Статистикалық термодинамикаға кіріспе


Молекуланың тербелмелі қозғалысының күй қосындысы



бет14/20
Дата19.03.2024
өлшемі0.55 Mb.
#496148
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Статистикалық термодинамикаға кіріспе финиш

Молекуланың тербелмелі қозғалысының күй қосындысы

Екі атомды молекулаларда атомдардың ара қашықтығының өзгеруіне байланысты болатын қозғалыс – валенттік тербеліс байқалады. Оданда күрделі молекулаларда әртүрлі деформациялық тербелістер болуы мүмкін, олар валенттік бұрыштардың өзгерісін туғызады.


1-суретте ядроларының тепе-теңдік қашықтығы болатын екі атомды молекуланың моделі көрсетілген.


1)
re


2 )




q1 q2

Сурет 1. Екі атомды молекуланың атомдарының тепе-теңдік ара қашықтықтан (re) ауытқуы:


1 – молекуланың потенциалдық энергиясының (Епот) минимумына сәйкес жағдай; 2 – молекуланың потенциалдық энергиясы үлкейіп «созылған күй»
Суреттің төменгі жағында атомдардың тепе-теңдік күйге қарағанда
q = q1 + q2 - ара қашықтыққа ауытқуы көрсетілген. Ауытқу кезінде пайда болатын қайтару күшін ауытқуға пропорционалды немесе Гук заңына бағынады деп есептейді (сондықтан оны квазисерпімді күш деп атайды), яғни
F(q) = -Keq,
мұндағы Ке – күш тұрақтысы деп аталады.
Бұл кезде жүйенің потенциалдық энергиясы ауытқудың квадраттық функциясы болады:
Е(q) = Ке q2. (1)
Молекуланың потенциалдық энергиясының ауытқуға тәуелділігі 2-суретте пунктирмен берілген парабола қисығымен бейнеленеді. Тұтас сызықпен молекуланың потенциалдық энергиясының екі атомды молекуланың атомдарының ара қашықтығы шын мәніндегі тәуелділігі көрсетілген.
Бұл қисық Морзенің эмпирикалық функциясымен бейнеленеді:
Епот = De . (2)

Бұл қисықтың параболадан ең маңызды ерекшелігі потенциалдық энергияның r –дің көбеюімен өзінің De –ге тең шегіне ұмтылуы болып табылады (De - спектроскопиялық диссоциация энергиясы).


Параболалық функция тек аз ауытқулар үшін жарамды. Бөлшектердің бұл жағдайдағы қозғалысы гармоникалық тербеліс болады, оның жиілігі

= , (3)


мұндағы  = – молекуланың келтірілген массасы.




Епот 1 2

De


0 re


-q 0+q

Сурет 2. Екі атомды молекуланың потенциалдық энергиясының атомдардың ара қашықтығына тәуелділігі: 1 – гармоникалық жуықтау; 2-реалды тәуелділік; вертикаль қысқа сызықтар осцилятордың бір энергетикалық күйден екінші энергетикалық күйге ауысуын бейнелейді; олар көрнекі болуы үшін бір-бірінен жылжытылған.


Тербелістегі атомдардың сәттік кинетикалық энергиясы мына формуламен беріледі:
Т =  q2. (4)
Кванттық теория, яғни Шредингер теңдеуі бойынша, жиілікпен тербелетін гармоникалық осциллятордың энергиясы мына формуламен өрнектеледі:


Етерб. = Т + Епот = (n + ½)h, (5)
мұндағы n – тербелмелі кванттық сан, ол тең 0, 1, 2, …; - тербеліс жиілігі.
Ілгерілмелі және айналмалы статқосындыларды есептегенде энергия нөлден бастап саналады, яғни Eілг. = 0 и және Eайн. = 0 деп жорамалданады. Ал тербелмелі статқосындыны есептегенде санаудың басы ретінде нөлдік тербелмелі деңгей (n = 0) энергиясының мәні таңдалады. Сонда гармоникалық осцилятордың тербелмелі статқосындысының теңдеуі мына түрде болады:
Qтерб. = . (6)
- шамасы сипаттамалық тербелмелік температура деп аталады, яғни
Qтерб. = . (7)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет