Стоматология


Ренттенографиялық зерттеу, арқылы анықталатын симптомдар



бет132/173
Дата28.02.2022
өлшемі2.68 Mb.
#455816
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   173
книга-хирургическая-стоматология

Ренттенографиялық зерттеу, арқылы анықталатын симптомдар.
1) Бет-альвеолды өсіндінің, көз ұясының төменгі қыр бірлігінің бұзылуы, гаймор қуысына қан кетудің салдарынан қуыстың рентген суретте анықтығының төмендеуі, көз ұясы көлемінің тігінен үлкеюі (бет сүйегінің немесе жоғарғы жақ сүйегінің бет сүйегімен бірге төмен жылжып түсуіне байланысты).
2) Бет сүйек доғасының V- тәріздес болып самайасты шұңқырына қарай жылжуы.
Бет-сүйегінің және доғасының сынығына анамнез, сырттай қарап және саусақпен басып тексеру, аксиалды және сагиталды (мұрын-иектік) проекцияда жасалған рентген суреттерінің мәліметтеріне сүйене отырып диагноз қойылады.
Бет сүйегі және оның доғасының сынықтарының емі сынған жердің орналасуына, бағытына, ығысу дәрежесіне, қосалқы зақымдарына (мидың зақымдануы) және оның айланасындағы жұмсақ тіндердің жарақаттануына байланысты.
Емі. Консервативті және хирургиялық жолмен емделеді. Консервативтік ем жақын арада болған және сынық бөліктері аз ғана жылжығанда көрсетіледі. Жалпы тыныштық, гематоманың және ісінудің алдын алу үшін 2 күн 10— 15 мин жергілікті мұз қою. Ауыздың ашуын шектеу, сұйық тамақ тағайындалады.
Гаймор қуысының бүтіндігі бұзылмай, сынық бөліктері азғана ығысқан бет сүйегі сынығында үш тәулікке дейін сынықты ауыз қуысының ішінен (саусақты, Буяльский күрекшесімен) орнына салуға болады.
Саусақты тәсіл хирург сұқ саусағын немесе үлкен саусағын ауыз қуысы кіреберісінің артқы бөлігінің жоғарғы жағына кіргізіп, ал екінші қолының саусақтарымен сынықтың дұрыс салынғанын бақылай отырып сынықты орнына салады.
Қазіргі кезде бет сүйегінің және оның доғасының сынықтарының көптеген оперативтік ем тәсілдері баршылық. (Дубов, Е. Ю. Брагин, Матас-Берини, Ходарович, және Баринова В. Н. тәсілдері). Біз жиі қолданатын хирургиялық ем тәсілдеріне тоқталайық.
1. А. А. Лимберг тәсілі 10 тәулік ішінде қолданылады. Орнынан жылжыған бет сүйек және оның доғасының сынығын, терідегі тілік арқылы арнайы көлденең орналасқан сабы бар ілмекпен іліп алып сыртқа және жоғары тартып орнына салады (44-сурет).

44-сурет. Лимберг ілмегімен бет сүйегінің сынығын репозиция жасау.
2. Бет сүйегі және көз ұясының төменгі қабырғасының сынығын айбат шүңқыры және жоғарғы жақ қуысы арқылы орнына салу.
Айбат шұңқырының аймағында, өтпелі қатпарда тілік жасап шырышты сүйек қабығынан тұратын қиындыны ілмекпен жоғары көтеріп айбат шүңқырын ашады. Гаймор қуысының алдыңғы бүйір қабырғасынан тесік жасап, ол арқылы қуыстағы қан ұйындысын, майда сүйек жарқыншақтарын алып тастайды. Сонан соң саусақпен қуыстың қабырғаларын тексеріп оның сынған жерін және көз ұясының қабырғасы қаншалықты қуысқа кіргенін анықтайды. Гаймор қуысы қабырғаларын, бет сүйегі сынығын, антибиотиктер ерітіндісі, май сіңген дәкемен қуысты толтыру арқылы орнына салынады. Колдуэлл-Люк тәсілімен гайморотомия операциясындағыдай қуыста жұмсақ резинадан түтік қалдырады, оның бір ұшын мұрын қуысынан шығарып қояды.
Өтпелі қатпардағы жараға тігіс салып, 2 күннен кейін тампонды алып тастайды.
Қарағанды медициналық институтының хирургиялық стоматология кафедрасының клиникасында гайморотомия операциясынан соң қуыстың қабырғаларын гетерогенді іш пердемен қаптап үрмелі балонның көмегімен ұстатып қояды. А. В. Клементов, Б. Я. Кельман т. б. қуысты йодоформды тампондауды ұсынады.
3. Сүйекке тігіс салу. Бет сүйегінің сынығын самай немесе ауыз қуысының ішінен жасалған тілік арқылы распатормен орнына салған соң бет-маңдай және бет-жоғарғы жақ аумақтарында қосымша 2 тілік жасап, сынық сызығының екі жағынан бормен тесіктер жасап, одан диаметрі 0,4—0,6 мм болат сым өткізіп ұштарын бір-біріне байлау арқылы сынық бөліктерін бекітуді ұсынады. 4. Н. А, Шинберев бет сүйегі сынығын Лимбергтің бір тісті ілмегімен гипстелген бас қалпағына бекітуді ұсынады.
5. Матас-Берини тәсілімен сынықты сым тұзақпен салу. Бассинидің иілген үлкен инесімен жіңішке сым тұзақты самай етінің аралығына кіргізіп сынықты тұзаққа іліп алып орнына салып бекітеді.
Нәтижелері. Сынық бөліктерін уақтылы, орнына дұрыс салып бекіткен жағдайда асқыну болмайды.
Функционалды өзгеріске ұшырамаған сүйек сынығына 1 жылдан астам уақыт өтсе косметикалық ақауын жою үшін контурлы пластика жасаған жөн.
Ал бет сүйегі сынып төменгі жақ сүйегінің қызметі бұзылғанына 1 жылдан асқан жағдайларда тәжді өсіндінің резекциясы немесе бет сүйегінің доғасына остеотомия операциялары жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет