«Стандарттау, метрология және сертификаттау»


Тақырыбы: Өлшеу қателіктерінің сипаттамалары



бет3/5
Дата09.06.2016
өлшемі403 Kb.
#123921
1   2   3   4   5

Тақырыбы: Өлшеу қателіктерінің сипаттамалары

Дәріс жоспары:

1 Өлшеу қателіктерінің түрлері
Өлшеудің дұрыстығын бағалау үшін оның қателіктерін білу керек, яғни өлшеу нәтижесінің өлшенетін шаманың нағыз дәл мәнімен ауытқуын. Өлшеудің қателіктері абсолюттік және жанамалық болып бөлінеді.

Өлшеудің абсолюттік қателігі деп өлшенетін шаманың бірліктерінде белгіленетін қателік және оны формула бойынша анықтайды:

Δ Х = Х өлш – Х,


мұндағы: Х өлш - өлшеу кезінде алынған мән;

Х - өлшенетін шаманың нағыз мәні.

Бірақ өлшенетін шаманың нағыз мәні белгісіз болғандықтан, тек қана тәжірибе жүзінде өлшеу қателіктерінің аздап жақын мәнін табуға болады. Сонымен қатар өлшенетін шаманың нағыз мәні ретінде эталон арқылы немесе қолданатын өлшеулерге қарағанда жоғары дәлдіктері бар әдістер немесе аспаптарды қолданып алынған мәнді келтіруге болады.

Өлшеудің жанамалық қателігі деп өлшенетін шаманың нағыз мәні мен абсолюттік қателіктің қатынасын анықтайтын қателікті айтады, ол пайыз бойынша белгіленеді:

Х өлш – Х

Δ Х = -----------------* 100

Х

Өлшеу қателіктері жүйелік, кездейсоқ және дөрекі болып бөлінеді.



Жүйелік қателіктер бұл өлшеу қателіктерінің құрамды бөлігі, олар бір шаманы қайта-қайта өлшеу кезінде бірқалыпты болып қалатын немесе бір уақытта өзгеретін қателіктер. Жүйелік қателіктерге өлшеу әдістердің қателіктері, инструменталды қателік, санау кезінде пайда болатын қателіктер жатады. Жүйелік қателіктер болуы мүмкін, бірақ оларды жоюға болады.

Кездейсоқ қателіктер – бір шаманы қайта-қайта өлшеу кезінде кездейсоқ өзгеретін өлшеу қателіктердің құрамды бөлігі. Олар көрсететін өлшеу құралдардың өзгеруінен, артық электромагнит құралдардың болуынан пайда болады. Олардан құтылу үшін бір шаманы бірнеше рет өлшеп, өлшеу нәтижелерін арнайы математикалық әдістермен өңдеп алады.

Дөрекі қателіктер – берілген жағдайларда бірнеше мәнге жоғары өлшеу қателіктердің құрамды бөлігі. Нәтижелерді өңдеу кезінде оларды санамайды.

Өлшеудің сапалығы тек қана қателіктердің бар болуымен бағаланбай, өлшеулердің дәлдігімен, дұрыстығымен бағаланады.



Өлшеулердің дәлдігі - бұл өлшеудің сапасы, ол өлшенетін шаманың нағыз мәніне нәтижелердің жақындығын көрсетеді.

Өлшеулердің жоғары дәлдігі кішкентай қателіктердің барлық түрлеріне, сонымен қатар жүйелік, кездейсоқ қателіктерге сәйкес болады. Дәлдікті мына формула бойынша анықтауға болады.


Δ Х


Е = | ------- | -1

Х

Сонымен, егер өлшеу қателігі 10 -2 % болса, онда дәлдік 10 4 тең болады.



Өлшеулердің дұрыстығы дегеніміз жүйелік қателіктердің нөлге жақындығын көрсететін өлшеу сапалығы.

Өлшеу қателіктері біріншіден өлшеу құралдардың қателіктеріне байланысты болады. Өлшенетін аспаптардың немесе өлшеу құралдардың қателіктері өлшенетін шаманың нағыз мәніне ұқсамайды.

Аспаптың көрсетулері мен өлшенетін шаманың нағыз мәнінің арасындағы айырмасы өлшенетін аспаптың (өлшеу құралдардың) абсолюттік қателігі деп аталады. Ол формула бойынша анықталады:

Δ Х = Х к – Х,

мұндағы: Х к - аспаптың көрсетулері;

Х - өлшенетін шаманың нағыз дәл мәні.

Өлшенетін аспаптың абсолюттік қателігі мен өлшенетін шаманың нағыз мәніне қатынасы жанамалық қателік деп аталады және ол өлшенетін шаманың пайызымен белгіленеді. Тәжірибе жүзінде абсолюттік қателікті өлшенетін аспаптың көрсетулеріне жатқызады:

Х к – Х

Δ Х = ------------

Х к

Кейде жанамалық қателікті өлшеу құралдардың дәлдік сипаттамасы ретінде қолданады. Көптеген техникалық өлшеу құралдардың дәлдік сипаттамасын негізгі және қосымша қателіктердің шектерімен анықтайды.

Негізгі қателік деп бір қалыпты жағдайларда қолданатын өлшеу құралдардың қателігін айтады. Жұмыстың бірқалыпты жағдайлары мемлекеттік стандарттарда немесе өлшеу құралдардың техникалық шарттарында беріледі.

Қосымша қателік дегеніміз өлшеу құралдардың қателіктері, олар сыртқы жағдайлар әсер еткенде және бір қалыпты жағдайлардан ауытқыған кезде пайда болады. Бұларға температура өзгеру нәтижесінде, аспаптың жұмыс қалпынан ауытқыған кезде пайда болатын қателіктер жатады.

Негізгі және қосымша қателіктердің шамасы өлшеу құралдардың дәлдік тобына байланысты болады.

Дәлдік топтары дәлдік үшін өлшеу құралдардың қасиеттерін көрсетеді, бірақ осы құралдармен жасалған өлшеулердің дәлдік көрсеткіші болып саналмайды. Дәлдік топтары келесі сандар тізбегінен алынады: 1*10n; 1,5*10n; 2*10n; 2,5*10n; 4*10n; 5*10n; 6*10n; мұндағы n =1; 0; -1; -2 т.б.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Өлшеудің қандай қателіктерін абсолюттік және жаңамалық деп атайды?

2 Жүйелік қателіктер деп қандай қателіктерді айтады?

3 Кездейсоқ қателіктер неден пайда болуы мүмкін?

4 Өлшеулердің дұрыстығы дегеніміз не?

5 Негізгі және қосымша қателіктердің шамасы неге байланысты болады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие / Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 Сергеев А.Г., Крохин В.В. Метрология: Учебное пособие для вузов. – М.: Логос, 2000. - 408 с.

3 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы / Г.Х. Шәкібаева, Х.К. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.
№ 10 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: Өлшеу құралдарын салыстырып-тексеру

Дәріс жоспары:

1 Өлшеу құралдарын салыстырып-тексеру

2 Салыстырып тексерудің түрлері және оларды жүргізу тәртібі

3 Салыстырып тексеруді ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы аймағында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасы аймағына енгізілетін, сондай-ақ жөндеуден шығарылған және қолданыстағы және сақтаудағы өлшем құралдарына салыстырып-тексеру жүргізуді ұйымдастыруға және тәртібіне қойылатын негізгі талаптар ҚР СТ 2.4 белгіленеді.

Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді өлшем құралдарын белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау және де олардың қолдануға жарамдылығын бекіту мақсатында жүргізеді.

Салыстырып тексеру кезінде салыстырып тексеруге қолданылатын эталондар Қазақстан Республикасының шама бірлігінің эталондарына бағынышты болуы керек.

Салыстырып тексеруге мемлекеттік метрологиялық қадағалау саласында колданылатын, өндірістен немесе жөндеуден шыққан, типі бекітілгеннен кейін пайдаланылатын және шеттен әкелінетін немесе метрологиялық аттестатталған және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген өлшем қүралдары кіреді.

Өлшем қүралдарының тізімі және салыстырып тексеру кезенділІгі, сондай-ақ, оны жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

Салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдары калибрленеді.

Шама бірліктеріндегі физикалық шама мәндерін бағалауға арналмаған, тек өзгеруін бақылау үшін нормаланған дәлдікпен қолданылатын техникалық қүралдар индикаторларға жатады және салыстырып тексеруге жатпайды.

Салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдары иесінің өтініші бойынша салыстырып тексерілуі мүмкін.

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру мемлекеттік метрологиялық қызметпен іске асырылады, сондай-ақ, ҚР СТ ИСО/МЭК 1702 5 талаптарына сәйкес аккредиттелген заңды түлғалардың метрологиялық қызметімен іске асырылады.

Салыстырып тексерушілерді аттестаттау белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

Өтініш берушінің өтініші бойынша салыстырып тексеру нәтижелері талаптарына сәйкес келісім-шарт негізінде өлшемдердін белгісіздік бағасымен ұсынылады.

Салыстырып тексеруді ресімдеу тәртібі салыстырып тексеру әдістемесіне сәйкес іске асырылады.

Салыстырып тексерудің оң нәтижелері сәйкес өлшем құралдарына және/немесе пайдалану құжаттамаларына басылатын салыстырып тексеру таңбасымен және/немесе салыстырып тексеру туралы сертификатпен расталады.

Салыстырып тексеру туралы сертификаты, уәкілетті органмен бекітілген тәртіп бойынша, мамандандырылған бағдарламалык қамсыздандыру арқылы толтырылады.

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру бойынша жұмыстарға төлем жүргізу келісім-шарт негізінде жүргізіледі.

Өлшем қүралдарын салыстырып тексеру жұмыстарының бағасын белгілеу кезінде ҚР СТ 2.48 сәйкес талаптар мен нормалар қолданылуы мұмкін.

Салыстырып тексеру түрлері және оларды жүргізу тәртібі

Өлшем құралдарына бастапқы, мерзімдік, кезектен тыс, инспекциялық және сараптамалық салыстырып тексерулер жүргізіледі.



Бастапқы салыстырып тексеру

Бастапқы салыстырып тексеруге Қазақстан Республикасының аймағында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аймағына әкелінетін, ҚР СТ 2.21 сәйкес типті бекіту мақсатында және бекітілген типке сәйкестікке сынаудан немесе ҚР СТ 2.30 сәйкес метрологиялык ҚР СТ 2.4-2007 аттестаттаудан өткен және ҚР МӨЖ тізіліміне енгізілген, сондай-ақ жөндеуден шығарылған өлшем құралдары жатады.

Өлшем құралдарының әр бірлігі бастапқы салыстырып тексеруден өтуге тиіс.

Кейбір жагдайларда, салыстырып тексерудің әдістемесінде көрсетілген өлшем құралын таңдап алып салыстырып тексеруге болады. Тандап салыстырып тексеру ГОСТ 18242 және ГОСТ 20736 талаптарының нұсқауы бойынша жүргізілуі керек.



Мерзімдік салыстырып тексеру

Мерзімдік салыстырып тексеруге қолданыстағы және сақтауда түрған өлшем құралдары жатады, олар белгілі бір салыстырып тексерудің аралық интервалдары арқылы жүргізіледі және салыстырып тексерудің аралық кезеңінде қолдануға жарамдылығын қамтамасыз етуді есепке ала отырып бекітіледі.

Ұзақ сақтауда тұрған өлшем құралдарының сақталған мерзімі салыстырып тексеру аралык интервал мерзімінен асатын болса, бірақ сақтау және консервілеу талаптары орындалған болса, онда оларды мерзімдік салыстырып тексеру жүргізбеуге болады.

Кезектен тыс салыстырып тексеру

Кезектен тыс салыстырып тексеруді өлшем құралын пайдалануда (сақтауда) салыстырып тексерудің аралық интервалы аяқталғанға дейін жүргізеді.

Кезектен тыс салыстырып тексеру мына жағдайларда жүргізіледі:

- салыстырып тексерудің аралық интервалын реттеу қажеттілігі болғанда;

- өлшем құралын қолдануға жарамдылығын растау қажеттілігі болғанда;

- салыстырып тексеру таңбасының, өзі жабысатын лейблдің, пластикалық пломбаның закымдануын, сондай-ақ өлшем құралдарының бастапқы және мерзімдік салыстырып тексеруден еткенін, олардың сақталуын растайтын құжаттың жоғалу кезінде;

— сақтаудан кейінгі өлшем құралдарын қолданысқа енгізу кезінде өлшем құралын консервациялау немесе өлшем құралдары бар бұйымдарға қойылатын талаптарға байланысты сол сақтау мерзім ішінде өлшем құралдарына мерзімдік салыстырып тексеру жүргізілмеген болса;

- өлшем құралдарын, өлшем құралдары қолданылатын бүйымдар жинағын қайта консервациялау барысында;

- өлшем құралдарын салыстырып тексерудің аралық интервалының жартысы өткеннен кейін ұзақ сақтауға берген жағдайда;

- өлшем құралдарын салыстырып тексеру аралық интервалының жартылай ғана аяқталуына орай, әзірлеуші айналымға түсіріп үлгермеген өлшем құралын түтынушыға жіберген жағдайда.



Инспекциялық салыстырып тексеру

Мемлекеттік қадағалау және метрологиялық бақылау жүргізген кезде олардың жарамдылығын, дүрыстығын, қабылданған салыстырып тексерудің аралык интервал дәлдігін және өлшем қүралын пайдаланудың дұрыстығын бекітуде инспекциялық салыстырып тексеру жүргізіледі.

Инспекциялық салыстырып тексерудің нәтижесі актіде еркін түрде келтіріледі.

Инспекциялық салыстырып тексеру өлшем қүралдары иегері өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.



Сараптық салыстырып тексеру

Сараптық салыстырып тексеруді өлшем құралдарының бұзылғаны, қолдануға жарамсыздығы туралы тиісті метрологиялық сипаттардың мәселесіне келіспеушіліктер туындаган жағдайларда жүргізеді.

Сараптық салыстырып тексеру өлшем құралдарының метрологиялық сипаттарының дүрыстығына, өлшем құралдарының қолдануға жарамдылығына және өлшем құралдарын пайдаланудың дүрыстығына келіспеушілік туындаған жағдайда мемлекеттік органдардың жазбаша түрдегі талабы (арызы), жеке және заңды түлғалардың жазбаша түрдегі арызы бойынша жүргізіледі.

Өлшем қүралдарын салыстырып тексеру шарасына өтініш берушілер, сондай-ақ мүдделі тараптардың өкілдері қатыса алады.

Заңды және жеке тұлғалардың өтініші бойынша сараптық салыстырып тексеруді жүргізу үшін төлемді өтініш беруші жүргізеді.

Соттың және қүқық қорғау органдарының талабы (отініші) бойынша сараптық салыстырып тексеру жүргізу кезінде, салыстырып тексеру үшін төлем жүргізетін тарапты сараптық салыстырып тексеруге өтініш берген орган белгілейді.



Салыстырып тексеруді ұйымдастыру

Өлшем қүралдарын салыстырып тексеру;

- тұрақты салыстырып тексеру зертханаларында;

- жылжымалы салыстырып тексеру зертханаларында;

- салыстырып тексерушілерді іссапарға жіберу арқылы өлшем қүралдарының орналасқан жерінде;

- өлшем құралдарының иелерінің БСП-да жүргізіледі.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Өлшем құралдарына салыстырып-тексеру жүргізуді ұйымдастыруға және тәртібіне қойылатын негізгі талаптарды қандай стандарт белгілейді?

2 Салыстырып тексерудің қандай түрлерін білесіз?

3 Бастапқы салыстырып тексеруге қандай өлшеу құралдары жатады?

4 Мерзімдік салыстырып тексеруді қалай жүргізеді?

5 Кезектен тыс салыстырып тексеру қандай жағдайларда жүргізіледі?

6 Сараптық салыстырып тексеруді қандай жағдайда жүргізеді?

7 Салыстырып тексеруді қалай ұйымдастырады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие / Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 ҚР СТ 2.4 ҚР МӨЖ. Өлшеу құралдарын салыстырып-тексеру. Ұйымдастырылуы мен жүргізу тәртібі
№ 11 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: Салыстырып-тексеру схемалары

Дәріс жоспары:

1 Салыстырып тексеру схемаларының түрлері

2 Салыстып тексеру схемаларының мазмұны мен кұрылуы


Салыстырып тексеру схемалары (сұлбалары) мемлекеттік немесе бастапқы эталоннан жұмысшы өлшем құралдарына өлшем мөлшерін беру жүйесін белгілейді Аумағы, қолдану жағдайлары және салыстырып тексеру әдістері бойынша елеулі айырмашылығы бар, бір шамадағы өлшем кұралдарына арналған, сондай-ақ бірнеше физикалық шамалардағы өлшем құралдарына арналған салыстырып тексеру сұлбасын бөлімдерге бөлу мүмкін.

Салыстырып тексеру сұлбаларын таралу салаларына байланысты келесі түрлерге бөледі:

- мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбалары;

- мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары;

- жергілікті салыстырып тексеру сұлбалары.

Мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбалары

Мем лекетаралык салыстырьш тексеру сұлбалары мемлекет-қатысушылармен тура немесе мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбалары құжатына қарама-қайшы келмейтін елдің нормативтік құжатын дайындау жолымен колданылады.

Мемлекетаралык салыстырып тексеру сұлбалары стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес белгілеген тәртіпте дайындалады.

Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары

Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары Қазақстан Республикасында салыстырып тексерілетІн берілген шамадагы өлшем құралдарына таралады.

Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты түрінде рәсімделеді.

Өлшем құралдарына арналған мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыкпен дайындалады.

Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбаларын дайындауға орындаушы ретінде заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін тарта алады.

Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары мемлекетаралык салыстырып тексеру сұлбаларына қарама қайшы келмеуі тиіс.



Жергілікті салыстырып тексеру сұлбалары

Жергілікті салыстырып тексеру сұлбасы заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерімен салыстырып тексерілетін өлшем құралдарына таралады.

Жергілікті салыстырып тексеру сұлбалары мемлекеттік немесе мемлекеттік болмаған жағдайда мемлекетаралық сол шамалардағы өлшем құралдарына арналған салыстырып тексеру сұлбаларына қарама қайшы келмеуі тиіс. Жергілікті салыстырып тексеру сұлбалары мемлекеттік және мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбалары болмаған жағдайда құрыла алады.

Жергілікті салыстырып тексеру сұлбасын заңды тұлғаның нормативтік кұжаты ретінде дайындайды және хабарында шама бірлігінін мемлекеттік эталондары бар мемлекеттік ғылыми метрологиялык орталықпен келістіріледі.

Жергілікті салыстырып тексеру сұлбаларын өлшем кұралдарын салыстырып тексеруді іске асыратын заңды тұлғалардың метрологиялык кызметтері дайындайды.

Жергілікті салыстырып тексеру сұлбасын сызба түрінде рәсімдейді. Сызбаны мәтіндік бөліммен толықтыруга болады.



Мазмұны және кұрылуы

Салыстырып тексеру сұлбасы сызбасында:

- өлшем құралдарының және салыстырьш тексеру әдістерінін атаулары;

- шама мәнінің аумағы немесе номиналды мәні;

- өлшем құралдары қателіктерінің мүмкіндік мәні;

- салыстырып тексеру әдістері қателіктерінін мүмкіндік мәні көрсетілуі қажет.

Жергілікті салыстырып тексеру сұлбаларында өлшем құралдарының дәл белгілеулерін көрсету мүмкін.

Салыстырып тексеру сұлбасы сызбасы бір бірінің астына орналасқан және штрихті линиялармен бөлінген аландардан тұруы қажет.

Мемлекеттік эталонмен басқарылатын мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары сызбасының жоғарғы алаңында, бағынушылық тәртібінде эталондардың атауы көрсетіледі.

Жергілікті салыстырып тексеру сұлбасы сызбасының жоғарғы алаңында бастапқы жұмысшы эталондар атауы көрсетіледі.

Эталондар атауларының астында шама мәнінің номиналды мәні немесе аумағы және олардың қателіктерінің мәні көрсетіледі.

Эталондар алаңдарының астына 0 санаттағы жұмысшы эталондар алаңы (егер мемлекеттік немесе мемлекетаралық сұлбаларды қайта қарау кезінде 1 санаттағы эталондарға бірлік мөлшерін берудің қосымша сатысын алдын-ала ескеру қажет болса), 1 санаттағы және әрі қарай келесі санаттардағы жұмышы эталондар алаңдары орналастырылады.

Жұмысшы эталондардың атауларының астында өлшем аумақтары және қателіктер мәні көрсетіледі.

Мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбасы бойынша екінші немесе жұмысшы эталондардың деңгей дәлдігі бойынша сәйкес келетін эталонды қолдану кезінде алғашқы эталоны ретінде 5.9.2 сәйкес қателіктер сипаттамаларын көрсету мүмкін.

Екінші эталондар үшін ГОСТ 8.381 сәйкес олардың жалпы қателігінің сипаттамасы көрсетіледі — п тәуелсіз әлшемдердің санын көрсетумен екінші эталонды біріншімен салыстыру кезінде SЕ (SE0)) өлшем нәтижесінің орташа шаршылык ауытқуы мүмкіндік мәнінің шектігі, немесе 0,99 сенімді ықтималдық кезінде өлшем нәтижесі қателігінің сенімді шекараларының мүмкіндік мәнінің шектігі. Екінші эталонның жойылмаған жүйелік қателігінің сипаттамасын және (немесе) оның тұрақсыздығының алғашқы эталон үшін қабылданған салыстырып тексеру арасындағы аралық үшін бөлек көрсету мүмкін.

Жұмысшы эталондардың және жұмысшы өлшем күрделі қателіктерінің сипаттамаларын оларды салыстырып тексеру кезіңде шама мөлшерін беру әдісіне байланысты көрсетеді.

Өлшем құралдарының қолдануға жарамдылығын салыстырып тексеру кезінде, салыстырып тексеру сұлбасы өлшем құралдарының қателігінің мүмкіндік шегі көрсетіледі.

Эталондар және жұмысшы өлшем құралдары қателігінің сипаттамалары ретінде салыстырып тексеру сұлбасында олардың негізгі қателік сипаттамалары көрсетілуі ұсынылады. Негізделген жағдайларда ГОСТ 8.009 сәйкес қателікті құрайтын басқа сипаттамаларды немесе оның жалпы қателігінің сипаттамаларын көрсету мүмкін (негізгі жоне косымша қателіктер қосындылары).

Осы әдіспен салыстырып тексерілетін өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдісі қателіктерінің сенімді шекараларына сәйкес келетін сенімді ықтималдықтар бірдей болуы қажет.

Салыстырып тексеру әдісі қателігінің сипаттамасын көрсетпеу мүмкін, егер ол абсолюттік мән бойынша салыстырып тексеру кезінде қолданылатын эталон қателігінің сипаттамасынан 15%-тен көп емес болса.

Алғашқы эталон атауын қос сызыктан пайда болған тікбұрышта қорытындылайды. Екінші және жұмысшы эталондардың және жұмысшы өлшем құралдарының атауларын бір сызықта пайда болған тікбүрышта қорытындылайды. Салыстырып тексеру әдістері атауларын, егер олар көрсетілетін болса бірлік мөлшерін беретін эталондар және салыстырып тексеру объектілер атаулары арасына орналастырылған горизонталды жұмырларда қорытындылайды.

Бірлік мөлшерін жоғарыдан төмен қарай беруді бірлік мөлшері берілетін сәйкес келетін құралдармен салыстырьш тексеру объектілерін біріктіруші тұтас сызықтармен бейнелейді, соған қоса осы сызықтардың ажыралымында салыстырып тексерудің негізгі әдістерін көрсетумен жұмырларды орналастырады. Эталондар алаңынан төмен тұратын жұмырларды сұлбаның сәйкес келетін алаңдарын бөлетін штрихті сызыктардың ажыралымында орналастырады.

Салыстырып тексеру сызбаларының форматы ГОСТ 2.301 көрсетілген форматқа сәйкес болуы қажет.

Салыстырып тексеру сұлбасының мәтінді бөлігі қосымша ақпараты бар салыстырып тексеру сұлбасы элементтеріне түсініктемелей мен кіріспе бөлімнен құрылуы қажет.

Салыстырып тексеру сұлбасы сызбасының бос жерлерінде сұлбаны қолдануды жеділдететін қосымша ақпаратты орналастыруга болады.

Жергілікті салыстырып тексеру сұлбалары салыстырып тексеру сұлбасының және техникалық, ұйымдастырушылық және экономикалық сипаттағы қосымша акпараттың бір құжаттағы бірлестігін ұсына алады.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Салыстырып тексеру схемаларының қандай түрлері сізге белгілі?

2 Мемлекетаралық салыстырып тексеру схемалары қалай қолданылады?

3 Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары қандай өлшем құралдарына таралады?

4 Жергілікті салыстырып тексеру сұлбалары қандай өлшем құралдарына таралады?

5 Салыстып тексеру схемаларының мазмұны қандай?

6 Салыстып тексеру схемаларының қалай кұрылады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие / Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 ҚР СТ 2.39 ҚР МӨЖ. Салыстырып-тексеру схемалары. Мазмұны мен құрылуы

№ 12 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: Өлшем құралдарына сынақ жүргізу және типін бекіту тәртібі
Дәріс жоспары:

1 Өлшем құралдарына сынақ жүргізу тәртібі

2 Өлшем қүралдарының типін бекіту мақсатында және бекітілген типке сәйкестікке сынақтар жүргізу тәртібі және өлшем құралдарының типін бекіту тәртібі
Өлшем құралдарына сынақ жүргізу және типін бекіту тәртібі ҚР СТ 2.21-2007 сәйкес орындалады. Бұл стандарт өлшем құралдарына сынақ жүргізудің және типін бекітудің тәртібін және оны ұйымдастырудың негізгі талаптарын бекітеді.

Қазақстан Республикасының аймағында сериялы өндірілетін немесе Қазақстан Республикасы аймагына партиямен енгізілетін өлшем кұралдарының типі сәйкес бекітуге жатады.

Өлшем құралдарының типін бекіту туралы шешімді типті бекіту мақсатында және бекітілген типке сәйкестікке өлшем құралдарын сынаудың дұрыс нәтижелерінің негізінде техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет қабылдайды және 5 жыл мерзімге, сәйкес пішін бойынша өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатпен расталады.

Бекітілген типке сәйкестікке өлшем кұралдарын сынау типті бекіту туралы сертификаттың мерзімі аяқталганда жүргізіледі, сондай-ақ типті бекіту туралы сертификаттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін мына жағдайда жүргізіледі:

- мемлекеттік метрологиялық қадағалау кезінде іске асырылған тексерулердің теріс нәтижелері;

- құқық қорғау органдарының жазбаша талаптары;

- бекітілген типтегі өлшем құралдарының модификациялары.

Шет елдерде жүргізілген сынақ нәтижелерін мойындау және өлшем құралдарының типін бекіту, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын сәйкес халықаралық келісімдер негізінде уәкілетті органдармен іске асырылады.

Сынақ нәтижелері және типті бекіту мойындалған өлшем құралдарына пішін бойынша сертификат беріледі.

Типі бекітілген өлшем құралдарына және/немесе өлшем құралдарының әр данасын сүйемелдейтін пайдаланылатын құжаттарға өтініш беруші, пішін және көлемдер бойынша өлшем құралдарының типін бекітетін белгі қойылады.

Егер өлшем құралдарына белгіні қою конструкциясының өзгешілігіне байланысты тиімді болмаса, белгіні өлшем құралдарының әр данасын сүйемелдейтін пайдалану құжаттарына қоюға болады.

Өлшем құралдарының типін бекіту туралы ақпарат уәкілетті органның ресми басылымдарында жарияланады.

Типті бекіту мақсатында және бекітілген типке сәйкестікке өлшем құралдарына сынақтар жүргізуді, сондай-ақ сынау нәтижелерін тану процедурасын жүргізу кезінде сараптау және өлшем құралдарының типін бекітуді келісім шарт негізінде мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық жүргізеді.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және бекітілген типті өлшем құралдарын модификациялау кезінде іске асырылған тексерулердің теріс нәтижелері жағдайында жүргізілетін бекітілген типке сәйкестікке өлшем құралдарын сынауды, өлшем құралдарының типін бекітуге ынталы болып табылатын өтініш беруші төлейді.

Өлшем құралдарын өндіруші болып табылатын заңды тұлға қайта құрылған жағдайда, оның атауына байланысты үйлесу, қосылу, бөліну немесе қайта құру түрінде типті бекіту туралы сертификаттың немесе өлшем кұралдарының типін бекітуді мойындау туралы сертификаттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін отыз күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға еркін пішінде қайта ресімдеу себептерін көрсетіп және көрсетілген қайта құруды растайтын сәйкес құжаттармен қоса өтініш беруі тиіс.

Сертификатты қайта ресімдеу кезінде ертеректе берілген сертификат номері тіркеу номері және сертификаттың қолдану мерзімі сақталады.



Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында және бекітілген типке сәйкестікке сынақтар жүргізу тәртібі және өлшем құралдарының типін бекіту тәртібі

Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында және бекітілген типке сәйкестікке сынақтар жүргізу тәртібі.

Шет елдік өндірушінің өлшем қүралдарының типін бекіту мақсатында және типінің сәйкестігіне сынаулар жүргізуге құжаттар мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады.

Құжаттар жинағы уәкілетті органмен тіркелгеннен кейін сынау жүргізу үшін МҒМОға жіберіледі.

Қажет болған жағдайда өтініш беруші МҒМОға өлшем құралдарын ұсынуы тиіс.

Өтініш беруші өкілінің қатысуымен типті бекіту мақсатында өлшем құралдарына сынақ жүргізу үшін, өндірушінің техникалық бақылау қызметімен қабылданған саннан өлшем құралдарының үлгілерін іріктеп алады. Іріктеу, үш үлгіден кем емес сынақ бағдарламасымен белгіленген санда, кездейсоқ таңдап алу әдісімен іске асырылады.

Дәлелдөнген жағдайларда өлшем құралдарының үштен кем емес үлгісін іріктеп алуға болады.

Өлшем құралдары шектеулі көлемде дайындалған немесе партиямен енгізілген жағдайда, уәкілетті органның келісімімен өтініш берушінің ұсынған өлшем құралдарының үлгілерінде сынақтар жүргізуге болады, бұл кезде үлгілер саны сынақ бағдарламасымен белгіленген санға сәйкес келуі тиіс.

Типті бекіту мақсатында өлшем құралдарын сынау сынаудың типтік бағдарламасы бойынша жүргізіледі, онда белгіленген тәртіпте бекітілген өзгерістер немесе толықтырулар енгізілуі мүмкін.

Бекітілген типке сәйкестікке өлшем құралдарын сынауды типті бекіту мақсатында өлшем құралдарына сынаулар жүргізу кезінде МҒМОмен бекітілген бағдарлама бойынша жүргізеді. Қажет болған жағдайда МҒМОмен бекітілген бағдарламаға өзгерістер мен толыктырулар әзірленеді.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау кезінде іске асырылған тексерулердің кері нәтижелерінде іске асырылатын бекітілген типке сәйкестікке өлшем құралдарын сынау жағдай төмендегені туралы ақпарат түскен сипаттамаларға тексеруді қосатын бағдарлама бойынша жүргізіледі.

Модификациялау кезіндегі бекітілген типке сәйкестікке сынаулар өлшем құралдарын дайындау конструкциясына немесе технологиясына енгізілген сипаттамалар мен параметрлерді тексеруді қосатын бағдарлама бойынша жүргізіледі.

Өлшем құралдарын сынауды осы өлшем құралдарына нормативтік немесе техникалық құжаттарда регламенттелген метрологиялық және техникалық сипаттамалармен өлшем құралдарының сыналатын үлгілеріне сәйкес келмеуінің анықталғанына дейін жүргізу керек.

Сәйкес келмеу табылғаннан кейін сәйкес келмеу тармақтары бойынша үлгілердің екі еселенген санында сынаулар жүргізіледі.

Типті бекіту мақсатында бекітілген типке сәйкестікке өлшем құралдарын сынау нәтижелері бойынша типті бекіту тәртібі.

Сынақ нәтижелері бар сынақ материалдары және өтініш берушінің сынауға ұсынған құжаттары бекіту немесе өлшем құралдарының типін бекітуден бас тарту туралы шешімді кабылдау үшін уәкілетті органға жолданады.

Типті бекіту туралы дұрыс шешімде өлшем құралдарының типін сипаттауда уәкілетті органның келісімі, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесін МҒМО бекітуі іске асырылады, оны әзірлеу кезінде өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат және белгіленген тәртіпте ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеу ресімделеді.

Типті бекіту туралы теріс шешімде өтініш берушіге өлшем құралдардың типін бекітуде келіспеудің себептері көрсетілген хабарлама жібереді.

Сынақ нәтижелеріне мойындау жүргізу және өлшем құралдарының типін бекіту тәртібі.

Шет елдерде жүргізілген сынақ нәтижелерін мойындау және өлшем құралдарының типін бекіту келісімдермен белгіленген немесе нормативтік құжаттармен ресімделген тәртіпте уәкілетті органмен іске асырылады.

ТМД елдерінде дайындалған сынақ нәтижелерін мойындау және өлшем құралдарының типін бекіту сәйкес іске асырылады.

Сынақ нәтижелерін мойындау және өлшем қүралдарының типін бекіту уәкілетті органмен МҒМО жүргізген, өтініш берушінің ұсынған құжаттарын талдау нәтижелерінің негізінде іске асырылады.

Сынақ нәтижелерін мойындау және өлшем құралдарының типін бекіту туралы дұрыс шешімде өлшем қүралдарының типін бекітуді мойындау туралы сертификат ресімделеді және белгіленген тәртіпте ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеледі. Типті бекіту туралы теріс шешімде өтініш берушіге сынақ нәтижелерін мойындауда және өлшем құралдарының типін бекітуде келіспеу себептері көрсетілген хабарлама жіберіледі.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Өлшем құралдарына сынақ жүргізу және типін бекіту тәртібі қандай стандартқа сәйкес орындалады.?

2 Сынақтан өткен және типтері бекітілген өлшем құралдарына қандай құжат беріледі?

3 Өлшем қүралдарының типін бекіту мақсатында және бекітілген типке сәйкестікке сынақтар жүргізу тәртібі және өлшем құралдарының типін бекіту тәртібі қалай жүргізіледі?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 ҚР СТ 2.21-2007 ҚР МӨЖ. Өлшем құралдарына сынақ жүргізу және типін бекіту тәртібі
№ 13 дәріс (1 сағат)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет