Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 39 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет38/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 39 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 38



Стр. 40

Қазақстанның ашық кітапханасы


39
ұсынғанда, басқалармен бірге байсалды басып барып, мен де алдым. Басқа шеберлерше
маңызданып тұрып, мен де жауап қайтардым. Сезімнің аяғында, басқалардың ыңғайымен
— жасасын планын артығымен орындап, бәйге алған шаш алғыштар! —деген сөз
аузымнан шығып кеткенде, қайда кірерімді біле алмадым. Екі бетім жанып бара
жатқандай, екі құлағым дуылдап кетті.
Шынында да басқа бірдеме айту керек еді. «Жасасын шаш алғыштар!» деген әрі ерсі, әрі
есердің ғана аузына түсетін сөз. Бірін-бірі көзінше мақтап, сыртынан ішін кептіре
жамандап жүретін шаш алғыштардың алақан соққаны маған не керек еді! Осы бәйгенің
қақпан-тұзақ емес екеніне кезім жете ме?
Алған бәйгемді буулы күйі үйдің бұрышына тастай бердім де, жылжып шығып кеттім.
Буып келген ызадан темір білекке біраз айналған соң ғана арыла бастап ем, үйге кіре
бергенде қайта бас салды.
Қисық бір көшелерге Пушкин, Лермонтов аттары қойылғанын көргенде, Шеген қатты
назаланушы еді. Болмаса, кім болары белгісіз жаңа туған балаға үш-төрт көсеміміздің
атын қосақтап бір-ақ қойғанын естісе, күйіп-пісіп, ыза болып қалатын.

Ұлы сезімді ұсаққа айырбастау, ұлы адамдарға өзі надандық белгісі! Қасиет қадірін
кетірмеу керек.
Немене, Шеген болдым деп жүрген жігітіңіз ұлы сөзді шаш алғыштарға арнап айтты.
Мұны естісе Шеген маған:
Пішту, пішту!—дер еді, ең ұнатпағандағы мазағын көрсетті.
Бөлмемізге кірсем, Бораш жүруге әзірленіп жатыр екен.
Стол үстінде көмірі қызық әтек тұр. Бары-жоғын сылап-сипап, баппен әтектең шамаданға
салып жатыр. Орамалдары аппақ, ұйықтары тап-таза...
Ақыры артист болуға бел байладың ба? — дедім,
Бораш келіп, мені құшақтай алды да:
Даусыңнан басқа өнерін, жоқ болса, амал не, Костя Мен бір жарымжан адаммын ғой,—
деді. Бораш та алтыға шығып, енді ересек тілімен сөйлейтін болғаны арада есіме түсті.
Күздігүні мен де Москваға келем. Тағы да бірге барармыз,— дедім, Борашқа емес, өзіме-
өзім сүйемел жасап.
Әлі бір түн бірге болып, таңертең Борашты вокзалға салатыным көңіліме едәуір жеңілдік
бергендей, ойпаң күліп отырғанда манағы сөзім де ұмытылар деп ойлаймын. Бірақ түйнек
түйіліпті де тас болып, шиеленісіп қалмапты. Кейде осы күнге дейін есіме түсіп кеткенде
түн бойы аунақшып шығам.
Ертеңіне Бораш Москва консерваториясына жүріп кетті де, мен баяғы «шаштаразға»
келдім. Бас маман:

Бәйгеңді ұмытып кетіпсің ғой, Костя! Ақшаңды біреу алып қойса қайтер ең? Мен
кассаға салдырып қойдым. Бүгін ұмытпа, ал!—деп, кешегі буылған нәрселерді менің
алдыма әкеліп қойды. Жарамның аузы алынғандай, я болмаса, біреу басыма теуіп
қалғандай болды. Кешке дейін әрең шыдап шықтым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет