Стоматология


СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІНІҢ ДЕРТТЕРІ КЕЗІНДЕ НАУҚАСТАРДЫ ТЕКСЕРУ



бет102/173
Дата28.02.2022
өлшемі2.68 Mb.
#455816
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   173
книга-хирургическая-стоматология

СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІНІҢ ДЕРТТЕРІ КЕЗІНДЕ НАУҚАСТАРДЫ ТЕКСЕРУ

Науқастарды тексеру жалпы қағидалармен жүргізіледі, оларға: шағым жинау, анамнезі, қарап, сипап (кейде екі саусақпен сипап) тексеру, шығару түтіктерінен бөлінген сілекей құрамын зерттеу. Шығару түтіктерін шұқығышпен қарау, рентгенологиялық сцинтиграфиялық, секреторлы функцияларын тексерулер, биопсия жатады.


Науқастың жасы, жынысы, жалпы жағдайы диагностикалық бағытын анықтауы мүмкін.
Сілекей бездерінің жедел үлғаюы кезінде науқастың қоршаған ортасы туралы мәліметтер жинау керек.
Кейбір дерттердің анамнезінде өзіне тән ерекшеліктері болады: бездің қақсауы сілекей-тас дерті немесе созылмалы дерттің болуын көрсетуі мүмкін.
Бөлінетін сілекейдің көлемі және сапасы туралы мәліметтерді науқастың өзінен алуға болады.
Қарап тексеру без көлемінің ұлғаюы, жанындағы жұмсақ тіндер жағдайы, жыланкөздің болуы, сілекейдің сапасы туралы анықтама береді.
Сипап тексеру арқылы бездің консистенциясы (жұмсақ, тығыз, бұдырлы), жанындағы жұмсақ тіндер туралы мәлімет алуға болады.
Бимануальды тексеру арқылы түтікте тас барын анықтауға болады. Сілекейді таңертең аш қарынға 8 тамшы пилокорпин (1) бергеннен соң шығару түтігіне канюляны енгізіп жинап, калориметриялық әдіспен РН ортасын, белоктың санын және сілекейдің қоюлығын анықтайды.
Қалыптағы жағдайда құлақмаңы сілекей безінде РН 5,7—7,6 арасында болады, белоктың мөлшері — 0,33—26,4, қоюлығы — 0.75—1,2 дейін. Төменгі жақасты сілекей безінде РН 6,9 = 7,8, белок—0,066 = 3,33, қоюлығы—1,4—1,9 дейін болады. Қалыпты жағдайда екі жақтағы сілекей бездерінің жұмысы сілекей құрамындағы белоктың мөлшері, қоюлығы сияқты көрсеткіштері бірдей. Осыған байланысты екі жақ сілекей безінің секреторлы функциясын тексере отырып ауру безді анықтауға болады.
Адам сілекейінің ққрамында 99% су, 1% еріген минералды және органикалық заттар болады. Ересек адамда тәулігіне 1,5 литрдей сілекей бөлінеді. Сілекей бездерінің дерттері кезінде олардың қызметі төмендеп, ауыз қуысы құрғақтанады.
Цитологиялық тексеру жүргізу үшін сілекейдің бір тамшысын шыны әйнекке жағады. Жағындылар (мазок) Райто-Романовский немесе Романовский-Гимзе әдісімен алынады.
Зондпен тексеруде шығару түтігінің бағытын, өзегінде конкренттің, барлығын және оның орнын, өзектің тарылуын, кейде трезиясын анықтауға болады.
Сілекей безін тексеру үшін арналған құралдар құрамында шығару түтігіне қолданылатын арнайы зондтар болуы қажет.
1. Ұзындығы 150 мм екі жақтық конус тәрізді зонд. Ол диаметріне байланысты алты түрлі болады: № 1 —диаметрі 0,8 мм, № 2—1 мм, № 3—1,1 мм, № 4—1,3 мм, № 5—1,5 мм, № 6—1,7 мм. зондтың ұштары конус тәрізді, доғал, аздап бұрыш құрайды. Бұл зондтар шығару түтіктерін тексеруге арналған.
2. Цилиндр тәріздес ілмегі бар, ұзындығы 45—60 мм зонд. Оның доғал ұшын шығару түтікке енгізіп, ал екінші ұшын ілмек арқылы ауыз қуысының шырышты қабатына тігіп қояды. Бұл зонд сілекей безінің шығару түтіктерінде немесе түтікті қоршаған жұмсақ тіндерге операция жасаған кезде қолданылады.
Сиалография әдісі. Бұл әдісті сілекей безіне рентгенография жасалғаннан соң бездердің секреторлы қызметінің өзгерісін анықтау үшін қолданады.
Контрасты заттарды енгізу үшін көлемі 2,5 мл шприц пен ұшы доғал инені қолдануға болады. Йодолиполды адам денесінің температурасындай жылытып алған жөн.
Инені сілекей безінің шығару түтігіне 0,5—1 см тереңдікке енгізіп, сілекей безінде толу сезіміне дейін контрасты зат жіберіп, біраз уақыт өткеннен соң сілекей безінде жеңіл ауыру сезімі пайда болғанға дейін тағы жібереді. Ауыз қуысындағы артық қалған контрасты заттарды тампонмен сүртіп алып сілекей безінің рентгенографиясын жасайды.
Сцинтиграф аппаратымен сцинтиграмма алынады. Графикалық казба әр түрлі нүкте және сызықшалар кестесі түрінде болады. Әр без сілекейінің қоюлығы туралы мәлімет береді. Суреттегі ақаулар без қызметінің бұзылыстарын (мысалыға склероз немесе ісіктің болуын) көрсетеді. Сцинтиграфияның басқаша сканирования, гаммаграфия деп те атайды.
Медициналық практикада жасанды радиактивті изотоптардың енгізілуі, клиникада бездердің шығару қызметінің бұзылыстарын анықтауға мүмкіндік берді. Бұл тәсіл радиосиалография деп аталады.
Бұл тәсілдің дамуына:
1) сілекей бездері әр түрлі радиоактивті изотоптарды өзіне жинап әрі сілекеймен шығара алуы;
2) сілекей бездерінде 1131 және Тс 99 жоғарғы процентте жиналуы;
3) сілекей бездері топографиясының ерекшеліктері және олардың жалғыз орналасуы сияқты көрсеткіштер әсер етті.
Бүл тәсіл 1 кг дене салмағына сәйкес радиоактивті йод (1131 ) 0,4 мкк немесе пертехнетат натрий (Тс 99 м) 150—200 мкк көлемінде жүргізіледі. Бұл препараттар венаға 1,0% физиологиялық ерітіндісімен бірге енгізіледі.
Сілекей бездерінің сиалографиясын жедел қабыну процестері басылғанда немесе ремиссия кезеңінде жүргізу қажет. Сиалоадениттің өршуі кезінде бұл әдіс тек кейбір жағдайларда ғана жүргізіледі.
Рентгенография тәсілі. Сілекей бездерінің рентгенографиялық тексеру контрасты емес рентгенография, сиалографияның әртүрлі жолдары арқылы, пневмосубмандибулография немесе осы әдістерді біріктіріп жүргізіледі. Бұл әдіс бездердің қабыну процестерін, ісіктерді, сілекей-тас ауруларын морфологиялық диагностикасында ғана емес, қызметінің ерекшеліктері туралы да мәлімет беруде ерекше маңызды орын алады.
Сиалография кезінде негізінен шығару түтіктер жүйесі (негізгі және 10— 12 дихотомиялық III—IV қатарға дейінгі) толады. Сиалограммада диаметрі 0,2 см-ге дейінгі майда түтіктер көрінеді. Ал өте майда диаметрі 5—10 мм болатын қүрылымдық элементтер — мойыншықтар, ацинустар, сілекей түтікшелері рентгенограммада айқындалмай, паренхима суретін береді. Сілекей безінің айқын көрінуі контрасты заттардың реологиялық қасиеттеріне және енгізу қысымына байланысты. Паренхиманың айқын көрінуі қалыпты жағдай деп есептелінеді (26-сурет).

26-сурет. Сілекей тас ауруының әр түрлі сатысындағы өзгерістер:
А) конкрементті ар жағындағы сілекей тістерінің түгел кеңеюі (сілекей ретенциясына тән көрініс); б) ағыс жолдарында тас болғанда және қабыну кезінде сілекей түтіктері біркелкі болмайды, кеңейген және тарылған (созылмалы сиалоденитке тән көрініс); в) тас болғанда қабыну процесінің қайта өршуі бездің тыртықтануына әкеледі. Сілекей түтіктерінің пішіні біркелкі болмайды, безде контрасты затпен толған ақауы анықталады.

Ең көп қолданылып жүрген контрасты заттарға йодолипол, йодипин, липиодол жатады, ал диотраст, кардиотраст, сергозин перпараттары сирек қолданылады.


Сілекей безіне контрасты заттарды енгізер алдында, шығару түтіктерінің өзегін босатып алу қажет. Бұл үшін сілекей маңына жеңіл массаж жасалады.
Құлақмаңы сілекей безін толтыру үшін науқастың басын шалқайтып отырғызып, ұрттың шырышты қабаты спиртпен немесе йодтың әлсіз ерітіндісімен өңделеді. Егер рентгеноконтрасты заттардың төменгі жақасты сілекей безіне енгізу қажет болса, науқастың басын алға қарай еңкейтіп, иегін жылжыту қажет.
Құлақмаңы немесе төменгі жақасты сілекей безінің шығару түтігін тапқан соң, өзегін кеңейтіп бағытын анықтау үшін зонд енгізіледі. Содан кейін диаметрі сәйкес доғал ине немесе канюля арқылы контрасты заттың 2—5 мл жібереді. Йодолипол дене температурасына сәйкес алынғаны жөн.
Канюляның үзындығы 40 мм. Ал диаметріне байланысты төртке бөлінеді: № 1—0,4 мм, № 2—0,6 мм, № 3—0,8 мм, № 4—1 мм. Канюляның үшынан 1,5 см аралықта иілген жері бар, ол 150° бұрыш жасайды. Оны „Рекорд" типтес шприцтерге тығыз орналастырады.
Сілекей бездерінің әртүрлі дерттерінде термовизиография әідісін қолдануға болады (әсіресе ісіктер диагностикасында). Бұл тәсіл патологиялық процестер аймағында температуралық реакциялардың өзгерістеріне негізделген.
Медициналық термовизиография. Бүл АГА фирмасының (Швеция) тепловизор аппараты көмегімен қараңғы, температурасы 19—20° болатын бөлмеде жүргізіледі.
Жылуды көру және термограмма жазбаларын үш проекцияда жүргізеді: алдымен екі жанынан. Термограммада беттің түрлі бөліктерінде көлемді және интенсивтігі әртүрлі сәулелену пайда болады. Сілекей бездерінің қабыну процестеріңде температураның жоғарылауы байқалады, бұл термовизор экранында сәулеленудің интенсивтігін жоғарылатады, ал қатерсіз ісіктерде қатерлі ісіктерден салыстырмалы түрде температурасы төмендеу болады.
Ультрадыбысты диагностика әдісі. Бүл тәсіл организм ағзалары мен тіндердің акустикалық параметрлерін көзбен бағалап тексеруге негізделген және әртүрлі ағзалар мен тіндердің пішіні, көлемі, морфологиялық құрылысы туралы мәлімет береді. Ең бастысы науқастарға арнайы дайындықты қажет етпейді, әрі қауіпті емес.
Бұл тәсілді жүргізу үшін, ультрадыбысты диагностикалық УЗД-4(УЗД-5) аппараты қажет. Оның жұмысы пьезоэлектр әсеріне негізделген.
Сілекей бездерінің қабынуы ағымы бойынша жедел және созылмалы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет