Станок үлгісінің шартбелгісін құру мен оның технологиялық мүмкіндіктерін анықтау 050712 – Машина жасау және 050732 – Стандарттау, метрология мен сертификаттау мамандықтарының студенттеріне «Металл кескіш станоктар»



Дата09.07.2016
өлшемі208 Kb.
#186215
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Станок үлгісінің

шартбелгісін құру мен оның технологиялық мүмкіндіктерін анықтау
050712 – Машина жасау және 050732 – Стандарттау, метрология мен сертификаттау мамандықтарының студенттеріне «Металл кескіш станоктар» пәні бойынша

№ 1 тәжірибелік сабақты орындау үшін арналған

әдістемелік нұсқаулық

Павлодар


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Машинажасау, металлургия және көлік факультеті
Машинажасау және стандарттау кафедрасы
Станок үлгісінің

шартбелгісін құру мен оның технологиялық мүмкіндіктерін анықтау
050712 – Машина жасау және 050732 – Стандарттау, метрология мен сертификаттау мамандықтарының студенттеріне «Металл кескіш станоктар» пәні бойынша

№ 1 тәжірибелік сабақты орындау үшін арналған

әдістемелік нұсқаулық

Павлодар


Кереку

2009


УДК 621.9(07)

ББК 63-5я7

К41
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің машинажасау, металлургия және көлік факультетінің машинажасау және стандарттау кафедрасының отырысында басуға ұсынылды

Пікірсарапшы:

Баймагамбетов Т.Ш. – техникалық ғылымдар кандидаты, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің доценті


Құрастырушылар: Олжабаев Р.О., Кертаева М.М.

К41 Станок үлгісінің шартбелгісін құру мен оның технологиялық мүмкіндіктерін анықтау: 050712 – Машина жасау және 050732 – Стандарттау, метрология мен сертификаттау мамандықтарының студенттеріне «Металл кескіш станоктар» пәні бойынша № 1 тәжірибелік сабақты орындау үшін арналған әдістемелік нұсқаулар / құраст. : Р.О. Олжабаев, М.М. Кертаева. – Павлодар : Кереку, 2009. – 17 б.


Әдістемелік нұсқауларда металл кескіш станоктардың жіктелуі негізінде студенттерге берілген нұсқаларға сәйкес станоктар үлгілерінің шифрлерін құру ұсынылады. Содан басқа, әдебиет көздерінің негізінде станоктарда қолданылатын айлабұйымдар, кесу және өлшеу аспабын атау, станоктың технологиялық мүмкіндіктерін суреттеу міндеті қойылады.

Әдістемелік нұсқаулар ЖОО машинажасау мамандықтарының студенттеріне ұсынылады.

УДК 621.9(07)

ББК 63-5я7


© Олжабаев Р.О., Кертаева М.М. 2009

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2009


Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты

Кіріспе
Тетіктерді өңдеудің технологиялақ үрдістерін дайындаған кезде негізгі міндеттердің бірі станок үлгісін дұрыс таңдау болып келеді. Студенттермен әдістемелік нұсқауларда көрсетілген тәжірибелік жұмысты орындау жоғарыда аталған тапсырманы орындауды жеңілдетеді. Содан басқа, нақты мысалдарда студенттерге технологиялық мүмкіндіктермен, қолданылатын технологиялық жабдықпен танысуға мүмкіндік беріледі. Осы жұмыс қажетті дәлдікпен машина тетіктерінің беттерін өңдеуге қозғалыс параметрлерін есептеу мен реттеу әдістемесін меңгеру бойынша тәжірибелік жұмыстар циклінің бірінші жұмысы болып келеді.

1 Тәжірибелік жұмыстың мақсаттары мен міндеттері
1.1 Тәжірибелік жұмыстың мақсаты – білдек құрушы кәсіпорындармен шығарылатын білдектер үлгілерінің шартбелгісін құрудың принциптерін білдектердің технологиялық тағайындалуы мен өңдеу түрлері бойынша жіктеу жолымен меңгеру және білдектің технологиялық мүмкіндіктерін анықтау.
1.2 Тәжірибелік жұмыстың міндеттері:

– бастапқы мәліметтер негізінде білдек үлгісінің шартбелгісін тетік үлгісі, өндіріс сериялығы мен металл кескіш білдектердің технологиялық тағайындалуы мен өңдеу түрлері бойынша жіктелу кестесі түрінде құру;

– білдекте қолданылатын алабұйымдар, кесу және өлшеу аспаптардың қысқаша суреттелуін орындау;

– білдектің технологиялық мүкіндіктерін атау.


2 Металл кескіш білдектердің жіктелуі
Металл кескіш білдектерді келесі белгілер бойынша жіктейді:

  1. әмбебаптылық пен автоматтандыру дәрежесі бойынша;

  2. технологиялық тағайындаулы мен өңдеу түрлері бойынша;

  3. дәлдік бойынша;

  4. масса (салмақ) бойынша.

Әмбебаптылық пен автоматтандыру бойынша білдектерді келесідей жіктейді:

– әмбебап;

– мамандандырылған;

– арнайы;

– икемді өндіріс модульдері (ИӨМ);

– автоматты сызықтар.

Әмбебап білдектерді кең номенклатурадағы тетіктерді кіші партиялармен бірлікті өңдеу шарттарында және одан сирек ұсақ сериялы өндіріс шарттарында өңдеу үшін (шекті – бір дана) қолданылады. Әмбебап білдектердің әдетте автоматтандырудың төмен деңгейі болады. Жалпы машина жасау қолдануындағы сандық бағдарламалық басқаруы (СББ) бар білдектер әмбебап білдектерге қолданады. Бірақ олардың автоматтандырудың жоғары дәрежесі болады және олар ұсақ сериялы және орта сериялы өндіріс шарттарында пайдаланылады. СББ бар білдектерді жартылай автоматтар классына жатқызуға болады, яғни оларда өңдеудің бүкіл айналымы (циклі) жүктеу мен жүк түсіруден басқа автоматты түрде орындалады.

1 кесте


Білдектер тобы

Топ шарт-белгісі

Шартбелгі түр

0


1

2

3

4

5

6

7

8

9

Резервті

0





















Жону

1

Автоматтар мен жартылай автоматтар

Револьверлі

Бұрғылау-кесіп алу

Карусельді

Жону және маңдайлы

Көп кескішті

Мамандандырылған

Әртүрлі жону

Маман-данды-рылған

Бір айналдырықты

Көп айналдырықты

Бұрғылау мен кеулей жону

2




Тік-бұрғылау

Жартылай автоматтар

Координатты-есептеуіш

Радиалды-бұру

Көлденең-кеулей жону

Алмас-кеулей жонулы

Көлденең-бұрғылау

Әртүрлі бұрғылау

Бір айналдырықты

Көп айналдырықты

Ажарлау мен бабына жеткізу

3



Дөңгелек ажарлау

Ішкі ажарлау

Тартулы ажарлау

Мамандандырыл-ған ажарлау



Қайраулы

Тегіс-ажарлауыш

Ысқалуыш пен жылтырату

Әртүрлі, қажақпен жұмыс істейтін абразивом

Электрфизикалық және электрохимиялық

4





Нұрсәулелі



Электрхимиялық





Электрэрро-зиялық, ультрадыбыстықобылауыш





Тісті және бұранда өңдейтін

5

Бұранда кесетін

Цилиндрлік доңғалақтар үшін тіс сүргілеуіш

Конустық доңғалақтар үшін тіс сүргілеуіш

Тіс жонғылауыш

Бұрамдықты жұптарды кесу үшін

Тістер бүйірлерін өңдеу үшін

Бұранда жонғылауыш

Тіс тақа өңдейтін және тексеретін

Тісті және бұранда ажарлауыш

Әртүрлі тісті және бұранда өңдейтін

Жонғылау

6



Тік консольды

Үздіксз әсерлі



Көшіргіш және нақыштауыш

Тік консольсыз

Бойлай

Консольды ке әмбебап

Көлденең когсольды

Әртүрлі жонғылау

Сүргілеу, қа-шауыш және тартажонулық

7



Бойлай

Қиылысқан-сүргілеуіш

Қашауыш

Тартажону-көлденең



Тартажону-тік



әртүрлі сүргілеу

біртіреуішті

екітіреуішті

Тілікті

8



Тілікті, жұмыс істейтін

Дұрыс-кесу

Аралар





Кескішпен

Қажақты шеңбермен

Тегіс дискімен

Таспалы

Дискілі

Пышақты

әртүрлі

9



Үгінділі

Ара бедерлеуіш

Дұрыс және центрсіз-сыдыру

Теңгеруші

Бұрғылар мен ажарлау шеңберлерін сынау үшін

Бөлу машиналары




~"~

~~

Мамандандырылған білдектер үлкен партиялармен кіші номенклатурадағы тетіктерді өңдеу үшін арналған. Бұл білдектерде автоматтандырудың жоғары дәрежесі болады және олар жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді. Мұндай білдектерге, мысалы, жону гидрокөшіргіш және көп кескішті жартылай автоматтар, тіс өңдейтін білдектер және т.б. жатқызуға болады.

Арнайы білдектер массалық өндіріс шарттарында бір тетік немесе оларға ұқсас екі-үш тетіктерді өңдеу үшін арналған. Бұл білдектерде автоматтандырудың жоғары дәрежесі болады және олар жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді.

ИӨМ өнім шығарудың массалығы мен жабдықтың қайта бапталуы («икемділігі») арасында карсылықты шешеді. ИӨМ – бұл автоматталған технологиялық буын, оның негізінде бірыңғайланған түзілімдерден құрылған, манипуляциялайтын бақылау және өлшеу құрылғылардың толық жинағымен СББ бар білдек пайдаланылады. ИӨМ әдетте ірі сериялы және массалық өндіріс шарттарында пайдаланылады.

Автоматтық сызық – бұл тетікті дайындаудың технологиялық үрдісіне сәйкес орнатылған, ортақ көліктік құрылғы мен бір басқару жүйесімен қосылған автомат-білдектердің жиынтығы.

Технологиялық тағайындалуы мен өңдеу түрлері бойынша білдектерді тоғыз топқа бөледі, топтардың әрқайсысы тоғыз түрге бөлінеді. Бұл белгі бойынша білдектердің тағайындалуы 1 кестеде көрсетілген. Білдек үлгісінің шартбелгісі бұл кестенің негізінде қалыптандырылады: білдек үлгісінің шартбелгісіндегі бірінші сан қандай да бір топқа жатқызылуына көрсетеді, екінші сан 0 – бұл топтағы білдек түріне. Бірінші және екінші саннан кейін әріптік символ білдектің одан бұрын шығарылған үлгімен салыстырғанда модификациясын көрсетеді (болмауы да мүмкін). Үшінші сан, немесе үшінші мен төртінші сандар білдек, өңделетін тетік немесе кесу аспабының негізгі параметрін көрсетеді. Мысалы, 16К20 үлгідегі білдек – бұл бірінші топтан (жону) білдек, алтыншы түрдегі – бұрама кескішті, модификацияланған және білдек центрлерінің тұғырдан биіктігі – 200мм; 1А616 – сондай білдек, бірақ центрлердің биіктігі – 160мм; 2Н125 – екінші топтағы білдек (бұрғылау-қырнап кеңейткіш), екінші сан (1) – тік-бұрғылау, бұрғылаудың (бұрғының) ең үлкен диаметрі – 25мм. Жалпыда жонғыш білдектер үшін негізгі параметр бұл центрлердің биіктігі, өңделетін тетіктің немесе шыбықтың ең үлкен диаметрі, бұрғылау білдектер үшін – бұрғының ең үлкен диаметрі. Көптеген білдектер үшін үшінші немесе үшінші мен төртінші сандар білдек, аспап немесе тетіктің негізгі параметрінің шартбелгісі болады. Осылайша, кеулей жону білдектер үшін негізгі параметр бұл кеулей жонғыш айналдырықтың ең үлкен диаметрі (80-320мм: 14 – 80мм диаметрге сәйкес келеді, 20 – 90мм, 22 – 110мм, 36 – 125мм және т.б.), шеңбер ажарлау білдектер үшін – ажарланатын тетіктің оның ұзындығына ең үлкен диаметрі (диаметрі 100-1000 мм: 0 – 100х160 мм, 10 – 140х200 мм, 12 – 200х500 мм, 31 – 280х700 мм, 32 – 280х1000, 74 – 800х4000 мм және т.б.), жонғылау білдектер үшін – үстел өлшемдері (04 – 160х630 мм, 0 – 200х800 мм, 1 – 250х1000 мм, 2 – 320х1250 мм, 3 – 400х1600 мм және білдек түріне байланысты басқалар), тіс жонғылау білдектер үшін – 50-2000мм кесілетін тісті доңғалақтардың ең үлкен диаметрі (0 – 50мм, 08 – 80мм, 01 – 125мм, 10 – 200мм, 12 – 320мм, 24 – 500мм, 32 – 800мм, 42 – 2000мм), тіс қашауыш білдектер үшін – кесілетін тісті доңғалақтардың ең үлкен диаметрі 80-2000мм (11 – 80мм, 22 – 250мм, 40 – 500мм, 50 – 800мм, 200 – 2000мм), қиылысу-сүргілеу білдектер үшін – сырғақтың айналдырықпен жүрудің ең үлкен ұзындығы 200-710мм (11 – 200мм, 5 – 500мм, 7 – 710мм), қашауыш білдектер үшін – тісқашауыштық ең үлкен жүрісі 100-1000мм (01 – 100 мм, 02 – 200 мм, 03 – 320 мм, 10 – 1000 мм), көлденең-тартажону білдектер үшін – номиналды тарту күші 100-400 кН (10 – 100 кН, 20 – 200 кН, 40 – 400 кН және тағы сол сияқты білдектердің басқа түрлері бойынша). Бұдан басқа, білдек үлгісі шартбелгісінің соңында санмен немесе сансыз әріптік символ қосылады. Әріптік символдар келесіні көрсете алады:

Ф – СББ бар білдек;

П – жоғарлатылған дәлдікті;

В – жоғары дәлдікті;

А – ерекше жоғары дәлдікті;

С – өте жоғары дәлдікті.

Кейде П әрпі білдектің қысқылы (патронный) түрде екенін көрсету үшін пайдаланылады. Бұл жағдайда жоғарлатылған дәлдікті үлгінің шартбелгісі К әрптік символ пайдаланылады. Әріптік Ф символдан кейінгі сан бағдарламалық басқару жүйесінің түрін көрсетеді: Ф1 – бағдарламалық басқарудың айналымдық жүйесі, Ф2 – орынды, Ф3 – қарамдқ, Ф4 – аралас.

Ресейдің, сонымен бірге шет елдердің (Германия, Франция, т.б.) кейбір білдек құрушы зауыттары білдектерге зауыттық сандарды қояды. Мысалы, СШ-50 – Саратовтың ажарлау білдектерінің зауыты, ХШ1-10 – Харьковтің ажарлау білдектерінің зауыты және т.б. Бұл жағдайда білдек түрін шартбелгісі бойынша анықтау үшін білдек құрушы кәсіпорындарды білу керек.

Дәлдігі бойынша білдектерді 5 классқа бөледі:

Н – қалыпты дәлдік;

П – жоғарлатылған дәлдікті;

В – жоғары дәлдікті;

А – ерекше жоғары дәлдікті;

С – өте жоғары дәлдікті.

Қалыпты дәлдікті білдектер үшін «Дәлдік пен қаттылық нормалары» стандарттарымен геометриялық параметрлердің жіберілетін ауытқулары орнатылған, олар класстан классқа көшкенде алымы φ = 1,6 болатын геометриялық қатарды құрады. Мысалы, егер қалыпты дәлдікті білдек үшін айналдырық жүрісінің ұзындығында орын ауыстыруды түзу сызығынан ауытқу 32 мкм болса, онда жоғарлатылған дәлдікті білдек үшін бұл параметрдің мәні 20 мкм болады. Қалыпты дәлдікті білдек үлгісінің шартбелгісінде Н әрпі қойылмайды.

Салмағы бойынша білдектер салмақы 10 Кн дейін жеңілдерге (массасы 1т дейін), орташаларға – 100 кН дейін (массасы 10 т дейін) және ауырларға – 100 кН жоғары. Ауыр білдектер ірілерге (100-300 кН), тікелей ауыр (300 кН – 1 МН) және бірегей (1 МН жоғары) болып бөлінеді.



3 Тапсырмалар нұсқалары


Тапсырмалар нұсқалары

Нұсқа номері

Тетік үлгісі мен басқа басапқы мәліметтер

Сериялығы

1




Бүйіржақ пен орталық тесіктерден басқа барлық беттер өңделеді






1.1

d1 = 60мм, ℓ1 = 250мм

d3, d4 8-ші дәлдік квалитеті бойынша

өлшемдер d2, ℓ2, ℓ3, ℓ4 – тапсырманы орындау үшін арнайы мағынасы жоқ


бірлікті

1.2

d1 = 120мм, ℓ1 = 1000мм

d3, d4 - 8-ші дәлдік квалитеті бойынша



бірлікті


1.3

d1 = 60мм, ℓ1 = 250мм

d3, d4 – 8-ші дәлдік квалитеті бойынша



ірі сериялы


1.4

d1 = 60мм, ℓ1 = 250мм

d3, d4 - 8-ші дәлдік квалитеті бойынша



орташа сериялы

2




Барлық беттер өңделеді






2.1

d1 = 100мм, ℓ1 = 50мм, d2 = 30мм

d2 8-ші дәлдік квалитеті бойынша



бірлікті


2.2

d1 = 900мм, ℓ1 = 50мм, d2 = 120мм

d2 - 8-ші дәлдік квалитеті бойынша



ұсақ сериялы


2.3

d1 = 100мм, ℓ1 = 50мм, d2 = 30мм

d2 - 8-ші дәлдік квалитеті бойынша



орташа сериялы


2.4

d1 = 100мм, ℓ1 = 50мм, d2 = 30мм

d2 - 8-ші дәлдік квалитеті бойынша



ірі сериялы, массалық




3




Белгіленген беттер өңделеді






3.1

d1 = 60мм, ℓ1 = 250мм

d3, d4 - 6-шы дәлдік квалитеті бойынша



бірлікті

3.2

d1 = 120мм, ℓ1 = 1000мм

d3, d4 - 6-шы дәлдік квалитеті бойынша



бірлікті


3.3

d1 = 120мм, ℓ1 = 1000мм

d3, d4 - 6-шы дәлдік квалитеті бойынша



орташа сериялы

4




Белгіленген бет өңделеді






4.1

d1 = 100мм, ℓ1 = 50мм, d2 =30мм

d2,- 6-шы дәлдік квалитеті бойынша



ұсақ сериялы


4.2

d1 = 100мм, ℓ1 = 50мм, d2 =30мм

d2,- 7-ші дәлдік квалитеті бойынша



масалық


4.3

d1 = 100мм, ℓ1 = 50мм, d2 =30мм

d2,- 6-шы дәлдік квалитеті бойынша



массалық





5




Белгіленген бет өңделеді






5.1

1 = 80мм, ℓ2 = 60мм, ℓ3 = 60мм

h1 = 40мм, h2 = 20мм (жонғылау)

h1 – 8-ші дәлдік квалитеті бойынша


бірлікті


5.2

1 = 80мм, ℓ2 = 60мм, ℓ3 = 60мм

h1 = 40мм, h2 = 20мм (жонғылау)

h1 – 8-ші дәлдік квалитеті бойынша


орташа сериялы


5.3

1 = 80мм, ℓ2 = 60мм, ℓ3 = 60мм

h1 = 40мм, h2 = 20мм (сүргілеу)

h1 – по 9-шы дәлдік квалитеті бойынша


бірлікті


5.4

1 = 80мм, ℓ2 = 60мм, ℓ3 = 60мм

h1 = 40мм, h2 = 20мм (ажарлау)

h1 – по 7-ші дәлдік квалитеті бойынша


бірлікті


6










6.1

1 = 230мм, ℓ2 = 180мм, ℓ3 = 200мм

h1 = 40мм, h2 = 20мм (жонғылау)

h1 – по 8-ші дәлдік квалитеті бойынша


орташа сериялы

6.2

1 = 2000мм, ℓ2 = 1900мм, ℓ3 = 200мм

h1 = 40мм, h2 = 20мм (жонғылау)

h1 – по 8-ші дәлдік квалитеті бойынша


ұсақ сериялы





7










7.1

d1 = 10мм, d2 = 30мм (бұрғылау)

1 = 150мм, ℓ2 = 120мм, ℓ3 = 60мм

b1 = 100мм, b2 = 80мм, b3 = 60мм

h1 = 50мм, h2 = 20мм, h3 = 30мм



бірлікті

7.2

d1 = 10мм, d2 = 30мм (сверление)

1 = 150мм, ℓ2 = 120мм, ℓ3 = 60мм

b1 = 100мм, b2 = 80мм, b3 = 60мм

h1 = 50мм, h2 = 20мм, h3 = 30мм



ұсақ сериялы, орташа сериялы

7.3

d1 = 30мм, d2 = 50мм (кеулей жону)

1 = 200мм, ℓ2 = 150мм, ℓ3 = 75мм

b1 = 120мм, b2 = 100мм, b3 = 60мм

h1 = 50мм, h2 = 20мм, h3 = 30мм

(тесіктер мен центрлер арасындағы қашықтықтардың 7-ші дәлдік квалитеті)


ұсақ сериялы, орташа сериялы


7.4

Тесіктерді өңдеу: тесіктер 7-ші дәлдік квалитеті бойынша, центрлер арасындағы қашықтықтар IT12 бойынша

d1 = 20мм, d2 = 30мм (растачивание)

1 = 800мм, ℓ2 = 750мм, ℓ3 = 400мм

b1 = 250мм, b2 = 200мм, b3 = 150мм

h1 = 200мм, h2 = 20мм, h3 = 180мм


ұсақ сериялы, орташа сериялы





8




Тісті тәжді кесу






8.1

Z = 60, m = 3, дәлдік дәрежесі - 8-ші

ұсақ сериялы, орташа сериялы

8.2

Z = 120, m = 6, дәлдік дәрежесі - 8-ші

ұсақ сериялы, орташа сериялы

8.3

Z = 60, m = 3, дәлдік дәрежесі - 10-шы

бірлікті

8.4

Z = 38, m = 5, дәлдік дәрежесі - 6-шы

бірлікті

9











9.1

Тісті тәжді кесу

Z = 50, m = 3

d = 200мм, b1 = 50 мм, b2 = 30мм

дәлдік дәрежесі – 7-ші



ұсақ сериялы






9.2


Оймакілтектерді эвольвенталы пішінмен кесу

D = 100мм, D1 = 150мм

b1= 50мм, b2 = 40мм

Оймакілтекті тесік 100х4х9Н

Z = 24, m = 4


бірлікті


9.3

Оймакілтектерді эвольвентаы пішінмен кесу

D = 100мм, D1 = 150мм

b1= 50мм, b2 = 40мм

оймакілтекті тесік 100х4х7Н

Z = 24, m = 4


ірі сериялы, массалық


4 Тәжірибелік жұмысты орындау реті
1 Тетік үлгісі, өндіріс сериялығы, жіктеу кестесі мен станок, дайындама мен кесу аспабының тапсырма нұсқасына сәйкес келтірілген негізгі параметрлерінің негізінде станок шифрін құру.

2 Аспап пен дайындама апаратын түзілімдердің базалық беттеріне қысқаша сипаттама беру.

3 Нұсқа бойынша тапсырманы орындауға қатысты кесу аспабының, айлабұйымны, өлшеу аспабы мен басқа технологиялық жабдықтың түрін анықтау.

4 Станкотық технологиялық мүмкіндіктерін атау.

5 Осы түрдегі (нұсқаға сәйкес) станокта қолданылатын кесу аспабын атау.

Бақылау сұрақтары
1 Металл кескіш станоктарды қандай белгілер бойынша бөледі?

2 Әмбебаптылық пен автоматтандыру дәрежесі бойынша станокарды қалайша жіктейді?

3 Технологиялық тағайындалу мен өңдеу түрлері бойынша станоктарды қалай жіктейді?

4 Станок үлгісінің шифрін құрудың принәипін түсіндіру.

5 Станоктар дәлдік класстарын және дәлдік классынан классқа көшкендегі геометриялық параметрлерге шақтамалар қатынасын атаңыз.

6 Станоктарды салмақ (масса) бойынша қалай жіктейді?

7 Нұсқа бойынша тетікті өңдеу кезінде қолданылатын кесу аспаптарын атаңыз.

8 Тапсырма нұсқасы бойынша станоктың технологиялық мүмкіндіктерін атаңыз.

9 Станокта қолданылатын айлабұйымдар мен кесу аспабын атаңыз.

Әдебиеттер
1 Дьячков В. Б., Кабатов М. Ф., Носинов М. У. Специализированные металлорежущие станки общемашиностроительного применения. Справочник. – М. : Машиностроение, 1983. − 287 с.

2 Колев Н. С. и др. Металлорежущие станки. – М. : Машиностроение, 1980. – 500 с.

3 Косилова А. Г., Мещеряков Р. К. Справочник технолога-машиностроителя. – М. : Машиностроение, 1985. – Т. 2. − 496 с.

4 Кучер А. М., Киватицкий М. М., Покровский А. А. Металлорежущие станки. Альбом общих видов, кинематических схем и узлов. – Л. : Машиностроение, 1972. – 306 с.

5 Проников А. С., ред. Проектирование металлорежущих станков и станочных систем. Справочник–учебник в 3 т. Проектирование станков. – М. : Машиностроение, 1994. – Т. 1. – 444 с.

Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………..3

1 Тәжірибелік жұмыстың мақсаттары мен міндеттері....……….…..4

1.1 Тәжірибелік жұмыстың мақсаты.………………………………......4

1.2 Тәжірибелік жұмыстың міндеттері………………………………...4

2 Металл кескіш білдектердің жіктелуі...……………………....……4

3 Тапсырмалар нұсқалары..…………….…………………………..…9

4 Тәжірибелік жұмысты орындау реті……………………………….14

Бақылау сұрақтары……….…………………………………………15



Әдебиеттер..……………….………………………………………...16







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет