Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет72/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   86
Акишев

7.2. Өлшем құралдарын мемлекеттік
метрологиялық бақылау және қадағалау

Мемлекеттік метрологиялық бақылау. Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың мынадай түрлері белгіленген:


-өлшем құралдарының түрін бекіту;
-өлшем құралдарын,соның ішінде эталондарды салыстырып тексеру;
-өлшем құралдарын әзірлеу,жөндеу,сату және жалға беру құқығына заңды және жеке тұлғалардың қызметін лицензиялау.
Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалау (ММБмҚ) Заңмен белгіленген аяларда жүзеге асырылады.Сондықтан жасалынатын,өндірілетін,импортталатын және пайдаланудағы өлшем құралдары екі топқа бөлінеді:
-пайдалануға арналған және ММБмҚ-дық таралу аясында пайдаланылатын. Бұл өлшем құралдары оларды сынағаннан және түрін бекіткеннен кейін пайдалану үшін және кейінгі, алғашқы және мерзімді салыстырып тексеруге жарамда деп танылады;
-пайдалануға арналмаған және ММБмҚ-дық таралу аясында пайдаланылмайтын. Бұл өлшем құралдарына мемлекет тарапынан қадағалау жүргізілмейді [27].
Заңды және жеке тұлғалар-осындай өлшем құралдарының иелері,оларды жарамды күйде ұстау жүйесін өздері орнату керек.
Бұл жайт өлшеу құралдарының сериялы және дара шығаруға парктың бөлуінің жойылуын білдіреді.Егер дара шығарылатын өлшем құралдары ММБмҚ аясында қолданылатын болса,онда олар сыналады және түрі бекітіледі.
Салыстырып тексеру құқығына тіркеу ретінде заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттеу орындалады.
ММБмҚ-дың таралу аясын талдау көрсетіп отырғандай,өлшем құралдарының бүкіл паркін көрсетілген екі топқа нақты бөлу қиын.
ММБмҚ мынадай аяда таралады:
-денсаулық сақтау,қоршаған ортаны қорғау,еңбек қауіпсіздігін сақтау;сауда операциялары және өзара есеп айырысу;мемлекеттік қорғанысты қамтамасыз ету;
-ҚР заңдылықтарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін келісімшарттар бойынша жеткізілетін өнімді өндіру;
-ҚР мемлекеттік стандартының міндетті талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында өнім сапасын бақылау және сынау.
ҚР «Стандарттау бойынша» Заңына сәйкес міндетті болып мына мемлекеттік стандарттар талаптары табылады: өнімнің, жұмыстың және қызметтің сыртқы орта азаматтардың өмірі, денсаулығы мен мүлкі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша; техникалық және ақпараттық сәйкестелуін, өнімнің өзара алмастырылуын, оларды бақылау мен маркілеу әдістерінің бірлігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ ҚР Заңдарымен белгілінген талаптар. Осыған байланысты мына талаптарға сәйкес келуді бақылау үшін пайдаланатын өлшем құралдары салыстырылып тексерілуі керек:
-қорғаныс қондырғыларына,балалар ойыншықтары,киімдері мен аяқ киімдері сипаттамаларына;
-бұйым элементтері сипаттамаларының беріктігіне;
-жағымсыз әсер етулердің деңгейі мен уақытына (шу,радиациялық және электромагниттік сәулелену деңгейіне,топыраққа қысым түсірудің жіберілетін нормаларына,шекті жіберілетін зиянды заттар мен олардыңконцентрациясының мөлшеріне);
-өнімді дайындау кезінде пайдаланылатын материалдарға (химиялық құрамы бойынша шектеулер,зиянды және қауіпті заттардың жіберілетін деңгейін шектеу,т.б.);
-өнімді пайдалану,оған көрсетілетін техникалық қызмет пен жөндеу ережелеріне.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде мынадай қорытынды жасауға болады:сериялы өндіріске арналған өлшемдердің барлық аялары үшін түрін бекіту мақсатымен сынақ жүргізу керек. Сондай-ақ өндіруші кәсіпорынға өзінің өндірген өлшем құралдарының қайда пайдаланатыны белгісіз екенін ескеру керек.Ол өлшем құралдары мемлекеттік метрологиялық бақылау таралатын аяда қолданылмауы да мүмкін. Осыған байланысты өндіруші-кәсіпорындар алғашқы салыстырып тексеруді өткізгені дұрыс болады.
Өлшем құралының түрін бекіту. Өлшем құралының түрін бекіту елде өлшем бірлігін және өндіріске жеткізілуін қамтамасыз ету және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетін өлшем құралдарын айналысқа шығару мақсатында жүргізіледі.
Көптеп өндіруге немесе ҚР-ның аумағына партиялармен әкелуге арналған және мемлекеттік метрологиялық қадағалау қолданылатын өлшем құралдары сынақтан өткізіліп,осы өлшем құралдарының түрі кейіннен бекітілуге тиіс. Өлшем құралдарының түрін бекіту туралы шешімді ҚР Мемстандарты қабылдайды және ол өлшем құралдарының түрін бекіту туралы сертификатпен куәландырылады,сертификаттың қолдану мерзімі оны берген кезде белгілінеді.
Өлшем құралдарының бекітілген түрі өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізіміне енгізіледі.Бірен-саран данада жасалынған немесе әкелінген және мемлекеттік метрологиялық қадағалауға жататын өлшем құралдарын мемлекеттік метрологиялық қызмет метрологиялық аттестаттаудан өткізіледі.
Өлшем құралдарына,олардың түрін бекіту мақсатында және бекітілген түрге сәйкестігін анықтау үшін сынақ өткізу мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық,стандарттау,метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ведомстволық бағыныстағы бөлімшелері және стандарттау,метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өлшем құралдарын сынау орталықтары ретінде тіркелген басқа да заңды тұлғалар жүргізіледі.
Түрін бекіту мақсаттары үшін сынақтардан немесе метрологиялық аттестаттаудан өтпеген өлшем құралдарын айналымға шығаруға,өткізуге тыйым салынады.
ҚР Мемстандарты өлшем құралының түрін бекітеді, оны Мемлекеттік реестрде тіркейді және тапсырыс берушіге түрді бекіту туралы сертификат береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет