Статистика негіздері



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата20.05.2022
өлшемі1.02 Mb.
#458393
1   2   3   4   5   6   7   8
statistika 11 lecture

Тақырыптың мақсаты: 
1. Іріктемені бас жиынтыққа генерализациялау тұрғысынан инференциалды статистиканың мақсатын 
түсіндіресіз.
2. Ықтимал іріктеменің негізгі әдістері мен басты ұғымдарын түсіндіресіз: олар бас жиынтық, іріктелген 
жиынтық (біз оны іріктеме деп қолданамыз), параметрлер, статистика, репрезентативтілік, EPSEM.
3. Іріктеме үлестірімі, іріктеме және бас жиынтықты ажырата аласыз.
4. Ұсынылған екі теореманы түсіндіре аласыз.
Алдымен дәріс аясында пайдаланатын негізгі ұғымдарды ажыратып кетейік
Орталық шектеу теоремасы. Іріктеменің үлкен болуын ескере отырып, іріктеу үлестірімінің 
арифметикалық ортасы, іріктеу үлестірімі мен формасын нақтылайтын теорема.
EPSEM. Іріктемелерді таңдау үшін тең ықтималды таңдау әдісі. Бас жиынтықтағы әр элемент пен 
кейстің іріктемеге таңдалу ықтималдығы тең болуы қажет.
µ. Бас жиынтықтың арифметикалық ортасы.
p. Іріктеме пропорцияларының іріктеу үлестірімінің арифметикалық ортасы.
X. Іріктемелік арифметикалық орта пропорцияларының іріктеу үлестірімінің орташа мәні.
Ықтимал емес іріктеме. EPSEM критерийіне сәйкес келмейтін кез келген іріктеме. Мұндай іріктемелер 
әлеуметтік зерттеулерде әртүрлі қолданысқа ие, бірақ бас жиынтыққа генерализациялау үшін қолдануға 
болмайды.
Р
s
 Кез-келген іріктеме пропорциясы.
Р
u
Кез-келген бас жиынтық пропорциясы.
Параметр. Бас жиынтықтың сипаттамасы.
Репрезентативті іріктеме. Іріктеліп алынған бас жиынтықтың негізгі сипаттамаларын көрсететін 
іріктеме.
Іріктеу үлестірімі. Нақты көлемдегі ықтимал іріктеме нәтижелерінің барлығы үшін статистиканың 
үлестірімі. Екі теоремада нақтыланған шарттарға сәйкес, іріктеу үлестірімінің формасы қалыпты болады, 
оның арифметикалық ортасы бас жиынтықтың арифметикалық ортасына, ал оның стандартты девиациясы 
(немесе стандартты қатесі) бас жиынтықтың стандартты девиациясын квадрат түбір астындағы N-ге 
бөлгенге тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет