Үшкүл нерв жүйесінің невралгиясы
Бұл симптомкомплекс (белгілер жинағы) ішінде өте ауыр, азапты ауру. Клиникалық практикада қаталдығы, қауіптілігі, азаптылығы жөнінде үшкүл нервтің невралгиясына тең келетін белгі жоқ. Осымен қатар, бұл дерт организмдегі нервтер дертінің ішінде бірінші орын алады (Л. И. Луссен 1936).
Үшкүл нерв неврологиясының негізі афференттік, анималдық, вегетативтік нерв тіндерінің бұзылуынан болады. Оның бұзылған жерінен қозу (ирритация) диэнцифалды аймаққа (гипоталамус) және ми қабығындағы сезіну ядросына тарап, онда қозу ошағы пайда болады. Сыртқы ауыру туғызатын күштердің салдарынан ирригатация ошағы қозады және ол бұзылған нерв жүйесіне тарайды.
Этиологиясы және патогенезі. Қазіргі кездегі көзқарас бойынша үшкүл нервтің невралгиясы көп этиологиялық болып есептеледі. Көптеген авторлар этиологиялық факторлардың көбісін нерв шығатын сүйек көзінің тарылуынан деп есептейді. Өйткені үшкүл нервтің екінші тармағында кездесетін невралгия ауруларының ішінде 31 % көзасты тесігінің тарылуынан пайда болған (О. Н. Савицкий 1973), ал үшкүл нервтің үшінші тармағының невралгиясында 0,25% төменгі жақ өзегінің стенозы байқалған (В. М. Мар-кунас 1 98 1, В. И. Сабалис 1972). Сондықтан В. А. Карлов (1991 ж.) бүл нерв жүйесінің невралгиясын компрессиялы радикулоневропатия деп атайды.
Басқа этиологиялық себептер ішінен инфекциялық уланулар (токсикалық, грипп, тонзилит, гайморит, одонтоненді қабынулар), нерв тіндері қоректенуінің буұылуы (атеросклероз, гипертониялық дерт), арохноидит кезінде ми сүйығының бұзылуы, жалпы зат алмасуының бұзылуы, шайнау аппараттары жұмыстарының бұзылуы мен жарақаттары.
Ертеректен бері невралгияны келесі екі топқа бөледі: 1) Алғашқы немесе эссенциалды, идиопативті, таға тәрізді, әдеттегі; 2) Қосымша немесе симптоматикалық. Бірінші топқа этиологиялық себептері табылмаған невралгияны енгізеді. Олардың саны диагностикалық техниканың өсуіне байланысты азаюда.
Симптоматикалық (қосымша) невралгия — алғашқы невралгияның асқынуынан пайда болатын белгілер жиыны.
В. Е. Гречко үшкүл невртің невралгиясын негізгі екі топқа бөледі: 1) Негізгі себебі орталық нерв жүйесінде орналасқан невралгия.
2) Негізгі себебі шеткі нерв жүйесінде орналасқан невралгия.
Негізгі себебі орталық нерв жүйесінде орналасқан үшкүл нерв невралгиясы көбінесе 46—60 жас арасындағы әйелдерде кезде-седі (3 : 2). Бұндағы басты себеп қан жүйесі және ішкі бездер жұмысының өзгерістері болып есептеледі.
Клиникасы. Үшкүл нерв тармақтарының бірінде немесе бірнешеуінде ұстамалы азапты аурудың пайда болуы.
Ауру ұстамасы бірнеше секунттан бірнеше минутқа дейін созылып, ол бірқатар науқаста бір тәулік ішінде бірнеше рет, ал басқаларында жиі-жиі қайталанады.
Ұстамалы ауру күйдіргендей, оқпен атқандай, жұлып алғандай, кесіп, тығып алғандай, „электр тогымен ұрғандай" т. б. болып сипатталады. Олар кенеттен басталып кенеттен тоқтайды. Ұстама аралығында әдетте ауырмайды. Бірақ ұзаққа созылған (бірнеше айлар, жылдар) дерттер кезінде белгісіз аумақта сипауға болмайтын ауырсынулар пайда болады.
Кейбір жағдайда ұстамалы ауыру белгілі бір тригерлік немесе алгогендік деп аталатын аймақты қоздырғанда пайда болады. Бұл аймақты „шүріппе аймағы" деп те атайды. Олар бет, терісінде, ауыз қуысының кілегей қабығында, тіптен тістерде де орналасуы ықтимал. Бұл нүктелерді сәл ғана сипаса, тіптен аздап жел тисе болғаны ауру ұстамасы басталып кетеді. Сол себептен ұстама кезінде бүл науқастар сөйлей алмай, ауру қоздыратын нүктені тек саусақпен нұсқап көрсетеді.
Науқас ұстама кезінде үрейлі қорқыныш сезімімен бір орнында жылжымай тұрып қалады. Ауырған нүктені қатты басып уқалай бастайды. Өйткені қатты қоздырғыш ауыру сезімін басады. Үшкүл нерв вегетативті түйіндермен байланысты болғандықтан ауру ұстамасы кезінде вегетативті нерв жүйесі жұмысының бұзылу белгілері байқалады. Олар жалпы бет терісінің қызаруы (гипере-мия), тер шығу (терлеу), жүрек соғуының жылдамдауы, жас ағу, сілекей көбею, ринорея т. б. көріністермен сипатталады.
Көбінесе ұстама кезінде мимикалық шайнау бұлшықеттерімен қатар, мойын еттері рефлекторлы жиырылуы мүмкін. Ұстаманың алдында (30—35%) парестезия, бет жыбырлау, тісте және жақ сүйектерінде сыздағандай ауыру, жансыздану, гипергидроз, „тіс ұзару", ыстық немесе суық әсері, қышыну, беттің қызаруы тәріздес көріністер пайда болады. Бұлар бірнеше күннен 1,5 айға созылады. Сондықтан осы арада науқастар тіс жұлғызу, басқа сто-матологиялық әрекеттер жасатуға стоматологтарды мәжбүр етулері мүмкін. Объективті белгілердің қатарына Ваилл нүктелерін басқанда пайда болатын ауырсынулар жатады.
Үшкүл нервтің II, III тармақтары қосылып ауыруы мүмкін, ал I тармағы бөлек ауырады. Бірінші тармақ невралгиясының диагнозын қойғанда өте мұқият болу керек. Өйткені онда фронтит, тромбоз, жергілікті қабыну процестерінің белгілері болуы мүмкін.
Негізінде невралгия тек біржақты болады, кейде екіжақты да кездеседі.
Емі. Емдеу әдістері консервативті және хирургиялық болып бөлінеді.
1. Дәрілер арқылы емдеу тәсілдерінде тырысуға қарсы (финлепсин, тегретол, стазепин), антидепресанттар, седативті препараттар, ми қан айналымын күшейтетін, спазмалитиктер, қан тамырларын ұлғайтатын, никотин қышқылы, алоэ т. б. дәрілер қолданылады.
2. Физикалық тәсілдер: Дарсонвализация, Бернар тогі, электрофорез, иглорефлексотерапия.
Консервативтік тәсілдер нәтиже бермеген жағдайда хирургиялық тәсілдер қолданылады.
1. 0,5—1% новокаин немесе тримикаин ерітінділерін нерв шығатын тесіктерге жеткізу арқылы инъекциялық емдеу. Ол үшін 5 мл ерітінді жетісіне 2—3 рет, курсына 15—20 инъекция жасау.
2. Гемоновокаин блокадасын Жасау. Ол үшін гепаринделген 20 мл шприцпен тамырынан 10 мл қан алып оған 0,5% новокаин ерітіндісін қосады. Осыдан кейін өткізгіштік жансыздандыру тәсілін қолданып ауырған сүйектен шығатын жеріне инъекция арқылы жеткізеді. Жетісіне 2 рет, курсына 5— 10 инъекция. Бұл әдіс өте жақсы нәтиже береді.
3. Алкоголизация. 2% новокаин ерітіндісін 80% спирт ерітіндісіне қосып ауырған нервті шығатын жерде химиялық әдіспен күйдіру. Ескерте кететін жағдай, бұл әдісте нервтің химиялық күйдірген жерінде біртіндеп фиброз тінімен қатар, нерв тіні пайда болады, сондықтан келесі жіберілген дәрілер нерв өткізгіштігіне әсер етпей ауыру қайталанады.
4. Гидротермиялық деструкция. Бұл әдісті біздің елде бірінші болып Изаков қолданды. Екі рет дистилляция жасалған ыстықтығы 95—100° суды үшкүл нервтің жалпы ядросы жатқан Меккель қойнауына, рентген сәулесі арқылы қадағалап, инъекция арқылы жібереді.
5. Қазіргі кезде нерв шығатын сүйек тесіктерін кеңейту операциясы кеңінен қолданылып келеді. Ал нерв бағанын кесу операциясын өте қажет болғанда ғана нейрохирургтер жасайды.
Негізгі себебі шеткі нерв жүйесінде орналасқан үшкүл нерв невралгиясы. Бүл невралгия патологиялық процестердің үшкүл нервтің әрбір бөлігіне әсер етуінен пайда болады. Оның орталық нерв жүйесінде орналасқан үшкүл нерв невралгиясынан келесі клиникалық айырмашылықтары бар.
1. Әдетте ауыру сезімі патология орналасқан аймақтан баста-лады (ісік, қабынған жерде, жарақат т. б.).
2. Үшкүл нерв тармақтарының бойымен таралатын ауыру сезімі ұстамадан бұрын науқасты көп уақыт өте қажытады.
3. Ауру ұстамасы күшейіп көпке (сағат, тәулік) созылып бірте-бірте баяулайды.
4. Новокаин және спирт-новокаин блокадалары аз уақытқа ұстаманы тоқтады, кейін қайта басталады.
5. Аналгетиктер жақсы терапевтік әсерін тигізеді. Ал фенлипсин, тегретол қабылдағанда, олардың нәтижесі аз, кейбір науқастарға ешбір әсер етпейді.
6. Жұмсақ тіндер қозғалмайды және алгогендік (шүріппе) нүктелер жоқ.
7. Тригиминалды синдромның себебін жойғанымен ұстамалы ауыру сезімі тоқталмайды. Бұл жағдайдың мәнісін В. Н. Крижановский (1976) эксперимент арқылы шешті. „Қандай бір невралгияның түрі болмасын оның соңғы кезеңінде себебі орталық нерв жүйесіне ауысады" деп жазды. Бұл өте қажет тұжырым, өйткені стоматолог өзінің күнделікті жұмысында түсініксіз жағдайға кезігеді. Дерттің себебін, мысалы ауру тісті жұлғанмен, науқас ауыру сезімімен дәрігерге қайта келеді.
Негізгі себебі шеткі нерв жүйесінде орналасқан үшкүл нерв невралгиясының келесі негізгі түрлері: одонтогенді үшкүл нерв невралгиясы, тіс плексалгиясы, герпестен кейінгі үшкүл нерв невралгиясы, Гассер түйінінің бұзылуынан болған невралгия, үшкүл нервтің басты тармақтарының невралгиясы.
Одонтогенді үшкүл нерв невралгиясы. Бұл көбінесе 60—70 жастар аралығындағы әйелдерде кездеседі. Невралгияның басты себептері: тістің қиын жұлынуы (көбінесе „ақыл" тіс); тіс ұясында түбір немесе сүйек жарқыншағының қалуы; пульпит, периодонтит; ауыз қуысында гальванизм құбылысы, ауыз қуысының кілегей қабығын зақымдайтын немесе тістесуді бұзатын нашар салған пломбалар мен протездер; парадонтит, гингивит.
Одонтогендік невралгияның негізгі клиникалық белгісі тұрақты ауыру сезімі. Науқас ауыру сезімінің мына түрлеріне шағым жасаулары мүмкін: сыздау, сырқырау, шаншу, қышу. Ауру адамды қатты қинайды. 20 минуттан бірнеше сағатқа тіптен тәулікке созылатын ұстама пайда болады. Ауыру сезімі біртіндеп күшейіп барып басылады.
Ауыр жұмыс, ауа райы, жағымсыз жағдайлар ауыру сезімін қоздырады. Ұстама аралығында аздап сыздап ауыру сезімі қалады.
Емі. Аналгетиктерді транквилизаторлармен қосып тағайындаумен қатар, В және С тобындағы витаминдер, КІ электрофорезі, ұстама кезінде вегетативтік белгілер пайда болуы мүмкін. Ауыру сезімі тек бір нерв иннервациялайтын аумаққа тарайды. Оны дентальды плексалгия деп 1973 жылы В. А. Гречко енгізді. Көбінесе 30—70 жас аралығындағы әйелдерде кездеседі.
Этиологиясы. „Ақыл" тістердің қиын жулынуы, жақ сүйектеріндегі операциялар, бір уақытта бірнеше тістердің жұлынуы, пломба жасаған заттардың нерв тіндерін зақымдауы т. б.
Ауыру сезімі тек тістерде немесе олардың орындарында пайда болып, басқа жақтарға таралмайды және үнемі сыздап ауырады, көбінде түнде басылады.
Одонтогенді невралгия мен дентальды плексалгия емдері комплексті. Ауруларды мұқият зерттеп, себеп болған факторларды жояды. Айта кететін жағдай, осыдан кейін ауыру сезімі басылмайды. Сондықтан науқастарға аналгетиктер, антигистаминді препараттар, В витаминдері тағайындалады. Иглорефлексотерапия жақсы нәтиже береді.
Физикалық әдістер ішінен диадинамика тогын, ультрадыбыс, УЖЖ-терапия, УКС, новокаинмен электрофорез тағайындауға болады. Айығу кезінде лаймен емдеу, парафин, озокерит биостимуляторлар (алоэ экстрактісі, шыны тәріздес зат) қолданылады.
Үшкүл нервтің қозғағыш тобының бүзылуы. Бұл дерттің негізгі белгісі салдану, жақтың қарысуы (тризм) болып табылады. Ми бағаны аймағында орналасқан ісік, қан жүйесінің бүзылуы, кене энцефалиті, күшпен зақымдану салданудың негізгі себептері болып табылады.
Науқастарда шайнау бұлшықеттерінің салдануы ауырған жағында пайда болады. Ауызды ашқанда төменгі жақ ауырған жаққа қарай жылжиды. Көпке созылған дерттің әсерінен шайнау, самай бұлшықеттері солып, семеді. Оларды көзбен көріп, саусақпен ұстап анықтауға болады. Бұлшықеттердің көлемін сау жағымен салыстырып көрген жөн. Үшкүл нервтің қозғағыш тобының бұзылуы екіжақты болуы ықтимал. Ол кезде төменгі жақ қозғалысы шектеліп, төмен түсіп ауыз жабылмайды. Екіжақты зақымдану үшкүл нервтің орталық нейронының ядро үстіндегі жолының бұзылуынан болады. Бүл нейрон орталық мидың алдыңғы қатпарын үшкүл нервтің ми өткелінде орналасқан қозғалту ядроларымен қосады. Үшкүл нервтің қозғалтқыш талшықтарының қоздыру синдромы шайнау және самай булшықеттерінің қарысуымен сипатталады. Тризм үшкүл нерв невралгиясы қозуының, сіреспенің, құтыру дерттерінің синдромының бірі болып есептеледі. Бірақ көбінесе бүл белгі жақ-бет аймағының бұлшықеттерінің қабынуы және ішкі қанатша еттің жансыздандыру кезіндегі зақымдануынан болады. Бұл уақытта шайнау бұлшықеттері жанды қинап, сіресіп, жиырылады. Төменгі жақтың қозғалуы шектеліп, тістері тістесіп, аурудың тамақтануы, сөйлеуі бұзылады. Ауыздың үзақ уақыт жабылуына байланысты ауру жүдеп, әлсіреуі мүмкін.
Емді психотерапиялық әңгімеден бастаған жөн. Седативті, бұлшықет релаксанттарын тағайындайды. Ал шайнау бұлшықеттерінің қабынып қарысуында негізгі дерттің емі механо-және физиотерапия.
Достарыңызбен бөлісу: |