V тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ЕРЕДЕЛЕРІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК
5.1. Қазақстан Республикасында
сертификаттаудың және сәйкестікті растаудың
басқа да түрлерінің жағдайы мен болашағы
«Техникалвқ реттеу туралы» Заң негізінде елімізде техникалық реттеуді реформалау республика мекемелерінің бәсекеге түсу мүмкіндігін ұлғайтуға, оларға экспорттық бағыт беруге Қазақстан экономикасын әлемдік қауымдастыққа интеграциялауға бағытталған. Бұл мәселелерді шешу техникалық нормалау саласындағы саясатты өзгертуге, стандарттау, сертификаттау, мемлекеттік техникалық реттеу және тексеру жүйелерін реформалауға және оларды мемлекеттік техникалық басқару жүйесіне енгізуге тікелей байланысты.
Халықаралық тәжірибеде міндетті түрде қолдануға және сақталуға тиісті талаптар техникалық регламентерде,заңнамаларда, нұсқауларда және Үкімет органдарының жарлықтарында көрсетіледі.
Техникалық рещламенттерге енгізілетін талаптар: адамдардың өмірі мен денсаулығының, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі, ұлттық қауіпсіздік және тұтынушыны алданудан сақтау. Халықаралық тәжірибенің ерекшелігі стандарттардың міндетті құжаттар болып есептелмеуі, оларға техникалық регламенттерде сілтемелер келтірілмеген жағдайда ерікті негізде қолданылуы.
Елімізде бағалау және сәйкестікті растау жүйелерін жетілдіру бағыттары Еуропалық Одақтың техникалықреттеу практикасына, соның ішінде сәйкестікті бағалау саласына негізделген.
Мұндай таңдау мына себептерге байланысты:
Еуропалық Одағымен тауар айналымның артуы;
Соңғы жылдары ЕО-да тұтыну рыногын сапасыз, зардаптарының ауырлық деңгейі жоғары өнімдерден қорғауда және елдер арасындағы саудада техникалық кедергілелерді жоюға мүмкіндік беретін нұсқауларды жасаудың және қолданудың және қолданудың мол тәжірибесі жинақталған.
Нұсқауларда өнімнің сәйкестігін бағалау және мемлекет тарапынан бақылау
тек қана техникалық регламенттерде белгіленген міндетті талаптардың сақталуына қатысты жүргізіледі. Тағы бір ескеретін жағдай – дл тіркеу жүйесінің өнімнің сәйкестігін бағалау жүйесінен бөлек жұмыс атқаруы.
Қазақстандағы техникалық реттеу жүйесінің ЕО жүйесінен айтарлықтай айырмашылығы бар. Техникалық заңдылық республикада тиісті деңгейде дамымаған, ал міндетті техникалық нормалар стандарттарда және басқа нормативтік құжаттарда (экологиялық, тазалық сақтау, құрылыс т.б.) белгіленген.
Кейбір стандарттарда сақталуға тиісті міндетті талаптар қажетті деңгейде атап көрсетілмеген. Мемлекеттік бақылау органдарының жұмысы нормативтік құжаттардың тек қана міндетті талаптарына қатысты болғандықтан өндіруші мен бақылау органдардың арасында дау туындап отырады.
Тіркеу жүйесі мемлекеттік сертификаттау жүйесінің шеңберінде жұмыс атқарады. Дайындаушы жүргізген сынақ нәтижелерін сертификаттау органының тану механизмі тиісті деңгейде дамыған.
Міндетті құжат түрлерінің көптігі және сәйкестікті дәлелдеудің халықаралық түрлерінің тиісті деңгейде қолданылмауы отандық кәсіпкерлерге өнім өндіруде қиындықтар, Қазақстанның сауда жасау жөніндегі серіктестіктерінде түсінбеушілік және өнім сапасына сенімсіздік туғызады.
Қазақстан Республикасында техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құру және дамыту мынандай негізгі бағыттарда жүргізілуі және негізделуі қажет:
- жүйенің мақсаты мен принциптерін анықтау;
- жүйенің құрылымдық элементтері мен ұйымдық құрылымдарын анықтау;
- құқықтық және техникалық заңдарды құру;
- техникалық регламенттерді жасау және қолдану саласына қатысты ережелерді анықтау
- мемлекеттік стандарттау жүйесін жетілдіру бағыттарын анықтау;
- сертификаттау жүйесін реформалау және тіркеу жүйесін оның құрамынан шығару;
- сертификаттаудан сәйкестікті дәлелдеу механизіміне көшу;
- мемлекеттік тексеру және бақылау органдарының жұмысын реформалау;
- халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі қамтамасыз етуге тиісті:
а) техникалық регламенттерді және стандарттарды жасауға мүдделі
тұлғалардың қатысуын;
б) техникалық регламенттер мен стандарттарды қарастырғанда мүдделі
жақтардың пәтуасын (консенсусын);
в) шығарылып жатқан техникалық регламенттер мен стандарттар туралы және
олардың халықаралық нормалар мен талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) өніндегі ақпараттардың ашықтығын;
г) дискриминацияламауды (барлық субъектілерге бірдей талаптар белгілеу).
Техникалық реттеу негізіне халықаралық принциптер, талаптар мен
стандарттар, сәйкестікті бағалау тәртіптері, тексеру және бақылау жүйесі және Қазақстанда қолданылып жүрген техникалық регламенттер алынуы қажет.
Қазақстан Республикасында техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін
құрудың негізгі мақсаты халықаралақ тәжірибеге өту және Дүниежүзілік сауда ұйымының техникалық реттеу ережелерін енгізу.
Ол үшін мына мәселелерді шешу қажет:
- шағын кәсіпкерлікті дамыту;
- мемлекеттік кәсіпкерлердің жұмысына араласу деңегейінтөмендету;
- саудадағы техникалық кедергілерді жою және Қазақстан аумағында,
халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа жағдай жасау;
- өнімнің адамдардың өмірі мен денсаулығына, мүліктеріне және қоршаған
ортаға қауіпсіздігін қамтымасыз ету;
- еліміздің экономикалық, әскери, индустриялдық потенциалын нығайту;
- тұтынушыны алданудан сақтау;
- дайындаушылардың және сатушылардың тарататын өнімдерінің сапа деңгейіне
жауапкершілігін күшейту;
- өнім дайындаушыларға сенімділікті қамтамасыз ететін кешенді шараларды
анықтау және енгізу;
- ведомостволық мүддені болдырмау.
3. Техникалық реттеу жүйесін құру және дамыту мына принциптерге негізделуі
қажет:
- техникалық регламенттерлің және стандарттауға қатысты нормативтік
құжаттардың түрлері мен санаттарының бірлестігіне;
- өнімге талаптарды білгілеу ережелерінің бірлестігіне;
- халықаралық нормалар мен Дүниежүзілік сауда ұйымның талаптарымен
үйлестіруге;
- елдің экономикасының, материалдық-техникалық даму деңгейіне сәйкестігіне;
- тіркеу және сертификаттау органдарынның тәуелсіздігіне.
4. Қазақстан Республикасында техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін енгізу
екі деңгейдегі заңдары мен нормативтік құжаттар тобын құруға мүмкіндік береді:
а) жоғарғы деңгей – техникалық реголамент;
б) төиенгі деңгей – халықаралық талаптармен және нормалармен үлестіріген
ерікті стандарттар. Бұл стандарттар өндірушілерге техникалық регламенттерді дұрыс түсінуге және орындауға көмектеседі.
Қазақстан Республиикасында техникалық заңдарды қалыптастыру Дүние жүзілік
сауда ұйымының ережелерін сақтай отырып мемлекетаралық деңгейде техникалық реттеу саласында атқарылып жатқан жұмыстарымен, отандық және халықаралық ғылыми-техникалық және технологиялық жетістіктермен сәйкестікке келтіруге тиіс.
Техникалық реттеу саласындағы заңдар мен норматиытік құжаттар халықаралық және еуропалық аналогтармен, отандық және халықаралық ғылыми- техникалық және технологиялық жетістіктермен сәйкестікке келтірілуге тиіс.
5. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде стандарттау жұмыстары және стнадарттар қажетті:
- техникалық регламенттерді орындаудың дәлелді базасын және өнім
мен қызметке қатысты нақтылы техникалық регламенттердің, соның ішінде тексеру және сынау әдістерінің талаптарына сәйкестігін бағалау тәртібін құруға;
- ресурстардың барлық түрлерін үнемдеуге және тиісті пайдалануға
мүмкіндік туғызуға;
- өнімнің сапасына және қауіпсіздігіне алдын ала болжамаланған
талаптарды қолдануға;
- сәйкестендіруге, техникалық және ақпараттық сыйымдылыққа,
өнімдерінің өзара алмасымдылығына мүмкіндік туғызуғу;
- жалпы немесе қолданбалы түрдегі инновациялық шешімдер мен
зерттеулердің нәтижелерін еңгізуге;
- өнімді біркелкіндіруге және жалған өнімдерді анықтауға мүмкіндік
тұғызуға;
- халықаралық ИСО 9000, 14000 –сериялы стандарттарының негізінде
мекемелерде сапа менеджменті мен қоршаған ортаны басқару жүйелерін, еңбек қауіпсіздігін енгізіге көмектесуге;
елімізде мына жүйелерді енгізуге: өнімді штрих кодтау,
техникалық-экономикалық ақпараттарды сыныптау және кодтау.
Стандарттаудың мемлекеттік жүйесі экономиканың басты
салаларындағы проблемаларды шешуге бағытталуға тиісті.
6. тамақ өндірісіндегі мекемелердің алдында тұрган басты
мәселелердің бірі – ол НАССР принциптеріне негізделген сапа жүйесін өндіріске кеңінен еңгізу. Қазақстанда НАССР жүйесі ҚР СТ 1179-2003 «Сапа жүйесі. Тамақ өнімдерінің сапасын НАССР принциптер негізінде басқару» стандарттарына келтірілген. Стандарт Еуропа Одағының нұсқауларын ескере отырып жасалған. НАССР жүйесінің негізгі терминдері - «қауіп-қатерді талдау», «өте қауіпті нүктелер».
Қауіп-қатерді талдау – қол жеткізуге болатын ақпаратты пайдалана
отырып қауіп-қатерден кейін беғалау.
Өте қауіпті нүктелер – қауіпті факторларды нақтыландыру
мақсатында тексерілетін және зиян келтіру ықтималдығын төмендетуге немесе жоюға мүмкіндік беретін нүктелер. Мысалы, сүт өндірісінде өте қауіпті нүктелер ретінде сүт фермаларынан сүтті алу, сүт өнімдерін тасымалдау жағдайы және басқалар қарастырылады.
Тамақ өндірісінле НАССР жүйесін өндіріске енгізу Еуропа елдерінде
1999 жылдан бастап міндетті деп есептелеледі, өйткені бұл шара тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін өте жоғары деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді.
7. соңғы жылдары мемлекеттік бақылау қызметті көптеген
өзгерістерге және қызмет атқаратын өнімнің басты бөлігін тексерумен қамти алмай отыр.
Республика аумағында техникалық реттеу жүйесі енгізілген
жағдайда, өнімге қойылатын міндетті талаптар олардың қауіптілік деңгейіне және халыққа, мүлікке, қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндегін ескере отырып анықталатын болғандықтан мемлекеттік бақылау органдарының жұмыс бағыты да өзгеруі тиіс.
Мемлекеттік бақылаудың дамуы отандық және шетелдік тәжірибеде
қолданылатын барлық тексеріс түрлерінде топ негізге алынатын принциптер жиынтығына сүйенуі керек:
- тексеру объектілерінен әкімшілік және қаржы жағынан тәуелсіздігі;
- заңдылықты сақтау;
- мемлекеттік инспекторлардың әділдігі;
- анықталган заң бұзушылыққа сәйкес жаза тағайындау және оны
бұджытпай орындау;
- тексерілетін объектілердің мемлекеттік және коммерциялық
құпиясын сақтаумен қатар нәтижелердің жариялылығы;
- мемлекеттік бақылауды жүргізу ережелерін халық аралық
тәжірибеде қабылданған нормалармен үйлестіру;
өзінің міндетті шеңберінде тексеру және бақылау жүргізетін басқа
да органдармен іс-қимылдарын үйлестіру.
Мемлекеттік реттеу саласындағы құрылым, жұмысты ұйымдастыру
тәртібі, құқықтық және нормативтік базасы халықаралық нормалар мен талаптарға үйлестірілуі керек. Шетелдерде өнімнің қауіпсіздігіне жауапкершілік дайындаушыға жүктеледі, ал мемлекет ұлттық мүддеге және қауіпсіздік шеңберіне енетін жағдайларды ғана бақылауға алады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпкерлердің жұмысына араласуын шектеуі керек, ал бақылауды тек қана техникалық регламенттерде келтірілген міндетті талаптарға қатысты жүргізуі және өнімді бақылауды көбіне оларды өткізу кезінде жүргізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |