«статистика» ПӘнінен


у=f(Xi), мұндағы, у- нәтижелі белгі



бет5/6
Дата28.06.2016
өлшемі0.77 Mb.
#162844
1   2   3   4   5   6

у=f(Xi), мұндағы, у- нәтижелі белгі;


Хi- факторлық белгі;

f(Xi)-осы екі белгі арасындағы функционалдық байланыс.

Функционалдық байланыста нәтижелі белгінің мәні толығымен бір немесе бірнеше факторлы белгі мәндері негізінде анықталады. Сондықтан оны толық немесе дәлдікті көрсететін байланыс деп атайды.

Корреляциялық байланыс дегеніміз қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әр түрлі кездейсоқ факторлардың әсер етуі. Олардың әрқайсысының тигізген ықпалының мәндері белгісіз , яғни нәтижелі және факторлы белгі арасындағы өзара тәуелділік дәлме-дәл көрсетілмеседе және бір шаманың өзгеруінен екінші шаманың орташа мәні өзгеретін болса да, оны корреляциялық байланысқа жатқызады.

Статистикада корреляциялық байланыс деп нәтижелі және факторлы белгілер арасында сәйкестіктің болмауын айтады. Корреляциялық байланысқа факторлы белгі мәніне нәтижелі белгінің бірнеше орташа мәні сәйкес келеді.

Корреляциялық байланысты мына теңдеу арқылы да көрсетеді:

Уi=f (Xi )+Ei,

Мұндағы , f (Xi )-корреляциялық байланыста белгілі болған f пен Уi арасында және ерекше алынған немесе бір немесе бірнеше факторлық белгінің әсерінен қалыптасқан нәтижелі белгі бөлігі; Ei- жанама және кездейсоқ факторлардың әсеріне пайда болған нәтижелі белгінің бөлігі.

Байланыстың бағытына қарай функционалды және корреляциялық байланыстар тура және кері болып бөлінеді. Тура байланыста нәтижелі белгі мәнінің бағыты себепті ықпалдар мәндерінің бағытына тура келеді. Яғни, себепті ықпалдар белгі мәндерінің өсуіне немесе кемуіне қарай нәтижелі белгі мәндері де өседі немесе кемиді. Мысалы, жұмысшылардың мамандық дәрежесі неғұрлым жоғары болатын болса, соғұрлым олардың еңбек өнімділігінің дәрежесі де жоғары болады, яғни олардың арасында тура байланыс бар.

Егер себепті ықпалдар белгі мәндерінің өсуі салдарынан нәтижелі белгі мәндері кемісе немесе керісінше, себепті ықпалдар кеміген сайын нәтижелі белгі мәндері өсетін болса, онда оны кері байланыс деп атайды. Мысалы, еңбек өнімділігінің артуына байланысты өндірілген өнімнің өзіндік құны төмендейді.

Талдамалық сипаттама бойынша байланыстар түзу және қисық сызықты болып екіге бөлінеді. Түзу сызықты байланыста себепті ықпалдар белгі мәндерінің өсуіне немесе кемуіне қарай нәтижелі белгі мәндері бір қалыпты, әрі үздіксіз өседі немесе кемиді. Демек, мұнда функционалды байланыстың бар екендігі байқалады және оны математикалық түзу сызықты теңдеудің формуласы арқылы көрсетуге болады:



у=aо+a1x,

мұндағы, у- нәтижелі белгі, олграфиктің ординаты осінде жатады; х- факторлы белгі, ол графиктің абсцисса осінде жатады; aо, a1- параметрлері.



Қисық сызықты байланыста себепті ықпалдар белгі мәндерінің өсуіне немесе кемуіне қарай нәтижелі белгі мәндері бірқалыпты өзгермейді және оның өзгеру бағыты керісінше болады, яғни корреляциялық байланыс көрсетіледі. Байланыстың бұл түрі математикалық қисық сызық теңдеуі арқылы парабола немесе гипербола функциялары бойынша анықталады және ол мына теңдеу арқылы өрнектеледі:

2

у=aо+a1x+ a2x

Сонымен бірге қисық сызықты байланысты көрсету үшін бөлшек теңдеуді де қолдануға болады, ол келесідей түрде болады:

у=aо/x+ a1.

Бір факторлы және көп факторлы байланыстар. Корреляциялық байланысты зерттеу кезінде қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әсерін тигізетін факторлардың сандық көрсеткіштеріне қарай нәтижелі белгі көрсеткіштері де өзгереді. Егер тек бір факторлы белгі мен нәтижелі белгі көрсеткіштері арасындағы өзара байланыс қана қарастырылатын болса, онда оны бір факторлы немесе жұпты корреляция деп атайды. Ал екі немесе одан көп факторлар белгісі мен нәтижелі белгі көрсеткішінің арасындағы өзара байланыс, яғни көптік корреляция деп атайды. Көп факторлы байланыстың нәтижелік мәніне ондағы көрсетілген барлық факторлар бір-бірімен байланысты және жиынтықты түрде, бір мезгілде әсерін тигізеді. Сондықтан корреляциялық байланыстың негізгі мақсаты нәтижелік мәнге әсерін тигізетін көптеген факторлардың ішіндегі шешуші роль атқаратын факторды айқындау болып табылады.

2. Құбылыстардың өзара байланысын статистикалық әдістер арқылы зерттеу.
Қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгерісісін зерттеуде және олардың арасындағы өзара байланысты анықтауда келесідей көптеген әдістер қолданылады: сандық қатарларды салыстыру, аналитикалық топтау, графиктік әдіс, баланстық әдіс , индекстік әдіс, корреляциялық талдау және т.б.

Сандық қатарларды салыстыру әдісі қоғамдық құбылыстардың өзара байланысын анықтау үшін жиі қолданылады, қарапайым әдіс. Бұл әдісте екі немес ебірнеше белгілері бойынша сандық көрсеткіштер қатарларының өзгеруін салыстыруға болады және олардың арасындағы тәуелділікті анықтауға толық мүмкіндік туады.

Аналитакалық топтау әдісі құбылыстардың өзара байланысын зерттеу кезінде статистикалық көрсеткіштердің көптігіне қарай қолданылады. Бұл әдіс негізінде бір немесе бірнеше белгілердің бағытын және олардың бір-біріне қаншалықты тәуелді екенін анықтауға болады.

Баланстық әдіс әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өзара байланысын зерттеу кезінде жиі қолданылады. Статистикалық баланс дегеніміз екі нақты шама қосындысының тепе-теңдік көрсеткіштер жүйесі, оны келесі теңдеу арқылы көрсетуге болады:

а+б=в+г.

Бұл тепе-теңдік көбінесе кесте түрінде көрсетіледі және оның жеке бөліктерінің жиынтығы әрқашанда бір-біріне тең болады. Мысалы, кәсіпорынның материалдық ресурстар қозғалысының балансын келесідей көрсетуге болады: бастапқы қалдық+келіп түскені = шығынға кеткені+соңғы қалдығы.



Индекстік әдіс құбылыстардың өзгерісіне әсер ететін жеке факторлардың ролін, яғни үлесін анықтауда қолданылады. Мұнда әр фактордың тигізетін әсерін анықтау үшін жеке дара және жалпы индекстердің өзара байланысы қолданылады.

Графикалық талдау әдісі де құбылыстардың байланысын анықтауда қолданылады. Ол үшін графиктің ордината осіне нәтижелі (У) белгінің , ал абсцисса осіне факторлық (Х) белгінің мәндерін нүкте арқылы орналастырсақ, корреляция жазықтығы шығады.

Қоғамда болып жатқан өзгерістер бір-біріне өзара байланысты көптеген және әр түрлі себептердің ықпалынан пайда болады. Сол құбылыстар мен процестерге негізінен қандай себептер ықпал ететінін анықтау үшін және олардың арасындағы байланысты зерттеу үшін статистикалық заңдылықтарды ғылыми жүйеде қолдана білу керек.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Корреляциялық байланыс дегеніміз не?

2.Корреляциялық және функциональды талдау көмегімен қандай міндетті шешуге болады?

3.Түзу сызықты және қисық сызықты байланыстар дегеніміз не?

4.Көптік корреляция деген не?

5.Корреляцияның жиынтық және жеке коэффициенттері деген не?
Әдебиеттер: (1) 232-265 бет, (4) 205-239 бет, (5) 5-16 бет, (7) 221-269 бет

2- МОДУЛЬ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТАТИСТИКА
Он біріншіі тақырып. Халық және еңбек статистикасы

Дәріс сұрақтары:

1. Халық саны және құрамының статистикасы

2. Жұмысбастылық және жұмыссыздық статистикасы

3. Халық қозғалысының статистикасы

4. Халық санын болжаудың статистикалық әдістері

5.Жұмыс істейтін халықтың қозғалысы және жұмыс күші құнының статистикасы


1. Халық саны және құрамының статистикасы
Халық берілген аумақта тұратын адамдар. Халық статистикасының бақылау объектісіне тұтас халық және оның жеке белгілі топтары жатады. Бақылау бірлігі – адам, отбасы, үй шаруашылығы.

Еңбекке жарамдылығына қарай халықтардың келесідей категориялары бар: еңбек жасындағы халық саны, еңбек жасындағы еңбекке қабілетті халық саны, еңбек ресурстары.


Еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабілетті халық саны =

Еңбекке жарамды жастағы тұрақты халық саны - Әлеуметтік қорғау орнынан зейнетақы алатын, еңбекке қабілетті жастағы, 1-2 топтағы мүгедектер саны, еңбек жасына байланысты қосымша шартпен зейнетақы алатын, еңбекке жарамды жастағы жұмыс істемейтін зейнеткерлер саны.

Халық және еңбек статистикасының міндеттері:

- халықтың табиғи қозғалысы зерттеу;

- халықтың миграциялық қозғалысын зерттеу;

- еңбек нарығын, халықтың жұмысбастылғын және жұмыссыздығын зерттеу;

- халық санын болжау.

Халық туралы ақпарат көздері:

1. Халық санағы – критикалық сәт кезіндегі күйі бойынша қазақстан Республикасындағы әр азаматты сипаттайтын демографиялық және әлеуметтік мәліметтерді жинау процесі. Халық санағы әр 10 жыл сайын жүргізіледі. (1999 жыл 25 ақпан)

2. Халық туралы халық санақтары арасындағы ағымдағы есеп: - азаматтық күй актысы- қалпындағы жазбалар – халықтың табиғи қозғалысы түрдегі перзентханада, загстерде, аудандық кеңестегі халық есебі; - миграциялық (көшіп-қону) процестер – келу парғына тіркелетін статистикалық есеп талоны, ішкі істер органдарының және паспорт рұқсатнама қызметінің мәліметі.

3. Ішінара зерттеу халық санақтары арасында жүргізіледі. Оның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы және оның жекелеген аумақтарындағы халықтың әлеуметтік- экономикалық құрамы туралы қосымша мәліметтерді жинау.

4. Ұйымдардың еңбек туралы есеп берулері жұмыс істейтін халықтың еңбек қызметтерін сипаттайды.

Халық санағы келесі категориялармен тіркеледі: тұрақты, нақты халық және олармен тығыз байланыстағы уақытша келгендер және уақытша кеткендер.

Статистика халықтың құрамын басқа белгілері (жыныс, жас, әлеуметтік жағдайы, отбасы жағдайы, ұлты, білім деңгейі, күн көру көздері, аймақ, қызметінің түрі, т.б.) бойынша топтастырумен сипаттайды.


2. Жұмысбастылық және жұмыссыздық статистикасы

Қазақстандағы еңбек нарығының деңгейі және дамуының сипаттамасы еңбек ресурстарының категорияларымен байланысады. Еңбек ресурстары – еңбекке жарамды халық, демек нақты және потенциалды жұмыскерлер.



Еңбек ресурстары – экономикалық белсенділік мәртебесі бойынша экономикалық белсенді және экономикалық белсенді емес халық болып бөлінеді. Экономикалық белсенді халық - өндірістік тауарлар мен қызметті өндіруді жұмыс күшімен қамтамасыз ететін халықтың бір бөлігі. Халықаралық стандарттарға сәйкес белсенді халыққа 15 және одан жоғары жастағы адамдар жатады.

Экономикалық белсенді халық саны = жұмыспен қамтылған халық саны + жұмыссыздар саны

Экономикалық белсенді жастарға 15-24 жас аралығындағы жұмыспен қамтылған және жұмыссыздар жатады.

Жұмыспен қамтылған халық (жұмысбасты) – жасына қарамастан экономика саласында нақты жұмыс істеп жүрген халық. Жұмысбастылық мәртебесі бойынша жұмыспен қамтылған халық екіге бөлінеді: жалдамалы жұмысшылар және өз бетімен жұмыспен айналысушылар.

Жұмыссыздар – экономикалық белсенді жастағы халық, жұмыс орны жоқ, бірақ белсенді жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа дайын адамдар.

Экономикалық белсенді емес халық – үй шаруашылығымен айналысатын, экономикалық белсенді жастағы халық және күндізгі оқу бөлімінде оқитындар.

Экономикалық қызмет жасамайтын, еңбекке жарамды жастағы, еңбек етуге қабілетті халыққа жататындар - мүгедектер, асыраушы адамды жоғалтқандар, жеңілдік шарты бойынша зейнетақы алатындар; жұмысты іздемейтіндер, бірақ жұмыс істеуге мүмкіншілігі бар және жұмыс істеуге дайындар, табыс көзіне қарамай, жұмыс істеуге қажеттіліктері жоқ адамдар.

Экономикадағы жұмыспен қамтылмағын халықтың саны = халықтың жалпы саны – экономикадағы жұмыспен қамтылған халықтың саны.

Еңбек нарығына қатысты көрсеткіштер
Халықтың экономикалық экономикалық белсенді халық саны

белсенділік үлесі = ------------------------------------------------------------ х 100

жалпы халық саны
Халықтың экономикалық экономикалық белсенді халық саны

белсенділік коэффициенті = ------------------------------------------------------------ х 100

15 және одан жоғары жастағы жалпы халық саны
Экономикадағы жұмыс жұмыспен қамтылмаған халық саны

істейтін бір адамға есебімен = ------------------------------------------------------------ х 100

Жүктеме коэффициенті жұмыспен қамтылған халық саны

Жұмыспен қамтылу жұмыспен қамтылған халық саны

(жұмысбастылық) = ------------------------------------------------------------ х 100

коэффициенті экономикалық белсенді халық саны

Жастардың 15-25 жастағы жұмыс істейтін жастар саны

жұмысбастылық = ------------------------------------------------------------ х 100

коэффициенті 15-25 жастағы экономикалық белсенді жастар саны

Жалпы жұмыссыздар саны

жұмыссыздық = ------------------------------------------------------------ х 100

коэффициенті экономикалық белсенді халық саны


Жастардың 15-25 жастағы жастардың жұмыссыздар саны

жұмыссыздық = -------------------------------------------------------------- х 100

коэффициенті 15-25 жастағы экономикалық белсенді халық саны

Ұзақ мерзімдегі 1 және одан көп жыл жұмыс таба алмағандар саны

жұмыссыздық = ----------------------------------------------------------------- х 100

коэффициенті экономикалық белсенді халық саны


Халықтың экономикалық белсенді емес халық саны

экономикалық белсенді = ----------------------------------------------------------------- х 100

емес коэффициенті 15 жастағы және одан жоғары белсенді халық саны

Еңбекке жарамды еңбекке жарамды жасқа дейінгі халық саны

жастағы халықтың орнын = ----------------------------------------------------------------- х 100

басу коэффициенті еңбекке жарамды жастағы халық саны

Зейнеткерлік еңбекке жарамды жастан кейінгі халық саны

жүктеме = ----------------------------------------------------------------- х 100

коэффициенті еңбекке жарамды жастағы халық саны
Жалпы еңбекке жарамды жасқа дейінгі және кейінгі халық саны

жүктеме = ----------------------------------------------------------------------------- х 100

коэффициенті еңбекке жарамды жастағы халық саны

3. Халық қозғалысының статистикасы

Туу және өлу процестерінің әсер етуі есебінен халық санының өзгеруі табиғи қозғалыс деп аталады. Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасынан және аймақтар ішінде тұратын мекендеуге келгендер және шетелге тұрақты мекендеуге кеткендер халықтың миграциялық қозғалысы деп аталады. Халықтың жалпы қозғалысы табиғи миграциялық қозғалыста туындайды.

Халық қозғалысының абсолютті көрсеткіштері:

1. N – туылған балалар саны.

2. М - өлгендер саны.

3. m – ағымдағы жылда 1 жасқа толмай шетінеп кеткен сәбилердің саны.

4. таб. =N-M – халықтың табиғи өсімі.

5. Н – некеге тұру саны.

6. А – ажырасу саны.

7. В - Қазақстан Республикасынан, аймақтарынан кеткендер саны.

8. П- Қазақстан Республикасына, аймақтарына келгендер саны.

9. миг. – П-В – халықтың миграциялық өсімі.

10. П+В – халықтың миграциялық айналымы.

11. жалпы =таб.+ миг. = N- N+П-В= Sс – Sб – халықтың жалпы өсімі.

12. Sб – жыл басындағы халықтың саны.

13. Sс – жыл соңындағы халықтың саны.

14. Sс = Sб + N –М +П-В – жыл соңындағы халықты есептеу үшін осы баланстық әдіс пайдаланылады.

Халық қозғалысына қатысты көрсеткіштер

1. Халықтың құрылымы, үлес салмағының көрсеткіштері.

2. Координация коэффициенті – халықтың жеке категорияларының өзара қатынасы.

3. халықтың табиғи және миграциялық қозғалысының коэффициенттері.


Халықтың табиғи қозғалысының коэффициенттері


  1. Жалпы туу коэффициенті: К жалпы туу = , мұндағы - халықтың орташа жылдық саны

  2. Арнайы туу коэффициенті: К ар.туу = , мұндағы -15-49 жастағы әйелдердің орташа саны




  1. Жастық туу коэффициенттері - әйелдердің белгілі жас тобынан туылған балалар санының осы жас аралығындағы әйелдердің орташа санына қатынасына тең болады.




  1. Жалпы өлу коэффициенті: Көлу =




  1. Нәрестелердің шетінеу коэффициенті деп 1 жасқа толмаған сәбилердің шетінеп кеткен дәрежесін көрсететін шаманы айтады. Бұл коэффициент екі тәсілмен табылады:

А) нәрестелердің туылу кезеңін есепке алмай – Кнәр.шет.= , мұндағы Кнәр.шет- нәрестелердің шетінеу коэффициенті.


Б) нәрестелердің туылу кезеңін есепке алып - Кнәр.шет.= , мұндағыNo- өткенжылы туылған балалар саны; N1- ағымдағы жылы туылған балалар саны.


  1. Жастық өлу коэффициенттері анықталған жас тобындағы өлгендер санының осы жастағы халықтың орташа санына қатынасына тең.

  2. Туу және өлу процестері арасындағы қатынасты анықтау үшін Покровский коэффициенті (өміршеңдік) қолданылады: К Покровский өміршеңдік=;

  3. Табиғи өсім коэффициенті: Кжалпы туу- Көлу

  4. жалы некелілік коэффициентін анықтау үшін бір жылда тіркеуге алынған неке санын халықтың жылдық орташа санына бөледі және оны 1000-ға көбейтеді:

Кнеке=

  1. Жалпы ажырасу коэффициенті: Кажыр.=

  2. Арнайы некелілік және ажырасу коэффициенттері некеге тұру жасын анықтайды (15 жастан жоғары), мысалы Карнайы некелілік=

  3. Ажырасушылық арнайы коэффициенті: Карнайы ажыр.=


16. Некелік және ажырасушылық коэффициенттері төмендегідей жас тобы аралықтарында (ерлер және әйелдер үшін жеке, бөлек) есептелінеді: 16-19, 20-24, 25-29, 30-34, 35-39, 40-44, 45-49, 50-54, 55-59 жас.
Халықтың жалпы және миграциялық қозғалысының коэффициенттері

Халықтың жалпы миграциялық өсімі (миграциялық интенсивтілік), берілген тұрғылықты, жергілікті жерге көшіп келген адамдар саны мен берілген тұрғылықты жерден көшіп кеткен адамдар санының айырмасымен анықталады.



  1. Миграциялық өсімнің немесе миграциялық интенсивтіліктің коэффициенті:

Кмигр.=




  1. Миграциялық айналым коэффициенті: Кайн.коэфф.=

19. Миграциялық тиімділік коэффициенті: Ктиімд.миг.=



  1. Жалпы өсімнің коэффициенті:



4. Халық санын болжаудың статистикалық әдістері

Халықтың алдағы санын есептеу келесі әдістермен жүргізіледі:

1. жас бойынша жылжыту әдісі – тұлғаның «х» жасынан келесі «х+1» жасына ауысу.

Халықтың әрбір жас аралық тобынан белгілі бір жастағы өмір сүру коэффициентін есепке алып, келесі жылға жылжу.

2. Халықтың жалпы өсімінің коэффициенті туралы мәліметтер негізінде глобалды әдіс жатыр. , мұндағы - келесі жылға t жылға болжанған халық саны;

- ағымдағы соңғы жылдағы нақты халықтың саны; - халықтың жалпы өсім коэффициенті; t – болжам жасалатын уақыт.

3. Халық санының орташа абсолюттік өсімінің мәліметтерін пайдаланып: , мұндағы - орташа абсолюттік өсім. , мұндағы - халық санының абсолюттік өсімдерінің қосындысы, m- өсімдердің саны.

4. Халық санының орташа өсу қарқынының мәліметтерін пайдаланып: , мұндағы, - халық санының орташа өсу қарқыны.
5. Жұмыс істейтін халықтың қозғалысы және жұмыс күші құнының статистикасы
ҰШЖ бойынша жұмыс істейтін халық екіге бөлінеді: жалдамалы және өзін-өзі қамтитын жұмыс бастылар. ҰШЖ –де жалдамалы жұмысшылар әлеуметтік статусы бойынша екіге бөлінеді: жұмысшылар және қызметкерлер. Қызметкерлер жұмыскерлердің үш тобын құрайды: басшылар, мамандар, және басқа қызметкерлер.

Жұмыскерлер айналымының абсолюттік көрсеткіштері – берілген кездегі жұмысқа алынған және жұмыстан босатылған жұмыскерлер саны.


Жұмыс күші қозғалысы интенсивтілігінің қатысты көрсеткіштері:
Жұмыскерлерді жұмысқа қабылданған жұмыскерлер саны

қабылдау бойынша = ----------------------------------------------------------------- х 100

айналым коэффициенті жұмыскерлердің тізім бойынша орташа саны

Жұмыскерлердің себептер бойынша жұмыстан кеткен жұмыскерлер саны

жұмыстан кетуі бойынша = ------------------------------------------------------------------------ х 100

айналым коэффициенті жұмыскерлердің тізімдік орташа саны

Жұмыс күшінің кезеңдегі жұмысқа қабылданған жұмыскерлер саны

орнын басу = ------------------------------------------------------------------------ х 100

коэффициенті себептер бойынша жұмыстан кеткен жұмыскерлер саны
Кадрлардың өз еркімен жұмысқа келмеген және тәртіп бұзғандар саны

тұрақтамаушылығының = ------------------------------------------------------------------------ х 100

коэффициенті тізім бойынша жұмыскерлердің орташа саны

Кадрлардың есеп беру кезеңіндегі тұрақты жұмыскерлер саны

тұрақтылық = ------------------------------------------------------------------------ х 100

коэффициенті жұмыскерлердің кезең аяғындағытізімдік саны


Жұмыс күшінің құны – бұл жұмыскердің және оның отбасының өмір сүру қаражаттарының құны. Кәсіпорынның жұмыс күшіне жұмсалған шығындары құнына жалақы қоры, жұмыскерлердің тұрғын үйіне жұмсаған шығындары, әлеуметтік қамтуға шыққан шығындар, кәсіптік оқытуға, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалған шығындар және т.б. жатады.

Жалданбалы жұмыскерлердің еңбекақы төлемі- есеп беру кезінде жұмыс берушінің жалданбалы жұмыскерге орындаған жұмысына беретін ақша немесе зат түріндегі төлемақысы. Еңбекақы екі бөліктен тұрады:



    • қолма қол ақша және заттай түрде берілетін жалақы;

    • әлеуметтік сақтандыруға аударылатын сома.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1. «Тұрақты халық» және «нақты халық» ұғымдарының айырмашылығы неде?

2. Халық статистикасында халықты бақылау объектісі не№

3. «Халық», «Экономикалық белсенді халық», «Экономикалық белсенді емес халық» ұғымдары нені білдіреді?

4. Халық туралы ақпараттың негізгі көздерін атаңыз.

5. «еңбекке жарамды халық саны», және «Еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабілетті халық саны» ұғымдарының айырмашылығы неде?

6. Халықтың табиғи қозғалысының негізгі көрсеткіштерін атаңыз.

7. Еңбек ресурстары, халықтың орташа саны қалай анықталады?

8. Халықтың көшіп-қонуының негізгі көрсеткіштерін атаңыз.

9. Экономикалық белсенді халықтың құрамы қандай?

10. Жұмыс күшінің шығынының құны қандай?


Әдебиеттер: (4) 19-52 бет

Он екінші тақырып. Ұлттық шоттар жүйесі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
Дәріс сұрақтары:

1. Ұлттық Шоттарды құрудың негізгі принциптері

2. Ұлттық Шоттардың үлгілері
1. Ұлттық Шоттарды құрудың негізгі принциптері
Ұлттық шоттар жүйесі – ұлттық деңгейдегі макроэкономиканың ұлттың жайлыңқы статисткалық моделі. Экономикалық операциялар секторлар түрінде берілген: қаржылық емес корпорациялар, қаржылық корпорациялар, мемлекеттік басқару ұйымдары, үй шаруашылығы, коммерциялық емес ұйымдар, үй шаруашылығына қызмет көрсетушілер, қалған әлем. Алты сектордың ішіндегі бесеуі ішкі отандық экономиканы сипаттайды және олар Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Соңғы алтынша сектор – «қалған әлем» сыртқы болып есептеледі және осы елдің резидент еместерінің және резиденттерінің арасындағы операцияларды бейнелейді.

Ұлттық Шоттар өзара байланысты бухгалтерлік шотқа ұқсас баланс-кесте түрінде құрылады. Әрбір шот екі жақты баланс- кесте түрінде берілген экономикалық айналымның белгілі дәрежесін анықтайды. Бұл кестеде операциялар екі рет тіркеледі: бірінші рет ресурстарда, екінші рет пайдаланған кезде кестедегі 2-бөлімнің операция нәтижелері шот ресурстары мен оларды қолдану көрсеткіштерінің айырмасы арқылы анықталатын баланстаушы бап арқылы теңеседі. Баланстаушы баптан алынған мөлшер келесі шоттың ресурсты бөлігіне аударылады. Бұлардың нәтижесінде шоттардың өзара байланысын және Ұлттық Шот Жүйесін түрлендіру қамтамасыз етіледі. Ұлттық шоттар жүйесінің баланстаушы бап тізімі:



Шот аты

Шоттың баланстаушы бабы

1.Өндіріс шоты

Жалпы ішкі өнім

2.Табыстарды құру шоты

Жалпы пайда (жалпы аралас кіріс)

3.Бастапқы табыстардың таратылу шоты

Бастапқы табыстардың сальдосы (жалпы ұлттық табыс)

4.Табыстардың қайта таратылу шоты

Жалпы қолда бар табыс

5.Қолда бар табыстарды пайдалану шоты

Жалпы жинақ

6.Капиталмен байланысты операциялар

Таза несиелендіру (таза қарызға алу)

Ұлттық шоттар жүйесіндегі баланстаушы бап таза және жалпы көлем негізінде анықталады. Егер негізгі тұтыну капиталының мәліметтері бар болса, онда баланстаушы бап жалпы көлем деп аталады. Егер осы мәліметтер жоқ болса, онда баланстаушы бап таза көлем деп аталады.



2. Ұлттық Шоттардың үлгілері

Өндіріс шоты

Ресурстарды пайдалану

Ресурстар

1.1. Аралық тұтынну

2.1. Негізгі бағамен шығару

1.2. Нарық бағасындағы жалпы ішкі өнім көлемі (2.1.- 2.2. -2.3. -1.1.)

2.2. Өнімдерге салықтар

1.3. Негізгі капиталды тұтыну

2.3. Өнімдерге демеу қаржылары (субсидиялар)

1.4. Нарық бағасындағы таза ішкі өнім (1.2. -1.3.)






Табыстардың құрылу шоты

Ресурстарды пайдалану

Ресурстар

1.1. Барлық секторлардағы жалдамалы жұмыскерлердің еңбек ақысын төлеу

2.1. Нарық бағасындағы жалпы ішкі өнім көлемі

1.2. Өндіріске және импортқа салықтар, оның ішінде:

- өнімге салықтар

- басқа да өндірістерге салықтар





1.3. Өндіріске және импортқа субсиядиялар, оның ішінде:

- қаржылық көмек;

- өнімдерге демеу қаржылары (субсидиялар)

- басқа өндіріс субсидиялары






1.4. Жалпы пайда (жалпы аралас табыстар)

(2.1. -1.1.-1.2.-1.3.)






1.5. Негізгі капиталды тұтыну




1.6. Таза пайда (таза аралас табыстар)

(1.4.-1.5.)






Бастапқы табыстардың таратылу шоты

Ресурстарды пайдалану

Ресурстар

1.1. «Қалған әлемге» берілген меншіктен түскен табыстар

2.1. Жалпы пайда және жалпы аралас табыстар

1.2. Бастапқы табыстардың жалпы сальдосы (2.1.+2.2.+2.3.+2.4.+2.5.-1.1)

2.2. Жалдамалы жұмыскерлердің еңбек ақысын төлеу

1.3. Негізгі капиталды тұтыну

2.3. Өндіріске және импортқа салықтар

1.4. Бастапқы табыстардың таза сальдосы (1.2.-1.3.)

2.4. Өндіріске және импортқа субсиядиялар (демеу қаржылары), «Қалған әлемнен» меншіктен алынған табыстар


Табыстарды қайта тарату шоты

Ресурстарды пайдалану

Ресурстар

1.1. «Қалған әлемге» берілген, әлемдегі трансферттер

2.1. бастапқы табыстардың жалпы сальдосы

1.2. Қолда бар жалпы табыс (2.1+2.2-1.1)

2.2. «Қалған әлемнен» алынған ағымдағы трансферттер

1.3. Негізгі капиталды тұтыну




1.4. Қолда бар таза табыс (1.2.-1.3.)





Қолдағы табыстарды пайдалану шоты

Ресурстарды пайдалану

Ресурстар

    1. Түпкілікті тұтыну шығындары, оның ішінде:

  • үй шаруашылығы

  • мемлекеттік басқару ұйымдары

  • үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар

2.1. Қолда бар жалпы табыс

    1. Жалпы жинақ (2.1.-1.1.)




    1. Негізгі капиталды тұтыну




    1. Таза жинақ (1.2.-1.3.)




Капиталмен операциялар шоты

Ресурстарды пайдалану

Ресурстар

1.1. Негізгі капиталдың жалпы қорлары

2.1. Жалпы жинақ

1.2. Материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі

2.2. «Қалған әлемнен» алынған капиталды трансферттер

1.3. Құндылықтарды, өндірілмеген қаржылық емес активтерді таза сатып алу

2.3. «Қалған әлемге» берілген капиталды трансферттер

1.4. Негізгі капиталды тұтыну




    1. Таза несиелендіру (+),

Таза қарызға алу (-)

(2.1.-2.2-2.3.-1.1-1.2.-1.3.-1.4.)








Қызметтер және тауарлар шоты

Ресурстарды пайдалану

Ресурстар

1.1. Аралық тұтыну

2.1. Негізгі бағамен шығару

1.2. Түпкілікті тұтынудағы шығындар

2.2. Тауарлар мен қызметтер көрсету импорты

1.3. Жалпы қорлану

2.3. Өнімдерге салықтар

1.4. Тауарлар мен қызметтер көрсету экспорты

2.4. Өнімдерге демеу қаржылары (субсидиялар)

    1. Статистикалық алшақтық (+)

Барлығы пайдаланылған

2.5. Ресурстардың барлығы



Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Ұлттық Шоттарды құрудың негізгі принциптерін атаңыздар.

2. Әр Ұлттық Шоттың үлгісін, мазмұнын айтыңыз:

- өндіріс шотын;

- табыстардың құрылу шотын;

- бастапқы табыстардың таратылу шотын;

- табыстарды қайта тарату шотын;

- қолдағы табыстарды пайдалану шотын;

- капиталмен операциялар шотын;

- қызметтер және тауарлар шотын.
Әдебиеттер: (4) 215-229 бет

Он үшінші тақырып. Халықтың тұрмыс дәрежесінің

статистикасы
Дәріс сұрақтары:

1. Әлеуметтік статистика пәні және объектілері

2. Үй шаруашылықтарын ішінара бақылаудың ұйымдастырылуы

3. Халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің жүйесі




1. Әлеуметтік статистика пәні және объектілері

Әлеуметтік статистика қоғамның әлеуметтік- демографиялық құрылымының сандық сипаттамасын зерттейді, адамдардың өмірі мен қызметін, олардың құқық және мемлекетпен өзара қатынастарын зерттейді.

Әлеуметтік статистиканың ерекшеліктері:


  • зерттеу шығындары мен объектілері ерекше мәнге ие;

  • сандық және сандық емес мәліметтерді пайдаланады;

  • мәліметтер сұрақтарға жауап ретінде жиналады;

  • әлеуметтік ақпараттарды жинау және өңдеу үшін ерекше әдістер, тәсілдер қолданылады;

Әлеуметтік статистиканың пәні – қоғам өмірінің әлеуметтік қатынастар жүйесінің сандық-сапалық бағасы, адамдардың жағдайын және олардың арасындағы игіліктерді бөлу заңдылықтарын анықтайды.

Әлеуметтік статистиканың зерттеу объектілері негізінен екі типке бөлінеді:



    1. жеке объектісі – адам, халық;

    2. ұжымдық объектісі – халық топтары: отбасы, үй шаруашылығы (шаруашылықтар), еңбек ұжымы және т.б.

Бақылау бірлігі – зерттеу мақсатына байланысты адам немесе үй шаруашылығы.

Әлеуметтік статистика мынадай бөлім қатарларын қамтиды:

1. Халық құрамының статистикасы;

2. Отбасы және үй шаруашылығы статистикасы;

3. Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы;

4. Халықтың табыс және шығыс статистикасы;

5. Халықтың тауар және қызметті тұтыну статистикасы;

6. Халықтың үй жағдайы және тұрмыс ету статистикасы;

7. Халықтың бос уақыты статистикасы;

8. Жұмысбастылық және жұмыссыздық статистикасы;

9. Халықтың денсаулығы және медициналық қызмет көрсету статистикасы;

10. Білім жүйесін дамыту және халықтың білім деңгейінің статистикасы;

11. Оралым және рекреация статистикасы;

12. Моралдық статистика;

13. Құқық статистикасы, қоғамдық саяси жүйе және қоғамдық пікір статистикасы;

14. Қоғамдық саяси жүйе және көпшілік пікір статистикасы;

15. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарының статистикасы.

Әлеуметтік статистиканың әр саласы белгілі әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштерден тұрады. Олардың ішінде халықтың тұрмыстық деңгейінің көрсеткіштері ерекше орын алады. Себептері мынада:



  • халықтың әл-ауқатын, экономикалық жағдайын көрсетеді;

  • мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатын жүргізу үшін пайдаланады;

  • түрлі елдің экономикалық даму деңгейлері халықаралық салыстыру үшін қолданылады.


2. Үй шаруашылықтарын ішінара бақылаудың ұйымдастырылуы
Халықтың тұрмыстық деңгейі көрсеткіштерінің негізгі ақпарат көзі – үй шаруашылықтарын ішінара бақылау. Үй шаруашылықтарын ішінара бақылауды ұйымдастырудың мақсаты - үй шаруашылықтарының құрамы, халықтың ақшалай табыстары және шығындарының құрылымы мен деңгейі туралы мәліметтерді жинау.

Үй шаруашылықтарының ішінара зерттеу принциптері:

1. Үй шаруашылықтарының ішінара жиынтығы облыстық және республикалық деңгейлер бойынша өкілеттілік болуы тиісті;

2. Тауарлар мен қызметтердің кем жіктелуі пайдаланылады;

3. Тұрақты ақшалай шығындарды тіркеу кезінде қысқа (екі апталық) уақыт мерзімін қолданады. Себебі, экономикалық тұрақсыздықтардай, бағалардың көпшілігі және инфляцияжағдайларындағы өзіндік шығындар туралы халықтың есіне түсіру қиын болады.

Қазақстан Республикасындағы үй шаруашылықтарының ішінара жиынтығы аумақтық белгі бойынша тұрғын үйлердің тіркелімі негізінде қалыптастырылған.

Бұл тіркелім 1999 жылғы Қазақстан Республикасындағы халық санағы қорытындысы бойынша құрылған.

Үй шаруашылықтарының бас жиынтығы алты стратқа бөлінеді:

1) үлкендер саны 30 мың бірліктен жоғары үй шаруашылықтары бар ірі қалалардағы үй шаруашылықтарының санын қосады;

2) орта саны 10 мың бірліктен жоғары, бірақ 30 мың бірліктен аспайтын орта қалалардағы үй шаруашылықтары;

3) шағын – үй шаруашылықтарының саны 10 мың бірліктен аспайтын шағын қалалардағы және қала үлгісіндегі қыстақтардағы үй шаруашылықтары;

4) Алматы қаласындағы үй шаруашылықтары;

5) Астана қаласындағы үй шаруашылықтары;

6) ауылдық мекендердегі үй шаруашылықтары.

Келесі тұрғын үйде тұратын үй шаруашылықтары есепке алынады.

Тұрғын үйлердің келесі типтері: жеке үй, жеке үйдің бөлімі, жеке пәтер есепке алынады. Іріктемелі жиынтықтың көлемі 12 мың үй шаруашылығының бірліктерінің жасалады.

Әр страттағы таңдама мөлшерін есептеу мына формула қолданылады:

, мұндағы,

ni – і – страттағы үй шаруашылықтарының іріктеме көлемі;

N – Қазақстан Республикасындағы үй шаруашылықтарының бас жиынтығының көлемі;

Ni - і – страттағы үй шаруашылықтарының бас жиынтығының көлемі;

n – Қазақстан Республикасындағы үй шаруашылықтарының іріктеме жиынтығының көлемі.

Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында өкілеттілікті қамтамасыз ету мақсатында көп сатылы кездейсоқ ықтималдылық таңдама әдісімен шаруашылықтар құрылады.



3. Халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің жүйесі
Халықтың тұрмыс деңгейі дегеніміз – абыройлы өмір сүру үшін, яғни салауатты өмір салтын жүргізу, әлеуметтік және аумақтық мобильдіктің қамтамасызщ етілуі, ақпаратпен алмасу және қоғам өміріне қатысу үшін материалдық ресурстарға қол жеткізу.

Халықтың тұрмыс деңгейі күрделі экономикалық категория ретінде жеке және интегралдық көрсеткіштер жүйесімен сипатталады. Интегралдық көрсеткіштер адам мүмкіндігінің дамуының негізгі мүмкіндіктерін есепке алады:



  • өмірдің ұзақтығы және денсаулық;

  • білім алу;

  • экономикалық өндірісте жұмыс істеу.

Адам дамуының индексі үш индекстің арифметикалық ортасы ретінде есептеледі: адам өмірінің ұзақтығы, білім деңгейі және халықтың жан басына шаққандағы нақты жалпы ішкі өнім индекстері.

Шекті мәндер:



Көрсеткіш индексі

min

max

1. Туылу кезіндегі өмір сүрудің болжамды ұзақтығы

25

85

2. Ересек халықтың сауаттылығы (%)

0

100

3. 5-24 жас аралығындағы оқушылардың жиынтық үлесі (%)

0

100

4. Ұлттық валютаны сатып алу қабілетінің паритеті бойынша халықтың жан басына шаққандағы нақты жалпы ішкі өнімі, АҚШ долларымен, ($)

100

40000

Индекстер былай есептеледі:


Халықтың қайыршылық индексін есептеу әдістері

1. Индустриасы дамыған елдер үшін = немесе



, мұндағы,

Р1 – 60 жасқа дейін жетпей өлген халықтың үлесі, (%);

Р2 – сауатсыз ересек халықтың үлесі, (%);

Р3 – елдегі медиандық табыстан 50 % деңгейінде табысы бар халықтың үлесі, (%);

Р4 – 1 жыл және одан да көп уақыт бойын жұмысы жоқ, экономикалық белсенді халықтың үлесі, (%).

2. Дамушы елдер үшін – адам дамуының негізгі салаларындағы халықтың айырылу көрсеткіштерінің үшінші реттегі орташа шамасы ретінде:

а) Ұзақ және салауатты өмір сүру мүмкіндігі бойынша 40 жасқа дейінгі өлгендердің үлесі;

б) білім алу мүмкіндігі бойынша ересек халықтардың салауатсыздық үлесі;

в) лайықты өмір сүру үшін ресурстарға қажеттілік бойынша халықтың денсаулық сақтау қызметтеріне, қауіпсіз ауыз суға қатысу мүмкіндігі жоқ және 5 жасқа дейінгі салмағы жетпеген балалардың орташа арифметикалық үлесі.

Мүмкіндіктер бойынша халықтың кедейлік коэффициенттері орташа арифметикалық 3 көрсеткіштен тұрады:

а) білікті медициналық қызметкерлердің көмегінсіз туылған балалардың үлесі;

б) 15 және одан жоғары жастағы сауатсыз әйелдердің үлесі;

в) 5 жасқа дейінгі салмағы жетпеген балалардың үлесі.

Кедейлік деңгейі – жалпы халық санының өмір сүру минимумынан төмен табысы бар халықтың үлесі.

Халықтың тұрмысын сипаттайтын жеке көрсеткіштер:

1. Жалақы – келісім шартқа отырған жалдамалы жұмыскерлер табысы.

2. Тұрғындардың табысына (жалақыдан басқа) барлық көзден алынған ақшалай және натуралды табыстардың барлық қалған түрлері жатады: жеке қосалқы шаруашылықтың пайдасы, материалдық көмек, зейнетақылар, жәрдемақылар, стипендиялар, ұтыстар, мұра, сақтандыру төлемдері, қайырымдылық, гранттар және т.б.

3. Номиналдық жалақы және номиналдық табыс ағымдағы бағадағы бұл көрсеткіштердің ақшалай көрінісі болып табылады.

4. Нақты жалақы мен нақты табыс әрбір азамат өз жалақысы мен пайдасына ала алатын материалдық игіліктер мен қызметтердің сомасын сипаттайды.

Нақты және номиналдық табыс арасында байланыс бар:


Інақты жалақы = Іноминалдық жалақы : Ітұтыну бағасы, мұндағы

І – индекс.

5. Қолда бар табыс – бұл міндетті төлемдер мен төлемақыларды санамағанда, номиналдық ақшалай табыс.

6. Тұрғындардың табыстары ағымдағы шығындардың орнын толтыруға немесе жинақтар үшін қолданылады. Тұрғындардың ағымдағы шығындарының құрамына тағамдарды, сусындарды, темекіні, аяқ-киімді, жиһазды сатып алуға кеткен шығын, комуналдық және басқа да қызмет төлемақылары кіреді. Әлемдік статистикада жалпы тамаққа 50 пайыздан көп жұмсаса, ол кедей болып табылады.

7. Тұрғындардың жинақтары – бұл табыстар мен ағымдағы шығындар арасындағы айырма. Жинақтардың ақшалай және натуралды формалары бар.

8. Тұрғындардың, орташа есеппен, жан басына шаққанда, азық- түлік және азық- түліктік емес тауарлардың маңызды түрлерін тұтынуы.

9. 100 отбасы немесе 1000 тұрғынға шаққанда ұзақ мерзімді қолданылатын заттармен қамтамасыз етілуі.

10. Төменгі және жоғарғы децильдерді бөлу қатарының әр түрлі шеттеріндегі жиіліктерді 10 пайыздан бөлетін табыстар орналасқан интервалдар.

11. Тұрғындар табыстарының дифференциациясының децильдік коэффициенті тұрғындардың ең жоғарғы табысты топтарының 10 пайыз мимималды табыстарының ең аз табысты топтарының 10 пайыз максималды табыстарының қаншаға артық екендігін көрсетеді.

12. Халықтың жан басына шаққандағы орташа жылдық табысынан азық-түлікті тұтыну икемдігінің динамикалы коэффициенттері

13. Халық табыстарының концентрациялық көрсеткіштері: Лоренц және Джини коэффициенттері, табыстың бөліну теңсіздігіне қатысты сипаттамасын береді:

а) Лоренц коэффициенті – квадрат диагоналының біркелкі бөлінуінің осы квадраттың жарты ауданынан ауытқу үлесіне тең:


, мұндағы,

Уі – жалпы табыс сомасынан і – халық тобының табыс үлесі;

Хі – жалпы халық санынан і – халық тобының үлесі.

Лоренц қисығы тік бұрышты координаттың жүйесінде грфикпен көрсетіледі: абцисса осі бойынша – халық санының (х) (жинақталған) жиіліктері; ал ордината осі бойынша – халық табыстарының (жинақталған) жиіліктері;

ә) Халық табыстарының барлық сомасы мен халықтың квантильдік топтарының арасындағы бөлінуді Джини коэффициенті сипаттайды:
, мұндағы,

Хі - жалпы халықтың санынан і – халықтың әлеуметтік тобының үлесі;

Уі – жалпы халықтың і – әлеуметтік тобының шығын үлесі;

п - әлеуметтік топтардың саны;

cum yi - табыстың кумулятивтік үлесі.

Егер Джини, Лоренц коэффициенттерінің мәндері 0- ге жақындаса, онда табыстардың бөлінуі бір қалыпты болады және керісінше. Егер коэффициенттердің мәндері 1 –ге жақындаса, онда қоғамда дифференциация көбірек болады.

14. Егер сапалы, альтернативті белгілер берілсе, ассоциация және контингенция коэффициенттері қолданылады:

а) , мұндағы,

а, b, c, d – сапалы альтернативті белгілер, соның ішінде:

а, c, - белгілері бар бірліктер саны, үлесі;

b, d - белгілері жоқ бірліктер саны, үлесі.

б)


Ассоциация және контингенция коэффициенттерін есептеу кестесі:




А

b

с+ b

С

d

с+ d

а + c

b+ d

а+b+ c+d



  1. Құрылымдық айырмашылықтардың сызықтық коэффициенті:


, мұндағы,

d1, d0 - зерттелген жиынтық құрылымының есептегі және базистік жылға қатысты көрсеткіштері;

п – құрылымдық құрамның саны.

16. Құрылымдық айырмашылықтардың квадраттық коэффициенті:


17. К. Гатевтің интегралдық коэффициенті:


18. Салайдың индексі:




19. Халықтың тауарлар мен қызметтерді тұтыну динамикасы физикалық көлемінің орташа гармониялық индексінің көмегімен зерттеледі:
, мұндағы,

- есептегі, базистік жылдағы халықтың тауарлар мен қызметтерді тұтынуы;

ір - тауардың, қызметтің жеке индексі.

Табыс деңгейі әр түрлі отбасы топтары бойынша тұтыну бағасының индекстік өкілі тауарлар жиынтығы бойынша көтерме сауда бағасының индексі және базистік кезеңдегі сатып алу құрылымының негізінде анықталады.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.


1. Әлеуметтік статистканың пәні не?

2. Әлеуметтік статистканың зерттеу объектілеріне не жатады?

3. Әлеуметтік статистка қандай бөлімдерді қамтиды?

4. Үй шаруашылығын ішінара зерттеудің принциптері

5. Үй шаруашылығының бас жиынтығы қандай страттарға бөлінеді?

6. Халықтың тұрмыс деңгейі деген не?

7. Құрылымдық айырмашылықтардың квадраттық коэффициенті қалай есетеледі?

8. Нақты және номиналды табыстар қалай анықталады?


Әдебиеттер: (4) 230-249бет


3. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
Тақырып 1. Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдістері

Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:

1. Статистиканың пайда болуы мен дамуы, статистика туралы жалпы түсінік .

2. Статистика пәні және әдістері.

3.Статистиканың зерзаты мен зерттеу кезеңдері.

4.Статистиканың органының ұйымдастырылуы, статистика агенттігінің міндеттері мен қызметтері
Сабақ мақсаты: - статистиканың пайда болуы және дамуын, статистика пәнін, оның зерттеу кезеңдері мен әдістерін оқыту.

Әдістемелік нұсқаулар - алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау

Негізгі әдебиеттер:

1. Елисеева И.И. Общая теория статистики: учебник для вузов / И.И. Елисеева, М.М. Юзбашев; под ред. И.И. Елисеевой. – М.: Финансы и статистика, 2009.

2. Ефимова М.Р. Практикум по общей теории статистики: учебное пособие для вузов / М.Р. Ефимова и др. – М.: Финансы и статистика, 2010.

3. Мелкумов Я.С. Социально-экономическая статистика: учебно-методическое пособие. – М.: ИМПЭ-ПАБЛИШ, 2011.  



Қосымша әдебиеттер
4. Социально-экономическая статистика: практикум: учебное пособие / В.Н. Салин и др.; под ред. В.Н. Салина, Е.П. Шпаковской. – М.: Финансы и статистика, 2009.


Тақырып 2. Статистикалық бақылау

Тәжірибелік сабақ жоспары :

1. Статистикалық бақылау туралы түсінік және оның міндеттері.

2. Статистикалық бақылау бақылау бағдарламасы.

3. Статистикалық бақылаудың формалары, түрлері және тәсілдері .

4. Статистикалық бақылау кезінде жіберілетін қате және оны тексеру тәсілі.
Сабақ мақсаты: статистикалық бақылау түсінігін, оның түрлерін, бақылауды ұйымдастыру және бақылау бағдарламасын жасауды, бақылау кезінде жіберілетін қателер мен оны түзету тәсілдерін оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар - алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.



Негізгі әдебиеттер:

1. Елисеева И.И. Общая теория статистики: учебник для вузов / И.И. Елисеева, М.М. Юзбашев; под ред. И.И. Елисеевой. – М.: Финансы и статистика, 2009.

2. Ефимова М.Р. Практикум по общей теории статистики: учебное пособие для вузов / М.Р. Ефимова и др. – М.: Финансы и статистика, 2010.

3. Мелкумов Я.С. Социально-экономическая статистика: учебно-методическое пособие. – М.: ИМПЭ-ПАБЛИШ, 2011.  



Қосымша әдебиеттер
4. Социально-экономическая статистика: практикум: учебное пособие / В.Н. Салин и др.; под ред. В.Н. Салина, Е.П. Шпаковской. – М.: Финансы и статистика, 2009.

Тақырып 3. Статистикалық мәліметтерді жинақтау,

топтау және кесте құру
Тәжірибелік сабақ жоспары:

1. Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау.

2. Статистикалық мәліметтерді топтау түрлері мен белгілері.

3. Статистикалық таратпалы қатарлар және статистикалық кестелер.



Сабақ мақсаты: статистикалық мәліметтерді жинақтау, оларды нышандарына қарай топтау, олардың әдістері мен тәсілдерін және топқа бөлу белгілері мен принциптерін, қайта топтауды, таратпалы қатарлар, сонымен қатар статистикалық кестелерді оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар - әдебиеттермен және қаржылық есеп нысандарымен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау қорытынды жасау.
Есептер

1. Ет өнеркәсібінің 25 кәсіпорындары бойынша келесідей есептік мәліметтер берілген:


Кәсіпорындар



Негізгі өндірістік қорлардың орта жылдық құны, млн. теңге.

Көтерме бағамен жалпы өнім, млн. теңге.

1

5,6

7,2

2

7,3

9,6

3

4,1

4,8

4

6,5

5,3

5

3,7

3,1

6

4,6

7,2

7

4,8

7,4

8

3,9

3,0

9

6,5

8,1

10

9,2

11,7

11

6,5

6,8

12

7,2

9,1

13

8,3

10,1

14

7,2

6,0

15

6,9

8,2

16

3,0

2,8

17

4,2

4,8

18

5,6

6,4

19

4,1

4,9

20

4,9

6,7

21

5,2

3,9

22

5,8

6,1

23

6,9

9,2

24

6,1

4,6

25

5,3

8,2

Негізгі өнідірістік қорлар мен жалпы өнімнің өндірілу арасындағы тәуелділікті зерттеу мақсатында негізгі өндірістік қорлар бойынша тең интервалмен кәсіпорындарды төор топ құрып, топтау жүргізіңдер. Әрбір топ бойынша және барлық кәсіпорындар бойынша есептеңіздер:

1) кәсіпорындар санын;

2) негізгі өндірістік қорлардың (негізгі құрал) орта жылдық құнның барлық кәсіпорындар бойынша және бір кәсіпорынға орташасын;



  1. 3) жалпы өнімнің құнын барлық кәсіпорындар және кәсіпорын бойынша;

4) бір теңге негізгі өндірістік қорларға жалпы өнім мөлшерін (қор қайтарымын).

Есептің шешуін топтық кесте түрінде көрсетіңдер. Соңынан қысқаша қорытынды жасаңыздар.


Негізгі әдебиеттер:


1. Елисеева И.И. Общая теория статистики: учебник для вузов / И.И. Елисеева, М.М. Юзбашев; под ред. И.И. Елисеевой. – М.: Финансы и статистика, 2009.

2. Ефимова М.Р. Практикум по общей теории статистики: учебное пособие для вузов / М.Р. Ефимова и др. – М.: Финансы и статистика, 2010.

3. Мелкумов Я.С. Социально-экономическая статистика: учебно-методическое пособие. – М.: ИМПЭ-ПАБЛИШ, 2011.  

Қосымша әдебиеттер
4. Социально-экономическая статистика: практикум: учебное пособие / В.Н. Салин и др.; под ред. В.Н. Салина, Е.П. Шпаковской. – М.: Финансы и статистика, 2009.
Тақырып 4. Нақты және қатысты шамалар.

Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:

1. Статистикалық нақты және қатысты шамалар, олардың түрлері.

2. Статистикадағы графиктік әдіс.
Сабақ мақсаты: - статистикалық нақты және қатысты шамалар , олардың түрлерін және статистикалық графиктер мен олардың қолданылуын оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар - алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Есептер

Төрт сүт өнеркәсібінің сатылған өнімдерінің жоспарлы және іс жүзіндегі көлемі келесідей:



Сүт өнеркәсіптерінің №

Сатылған өнім көлемі (іс жүзіндегі көтерме бағамен), мың теңге.

Базистік кезең

Есепті кезеңге жоспарлы тапсырма

Есепті кезең

1

2213

2238

2346

2

3235

3247

3565

3

4164

4270

4322

4

4701

5145

5424

Жоспарлы тапсырманың қатысты шамаларын, жоспардың орындалу дәрежесін және есепті кезеңдегі сатылған өнімдердің көлемінің іс жүзіндегі өзгерісін әрбір сүт өнеркәсібі бойынша және төрт өнеркәсіп бойынша бірге базистік кезеңмен салыстыру арқылы анықтаңыздар.


Негізгі әдебиеттер:

1. Елисеева И.И. Общая теория статистики: учебник для вузов / И.И. Елисеева, М.М. Юзбашев; под ред. И.И. Елисеевой. – М.: Финансы и статистика, 2009.

2. Ефимова М.Р. Практикум по общей теории статистики: учебное пособие для вузов / М.Р. Ефимова и др. – М.: Финансы и статистика, 2010.

3. Мелкумов Я.С. Социально-экономическая статистика: учебно-методическое пособие. – М.: ИМПЭ-ПАБЛИШ, 2011.  



Қосымша әдебиеттер
4. Социально-экономическая статистика: практикум: учебное пособие / В.Н. Салин и др.; под ред. В.Н. Салина, Е.П. Шпаковской. – М.: Финансы и статистика, 2009.

Тақырып 5. Орташа шамалар және өзгерменің көрсеткіштері
Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:

1. Орташа шаманың мәні және түрлері.

2. Өзгерме көрсеткіштері және оны есептеу тәсілдері.

3. Шашыранды , оның түрлері және қосу ережесі.



Сабақтың мақсаты - орташа шамаларды, олардың түрлерін, өзгерменің көрсеткіштерін және олардың есептеу тәсілдерін, статистикалық шашыранды түрлері мен қосу ережесін оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар - алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет