Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады


Метрология бойынша негізгі халықаралық



бет76/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   86
Акишев

Метрология бойынша негізгі халықаралық

нормативтік құжаттар

Халықаралық масштабта өлшем бірлігін тәжірибеде жүзеге асыру үшін нұсқауларды орнататын, өлшем бірлігін және ұлттық жүйелерге енгізілген метрология бойынша мен ережелер мен нормаларды қамтамассыз етуге мүмкіндік беретін сәйкес нормативтік құжаттар қажет. Мұндай нормативтік құжаттар халықаралық ұйымдармен жасалған және жаңа қажеттіліктердің пайда болуына қарай әлі де жасалуда. Халықаралық нормативтік құжаттар мазмұны мен қолдану аясына байланысты метрологиялық тәжірибенің төрт құраушысын қамтиды:



  • Метрология аясындағы терминология

  • Шама бірліктері, олардың аталуы, белгіленуі, және анықтамасы.;

  • Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларына қойылатын талаптар;

  • Шамалардың өлшем нәтижелерінің өрнектеу әдістері.

Терминология аясында маңызды құжат болып Метрологиядағы негізгі және жалпы терминдердің халықаралық сөздігі табылады. Сөздікті дайындауда жеті халықаралық ұйым тағайындаған мамандар қатысты, сол ұйымдар ішінде ИСО, МЭК, ӨСХБ. Сөздікті ИСО басып шығарды. Сөздіктің мақсаты – кең ауқымды қолдануға қолайлы терминлер мен олардың білдіретін түсініктерін орнату. Сөздік алты бөлімнен тұрады: Шамалар мен бірліктер; Өлшемлер; Өлшем нәтижелері; Өлшем құралдары; Өлшем құралдарының сипаттамалары; Эталондар. Осы сөздіктен басқа Заңдылық метрология бойынша сөздік басылып шығарылады. Оның ішінде әр түрлі елдердегі мемлекеттің метрологиялық қызметтердің іс-әрекеттері көрсетіледі. Бұл сөздікті Халықаралық заңдылық метрология ұйымы басып шығарады.
Шама бірліктері саласындағы басты құжат болып 1960 жылы Өлшемдкр мен салмақтар жөніндегі ХІ Бас конференция қабылдаған СИ Халықаралық бірліктер жүйесі табылады. Одан кейінгі кезеңде бұл жүйе нақтыланады және дамытылады. СИ Халықаралық бірліктер жүйесі – ол өлшем бірлігін қамтамассыз ету үшін қолайлы өлшемдер бірліктерін жетілдіру негізі. Ғылыми –техникалық прогресстің дамуына байланысты ұлттық эталондар өлшеу дәлдігінің және туынды бірліктерінің тұжырымдалуын қайта қарастырғанда оларды дәлдіктің жоғарырақ деңгейінде жүзеге асырғанда қол жеткізіледі. Халықаралық бірліктер жүйесін жетілдіру бойынша барлық материалдарды жүйелеуге көп мән бере отырып, Өлшемдер мен салмақтардың халықаралық бюросы «СИ Халықаралық бірліктер жүйесі» жинағын шығарды. Ол метрология бойынша маңызды негіз салушы халықаралық нормативтік құжат ретінде бағаланады. 1970 жылдан бастап осы құжаттың француз тілінде алты басылымы шықты, сондай-ақ ағылшын тіліне аудармалар жасалды. СИ-дің негізгі және кейбір туынды бірліктері 8, 9 қосымшалар берілген.
Метрология саласында шамалармен және бірліктермен ірі халықаралық ұйымдар – ИСО және МЭК айналысады. ИСО/ТК12 «Шамалар, бірліктер, белгілеулер, ауыспалы көбейткіштер» физикалық бірліктердің атаулары мен белгілеулерін жетілдірумен айналасады. Осылайша ИСО 1000 «СИ бірліктері және олардың үлестік, қысқаша және басқа бірліктерін » пайдалану бойынша нұсқаулар және ИСО 31 «шамалар мен бірліктер» халықаралық стандарттарға ғылыми және техникалық кең қолданылатын шамалар мен бірліктерді жетілдіру бойынша негіз салушы халықаралық нормативтік құжаттар болып табылады.
МЭК/ТК 12 «шамалар, бірліктер және олардың белгіленуі» техникалық комитеті «Электроникада қолданылатын әріптік белгілер» 27 басылымды әзірледі. Ол алыстағы байланыс және электроникаға логарифмдік бірліктер мен шамаларға, айналмалы машиналарға қатысты қолданылады. Бұл электротехника мен электротехникадағы бірліктер мен шамалардың белгіленуін жетілдіру үшін негіз салушы халықаралық нормативтік құжат болып табылады.
Жоғарда келтірілген халықаралық құжаттар ресейлік мемлекеттік «ГСИ. Физикалық шамалар және олардың бірліктері » стандартының жобасын жасау кезінде пайданылады, оны ТМД шеңберінде мемлекет аралық ретінде пайдалану ұйғарылды.
Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларына қойылатын талаптарды қамтитын халықаралық құжаттарға мыналар жатады.

  • ӨСХБ әзірлейтін эталондарға спецификациялар;

  • 1996 жылғы Халықаралық температура шкаласы (ХТШ-90) туралы ереже;

  • Өлшем құралдарына және оларды салыстырып тексеру әдістеріне қойылатын техникалық талаптарға ИСО және МЭК халықаралық стандартты, ХЗМҰ –ның халықаралық нұсқаулары.

Өлшем қателіктерін өрнектеу әдістері аясында ХЗМБ және ӨСХК-нің нұсқауларын әзірленген. Соның негізінде МЭК, ИСО, ХЗМҰ өкілдернің қатысуымен, метрологиялық қызметтердің тәжірибесінде пайдалану арқылы жүргізілгеді. Мұнда қателіктер кездейсоқ және жүйелік болып бөлінеді. Бірақ әртүрлі елдің метрологиялық зертханаларында тәжірибеде қолданылатын қателік терді, ықтималдылық сенімді интервалдарының мәні мен қалыптасуын бағалау өзара ерекшеленеді. ӘСХБ-на ерекше қиындықты туғызған эталондарды салыстыру еді, өйткені олардың нәтижелерін өзара салыстыру және халықаралық спецификациялау мен стандарттар талаптарымен салыстыру қиын болды. Осы жағдайлар халықаралық ұйымдар қызметінің жоғарадағы қызметін ынталандырды.
Халықаралық заңдылық метрология бюросы басып шығарған халықаралық ұйымдар қызметінің жоғарыдағы қызметін ынталандырады.
Халықаралық заңдылық метрология бюросы басып шығарған Халықаралық құжаттар (ХҚ) және халықаралық нұсқаулар (ХН) тізімі 12 және 13 –қосымшаларда берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет