Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады


-кесте Массаны өлшеу құралдары үшін мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбаларында пайдаланылатын эталондар



бет61/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   86
Акишев

2-кесте
Массаны өлшеу құралдары үшін мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбаларында пайдаланылатын эталондар



Өлшем құралдарының атауы

Өлшем диапазоны

Қателіктері

1

Мемлекеттік салыстырып тексеру эталоны
Килограмның ұлттық үлгілері – көшірмелер
Килограмның халықаралық үлгісі - кірлер

1 кг

S­­­­­­δ∑­­­­­ =2·10-3 мг

2

Екінші ретті эталоны – көшірме эталон – Кірлер

1 кг

S­­­­­­δ∑­­­­­ =1·10-2 мг

3

0-разрядты жұмысшы эталон Кірлер жиынтығы

1кг-нан 500 г-ға дейін

S­­­­­­δ∑­­­­­ =8·10-4 - 2·10-2мг

4

1-разрядты жұмысшы эталон Кірлер жиынтығы

1мг-нан 1 кг-ға дейін

­δ­­­­­ =2·10-3 -0,5мг

5

2-разрядты жұмысшы эталон Кірлер жиынтығы

1мг-нан 20 кг-ға дейін

­δ­­­­­ =6·10-3 -30мг

6

2-разрядты жұмысшы эталон Кірлер жиынтығы

1мг-нан 20 кг-ға дейін

­δ­­­­­ =1,5·10-2 -75мг

7

3-разрядты жұмысшы эталон Кірлер жиынтығы

5 мг-нан 2000 кг-ға дейін

Δ=0,4 – 2000 мг




Жұмысшы өлшем құралдары
Кірлер жиынтығы:
1,2,3 класс дәлдіктегі жұмысшы кірлер
4,5,6 класс дәлдіктегі жұмысшы кірлер

1мг-нан 20 кг-ға дейін

­δ­­­­­ =2·10-3 -75мг
Δ=0,4 – 5000 мг

Нұсқау: δ­­­­­- 0,95 ықтималдылықтағы сенімді абсолютті қателік; Δ- мүмкін абсолютті қателіктің шегі; S­­­­­­δ - салыстыру (мемлекеттік алғышқы эталонды халықаралықпен, көшірме эталонды мемлекеттік эталонмен, 0-разрядты жұмысшы эталонды көшірме эталонмен) нәтижелерінің орташа квадраттық ауытқуы.

3.2. Салыстырып тексеру сұлбалары

Метрологиялық тізбектің барлық буындарында физикалық шамалардың бірлік мөлшерінің дұрыс берілуіне қамтамасыз ету үшін белгілі бір тәртіп орнатылуы керек. Бұл тәртіп салыстырып тексеру сұлбаларында келтіріледі.


Салыстырып тексеру сұлбасы дегеніміз – эталодардың, үлгілі өлшем құралдарының бағыныстылығын орнататын және бірлік мөлшерін үлгілі және жұмысшы өлшем құралдарына берілу тәртібін белгілейтін құжат [11].
Салыстырп тексеру сұлбалары мемлекеттік және локальді болып жіктеледі. Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары елдегі барлық физикалық шамалардың өлшем құралдарына таралады, ал локальді салыстырып тексеру құралдары белгілі бір аймақта, салада, ведомствада немесе кәсіпорындарда қолданылатын физикалық шамалардың өлшем құралдарына арналады. Локальді салыстырып тексеру сұлбаларына барлық пайдаланатын немесе қолданысқа шығарылатын жұмысшы өлшем құралдары енгізілуі қажет.
Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары ҚР Мемстандартымен бекітіледі, ал локальді сұлбалар ведомстволық метрологиялық қызметтермен немесе кәсіпорын басшылығымен бекітіледі.
Эталондардан басқа бірлік мөлшерінің берілуі үлгілі өлшем құралдары арқылы да жүргізіледі.
Жалпы түрде мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасының мазмұнын қарастыраыйық. Салыстырып тексеру сұлбасы тесттік бөліктен және чертежден тұрады. Салыстырып тексеру сұлбалар құжатының түріне белгілі бір талаптар қойылады, олар МЕМСТ 8.061-80 көрсетілген. 22-суретте типтік салыстырып тексеру сұлбасы берілген. Сұлбаның сызбасында мыналар көрсетіледі: өлшем құралдарының атаулары, физикалық шама мәнінің диапазоны, қателіктердің белгісі мен мөлшері, салыстырып тексеру әдістерінің атауы. Сұлбаның мәтіндік бөлігі кіріспе бөлімінен және салыстырып тексеру элементтерінің түсініктемелерінен тұрады. Ол көлденең пунктирлік сызықтармен бөлінген бірнеше алаңдардан тұрады. Сұлбаның жоғары сатысында эталондар немесе осы сұлба үшін ең жоғарғы дәлдіктегі үлгілі өлшем құралдары орналасқан. Алғашқы эталонның төменгі алаңдарында 1-ші және 2-ші және т.б. разрядтардағы үлгілі өлшем құралдары орналасады. Төменгі разрядтағы үлгілі өлшем құралдарынан кейін жұмысшы эталондар көрсетіледі. Алаңдардың арасындағы байланыс вертикальді тұтас сызықпен салынады [3, 5].
Эталондар мен жұмысшы өлшем құралдарын әдетте тік төртбұрыштарға енгізеді (мемлекеттік эталон үшін екі контурлы тіктөртбұрыш). Осында сұлбаның осы сатысы үшін метрологиялық сипаттамалары белгіленеді. Басқа өлшем құралдары бір сызықпен қоршалған тіктөртбұрыштарға енгізіледі. Бірлік мөлшерін беру әдістерін сипаттау бір сызықпен қоршалған дөңгелекшелерге орналастырылады.
Шама бірлігі мөлшерінің берілу дұрыстығының негізгі көрсеткіші болып салыстырып тексеру сұлбасының жоғарырақ тұрған және одан төмен тұрған сатыларының арасындағы өлшем құралдары қателіктерінің арақатынасы табылады. Идеалды түрде бұл арақатынас 1:10 болуы керек, бірақ тәжірибеде оған жету қиын және ең төменгі жіберілетін арақатынас 1:3. бұл арақатынас мәні көп болған сайын, өлшем құралы көрсеткішінің сенімділігі соғұрлым төмен болады.
Нақты салыстырып тексеру сұлбаларын жасау кезінде келтірілген сұлбаны ұстану қажет. Салыстырып тексеру сұлбаларын қатаң ұстану және разрядты эталондарды дер кезінде тексеру – жұмысшы өлшем құралдарының өлшем бірліктерінің дәл, сенімді мөлшерлерін берудің қажетті шарттары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет