Статистика негіздері


Қарапайым кездейсоқ іріктеме



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата20.05.2022
өлшемі1.02 Mb.
#458393
1   2   3   4   5   6   7   8
statistika 11 lecture

Қарапайым кездейсоқ іріктеме. Бас жиынтықтан кейстерді іріктеу әдісі, мұндағы барлық кейс пен 
кейстер жиынтығының іріктелу мүмкіндігі тең болады.
Әлеуметтік ғылымдардағы зерттеу мақсаттарының бірі – түрлі адамдар, топтар, қоғамдар мен тарихи 


3
Кітап:
Дәріс:
Статистика негіздері
Ықтимал іріктеменің негізгі әдістері мен басты ұғымдары: бас жиынтық, іріктеме, параметрлер, 
статистика, репрезентативтілік, EPSEM
дәуірлерді пайдалана отырып теорияларды тестілеу. Әрине, теория сан алуан кейстер мен әлеуметтік 
жағдайлардың тестілеуінен өтсе, оған жоғары сенімділікпен қарауға болады. Дегенмен, әлеуметтік ғылыми 
зерттеудің басты қиындығы – тестілеуге қажетті халық санының көп болуы. Мысалы, Қазақстандық 
азаматтардың саяси қалауына қатысты теорияны тестілеу үшін бүкіл электоратты пайдалану дұрыс болар 
еді. Алайда 11 миллионнан астам барлық ересек қазақстандықтармен сұхбаттасу мүмкін емес. Шынында, 
қала немесе университет сияқты шағын бас жиынтықтар арқылы сыналатын теориялар үшін де бас 
жиынтықтағы әрбір кейстен жиналатын ақпаратты жеткізу оңай емес.
Егер бас жиынтыққа қол жеткізу мүмкін болмаса, теорияларды қалай тексере аламыз? Бұл мәселені 
шешу үшін әлеуметтанушылар зерттегелі отырған бас жиынтықтан іріктеме жасайды немесе кейстердің 
шағын тобын таңдап алады. Инференциалды статистиканы тарқатудағы басты мақсат – іріктемеден 
алынатын ақпарат (олар параметрлер деп аталады) негізінде бас жиынтық сипаттамаларын анықтау 
болады. 
Ықтимал іріктеу: Негізгі ұғымдар
Әлеуметтік сала ғалымдары әр түрлі іріктеу әдістерін жетілдірді. Қазір ықтимал іріктемелерді таңдаудың 
негізгі процедураларына шолу жасаймыз. Ықтимал іріктемелер – бас жиынтыққа генерализациялауда 
инференциалды статистиканы пайдалануды толық қолдайтын жалғыз іріктеме. Мұндай іріктемелер көбіне 
кездейсоқ деп сипатталады, аталмыш терминология сізге таңсық емес. Ол кеңінен танымал болғандықтан, 
келесі тарауларда кездейсоқ іріктеме ұғымын жиі қолданамыз. 
Алайда ықтимал іріктеме деп атаған дұрыс болар, себебі күнделікті қолданыста “кездейсоқ” сөзі көбіне 
«аяқастынан» немесе болжанбайтын деген мағынада қолданылады. 
Көріп отырғанымыздай, ықтимал іріктеме ешқандай ретсіздікке жол бермейтіндей, мұқият әрі жүйелі 
түрде құрастырылады. Сауда орталығында кездесетін адамдармен бір күнде сұхбат жүргізу бір қарағанда 
«кездейсоқ» болуы мүмкін, бірақ бұл әдіс инференциалды статистика талап ететін нәтиже емес.
Ықтимал іріктемені қарастырудан бұрын айта кетейік: әлеуметтік ғылымдар көбінесе ықтимал 
емес іріктемені пайдаланады. Мысалы, кішігірім топтардың динамикасы, көзқарастары мен жеке 
құндылықтарының құрылымын зерттейтін әлеуметтанушы ғалымдар аудиториядағы студенттерді зерттеу 
пәні ретінде таңдауына болады. Бұл «ыңғайлы» іріктеме көптеген мақсат үшін тиімді (мысалы, ірі жобаға 
кіріспес бұрын, идеяларды зерделеу немесе сауалнама парақтарын алдын ала тексеру мақсатында), 
сонымен қатар арзан әрі жеңіл жиналады. Мұндағы басты кемшілік – нәтижелер сыналған топтан 
басқаларға генерализациялауға жарамайды. Мысалы, жаңсақ пікір теориясы нақты бір университеттегі 
әлеуметтануға кіріспе кафедрасының белгілі бір бөлімінде оқыған студенттер арасында ғана сыналса
нәтиже басқа адамдарға да қатысты деп айта алмаймыз. Сондықтан, тестілеу нәтижесінде қатаң дәлелдер 
айтылса да, ықтимал емес іріктеме негізінде сыналған теорияларға үлкен сенімділікпен қарай алмаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет