«Стандарттау, метрология және сертификаттау»



жүктеу 0.92 Mb.
бет4/5
Дата09.06.2016
өлшемі0.92 Mb.
1   2   3   4   5

Тақырыбы: Міндетті түрде экологиялық аудиттеу мәселелері

Экологиялық аудитті жүзеге асырудың құқықтық жэне ұйымдастырушылық негіздерін айқындау заң жобасында көрсетілген. Бүгінгі күнге дейін заңнамалық актілерде тиісті нормалардың болмауы салдарынан, экологиялық аудит кеңінен таралмай келген. Аудиторлық ұйымдардың іс-қызметі мен экологиялық тексерістердің қажет болатын жағдайлары реттелмеген. Осыған орай заң жобасында экологиялық аудит ұғымы нақтыланған. Кэсіпорындардың ауа қабатына келтіріп отырған зиян көлемін анықтау үшін экологиялық тексеріс қажет.

Экологиялық аудитті өткізу кезінде сертификаттау объектісінің өндірушілердің техникалық регламенттері, стандарттары, техникалық шарттары немесе басқа техникалық немесе нормативтік қүжаттарында бекітілген экологиялық қауіпсіздігі мен табиғи ортаны қорғау нормаларың талаптарына сэйкестігі расталады. Қазіргі кезде экологиялық аудиттеу экологиялық қауіпсіздік жөніндегі ортақ техникалық регламент талаптарына сай екендігі расталғанда ғана ҚР заңнамасына сэйкес талаптармен іске асырылады. Ортақ техникалық регламент талаптары өндіріс, пайдалану, сақтау, тасымалдау, іске асыру жэне тазарту, өндіріс процесстерінің барлық түріне міндетті болып табылады. Бүрында экологиялық аудиттеу объектісіне қорғаныс саласының өндірірістері де жататын.

Экологиялық аудиттің Қазақстанда үлкен мэселеге айналағаны барлығына аян. Бүл дегеніміз көптеген адамдардың қоршаған ортаға зиянды заттардың эсерін төмендету үшін өз тіршілік эрееттерін бақылау керектігін түсінуінен.

Экологиялық аудит ерікті және бастамашылық болатынын білеміз. Ерікті экологиялық аудит жүргізу дешеніміз бэріне де түсінікті деп ойлаймын. Ал бастамашылық экологиялық аудит көптеген мэселелердің тууына себеп болып отыр. Өйткені енгізілген көрсеткіштер жэне нормативтар негізінде іске асырылады. Мысалы, кейбір өнімді түске бояғыштар экологиялық көрсеткіш болып табылмайды, алайда жаман үсталатын бояғыш зат өнімнің түрін ғана емес қоршаған ортаны да өзгертетіні барлығына белгілі. Бүдан басқа МЕСТке енгізілмеген біршама экологиялық көрсеткіштер бар. Бұлар,негізінен, тыйым салынған аминдер, көптеген ауыр металдар, иіс шығаратын, ұшқыш заттар, пестицидтер негізінде жасалған азобояғыштары. Осы мэселенің шешімі болып, мысалы, тоқыма өнеркэсібінде халықаралық ОЕКО-ТЕХ 100 стандартын қолдану дұрыс. Бұл стандартты көптеген Еуропа мемлекеттерінде қолданады. Сонымен қоса, оның талаптары мен нормалары қазіргі экологиялық жағдайға байланысты өзгерте алынады.

Жеке экологиялық көрсеткіш пен бастамашылық экологиялық аудит жүргізілетін өнім нормаларында екіұштылық бар. Қазіргі кезде Қазақстандағы тоқыма өнеркэсібі мен жеңіл өнеркэсіп өнімдерінің қайсысы экологиялық аудитқа жататыны номенклатурамен белгіленген.

Экологиялық аудит жүргізудегі келесі мэселе оны атқаратын органдардың арасында туып отыр. Мысалы, тоқыма өнеркэсібіндегі қолданылатын формальдегидтің қатынасын анықтау санэпид бақылаудың жұмысы болып табылады. Ал аудиторлар кейбір жағдайларда келіспеушілік танытады.

Жоғарыда аталған мэселелердің бэрі өнімді бастамашылық экологиялық аудиттауды енгізуге кедергі болып табылады. Осыған қарамастан экологиялық аудит өткізетін аудиторлық ұйымдарды көбейте беру керек. Бұны келесі себептер үшін жасау керек:

1)Тұтынушының алдында өндірушілердің жауапкершілігінің

жоғарылатуы. Өндірісшілерге бүл өзіндік қүны жоғарылайтыны себептен артық шығын болып көрінетіні бэрімізге мэлім.

2)Өнімнің бэсекеге түсе алатындығын жоғарылату. Отандық өнім

шетелде өндірушінің тек қана оның «экологиялық» екендігін дэлелдей

алмауы қабілетсіздіктігінен сүранысқа ие болмай отыр.

3)Шетелден экелінетін экологиялық қауіпті өнімнің пайда болуынан

сақтау. Мысалы, оңтүстік-шығыс Азияда шығарылатын өнімдердің

төмен бағасын көбіміз байқадық. Алайда бүл өнім адам денсаулығы мен

табиғат үшін өте қауіпті екенін біле бермейміз. Мысалы – диоксин

жұғылған мақтадан тоқылған іш киімдер, құрамына біздің елде тыйым

салынған бояғыштар қосылған өнімдер.

4)Тұтынушының кепілдік өнімнің экологиялық екендігіне кепілдік алу

мүмкіндігі. Осымен, бізде елдегі бастамашылық экологиялық аудиттің ағымдағы күйін талдай келек экологиялық көрсеткіштер бойынша қосымша бақылауды ендірумен өнімді өндіруші үшін, тұтынушы үшін маңызды пайдаға қол жеткізуге болатынын сенімділікпен айтуға болады.

Экологиялық аудит аудиттелетін субъектілердің қоршаған ортаға эсері туралы есептілігін талдау жолымен жүргізіледі. Экологиялық аудит жүргізілген кезде:

— қоршаған ортаға эсері туралы тапсырылған есептіліктің дүрыстығын тексеру;

— өндірістік-технологиялық процестің экологиялық талаптарға сэйкестігін бағалау;

— өндірістік мониторинг пен бақылау жүйесінің экологиялық талаптарға сэйкестігін багалау;

— персоналдың біліктілік деңгейін багалау мақсатымен арнайы зерттеулер мен өлшемдер орындалуы мүмкін.

Экологиялық аудиторлар, экологиялық аудиторлық үйымдар мен аудиттелетін субъектілер арасындағы қарым-қатынас экологиялық аудит жүргізуге арналған шарт негізінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сэйкес жүзеге асырылады.

Міндетті экологиялық аудит жэне бастамашылық экологиялық аудит экологиялық аудит түрлері болып табылады.

Бастамашылық экологиялық аудит аудиттелетін субъектінің не оған қатысушының бастамасы бойынша, бастамашы мен экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық үйымның арасында экологиялық аудит жүргізуге жасалған шартта көзделген экологиялық аудиттің нақты міндеттері, мерзімдері жэне көлемдері ескеріле отырып жүргізіледі.

Экологиялық аудит экологиялық аудитор жасап, тапсырыс берушімен жэне аудиттелетін субъектімен келісілетін экологиялық аудит жүргізу жоспарына сэйкес жүргізіледі. Экологиялық аудит жүргізуді жоспарлаған кезде тараптар экологиялық аудиторлар палатасы бекіткен экологиялық аудит жүргізу жоспарының үсыным сипатындағы үлгі нысанын басшылыққа алады. Экологиялық аудиторлық есеп болып ресімделетін міндетті экологиялық аудит нэтижелері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уэкілетті органға табыс етіледі.

Экологиялық аудиторлық есеп жергілікті өкілді жэне атқарушы органдарға, сақтандыру үйымдарына табыс етілуі мүмкін. Бүл орайда экологиялық аудиторлық есептегі мэліметтерді жария етуге аудиттелетін субъектінің келісімімен жол беріледі.

Бастамашылық экологиялық аудиттің нэтижелері экологиялық аудиторлық есеп болып ресімделеді, оның нысаны экологиялық аудит жүргізуге жасалған шартта ескертіліп көрсетіледі. Бастамашылық экологиялық аудиттің нэтижелері қүлия болып табылады. Бастамашылық экологиялық аудиттің нэтижелері туралы мэліметтерді жария ету қүқығына аудиттелетін субъект гана ие болады. Экологиялық аудит жүргізу тэртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Экологиялық аудиторлық қызмет - экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық үйымдардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сэйкес берілетін лицензия негізінде жүзеге асыратын экологиялық аудит жүргізу жөніндегі кэсіпкерлік қызметі.

Экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыруға аттестациядан өткен жэне Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тэртіппен лицензия алған жеке түлға экологиялық аудитор болып табылады. Экологиялық аудитор жеке кэсіпкер ретінде не экологиялық аудиторлық үйымның қызметкері ретінде экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыруға қүқылы.

Экологиялық аудиторлық үйым - экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кэсіпорыннан басқа, кез келген үйымдық-қүқықтық нысанда қүрылған коммерциялық үйым.Шетелдік экологиялық аудиторлық үйымдар Қазақстан Республикасында тиісті экологиялық аудиторлық үйымдар - Қазақстан Республикасының резиденттері қүрылған жағдайда ғана экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыра алады. Экологиялық аудиторлық үйымның қүрамындағы экологиялық аудиторлардың саны кемінде екі адам болуға тиіс.

Экологиялық аудиторларды аттестациялау:

1) Экологиялық аудит жүргізуге қажетті біліктілікті растау жөнінде мезгіл-мезгіл жүргізілетін рэсім экологиялық аудиторларды аттестациялау болып табылады.

2) Экологиялық аудиторларды аттестациялауды біліктілік комиссиясы жүргізеді[4].



Өнімді аудиттеу жүйелері

Экологиялық аудит жүргізуге қажетті біліктілікті растау жөнінде мезгіл-мезгіл жүргізілетін рэсім экологиялық аудиторларды аттестациялау болып табылады. Экологиялық аудиторларды аттестациялауды біліктілік комиссиясы жүргізеді.

Аудиттеуді жүргізу тэртібіне мыналар жатады:

- аудиттеуге мэлімдемелер беруді;

- мэлімдеме бойынша шешім қабылдау;

- шаруашылық келісім шартының ресімдеуі;

- нормативтік қойылған нақты көрсеткіштерінің сэйкестігінің тексеруі;

- өнімнің экологиялық тазалығының сапасының (есептеу ) багасы;

- аудитті беруі туралы шешім қабылдау;

- ресімдеу, тіркеуді жэне аудиттің беруін;

- сэйкестік белгісінің қолдану қүқығының аудиттің үстаушысына беру;

- ипспекциялық бақылауды жүзеге асыру;

- түзететін шаралардың өңдеуге араласуы қойылған талаптардың бүзушылығында жэне олардың орындауына бақылау.

Мэлімдеуші сертификацияға мэлімдемемен тіркелгенаудиттеу жөніндегі органға барады.

Мэлімдеуші аудиттеу бойынша бірнеше органдар болған жағдайда кез келген органға мэлімдемені бағыттауға күқықты.

Аудиттеу жөнінде мэлімдеме алған орган оны 2 жүма аралығында қарастырып, келісілген жағдайда келісімшарт қүжаттарын жібереді.

Аудиттеу жөніндегі органның қолы қойылған келісім шартын мэлімдеуші алғаннан кейін экологиялық аудиттеу іске асырылады.

Мэлімдеуші мэлімдеме бойынша теріс шешім қабыдаған жағдайда дэлелді ақауды көрсетіп, кері бағыттайды. Аудиттелетін субъект:



  1. міндетті экологиялық аудит жүргізуді ұйымдастыруға;

2) экологиялық аудитті уақтылы жэне сапалы жүргізу үшін экологиялық аудитор мен экологиялық аудиторлық үйымға жағдай жасауға;

3) экологиялық аудиторға немесе экологиялық аудиторлық үйымға экологиялық аудит жүргізу үшін қажетті толық жэне дүрыс қүжаттаманы, өзге де ақпаратты табыс етуге, ауызша немесе жазбаша нысанда түсінік беруге;

4) қоршаған ортаға эсер ету туралы дүрыс есептілікті жэне экологиялық аудит жүргізу үшін қажетті өзге де қүжаттарды табыс етуге;

5) егер экологиялық аудит жүргізуге арналған шартта өзгеше көзделмесе, экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық үйымның қызметін шектемеуге;

6) экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық үйымның талап етуі бойынша қажетті ақпарат алу үшін үшінші түлғалардың атына өз атынан жазбаша сауал жіберуге;

7) экологиялық аудиторлардың немесе экологиялық аудиторлық үйымның көрсететін қызметтеріне ақы төлеуді қамтамасыз етуге;

8) экологиялық аудит жүргізуге арналған шарттың міндеттемелерінен туындайтын өзге де талаптарды орындауға міндетті [7].

Инспекциялық бақылауды өндірісте келісімшарт негізінде аудит жүргізген аудиторлық үйым жасайды.

Мемлекеттік бақылаудың органдары, қоғамдық үйымдар, тағы басқа үйымдардың кінэ тағулары туралы сенімді мэліметтің түсуін жағдайда инспекциялық бақылау жүргізіледі.

Әдеттегідей ипспекциялық бақылау жүмыстардың келесі түрлерінде болады:

- куэлік берілген өнім туралы түсетін мэліметтің талдауы;

- инспекциялық бақылау өткізу үшін комиссияның қүрылуы;



  1. - өндірістердің тексеруін өткізу;

- бақылаудың нэтижелері жэне шешім қабылдау ресімдеу.

Ипспекциялық бақылауды өткізуде жэне кінэ тағуларда кінэ тағуларда мэні мен ауқымдылығын есепке алуға керек.

Ипспекциялық бақылаудың нэтижелері акттермен бекітіледі. Оның негізінде аудит талаптарына нақты факторлардың сэйкестігінің бағасы қойылған бүрын берілген сертификаттың эсерінің сақтауының мүмкіндігі туралы шешімқабылданады. Аудиттеу актісі аудиттау жөніндегі органда сақталады, оның көшірмесі аудит өткізушіге бағытталады.

Ипспекциялық бақылаудың нэтижелері берілген аудиттің актісінде көрсетіледі.

Ипспекциялық бақылаудың нэтижелері бойынша келесі шешімдерден бір қабылдана алады:

- аудиттің эсерін сақтау; -аудиттің әсерін тоқтаттыру; -аудиттің эсерін бүзу.

Инспекциялық бақылау нэтижелері бойынша, егер қойылған бір айдың ішінде шеттете алынатын аудит талаптарынан ауытқу орын алса, аудит тоқтатыла түрады. Кэсіпорын аудиторлармен бірге табылған бүзушылыүтарды жою үшін шаралар даындайды. Осы шараларды өткізгеннен кейін аудиторлық үйым аудит қызметін ары қарай созады.

Аудит қызметін жою мына жағдайларда болады: шаралар бір немесе екі ай ішінде толық атқарылмаса, өндірістегі технологиялық порцесс өзгерген жағдайда.

Бүрынғы аудит күші жойылса, жаңа аудит жүргізілуі тиіс. Экологиялық аудиторлық үйымның қүрылтайшылары, қатысушылары, кредиторлары болып табылатын не осы экологиялық аудиторлық үйым қүрылтайшысы, қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушілерге экологиялық аудиторлық үйымның экологиялық аудит жүргізуіне тыйым салынады.

Егер экологиялық аудиторлар:

аудиттелетін субъект басшысының, сондай-ақ құрылтайшысының немесе аудиттелетін субъект жарғылық капиталының он проценттен астамын иеленетін қатысушының жақын туыстары немесе жекжаттары болған;

аудиттелетін субъектінің қызметкерлері, қатысушылары, лауазымды түлғалары болган немесе онда жеке мүліктік мүдделері бар болган жагдайларда, олардың экологиялық аудит жүргізуіне тыйым салынады.

Экологиялық аудиторлардың - жеке кэсіпкерлердің, мынадай жағдайларда, егер:

аудиттелетін субъект балансы активтерінің сомасы жылына орташа есеппен алғанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 40000 еселенген мөлшерінен асатын заңды түлға болса;

аудиттелетін субъектінің қызметі міндетті экологиялық аудит жүргізілуге жататын болса, экологиялық аудит жүргізуіне тыйым салынады [8].
2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

1 практикалық сабақ.



Тақырыбы: Аудитке кіріспе.

Жұмыс мақсаты: Жұмыстың негізгі мақсаты ИСО 19011:2002 халықаралық стандартының мазмұнымен танысу.

Бақылау сұрақтары

1. Аудит дегеніміз не?

2. ИСО 19011 стандартының құрылымы және бағыты.

3. Аудит мақсаттары.

4. Аудит жүргізудің ерекшеліктері

5. Аудит себептері

6. Аудит не үшін жүргізіледі?

7. Шұғыл мәселелердің шығуы неге байланысты?


2 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Аудит категориялары.

Жұмыс мақсаты: Аудит категориялары мен оның элементтерін оқу.

Бақылау сұрақтары

1. Аудит категориялары қандай?

2. Бірінші және екінші жақ аудиттері нені білдіреді?

3. Үшінші жақ аудиті нені білдіреді?

4. Аудит жүргізу кезіндегі біліктілік маңыздылығы қандай?

5. Сапа менеджменті жүйесінің маңызы қандай?

6. Менеджмент жүйесі дегеніміз не?

7. Сапа менеджменті жүйесі деген не?

8. Сапа менеджменті деген не?
3 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Аудит типтері.

Жұмыс мақсаты: Аудит типтерін оқу.

Бақылау сұрақтары

1. Аудит адекваттылығы және оның типтері.

2. Аудит адекваттылығының негізгі мақсаты неде?

3. Аудит адекваттылығы қалай жүзеге асырылады?

4. Неге мұқият жүргізілген аудит тиімді болып саналады?

5. Сәйкестік аудитінің міндеттері.

6. Жоба, үрдіс, өнім аудиттері.

7. Көлбеу және сыртқы аудит.

8. Ішкі аудит.

9. Аудит үрдісінің стандарттарының талаптарында не жазылуы керек?

4 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Сертификатталған аудит типтері.

Жұмыс мақсаты: Сертификатталған аудит типтерін оқу.

Бақылау сұрақтары

1. Алғашқы реттік аудит нені қарастырады?

2. Қадағалау аудиті қалай жүргізіледі, оның мақсаты қандай?

3. Ре-сертификатталған аудит неге байланысты?

4. Сапа аудитін жүргізу бойынша жетекшілік?

5. ИСО 19011:2002 стандартының бөлімдерін атап көрсету.

6. «Аудит бойынша шаралардың» пункт бөлімдерін атап көрсет.

7. «Аудиторларды бағалау және құзіреттілігі» пункт бөлімдерін атап көрсет.


5 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Реттеуші әрекеттердің орындалуы.

Жұмыс мақсаты: Реттеуші әрекеттердің орындалуын оқу.

Бақылау сұрақтары

1. Сәйкессіздік деген не?

2. Сәйкессіздік тәсілдемесінің позитивті маңыздылығы қандай?

3. Сәйкессіздіктер туралы есептер маңыздылығы қандай?

4. Сәйкессіздіктерді тіркеу формалары қандай сәттерді қарастырады?

5. Сәйкессіздік бөлімдерін толтыру кезінде аудиторлар не істеу керек?

6. Объективті куәлік болып не табылады?

7. Сәйкессіздік формасын толтыру кезінде түсіндірмені қосу не үшін қажет?

8. Сәйкессіздік сыныптауыштары.


Реттеуші әрекеттерді жүргізуге сұраныс




Компания:

Күні:

Реттеуші әрекеттердің сұраныс номері:




Аудитор:

Тексерілетін жақ:




Стандарт және пункт:

Елеулі:




Елеусіз




Аудитордың есебі:

(сәйкессіздік)


Қолы: Күні:




Ұсынылған реттеуші әрекеттер және себептері:

Қорытындылаудың ұсынылған күні:


Қолы: Күні:




Реттеуші әрекеттерді талдау:

Қолы: Күні:





6 практикалық сабақ.



Тақырыбы: Реттеуші әрекеттердің орындалуы (жалғасы).

Жұмыс мақсаты: Реттеуші әрекеттердің орындалуын оқу.

Бақылау сұрақтары

1. Жалпы ескертулер неге байланысты?

2. Реттеуші әрекеттерді жүргізу кезіндегі аудиторлар мақсаттары неге байланысты?

3. Аудитор не істемеу керек?

4. Сәйкессіздіктің идентификациясына қатысты аудитор нені естен шығармауы керек?

5. Жұмыс үрдісінде есептерді құру үшін ұсынылатын принциптерді ата.



6. Сәйкессіздіктің матрицалық талдауы неге негізделеді?



Матрицалық анализ (тек оқу мақсаттары үшін)




ИСО 9001:2000 стандартының бөлімдері

Департаменттер/СМЖ үрдістері








































4.1 СМЖ. Жалпы талаптар





































4.2 СМЖ. Құжаттамаға талаптар





































5.1 Жетекші міндеттері





































5.2 Тұтынушыға бейімделу





































5.3 Сапа саласындағы саясат





































5.4 Жоспарлау





































5.5 Жауапкершіліктер, және ақпарат алмасуы





































5.6 Жетекші жағынан талдау





































6.1 Ресурстармен қамтамасыз ету





































6.2 Адамгершілік ресурстары





































6.3 Ирфрақұрылым





































6.4 Өндірістік орта





































7.1 Өнімнің өмірлік циклының үрдістерін жоспарлау





































7.2 Тұтынушыға байланысты үрдістер





































7.3 Жобалау және әзірлеу





































7.4 Сатып алу





































7.5 Өндірістік және қызмет көрсету





































7.6 Мониторинг және өлшеуге арналған құрылғыларды басқару





































8.1 Өлшеу, талдау және жақсарту. Жоспарлау





































8.2 Мониторинг және өлшеу





































8.3 Өнімнің сәйкессіздігін басқару





































8.4 Мәліметтерді талдау





































8.5 Жақсарту





































ҚОРЫТЫНДЫ





































Соңғы қорытынды

Елеулі




Елеусіз




Ескету

Аты-жөні,тегі Қолы Күні





7 практикалық сабақ.


1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет