Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет56/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   86
Акишев

2.3. Өлшеуіш процесінің элементтері

Өлшеу әдістері. Өлшеу – бірқатар құрылымдық элементтердің өзара қарым – қатынасын қамтитын күрделі процесс. Оларға жататындар: өлшеу объектісі, қағидасы, әдісі, өлшем құралы, және үлгісі, өлшеу жағдайлары, өлшеу объектісі, өлшеу қателіктері мен нәтижелері.


Өлшеу әдістері дегеніміз – нақты бір өлшеуіш міндет үшін таңдалған өлшеу қағидалары мен құралдарын пайдалану іс-әрекеттерінің жиынтығы. Өлшеу әдісі түсінігіне өлшеу қағидаларын теориялық негіздеумен қатар, өлшеу құралдарын қолдану іс-әрекеттерін әзірлеу де кіреді.
Өлшеу әдістері классификациясының ішінен өлшеу қағидалары мен құралдарын пайдалану пайдалану іс-әрекеттерінің жиынтығы бойынша классификация кеңінен қолданады. Бұл классификация бойынша тікелей бағалау әдісі және салыстыру әдісі ажыратылады. (17-сурет)

Тікелей бағалау әдістері



ӨЛШЕУ ӘДІСТЕРІ





Салыстыру әдістері




17-сурет. Өлшеу әдістерінің классификациясы

Тікелей бағалау әдісі арқылы өлшеген кезде шаманың ізденетін мәні сәйкес бірліктерде градуирленген өлшем құралының есептеуіш құрылғысы бойынша анықтайды. Мысалы, циферблатты таразыда өлшеу, бұйым мөлшерін микрометр көмегімен анықтау немесе қысымды серіппелі манометрмен өлшеу.


Шамамен салыстыру әдісі- өлшенетін шаманы өлшемнің жаңғыртатын шамасымен салыстыратын әдіс. Салыстыру әдістерінің ерекше белгісі өлшемнің өлшеу процедурасына тікелей қатысуында. Ал тікелей бағалау әдісінде өлшем өлшеу процесіне қатыспайды, оның мөлшері градуирленген кезінде өлшем құралына алдын ала өлшеуіш құрылғысына беріліп қояды. Салыстыру әдісі кезінде салыстыру құрылғысы міндетті болуы қажет.
Өлшеммен салыстыру әдісінің бірнеше түрі бар: нөлдік әдіс, дефференциалды әдіс, алмастыру әдісі, сәйкес келу әдісі.
Нөлдік әдіс- салыстыратын құрылғыға өлшенетін шаманың нәтижелі әсер етуі эффектісі мен шаманың қарама –қарсы әсері нөлге келтіретін өлшеммен салыстыру әдісі.
Мысал: иықтардың тең таразыда массаны өлшеу, мұнда таразыға mx массаның әсері mо кір массасымен біршама ғана теңестіріледі, ал массалардың айырмасы масса бірліктерінде градуирленген таразы шкаласы бойынша есептеледі. (18-сурет б - сурет). бұл жағдайда өлшенетін шаманың мәні, mx= mo+Δm, мұнда Δm – таразы көрсеткіші.


а в
18-сурет. Салыстыру әдістері

Алмастыру әдісі – өлшенетін шаманың өлшемнің жаңғыртатын белгілі шамасымен алмастыру арқылы өлшеммен салыстыру әдісі. Мысалы: бұйымның мөлшерін рычагты микрометрмен өлшеу немесе электрлік шамаларды айналмалы ток көпірлері көмегімен өлшеу.


Мысал. Серіппелі таразыда өлшеу екі іс-әрекетпен жасалады. Алдымен таразыға өлшенетін массаны салады және таразы көрсеткішінің жағдайын белгідейді. Сонан соң mх массасы m0 кір массасымен алмастырылады. Мұнда таразының көрсеткіші алғашқы жағдайдағы орынға келуі керек. Сонымен қатар mх =m0 (18-сурет в)
Сәйкес келу әдісінде өлшенетін шама мен өлшеммен жаңғыртылатын шама арасындағы айырма шкала белгілерінің немесе периодты белгілердің сәйкес келуін пайдалану арқылы өлшейді.
Мысал: Стробоскоп көмегімен валдың айналым санын өлшеу – вал периодты түрде жарық көзінің жиілігі валда жасалған ен бақылаушыға қозғалмайтындай болып көрінетіндей етіп орнатылады. Шкалалардың негізгі және нониусты белгілерінің сәйкес келуін пайдаланылатын сәйкес келу әдісі сызықты мөлшерлерді өлшеу үшін қолданылатын штангенприборларда жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет