34. Гормондардың әсер ету механизмдері.
Гормондардың
әсер
ету
механизмдері.
Егер бүрын гормондардың биологиялық әсерінің механизмдерінде морфологиялық
және гистологиялық өзгерістерге назар аударылса, соңғы кезде анықталғандай бүл
өзгерістер биохимиялық механизмдердің өзгерістері мен алмасу процестерінің өзгерістерінің
екіншілік салдары болып табылады (Bersin Ph. Т., 1960). Гормондардың негізгі және бірінші
нысанасы-клетка ішіндегі метаболитикалық процестер болып табылады (Розен В.Б.,1980).
Жалпы алғанда, гормональды реттеу, көпклеткалы ағзалардың мынандай негізгі өміршең
процестерін бақылауды қамтамасыз етеді:
- белок пен нуклеин қышқылдарының синтезі, яғни клеткалар, тканьдер және бүкіл
ағзаның өсуін реттеу.
- гендердің дифференциалды белсендігі, клеткалық фенотиптің қалыптасуы, яғни
тканьдердің жіктелуі мен ағзаның дамуы;
метаболитикалық гомеостаздың қалыптасуы мен сақталуы;
адамның іс-қимылы мен мінез-күлық әрекеті
Эндокринды бездерден бөлінетін гормондар канмен сәйкес эффекторлы клеткаларға
(клетка-нысанаға) жеткізіледі де, олардың қызметін өзгертеді және субклеткалық өзін - өзі
реттеуші механизмдер арқылы метаболитикалық процестерді реттейді:
химиялық реакциялардың жылдамдығының өзгеруі арқылы
ферменттердің белсендігі мен мөлшерін реттеу арқылы
клеткалық мембраналардың қүрылымдық үйымдастығы мен қызметтерін өзгерту
арқылы.
Химиялық табиғаты бойынша әртүрлі болатын гормондар адам мен жануарлар
ағзасының мүшелері мен клеткаларына да әртүрлі биологиялық әсер етеді. Алайда әртүрлі
гормондардың әсер ету механизмінде мынандай ортақ заңдылықтар орын алады:
1. Биологиялық белсенділік өте аз концентрацияда көрінеді. Сондықтан гормондар
биологиялық белсенді қосылыстарға жатады.
2. Гормондар ферменттер катализдейтін заттар алмасу реакцияларының жыл-
дамдығына тікелей немесе жанама әсер етсе де, биокатализаторларға жатпайды.
3. Гормондардың өзгешелік және мүшетропты қасиеті бар, яғни олардың биологиялық
әсері тек белгілі бір клеткалар тобына, клетка-нысаналарға көрінеді, олар клеткалық немесе
клетка ішілік мембраналарда орналасқан рецепторлар көмегімен сәйкес гормондарды
"таниды" және " байланыстырады".
245
4. Гормон-рецепторлық өзара әсер ету клетка ішіндегі метаболитикалық процестерге
гормональды белгінің берілуінін белсенді делдалдарының синтезімен қатар жүреді, оларға
АТФ (ГТФ)-тан синтезделетін 3', 5' -АМФ(3', 5'-ГМФ) жатады, олар ферменттердің
белсенділігіне, транскрипция мен трансляция процестерінің қарқындылығына әсер етеді,
яғни клеткадағы ферменттер мөлшеріне, клеткалық мембраналардың өткізгіштігіне және
мембрана арқылы заттардың белсенді тасымалдануына әсер етеді. Циклды нуклеотидтер,
соның ішінде 3', 5*-АМФ, протеинкиназалар және көмірсулар, липидтер мен басқа да
алмасулардын негізгі ферменттерін белсендіреді, промоторлы ген арқылы транскрипция мен
трансляция процестерін іске қосады.
5. Гормон-рецепторлы өзара әсер ету простагландиндер синтезімен қатар жүреді
(Kuehl, 1970), олар арахидон қышқылының туындылары болып табылады және алғашқы рет
адамның шәует сүйықтығында ( gl. prostata сүйықтығы 1930) анықталған.
Простагландиндердің 4 тобы бар (PgE, PdF, PdA, PgB) , олар барлық тканьдерден
табылған. Соның ішінде әсіресе шәует сүйықтығында көп болады (шамамен 1 мМ).
Простагландиндердің биологиялық әсері 0,001 нМ-ден аз мөлшердегі концентрацияда
көрінеді. Простагландиндердің әсері өзі синтезделген мүшемен шектеледі. Проста-
гландиндердің синтезі мембраналардың фосфолипидтерінен А фосфолипазасының әсерінен
арахидон қышқылының бөлінуінен басталады. Бұдан ары қарайғы процесс оттегінің
қатысуымен циклооксигеназа ферментімен іске қосылады. Простагландиндердің тромбоксан
Aj сонан соң тромбоксан В-ға айнала отыра ыдырауы өкпеде және тромбоциттерде жүреді.
6. Гормон-рецепторлы өзара әсер ету мембраналардың конформациясы мен
өткізгіштігінің өзгеруіне әкеледі, клеткалық мембраналар арқылы әртүрлі заттардың
тасымалдану жылдамдығының өзгеруіне және биокаталитикалық қызметінің көрінуінде
ферментті комплекстердің функционалдық кооперациясының пайда болуына әкеледі.
Мембраналардың өткізгіштігінің өзгеруі клеткаға Са" иондарының жылдам ағуын тудырады
және осы иондар арқылы бірқатар ферменттердің белсенділігі де өзгереді, соның
нәтижесінде метаболизм және клеткалық қызметтердің өзгеруі жүреді.
Жалпы, метаболитикалық процестер мен физиологиялық қызметтердің гормональды
реттелуі мынандай кезеңдерге байланысты болады:
гормондар синтезінің қарқындылығы мен оларды эндокринды бездердің қанға бөлу
жылдамдығына;
- гормондардың белсенді түрлерінің деңгейі мен олардың залалсыздандырылуна,
Достарыңызбен бөлісу: |