Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 40 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет39/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 40 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 39



Стр. 41

Қазақстанның ашық кітапханасы


40
Бұл күнге дейін әр адамның басынан бір қасиет тауып қалатын едім. Бүгін ол қасиетті
іздеген де жоқпын, байқаған да жоқпын. Істейтін ісің үлкен болсын, кіші болсын, ішің
жылынып, жаның, риза болатын бір қасиеті кез алдыңнан кетпеуі керек. Одан айрылған
күні, ол жұмыстан сен де без!
Енді өзімді тексеріп қарасам, бес минутта бір бастың, шашын сыдырып тастап:

Келесі кезек кімдікі! Отыр!—деуге салынып барады екем.
Тағы бір басты сыдыртып жатып, есептесем, осында алты жүз алпыс күнім өтіпті!
Мағынасыз өткен бос өткен өмір осындай-ақ болат та!
«Он жетіге келдің, не бітірдің?— деймін өзіме-өзім. — Жақсы-ақ, жеті жылдықты
бітіріпсің. Өте жақсы! Бірақ «Өте жақсыны» маңдайыңа жапсырып жүремісің? Одан
арғың не болмақ?»
Адам бұл жасында да өзімшіл болса керек. Өзімді-өзім жұбатып:
«Өмірді адам күнбе-күн, жылма-жыл санайтын ба еді... Оқуға түскен жылым... Мектепті
бітірген жылым... Москваға барған жылым... Комсомолға кірген жылым деп, өмірінің әр
жеріне бір-ақ ат байлап есептейді»,— деймін Бұл өмірінің оңай есебі, жайлы есеп екенін
біле тұра, ойым осылай қарай қыңыратқи береді. Лаға беруден тізгін тартар жерге жетіп
қалған екем! Осы күнге дейін ешкім ескермесе, өзіңе-өзің ұнамай бастасаң, ісіңнен
жиренсең, дүниеде не бітіргенің? Есепсіз еткен кеп күндердің бір сұрауы болатын шығар!
Ойым осыған тоқтады да, әлденеге бел байлап ертеңіне «шаштаразға» келмей қалдым.
«Шаштараз» деген немене өзі? Бұ да өнер ме? Тым болмаса, дені дұрыс аты да жоқ!
Қазақта «тараз» деген сөз де жоқ. «Таразы» болса, бірдемені өлшейтін, таразыға тартатын
жер. «Тараз» болсаң да аулақ, тағы бірдеме болсаң да аулақ! — деп, біржола қош
айтыстым. Ораулы күйінде бәйгем де қалды.
Қараңғы бөлмеде жалғыз жатып ойлансам, Шегенмен арамызға да бір қақ тұрып
қалғандай көрінді. Шегеннің Борашқа жазған хаттары жылырақ, жаны ашыған,
жақынырақ жанның жазғанына ұқсайды. Маған жазғаны жалпылау көрінеді. Борашқа
«дауысыңды сақта, консерватория не депті, аяғың қалай?» деп, баурына тарта жазғандай
көрінеді де, мені арқадан ғана қаққандай көрінеді.
Шеген менің ең жақсы көретін адамым. Оған теңдесер, оның орнын басар жолдасты әлі
таба алғаным жоқ. Әрі аға, әрі дос, әрі асқан тәуекелшіл, әр кезде ой сала жүретін жолдас.
Қолыңнан келеді, істей аласың, деп алға сүйрейтін бір адам болады да, істей алмайсың
деп, ерегістіру, қайрау арқылы сүйрейтін бір адам болады. Бұл екі түрлі мінез, екі түрлі
адам, бірақ тілектері бір. Бірі жаныңа жайлы тиеді, бірі қатал тиеді. Шегенде осы мінездің
екеуі де бар. Екеуі де қарқылдай күліп, аяусыз мысқылдап, намысқа сүйрейді, кейде
ақжарқын, желдей есіп, жігеріңе тиіп беріп жібереді. Сол Шеген аздап салқын тартқандай,
үстіртірек қарай бастағаны байқалады.
Шеген менің «шаштаразға» ілегіп қалғанымды білетін. Мен онымды мақтанып жазған
жоқпын, қалай ілегіп қалып қайғымды шерте жазғанмын. Оның қайтарған жауабы:
Балапан торға жем іздеп түскен екен. Енді амалдап менен құтылып көресің де!»— болған.
«Жем іздеп» деген шындыққа жақын болғандықтан жаныма қаттырақ тиіп кетіп еді,
салқындау содан басталды білем. Ойыма осы бір болмашы түсе қалып еді, құрыққа тырық
жалғанып, аржағы тарақандай балалап кетті. Менің оған еліктейтінім де, басқалардан
қызғана қарайтыным ұқсамайтын болып шықты. Бораш жүріп кеткен соң, енді Шеген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет