Қазақстан халқының қоғамдық топқа бөлінуі, % есебімен - Жоғарыда берілген кестеден республикамыздағы халықтың қоғамдық тобының қалай өзгергенін және оның экономикалық маңызының зор екендігін көруге болады.
- Бір үлгідегі топтау экономикалық, әлеуметтік, демографиялық зерттеу жұмыстарында жиі қолданылады. Мысалы, оған экономика салаларын материалдық және материалдық емес өріске, халықты білім дәрежесіне, ауыл шаруашылығын өндірістік бағытына қарай бөлу және тағы да басқа сапалық көрсеткіштер жатады.
- Сонымен бір үлгідегі (типтік) топтау дегеніміз статистикалық бақылау арқылы жиналған әр түрлі бағыттағы жиынтық көрсеткіштерді сапалық жағынан бір жүйеге келтіріп, топтарға бөлуді және оның қорытынды көрсеткіштеріне талдау жасауды айтады.
- Құрылымдық топтау.
- Статистикалық топтаудың екінші бір негізгі мақсаты - қоғамдық құбылыстардың ішкі құрамын анықтау. Атап айтқанда, біртектес жиынтықтың құрылымы мен оның құрамдас бөліктерін сипаттайтын көрсеткіштер туралы мәліметтер беру.
- Біртектес, біртипті жиынтық бірліктерінің өзгерісін өздеріне тән белгілеріне қарай бөлуді статистикалық құрылымдық топтау деп айтады. Бұл топтау әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің құрамын зерттеу кезінде кеңінен қолданады. Мысалы, құрылымдық топтауды колдана отырып, халықтың жас мөлшерін және жыныстық құрамын, білімін, ұлтын немесе жұмысшылардың мамандық дәрежесін, жұмыс стажын және т.б. көрсеткіштерін анықтауға болады.
- Төменде құрылымдық топтауға мысал ретінде республика халқының қалалық және ауылдық топқа бөлінуі көрсетілген:
- Республика халқының тұратын жері бойынша топқа бөлінуі
Достарыңызбен бөлісу: |