«Стандарттау, метрология және сертификаттау»


Тақырыбы: Қазақстан Республикасының калибрлеу жүйесі



бет4/5
Дата09.06.2016
өлшемі403 Kb.
#123921
1   2   3   4   5

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының калибрлеу жүйесі

Дәріс жоспары:

1 Қазақстан Республикасының калибрлеу жүйесінің құрылымы

2 Ұйымдастыру құрылымы

3 Өлшем құралдарына калибрлеу жүргізу тәртібі және ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының калибрлеу жүйесінің мақсаты, мәселелері және құрылымы ҚР СТ 2.11 сай орнатылады.

Қазақстан Республикасының калибрлеу жүйесінің құрылымы

ҚР КЖ өзінің дамуында өлшем құралдарын калибрлеудегі мәселелерін жинақты шешілуін қамтамасыз ететін құқықтық, техникалық және ұйымдастыру негіздеріне тіреледі.

Құқықтық негіз өлшем құралдарын калибрлеуін өткізу және ұйымдастыруын талаптарды реттейтін, заң шығару және нормативтік құжаттар жиынтығына енгізеді.

Ұйымдастыру құрылымы

Қазақстан Республикасының калибрлеу жүйесі, өлшем құралдарын калибрлеу жөнінде және осы өлшем-құралдарды жеке-меншік түріне қарамастан қолданатын заңды тұлғалардың еркі бойынша жасалады.

ҚР КЖ ұйымдастыру құрылымына өкілетті мемлекеттік орган, КҒӘО, ДО, калибрлеу жүйесінің Кеңесі, калибрлеу зертханалары кіреді.

КҒӘО, ДО, ҚР КЖ Кеңесінің әрекеттері, өкілетті мемлекеттік органмен бекітілген негізіне сәйкес ҚР КЖ-мен жүзеге асырылады.

КҒӘО мен ДО өкілетті мемлекеттік органмен анықталады.

ҚР КЖ Кеңесі өкілетті мемлекеттік орган, КҒӘО, ДО, калибрлеу зертханаларының және экономика, қоғам бірлестіктер саласының басшылары мен мамандарынан құралады.

Калибрлеу зертханалары басқару мемлекеттік органдарды метрологиялық қызметтері мен калибрлеу жұмыстарын өткізуге аккредиттелген басқа заңды тұлғалардың негізінде құралады.

Негізгі функииялары

Өкілетті мемлекеттік орган ҚР КЖ субъектілерінің әрекеттерін үйлестіреді, ДО, КҒӘО тіркейді, ҚР КЖ тізілім жүргізіп олардың әрекеттерін қадағалайды, калибрлеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекітеді, калибрлеу зертханалары мен калибрлеумен байланысты ұлттық, аймақтық және халықаралық ұйымдарымен қатынасады.

Калибрлеу туралы ғылыми-әдістемелік орталық КҒӘО калибрлеу аумағында ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізеді, калибрлеу жөнінде нормативтік құжаттарды өндейді, калибрлеу әрекеті туралы нормативтік құжаттардың мәліметтер жиынтығын жүргізеді, ҚР КЖ әрекеті ақпараттық материалдарды шығарады, калибрлеу әдістемелерінің метрологиялық пайдалануын ұйымдастыруын үйлестіреді және ақпаратпен қамтамасыз етеді.

ҚР КЖ Кеңесі - ҚР КЖ әрекетінің негізгі сұрақтарын шешуге арналған орган жүйесі. ҚР КЖ Кеңесі, ҚР КЖ жұмыс істеу кезінде негізгі принциптері мен ережелеріне ұсыныс құрады, ҚР КЖ әрекетінің жетілуіне мінездеме өңдейді, калибрлеу аумағында тексеруді өткізу кезінде негізгі бағыттарды анықтайды, нормативтік құжаттардың жобаларын қарастырып олардың бекітілуі жөнінде ұсыныс дайндайды.

Калибрлеу зертханалары өлшем құралдарының калибрлеуін өткізеді, калибрлеу әдісін жасап шығарады, осы стандартпен және калибрлеу әрекеті аумағында басқа да нормативтік құжаттар қабылдаған ережелерді сақтайды.

Калибрлеуден сәйкес мемлекеттік метрологиялық қадағалауга және салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдары өтеді.

Өлшем құралдарын калибрлеу кезінде мынадай міндеттер іске асырылады:

- калибрленетін өлшем құралдарына талаптар орнатылады (метрологиялық сипаттамаларга);

- калибрлеу құралдары және әдістері белгіленеді;

- калибрленетін өлшем құралдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік эталондарына байланысы іске асырылады;

- калибрлеу нәтижелері бойынша өлшем құралдарын пайдалану мүмкіндігі туралы шешім қабылданады.

Өндірістен шығару кезіндегі калибрленген өлшем құралдарын қолдануга және жай-күйіне жауапкершілік дайындаушыға жүктеледі, пайдалану кезінде - осы өлшем құралдарын пайдаланушыларга жүктеледі.



Өлшем құралдарына калибрлеу жүргізу тәртібі және ұйымдастыру

Калибрлеуге жататын өлшем құралдар тізімі сәйкес оларды қолдану саласындағы өлшем құралдарын пайдаланушылармен немесе ұйым-дайындаушымен анықталады.

Өлшем құралдары калибрлеуге заңды тұлғалар бөлімшелерінен метрологиялық қызметпен калибрлеу кестесімен белгіленген мерзімде қабылданады. Калибрлеу кестесі заңды тұлғалардың метрологиялық қызметімен әзірленеді, өлшем құралдарының иелерімен жәнс пайдаланушыларымен келісіледі және заңды тұлғаның басшысымен бекітіледі.

Басқа заңды және жеке тұлғаларға жататын өлшем құралдары калибрлеуге, калибрлеу жұмыстарын жүргізуге келісім шартта керсетілген мерзімде қабылданады.

Өлшем құралдарын калибрлеу аралығының интервалы метрологиялык сипаттамалар, қолдану саласы, өлшем құралдарын пайдалану мерзімі шарттарының тұрақтылығына байланысты өлшем құралдарын пайдаланушыларының келісімі бойынша - калибрлеу зертханасымен белгіленеді.

Өлшем құралдарын калибрлеу кезіндегі шеттен келген заңды және жеке тұлғалар үшін өлшем құралдарын келесі калибрлеу мерзімі осы калибрлеуді орындайтын калибрлеу зертханаларымеп белгіленеді.

Калибрлеу туралы қолданыстагы сертификаты бар өлшем құралдары пайдаланушының дарауы бойынша қайтара калибрлеуден өткізуге болады

Калибрлеу зертханаларындағы өлшем құралдарын калибрлеуді сәйкес курстарды бітіргені туралы құжаттармен расталган кәсіби дайындыгы бар тұлгалармен жүргізіледі.

Өлшем құралдарын калибрлеу Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі шама бірліктерін жаңғыртатын эталондарга теңдес байланысқан мемлекеттік эталондардың жоқ кезінде немесе шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына теңдес байланысқан калибрлеу құралдарын пайдалану және калибрлеу әдістемелеріне сәйкес жүргізіледі.

Заңды тұлғалардың метрологиялық қызметімен - осы өлшем құралдарын дайындаушымен немесе пайдаланушымен әзірленетін калибрлеу әдістемесі заңды тұлғамен белгіленген тәртіпте бекітіледі.

Бұл жағдайларда өлшем құралдарында қолдану саласын көрсететін анық жазу ыемесе шартты белгілеулер болуы тиіс.

Сәйкес жазулар пайдалану құжаттарында және калибрлеу туралы пайдалану құжаттарында болуы тиіс.

Калибрлеу нәтижелері бойынша қажет болған жағдайда калибрлеу хаттамасы рәсімделеді, оған калибрлеуді орындаушы қолын қояды.

Калибрлеу хаттамаларының мазмұны ҚР СТ ИСО/ХЭК 17025 талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Егер калибрлеу нәтижелері бойынша өлшем құралдары қолданысқа жарамды болып табылса, онда өлшем құралдарына сәйкес калибрлеу белгісі қойылады, және ҚР СТ ИСО/ХЭК 17025 талаптарына сэйкес калибрлеу туралы сертификат рәсімделеді.

Шеттен келген занды және жеке тұлғалармен калибрленетін өлшем құралдарына калибрлеу сертификатын рәсімдеу міндетті.

Калибрлеу әтижелері бойынша қолданысқа жарамсыз өлшем құралдарын, оларды қайта қалпына келтіру немесе есептен шығару іс-шараларын жүргізу үшін айналымнан алып тастау керек.

Шеттен келген заңды және жеке тұлғаларға калибрлеуге ұсынылған өлшем құралдарының жарамсыздығы белгіленген жағдайда, тапсырыс беруші міндетті түрде калибрлеу хаттамалары беріледі, оларға орыңдаушыдан басқа қосымша калибрлеу зертханасының басшысы қол қояды.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Қазақстан Республикасының калибрлеу жүйесінің мақсаты, мәселелері және құрылымы қандай стандартқа сай орнатылады?

2 Қазақстан Республикасының калибрлеу жүйесінің құрылымы қандай?

3 Өлшем құралдарына калибрлеуді жүргізу тәртібі мен ұйымдастырылуы жүзеге қалай асырылады?

4 Калибрлеу әдістемесінде қандай ақпараттар болуы тиіс?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 ҚР СТ 2.11 ҚР МӨЖ. ҚР калибрлеу жүйесі. Негізгі ережелер

2 ҚР СТ 2.12 ҚР МӨЖ. ҚР калибрлеу жүйесі. Ұйымдастырылуы мен жүргізу тәртібі

№ 14 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: Өлшеу құралдарын метрологиялық

аттестациялауды жүргізу тәртібі

Дәріс жоспары:

1 Өлшем құралдарын метрологиялық аттестациялаудың негізгі сатылары

2 Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялауды жүргізу тәртібі


Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялауды жүргізу тәртібі ҚР СТ 2.30 сай жүргізіледі.

Метрологиялық аттестаттауға республика аймағында жеке данада енгізілетін немесе әзірленетін (бір жыл ішінде бір өтінушімен үш өлшем құралынан көп емес) және мемлекеттік метрологиялық қадағалауды іске асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары жатады, оның ішінде:

- автоматтандырылған бақылау, басқару жүйелеріне және басқа жүйелерге (кешендер) кіретін өлшеуіш каналдар;

- республикада жеке данада әзірленетін және жабдықталатын эталондар;

- осы шарт пен режімнен айырмашылыгы бар олар үшін метрологиялық және техникалық сипаттары нормаланган немесе осы сипаттарға әсер етуші олардың конструкциясына өзгерістер енгізілген, шарттар мен режімде қолданылатын сериялап шығарылған өлшем кұралдарының жеке даналары;

- сериялап шығарылатын өлшем құралдарының жеке даналары, олар үшін жеке метрологиялық сипаттамалар белгіленеді.

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауға мемлекеттік басқару органдары, өлшем құралдарын өндіретін, пайдаланатын, жабдықтайтын жеке және заңды түлғалар ұсынады.

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауды сәйкес мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (МҒМО) іске асырады.

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау мынадай сатылардан тұрады:

- метрологиялық аттестаттауга ұсынылатын техникалық құжаттарды қарау;

- өлшем құралдарын эксперименттік зерттеу;

- өлшем құралдарының салыстырьш тексеру әдістемелерін байқау;

- өлшем кұралдарының метрологиялық аттестаттау нәтижелерін ресімдеу.

Қажет болған жағдайда эксперименттік деректер бірнеше сатыларда жүргізілуі мүмкін.

Қажет болған жағдайда өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау басқа заңды тұлғалардың базасында олардың мамандарымен жүргізілуі мүмкін.

Метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келісімдерге (шарттарға) және олардың дамуына нормативтік кұжаттарға сәйкес іске асырылады. Өлшем құралдарының нәтижелерін тану жөніндегі шешімді техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды.

ТМД елдерінде әзірленген өлшем құралдарын- метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану сәйкес іске асырылады.

Метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдары пайдалану процесінде және өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатта көрсетілген салыстырып тексеру әдістемесіне сәйкес жөндеуден кейін салыстырып тексеруге жатады.

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау жөніндегі жұмыстар немесе онын жеке сатылары келісім-шарт негізінде іске асырылады.

Метрологиялық аттестаттаудың оң нәтижелері бойынша эталондар, өлшем құралдары, салыстырьш тексеру әдістемелері Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесі тізілімінің сәйкес тарауларында тіркеледі.



Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі

Өлшем құралдары метрологиялық аттестаттауға МҒМОға мынадай құжаттар жинағымен ұсынылады:

- өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізуге өтініш;

- өлшем құралдарын әзірлеуге техникалық тапсырма немесе оны алмастыратын өлшем құралына талаптары бар қүжат және техникалық шарттар (егер оларды әзірлеу қарастырылған болса);

- пайдалану құжаттары (техникалық тапсырмамен қарастырылған көлемде);

- өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау бағдарламасының жобасы;

- өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесінің жобасы (салыстырып тексеру әдістемесінің пайдалану құжаттарында жоқ кезінде);

- әзірлеушімен алдын-ала жүргізілген зерттеулердің (сынаулардың) хаттамасы, егер олар техникалық тапсырмамен қарастырылған болса.

Автоматты басқару және басқа да жүйелерге (кешендер) кіретін өлшеуіш каналдар үшін қосымша ұсынады:

- жүйеге техникалық құжаттар (кешендер);

- метрологиялық аттестаттауга жататын өлшеуіш каналдардың тізімі, метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар немесе өлшеуіш каналдың құраушы элементтері болып табылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеруді растайтын құжаттар.

Метрологиялық аттестаттауға ұсынылатын салыстырып тексеруші қондырғылар үшін қосымша, олардың құрамына кіретін өлшем құралдарын салыстырьш тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар ұсынылады.

Эталондарға метрологиялық аттестаттау жүргізуге арналған құжаттар жинағында қосымша ҚР СТ 2.3 талаптары есебімен құжаттар болуы тиіс. Мемлекеттік эталондар үшін салыстырып тексеру әдістемелерінің орнына салыстырулар әдістемесі ұсынылады.

Жеке данада енгізілетін өлшем құралдарына кұжаттар метрологиялық аттестаттауға мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады.

Метрологиялық аттестаттау бағдарламасы және салыстырып тексеру әдістемесі өлшем құралдарын әзірлеушімен немесе оны тұтынушымен (жабдықтаушымен) әзірленеді және МҒМОмен бекітіледі, Метрологиялық аттестаттау бағдарламасын және өлшем құралдарын салыстырьш тексеру әдістемесін келісім-шарт негізінде МҒМОның әзірлеуіне, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесі жобасының орнына аттестаттауға ұсынылған өлшем құралдары үшін шет елдермен әзірленген салыстырьш тексеру әдістемесін ұсынуға болады.

Салыстырып тексеру әдістемесі ҚР СТ 2.63 талаптарын есепке ала отырып әзірленеді және ресімделеді.

Эксперименттік зерттеулер кезінде қолданылатын жұмыс эталондары, өлшем құралдары, стандарттық үлгілер (эталондық ерітінділер) және аттестатталған үлгілер Қазақстан Республикасында қолданысқа жіберілуі тиіс, қолданыстағы сертификаты және (немесе) оларды салыстырып тексеруді (аттестаттауды), типті бекітуді растайтын таңбалар оттискілері болуы тиіс.

Әр метрологиялық сипаттауды анықтау кезінде орындалатын аттестатталатын өлшем құралдарын эксперименттік зерттеу нәтижелерін В қосымшасьгаың пішіні бойынша эксперименттік зерттеулер хаттамасына енгізеді.

Өлшем кұралдарын салыстырып тексеру әдістемесін немесе қолданыстағы құжатты шет елдердің салыстырьш тексеруі бойынша байқау кезінде МҒМОмен анықталған кемшіліктер аттестаттау жүргізу кезеңінде өтінушімен шеттетілуі тиіс.

Метрологиялық аттестаттаудың оң нәтижесінде МҒМО метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты ресімдейді және сәйкес өлшем кұралын және салыстырып тексеру әдістемесін Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуді іске асырады.

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттаудың теріс нәтижелерінде МҒМО өлшем кұралдарын қолдануға жарамсыздығы туралы хабарламаны ресімдейді.

Метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану үшін өтінуші мынадай құжаттар жинағын ұсынуы тиіс:

- метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану процедурасын жүргізуге өтінім;

- метрологиялық аттестаттау туралы сертификат немесе куәлік түпнұсқасы;

- өлшем құралына пайдалану құжаттары;

- өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесі;

- метрологиялық аттестаттау хаттамалары.

Метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану кезінде техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган өлшем құралын және салыстырып тексеру әдістемесін ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеуді іске асырады. Өтінім берушіге ҚР МӨЖ тізіліміне өлшем құралын енгізу туралы белгімен ұсынылған метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың (куәліктің) түпнұсқасы қайтарылады.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялауды жүргізу тәртібі қандай стандартқа сай жүргізіледі?

2 Метрологиялық аттестаттауға қандай өлшем құралдары жатады?

3 Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау қандай сатылардан тұрады?

4 Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі қандай?

5 Метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану үшін өтінуші қандай құжаттар жинағын ұсынуы тиіс?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.

2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б.

3 ҚР СТ 2.30 ҚР МӨЖ. Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялауды жүргізу тәртібі


№ 15 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және

метрологиялық бақылау

Дәріс жоспары:

1 Мемлекеттік метрологиялық қадағалау.

2 Метрологиялық бақылау.

3 Метрологиялық ережелер мен нормалар бұзылғаны үшін жауапкершілік.
Метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуына Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және метрологиялық бақылау жүргізіледі.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау – техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өлшем құралдарын шығарылуын, олардың жай-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелерін қолданылуын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай-ақ бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезінде кез келген түрдегі бума тауарлардың санын қадағалау жөніндегі жүзеге асыратын қызметі.

Метрологиялық бақылау – мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асыратын қызмет.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және метрологиялық бақылау тексеру түрінде жүзеге асырылады. Тексерулер: жоспарлы (периодтық), жоспардан тыс (кезектен тыс) және қарымта тексеру деген түрлерге бөлінеді.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау кезінде:


  • жоспарлы тексерулер кемінде үш жылда бір рет тесерулер жүргізу графигіне сәйкес жүзеге асырылы керек;

  • жоспардан тыс тексерулер мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық ережелер мен нормалардың бұзылғаны туралы ұсыныстар бойынша жүргізіледі;

  • қарымта тексерулер өкімдердің орындалуын бақылау мақсатында жүргізіледі.

Метрологиялық бақылалуды жүзеге асырғанда тексерулерді жүргізу тәртібін мемлекеттік басқару органдарының және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері тағайындайды.

Метрологиялық ережелер мен нормалар бұзылғаны үшін жауапкершілік

Бұзушылық табылған кезде жеке және заңды тұлғаларға, ескерту және басқа төмендегі шаралар қолданылуы мүмкін:



  • лицензияның күшін уақытша тоқтату;

  • аккретитациялау аттестатын алты айға дейін қайта шақырып алу;

  • кінәлілерді қылмыстық жауапқа тарту үшін материалдарды сотқа беру.

Заңнаманы бұзушылық үшін төмендегі мөлшерде айып салынады:

  • азаматтарға - 5-10 айлық есептік көрсеткішке дейін;

  • қызметік тұлғаларға – 50-100 айлық есептік көрсеткішке дейін;

  • заңды тұлғаларға – 200 айлық есептік көрсеткішке дейін.

Жоғарыда көрсетілген айыптар бұзушылықтың мына түрлері үшін салынады:

  1. мемлекеттік санаудан немесе метрологиялық аттестациялаудан өтпеген, сондай-ақ салыстырып тексерілмеген және жөнделмеген өлшеу құралдарын айналымға шығарғаны үшін;

  2. тиісті рұқсатсыз өлшеу құралын шығару, салыстырып тексеру, жөндеу, сату және жалдауға бергені үшін, сондай ақ стандарттық үлгілерді метрологиялық аттестациялаудан өткізу үшін;

  3. мемлекеттік қадағалауға жататын, бірақ сол мемлекеттік қадағалаудан өтпеген өлшеулерді орындау әдістемелерін қолданғаны үшін;

  4. өлшеу құралдарын пайдалану ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін;

  5. стандарттар және техникалық шарттардың талаптарының орындалуын, сертификаттау ережелерінің және метрологиялық ережелердің сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырушы органдардың ұйғарымдарын орындамағаны үшін.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды кім жүргізеді?

2 Метрологиялық бақылауды не үшін жүргізеді?

3 Метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзғаны үшін қандай жауапкершілікке тартылады?

4 Заңнаманы бұзғаны үшін қандай айыптар салынады?

5 Қандай бұзушылықтар үшін айыптар салынады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.

2 ҚР СТ 2.15 ҚР МӨЖ. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау мен метрологиялық бақылау. Жалпы ережелер

2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

№ 1 тәжірибелік сабақ



Тақырыбы: «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы. Негізгі ұғымдар

Сабақтың мақсаты: «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңының негізгі ұғымдарын оқып үйрену.

Бақылау сұрактары:

1 Заңның бірінші бабында қандай сұрақтар қарастырылады?

2 Заңның қабылданған уақытын айтыңыз?

3 Осыдан бұрын осы заңға сәйкес заң қабылданды ма? Егер қабылданса ол қай жылы және заң қалай аталды?


№2 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы. Жалпы ережелер

Сабақтың мақсаты: «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңының жалпы ережелерін окып үйрену.

Бақылау сұрақтары:

1 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңынын таралу аймақтарын айтыныз?

2 Қазакстан Республикасындағы өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі баскару әрекеттерін қандай мемлекеттік орган жүзеге асырады?

3 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаттарын атаңыз?


№3 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттің жүйесінің құрылымы мен объектілері

Сабақтың мақсаты: ҚР МӨЖ құрылымы мен объектілерін оқып үйрену.

Бақылау сұрақтары:

1 ҚР МӨЖ объектілерін атаңыз?

2 ҚР МӨЖ негізгі ұйымдық құрылымын не құрайды?

3 ҚР МӨЖ техникалық негізіне қандай элементтер кіреді?

4.ҚР стандарттау жүйесіндегі аралық салада ҚРМӨЖ стандарттары қалай белгіленеді?

5.ҚР МӨЖ міндеттерін айтыңыз?


4 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Нормативтік реттеуге жататын метрологиялық қызметтің түрлері

Сабақтың мақсаты: Нормативтік реттеуге жататын метрологиялық қызмет мен танысу, оқып-үйрену.

Бақылау сұрақтары:

1. Нормативтік реттеуге жататын метрологиялық қызмет түрлерін атаңыз?

2. ҚР өлшеу бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің мемлекеттік реестрда тіркелген өлшеу құралдары,қандай тізім формасының графаларына кіреді?

3. Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің мемлекеттік реестрда өлшеу құралдарын шығаруға лицензиялық құқығы бар кәсіп орындар қандай тізім формасының графаларына кіреді?

4. Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің мемлекеттік реестрда өлшеу құралдарын жөндеуге лицензилық құқығы бар кәсіпорындар қандай тізім формасының графаларына кіреді?
№5 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Өлшеулерді орындау әдістемелері

Сабақтың мақсаты:Өлшеулерді орындау әдістемелері стандартының мазмұнымен танысу.

Бақылау сұрақтары:

1. Өлшеулерді орындау әдістемелерінің маңызы ?

2. ҚР СТ 2.18-2003 анықтамалары?

3. ӨОӘ қолдану тәртібі қандай?


№6 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Қазақстан республикасының эталондық базасы

Сабақтың мақсаты: ҚР эталонды базасының жағдайын меңгеру.

Бақылау сұрақтары:

1. Эталонды базаның деңгейі еліміздегі өлшеу деңгейіне қалай әсер етеді?

2. ҚР эталонды базасына қанша мемлекекттік эталон кіреді?

3. ҚР эталондық базасы физикалық шама бірлігінң қандай эталондарынан қалыптасады?

4. Физикалық шама бірлігінің эталонын қолдану қандай жұмыстардың орындалуы мен байланысты?

5. Мемлекеттік эталондарды қолдану және сақтау ережесін қадағалаудағы жауапкершілікте кім болады?

6. Заңды тұлғалардың метрологиялық қызметінің эталондарын қолдану және сақтау ережесі қандай?

№7 тәжірибелік сабақ



Тақырыбы: Физикалық шама эталондарының жіктелуі

Сабақтың мақсаты: Физикалық шама эталондарының жіктелуін меңгеру.

Бақылау сұрақтары:

1. Эталондар қандай белгілер бойынша жіктеледі?

2. Халықаралық эталон дегеніміз не?

3. Алғашқы эьалондарды құру үшін не негіз болып табылады?

4. 2-ші ретті эталондарды құру үшін не негіз болып табылады?

5. Мемлекетаралық эталондар не үшін қызмет етеді?


№8 тәжірибелік сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет