Стр. 56 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 55
Стр. 57
Қазақстанның ашық кітапханасы
56
орнап, іргесін берік жайған. Сағат санап өкірген завод айғайында «Өткен сағаттың есебін
бер!» деген әмір де бар. Лықсып кеп құйған Жайық пен шалқып жатқан көкжал Каспий
сағасына орнаған қаланың құлы да, қожасы да. Жаудай алысады, жаттай сынасады,
жеңілсе құшағын ашады. Қазір, кешегі тәулік етті, міне жаңа күн басталды десіп, заводтар
үн қоса хабарласып жатыр.
—
Кешегі күннің есебін жібер!..
Теңіз демін кең алады. Теңіздей шалқып, толқындай у:іын құлаш сермеуге үйретеді. Кең
бол,— жайдары, кекті бол,— түнерген терең бол — мендей, деп жатады.
Батыр біткеннің, бәріне тапсырып, бетімнен үш қайтара « үйді де апам:
—
Ал, күнім, жолың болсын! —деді.
Айдаш ағалық істеп, ақыл айтып:
—
Әскер тәртібі қатты болады дейді... Тым болмаса, колхоздың тәртібін де көрген жоқ
ең... Аяғыңды байқап бас, бала. Тентектікті қойып па ең? — деді.
Жақсы тілек тілеп жатқан шеше сөзі жаныңды жылытқандай, майда тиеді. Көзіңе жас
әкеледі. Жүрегіңді алау-жалау етіп бара жатқан тағы бір нәрсе бар. Ол Ақботаның берген
тұмаршасы. Сия қарындашты жалап жіберіп: Ұмытпаймын, сен де ұмытпа!»—деп
жазыпты. Екеуміз ұмытпайтын неміз болып еді, оны екеуміз де білмейміз. Мүмкін, оны
жүрегіміз ғана білетін шығар. Бірақ көз бен құлақ куә боларлық еш нәрсені білген емеспіз.
Сол білмеген бойым жүріп те кеттім...
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Шекараға Николай Шуруп екеуміз бір күнде келіп едік. Содан бері екі жыл өтті. Бөлмеміз
қашанда бірге, төсегіміз қатар, біріміздің етігіміз бірімізге қарап тұрады. Шекараның бұл
бөлімінде екеумізден асқан дос та жоқ. Күзет жұмысындағы әскерлік қатал тәртіп, ара-
тұра айқасу болып қалғанда, жолдасың қаны мен жанын бірге ала жүгіріп, тізе қосатыны
достық дегенге ерекше бір мән береді. Дос жүректері қосыла соғып, ой-тілегің бірге өріліп
кетеді. Ар-ұят, намыс-кек, бәрі ортақ болған соң, әскер достығы терең бір мағына табады.
Оның үстіне мінез үйлесе кетіп, ой өрісі бір болса, ондай екі жауынгердің арасынан қыл
өтпейді. Бірге қуанып, бірге ұялады, бірге қынжылады.
Николай екеуміздің осындай жайымызды аңдап, шекара күзетінің бастығы, бізді ылғи
бірыңғай, ылғи бір уақытта жіберетін болды. Кейде күзетке келе жатқанда үзілген
әңгімеміз, күзеттен қайтқанда дәл манағы жерінен қайта жалғанып кетеді. Айтыспаған
сырымыз да жоқ, ақылдаспаған арманымыз да жоқ. Екі жылдың ішінде Коляның бар
қырындысын мен ақтарып болдым, менің бар сырымды ол жатқа білетін болды. Әдемі бір
ақ қайың көрсе, Николай:
—
Тап сенің Ақботаңдай екен! — деп те қояды.
Екеуміздің достығымызды ұлғайта түсетін тағы бір әулекілігіміз бар: екеуміз де «бокс»
ойынында жұдырықтасуға бірге түсеміз. Салмағымыз да бірдей, өнеріміз де бірдей. Кейде
ол қапы кетеді, кейде мен қапы кетем. Сонда ғана бірімізді-біріміз бірер жұдырық ағалап
шығамыз.
Шекарада екеумізді тізе айырмайтын «аяқси» деп атап кетіпті. Әрі грек заманынан қалған
ат болса да, оған екеуміз де қысылмаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |