Стандартты ерітінділер


Екінші топтағы стандартты сұйықтықтарды дайындау технологиясы



бет3/3
Дата07.12.2023
өлшемі471.9 Kb.
#485824
1   2   3
стандартты ер3т3нд3лер

Екінші топтағы стандартты сұйықтықтарды дайындау технологиясы.
Бірінші топтан ерекшелігі: екінші топтың стандартты сұйықтықтарын дайындау ерітіндінің қолданылу тәсілне байланыссыз, есептеу кезінде әсер етуші заттардың нақты концентрациясын ескереді.
Есептеу сұйылту теңдеуі бойынша жүргізіледі:
х=V а /в немесе Х=V C1/С2
Мұндағы: Х – стандартты сұйықтықтардың көлемі, мл;
V – дайындалатын ерітіндінің көлемі, мл;
в немесе С1 – ерітіндінің қажетті концентрациясы, %;
а немесе С2 – стандартты сұйықтықтың нақты концентрациясы,%.
Rp: Solutionis Acidi acetici 3%-200ml
Da.. Signa. Таңуға
Сірке қышқылының екі препараты бар - 30% - сұйылтылған және98% - концентрлі.Рецепте берілген дәріні 30% және 98%-дық ерітіндіден дайындауға болады:
х=200 3%/30%=20мл(30%); х=200 3%/98%=6,1мл(98%)
Сонда, Vсу=200-20=180мл; Vсу=200-6,1= 193,9мл
Б.П. №1 Б.П. №2
Aquae purificatae 180 ml Aquae purificatae 194 ml
Acidi acetici dilute 30%-20ml Acidi acetici 98%-6ml
Vж.= 200ml Vж.= 200ml
Технологиясы:Босататын құтыға 180 мл (немесе 194 мл) тазартылған су және 20 мл 30% (немесе 6 мл 98%) сірке қышқылының ерітіндісін өлшеп құйып, араластырады, қажет болған жағдайда сүзеді.Тығындап, босатуға безендіреді.Негізгі этикетка: «Сырт тәнге», ескерту этикеткасы «Балалардан сақта».
Үшінші топтағы стандартты сұйықтықтарды дайындау технологиясы.Бұл стандартты сұйықтықтардың екі атауы болғандықтан, рецепте шартты немесе химиялық атауымен жазылуы мүмкін.
Егер ерітінді шартты атауымен жазылса (Буров сұйықтығы, калий ацетаты сұйықтығы, пергидроль, формалин), онда стандартты сұйықтықтарды бір бірлікке (100%) тең деп алады.
Rp: Solutionis Liquoris Kalii acetatis 20%-120ml
Da. Signa. 1 ас қасықтан күніне 3 рет
Есептеу: 20-100
х-120 х – 24мл (34%)
Vсу=120-24=96мл
Б.П.
Aquae purificatae – 96ml
Liquoris Kalii acetates (34%)-24ml
Vж.=120 ml
Технологиясы:Босататын құтыға 96 мл тазартылған су және 24 мл калий ацетатының 34%-дық сұйықтығын өлшеп алып, араластырады.Тығындап, босатуға безендіреді.Негізгі этикетка «ішке», ескерту этикеткасы «Балалардан сақта».
Егер рецепте ерітінді химиялық атауымен берілсе (алюминий негізгі ацетатының ерітіндісі, сутек асқын тотығы,формальдегид), онда есептеу кезінде стандартты сұйықтықтардағы әсер етуші заттардың нақты концентрациясын ескереді. Есептеуді сұйылту теңдеуі бойынша жүргізеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет