі бір ақпарат болуы қажет. Мұндай ақпарат өлшем құралдарының дәлдік класын көрсету арқылы алынады.
Дәлдік класы дегеніміз жіберілетін негізгі қателіктің шектерімен анықталатын берілген түрдегі өлшем құралы дәлдігінің жалпы сипаттамасы. Өлшем құралдарына дәлдік класы оны әзірлеу кезінде беріледі. Ол берілген түрдегі өлшем құралының өкілетті партиясын зерттеу және сынау нәтижесінде жасалады. Мұнда жіберілетін қателіктердің шектеріне номер қойылады және өлшеу диапазоны шегінде қателіктерді өлшеу сипатына байланысты абсолютті, келтірілген немесе салыстырмалы қателіктер түрінде өрнектейді. Келтірілген қателік деп нормаланатын мәннен пайызбен есептелетін салыстырмалы қателік аталады. Әдетте нормаланатын мән ретінде шкаланың соңғы мәні алынады (бір жақты шкаласы бар аспаптар үшін өлшеудің жоғарғы шегі немесе ортасында нөлі бар аспаптар үшін – шектер сомасы) [5,6].
Жіберілетін абсолютті қателіктердің шектері мына формуламен анықталады:
Немесе
Мұндағы, х - өлшенетін шаманың мәні, a, b – x-ке тәуелді емес оң сандар.
(12) – формулаға сәйкес нормалау өлшеу құралының құрамында аддитивті және мультипликативті құраушылар бар екендігін білдіреді, мысалы, ГЗ-36 жиілігі төмен генератор үшін ∆ = ±(0,03 f + 2) Гц.
Жіберілетін келтірілген негізгі қателіктің шектері мына формуламен анықталады
Мұндағы, ХН – х өрнектелген бірлікте келтірілген нормаланатын мән; р – стандартталған мәндер тізбегінен (1•10n; 1.5•10n; ......; 5•10n; ..... мұндағы n=1,0–1,–2 және т.б.) таңдалатын өлшемсіз оң сан.
Бұл дегеніміз, өлшенетін шаманың мәні есептегіш құрылғының көрсеткішінің жоғарғы шегінен сәйкес пайыз санынан артық болмайды [3].
Мысалы: 25-суретте көрсетілген 0,5 дәлдік класындағы шкаласы бар вольтметрдің есептегіш құрылғысының көрсеткіші 124 В көрсетіп тұр. Өлшенетін кернеу неге тең?
Шешу. Берілген құрылғы үшін өлшенетін кернеу көрсеткіштің көрсетіп тұрған мәнінен 1 В-тен артық болмайды. Сәйкесінше, өлшенетін кернеу 123В≤U≤125В.
Достарыңызбен бөлісу: |