Строительные нормы и правила рк предприятия розничной торговли



бет8/13
Дата19.06.2016
өлшемі1.17 Mb.
#147878
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

2-кесте



Сауда залының көлемі, мың м3

Ғимараттың

отқа төзімділік дәрежесі



Сауда залының ең алыс нүктесінен жақын эвакуациялық шығу есіктеріне дейінгі ең үлкен арақашықтық м, сауда залы ауданынан негізгі эвакуациялық өтпелер %

25 % және одан артық

25 % кем

5-ке дейін

I, II

50

25

III

35

15

IV, V

25

10

10

I, II

65

30

III, IV

45

20

10-нан артық

I, II

80

35

Ескерту - Сауда залы көлемінің аралық мәнінде біршама алыс нүктеге дейінгі ең үлкен арақашықтық интерполяция бойынша анықталу керек.


4.3.6 Эвакуациялық жолдарды есептеуде эскалаторлар ескерілмейді.

4.3.7 Эвакуациялық жолдарды есептеу үшін дүкеннің сауда залында бір мезгілде болатын сатып алушылар санын бір адамға 3,0 м2 сауда ауданы есебінен қабылдау керек. Егер жобалауға берілген тапсырмада дүкендердің сауда залдары аудандарын кейін кеңейту қарастырылған болса, онда бұл кеңейтуді эвакуациялық жолдарды есептеу кезінде ескеру керек.

4.3.8 Сауда залдарындағы негізгі эвакуациялық өтпелердің енін төмендегі есептен кем емес етіп қабылдау керек:

1, 4 м - сауда ауданы 100 м2 дейін (қоса);

1,6 м - сауда ауданы 100 м2 -ден 150 м2 дейін;

2,0 м - сауда ауданы 150 м2-ден 400 м2;

2, 5 м - сауда ауданы 400 м2-ден.

Айналмалы есіктер, бақылаушы-кассирлер кабиналары арасындағы өтпелер және сауда залынан есептік торап бойымен сырт жағындағы өтпелер ауданы негізгі эвакуациялық ауданына қосылмайды.



4.3.9 Сауда залынан эвакуациялық шығулардың (есіктердің), сондай-ақ сауда залын қызметтік сатымен қосатын өтпелердің (дәліздердің) ені 3-кестедегі есепке сай, бірақ 1,2 м кем емес деп анықталу керек.

Саты белдеуінің (немесе пандусының) енін сатыға (немесе пандусқа) шығатын эвакуациялық шығулардың біршама үлкен енінен кем емес деп қабылдау керек.


3-кесте


Сауда залының көлемі, мың м3

Ғимараттың

отқа төзімділік дәрежесі



Сауда залы ауданынан негізгі эвакуациялық өтпелер ауданы %, сауда залынан шығатын эвакуациялық шығу енінің 1 метіріне келетін адам саны

25 % және одан артық

25 % кем

5-ке дейін

I, II

165

75

III,

115

50

IV, V

80

40

10

I, II

220

100

III, IV

155

70

10-нан артық

I, II

275

125

Ескерту - Сауда залы көлемінің аралық мәнінде ең алыс нүктеге дейінгі ең үлкен арақашықтық үлкен жағына тұтас көлемге дейін дөңгелектеп интерполяция бойынша анықталу керек.


4.3.10 Отқа төзімділігі І және ІІ дәрежелі дүкендерде (жеке тұрған ғимараттардағы немесе басқа мақсаттағы ғимараттарға орналастырылған) шығыңқы ірге қабаттан (немесе бірінші жерасты қабаттан) бірінші қабатқа дейін немесе бірінші қабаттан екінші қабатқа дейін ашық сатылар немесе көлбеушелерге жол беріледі. Мұнда осындай сатылар немесе көлбеушелер вестибюльге, сондай-ақ басқа да бөлмелерге шыға алады. Отқа төзімділігі І және ІІ дәрежелі дүкендерде (жеке тұрған ғимараттардағы немесе басқа мақсаттағы ғимараттарға орналастырылған) бесінші қабатты қоса алғанда ашық сатыларға жол беріледі, бірақ екінші қабаттан жоғары ашық сатылы бөлмелер түйісіп тұрған дәліздер мен басқа бөлмелерден өртке қарсы 2-типтегі аражабындармен бөліну керек. Автоматты өрт сөндіру жасалғанда барлық ғимаратта дәліздер мен басқа бөлмелерден ашық сатылы бөлмелерді өртке қарсы аражабындармен бөлмеуге жол беріледі.

Ашық сатылар мен көлбеушелерді тиісті сауда залындағы сатып алушылардың тек жартысы үшін ғана эвакуациялық жолдар есебінде ескеруге жол беріледі, ал қалғандар сатып алушыларды эвакуациялау үшін екіден кем емес саты алаңын қарастыру керек.

Ашық саты немесе көлбеуше ұзындығын сауда залының біршама алыс нүктесінен жақын эвакуациялық шығуға дейінгі арақашықтыққа қосу керек (2-кесте бойынша). Осы сатының немесе көлбеушенің ауданын негізгі эвакуациялық өтпелер ауданының құрамында есепке алмау керек.

Қоғамдық немесе сауда орталықтарының, сондай-ақ басқа да көп қызметтік ғимараттардың жерасты немесе шығыңқы ірге қабаттарында орналасқан дүкендерде бірінші қабаттағы вестибюльге шығатын ашық сатылар бар болса, дүкеннің жерүсті бөлігіндегі қалған эвакуациялық сатылардың осы вестибюльге шығатын есіктен басқа, тікелей сыртқа шығатын есіктері болу керек.



4.3.11 Дүкендердің жерүсті, шығыңқы ірге немесе бірінші жерасты қабаттарына орналасқан сауда залдары мен қызметтік бөлмелерінен адамдарды эвакуациялауға арналған саты алаңдарынан бірінші жерасты немесе шығыңқы ірге қабаттан сыртқа шығатын бір шетте эвакуациялық шығуларды қарастыру керек. Мұнда көрсетілген шығулар өртке қарсы 1-типтегі арақабырғамен бір қабат биіктігіне дейін бөлінген болу керек. Бірінші қабат дәлізіне, холл немесе вестибюліне шығатын жерасты (немесе шығыңқы ірге) қабат пен бірінші қабатты байланыстыратын сатылар адамдарды жерасты немесе шығыңқы ірге қабаттан эвакуациялау есебінде есепке алынбайды.

Егер жерасты немесе шығыңқы ірге қабат сатысы бірінші қабат вестибюліне шығатын болса, онда осы вестибюльден шығатыннан басқа ғимараттың жерүсті бөлігіндегі барлық сатылардың тікелей сыртқа шығатын есіктері болу керек.



4.3.12 Қызмет көрсететін қызметкерлерге арналған сатылар сатып алушыларға арналған кіру есіктері мен сатылардан бөліну керек. Қойма немесе басқа саудалық емес бөлмелерге кіру есіктерін, ереже бойынша, қабылдау немесе қызметтік дәліздер жағына орналастыру керек. Сауда ауданы 1200 м2- тан артық емес дүкендерде қоймалардан тауарларды беру үшін сауда залына шығатын қосымша шығу есіктерін сауда залымен іргелес қарастыруға жол беріледі.

4.3.13 Дүкеннің сауда залынан шығатын эвакуациялық шығу есіктерінің біреуін тікелей вестибюльге немесе ашық сатымен түйісіп тұрған қабаттардағы холға шығатындай етіп қарастыруға жол беріледі.

4.3.14 Сыртқы ашық сатыларды 60° артық емес еңістігімен дүкеннің екінші қабатынан екінші эвакуациялық шығу ретінде пайдалануға жол беріледі. Мұнда аталған сатылар эвакуация жасалатындардың санына есептелген болу керек, артық емес:

- 70 адам - отқа төзімділік дәрежелі ІІ ғимарат үшін;

- 50 адам - отқа төзімділік дәрежелі ІІІ ғимарат үшін;

- 30 адам - отқа төзімділік дәрежелі IV және V ғимарат үшін.

Сыртқы сатылар енін 0,8 кем емес, тұтас баспалдақ енін 0,2 м кем емес етіп қабылдау керек.

Жазық шатырлар (соның ішінде пайдаланылмайтын) бойынша немесе ашық галереялар арқылы ашық сатыларға өтетін жолды салғанда жабындар мен галереялардың көтергіш құрылымдарының сыртқы отқа төзімділік шегін REI 45 кем емес етіп жобалау керек.



4.3.15 Дүкендерде қисық сызықты сатыларды жасауға жол беріледі: бас көрнекті - екі және одан көп қабатты сауда залдарында, сондай-ақ осы залдарда антрессольдар бар болса; жетекші қызметтік - тұрақты 5 адамнан көп болмайтын бөлмелерде. Мұнда аталған сатылардың тар бөлігіндегі баспалдақтардың енін 0,22 м кем емес, ал қызметтік баспалдақтардың енін 0,12 м кем емес деп қарастыру керек.

4.3.16 Саты алаңдарын, ереже бойынша, сыртқы қабырғалардағы ойықтар арқылы табиғи жарықтандыруды жобалау керек. Екі қабатты ғимараттардағы (жеке тұрған, құрамдас -жапсарлас, тұрғын үй ғимараттарының құрамдас немесе оның ішіне салынған, сондай-ақ отқа төзімділіктің өзге қызметтік мақсатындағы ғимараттарда орналастырылған) саты алаңдарын 50 %-тен аспайтын жоғарыдан жарықтандыру жасауды, ал үш қабатты ғимараттарда саты баспалдақтарының арасында 1,5 м-ден кем болмайтын ойық орнатуға рұқсат етіледі. Адамдарды эвакуациялауға арналған саты алаңдарының 50 %-тен аспайтынын табиғи жарықтандырусыз жобалауға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, аталған саты алаңдарын 2-ші немесе 3-ші типті түтіндемейтін болуы тиіс.

4.3.17 Сауда залдарында түтінтартқыштарды табиғи жарықтандырусыз қарастыру керек.

4.3.18 Тез тұтанғыш тауарларды, сондай-ақ жанғыш сұйықтықтарды (май, бояу, еріткіштер және т.б.) сататын дүкендер отқа төзімділігі ІІ дәрежеден кем емес жеке тұрған ғимараттарда орналастырылғаны жөн. Бұл ғимараттарда дүкендердің басқа типтерін, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарын тез тұтанғыш тауарлар мен жанғыш сұйықтықтарды сататын дүкеннен өртке қарсы 1-типтегі қабырғалармен бөліп орналастыруға рұқсат етіледі.

4.3.19 Тез тұтанғыш тауарлар мен жанғыш сұйықтықтарды сақтау қоймаларын (осы нормалардың 4.3.18 т. бойынша дүкендердегі) терезе ойықтары бар сыртқы қабырғаларда орналастыру керек және оларды өртке қарсы 1-типтегі арақабырғалармен (EI 45) және 3-типтегі аражабындармен (ЕI 45) бөліп, бұл қоймаларға кірер есік тамбур-шлюз арқылы қарастырылу керек.

4.3.20 Жанғыш тауарлар мен жанғыш орамадағы тауарларды сақтау қоймаларын, ереже бойынша, ауданы 250 м2 және одан артық болатын сауда залынан оларды 1-типтегі өртке қарсы арақабырғалармен бөле отырып, сыртқы қабырғаларға орналастырған жөн.

Аталған қоймаларды ауданы 700 м2 аспайтын бөліктерге бөлген жөн. Әр бөліктің шегіне тордан жасалған немесе төбеге дейін жетпейтін арақабырғалар орнатуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда түтінтартқыш бөлікке тұтастай қарастырылады.

Жоғарыда аталған көрсеткіштердің түтінтартқыштарын қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес, ал мұндай қоймаларды жерасты қабатына орналастырған жағдайда осы нормалардың 4.3.31 т. есепке ала отырып, қақпақтар немесе терезелер арқылы қарастырған жөн.

Ауданы 50 м2 дейінгі осындай қоймалардың түтінтартқышын қоймалардың дәлізге шығар есіктері болған жағдайда дәліздің түбінде орналасқан терезелер арқылы жобалауға рұқсат етіледі. Қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қоймаларға, сондай-ақ жүк түсіру бөлмелері мен тұғырнамалары бар есіктер мен терезе ойықтары арқылы қосылған қоймаларға түтінтартқыш талап етілмейді.



4.3.21 Электрлі қалқан бөлмесіндегі, желдеткіш камералардағы, жанғыш материалдар мен өзге де өрт қауіпсіздігі техникалық бөлмелеріндегі есіктердің отқа төзімділік шегі EI 45-тен кем болмауы керек.

4.3.22 Жанбайтын тауарлардың қоймаларын сауда залынан өртке қарсы арақабырғалармен бөлген жөн (сауда залын келесі ұлғайтуға арналған жобалау тапсырмасына сәйкес тағайындалған ауданда орналастырылған ораусыз баяу жанатын тауарлар қоймасынан басқа).

4.3.23 Автоматты өрт дабылымен:

- автоматты өрт сөндіру қондырғысы орнатылмаған азық-түліктік емес дүкендердің;

- күзет дабылымен жабдықталған азық-түлік дүкендерінің жайларын жабдықтаған жөн.

Автоматты өрт дабылын автоматты өрт сөндіру қондырғысымен жабдықталған бөлмелерде, сондай-ақ ет, балық, жемістер мен көкөністер (жанбайтын орамада), металл ыдыстар, жанбайтын құрылыс материалдары дайындалатын және сақталатын қоймаларда, дәретханаларда, тоңазыту камераларында, жуынатын бөлмелерде, сусебезгілер мен желдету камераларында, сорғылық, бойлерлік және қатты жанатын материалдары жоқ өзге де инжерелік жабдықтарға арналған бөлмелерде қарастырмауға рұқсат етіледі.



4.3.24 Екі жерүсті қабатында немесе бір жерүсті және шығыңқы ірге (жерасты) қабатта орналасқан шығыңқы ірге (жерасты) қабатында - жеке тұрған ғимараттарда немесе тұрғын үйлердің (немесе басқа мақсаттағы ғимараттардың) құрамдас -жапсарлас немесе құрамдас салынған сауда залдары бар сауда ауданы 3500 м2 артық (осы нормалардың 4.3.1 т. есепке алғанда) дүкендердің;

- үш немесе одан артық жерүсті қабаттарында немесе немесе екі жерүсті және шығыңқы ірге (жерасты) қабатында орналасқан - жеке тұрған ғимараттарда немесе тұрғын үйлердің (немесе басқа мақсаттағы ғимараттардың) ішіне-жапсарлас немесе ішіне салынған кез келген аудандағы дүкендердің;

- басқа мақсаттағы ғимаратардың ішіне салынған жерүсті қабаттарында орналасқан сауда ауданы 500 м2 және одан артық дүкендердің

- сауда залдарын, тауарларды қабылдау, сақтау және сатуға дайындау бөлмелерін, ыдыстар, орау материалдарын және мүліктерді сақтауға арналған бөлмелерін автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықтаған жөн.



4.3.25 «Аңшы» дүкендерінде (сондай-ақ қару-жарақ сату бөлімдері бар «Табиғат» дүкендерінде) тамбур арқылы кірер есігі бар қару-жарақ сақтауға арналған бөлмені жобалау қажет). Бұл жағдайда қоршайтын кірпіш қабырғаларының 0,38 м-ден кем болмауын және кіретін есігінің құлып салынатын болат табақпен қапталғанын қарастыру керек. Қару-жарақ сақтауға арналған бөлмеге терезе ойықтарын орнатуға рұқсат етілмейді.

4.3.26 Төрт немесе бес қабатты дүкендерге арналған есіктер, фрамугалар (саты алаңдарының ішкі қабырғаларын қоса алғандағы есіктер мен арақабырғалардағы) және арақабырғалар үшін жарық көзі толтырмасы ретінде шыңдалған немесе шегенделген шыны мен шыныблоктарды қолданған жөн. Биіктігі төрт қабаттан төмен дүкендерде жарық көзі толтырмасының түрі шектелмейді.

4.3.27 Жылжымалы арақабырғалар EI 45 отқа төзімділік шегін қамтамасыз ететін жанбайтын материалдармен екі жағынан қорғалу керек.

4.3.28 Сауда залдарының, қоймалардың, сондай-ақ отқа төзімділігі І және ІІ дәрежелі ғимараттардағы эвакуациялау жолдарындағы қабырғалар мен төбелерді әрлеу жанбайтын немесе баяу жанатын материалдармен, ал аспалы төбелердің қаңқалары жанбайтын материалдармен орындалу керек.

4.3.29 Техникалық қабат биіктігі онда орналастырылған инженерлік жабдықтар мен инженерлік коммуникациялардың түрлеріне, сондай-ақ оларды пайдалану шарттарына байланысты анықталады. Қызмет көрсету құрамының өту орындарында шығыңқы құрылымдардың еденнен төменге дейінгі ара қашықтығы 1,8 м кем болмауы керек. Жанбайтын материалдардан жасалған құбырлары мен құбыр оқшаулағыштары бар тек қана инженерлік коммуникацияларды орналастыруға арналған техникалық қабатта (техникалық жертөледе) оның еденнен төбеге дейінгі биіктігін 1,6 м кем болмайтындай көлемде азайтуға рұқсат етіледі.

4.3.30 Инженерлік желілер жүргізілген техникалық үйасты қабатынан сыртқа шығар орын (есіктер немесе мөлшері 0,6 х 0,6 м кем емес люктер арқылы) болу керек.

4.3.31 Бірінші жерасты немесе шығыңқы ірге қабаттардың (0,5 м аспайтындай тереңдетілген) әр бөлігінде қолданыстағы құжаттарда айтылған жағдайлардан басқа кезде ені 0,9 м және биіктігі 1,2 м болатын екіден кемес люктері немесе терезелері болу керек. Бөліктің ауданы 700 м2 аспау керек.

4.3.32 Алаңшалар аралығындағы бір сатыдағы баспалдақ саны (осы нормалардың 4.3.15 т. сәйкес қисық сызықты сатылардан басқа) 3-тен кем болмауы және 16-дан аспау керек. Бір сатылы баспалдақтарда, сондай-ақ екі немесе үш сатылы баспалдақтарда 18-ден аспайтын саты санына рұқсат беріледі.

4.3.33 Саты (көлбеушелер) баспалдақтары мен алаңшаларының тұтқалы қоршаулары болуы керек. Мүгедектердің сатылармен немесе көлбеушелермен (соның ішіндегі сырттағы) қозғалуын қамтамасыз етуге арналған құрылғылар мен шаралар ҚР ҚБҚ 3.01-05-2001, МҚН 3.02-05-2003 сәйкес қарастырылу керек.

(Түзету, ҚР ИСМ Құрылыс және ТКШІК 24.10.2008 ж. № 17-1-2-05-3636 хаты)

4.3.34 Сыртқы сатылар мен көлбеушелердің, сондай-ақ жаяужол деңгейінен 0,45 м биік орналастырылған дүкенге кіре беріс алаңшалардың биіктігі 0,8 м кем болмайтындай қоршаулары болу керек.

4.3.35 Жерүсті қабаттарындағы сатылар баспалдақтарының еңістігін 1:2 аспайтындай етіп қабылдаған жөн. Жерасты және шығыңқы ірге қабаттарға әкелетін саты баспалдағының, сондай-ақ адамдарды эвакуациялауға арналмаған жерүсті қабаттарындағы сатылардың еңістігін 1:1,5 етіп алуға рұқсат етіледі. Адамдар қозғалысының жолдарындағы көлбеушілердің еңістігін 1:6, мүгедектер қозғалысының жолдарындағы «сауда залдары мен дүкендердің кіре берісіндегі) көлбеушелер еңістігін 1:12 аспайтындай етіп алған жөн.
4.4 Лифтілер

4.4.1 Жүк лифтілерінің жүккөтергіштігі мен кабиналардың габариттері дүкендердің жіктік топтары (1-қосымша бойынша) мен лифтілердің түсіруге және тиеуге арналып қарастырылған механикаландыру жабдықтарын ескере отырып, жобалау тапсырмасымен белгіленеді. Жүк лифтілерінің ең аз қажет саны жүк ағынының есебіне қарай анықталады.

4.4.2 Әр қабаттағы жүк лифтілерінің кіре берісінде Е х К тең (5-қосымшаға сәйкес) кем болмайтын жүк түсіруге арналған алаңшалар (бұдан әрі мәтінде - түсіру аймақтары) қарастырылу керек.

Түсіру аймақтары тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындау бөлмелері топтарының ең аз мөлшерде нормаланған ауданының құрамына кіргізілмейді.



4.4.3 Жерасты немесе шығыңқы ірге қабаттардан шығу өрт кезінде ауа тірегінің құрылғысы бар тамбур-шлюздер арқылы қарастырылу керек (осы нормалардың 4.4.2. т. сәйкес Е х К тең габариттермен).

Тамбур-қақпалар өртке қарсы арақабырғалармен қоршалу керек, ал олардың кіреберістегі есіктерінің өртке қарсы нығыздалуын қарастыру керек.

Тамбур-қақпа есігінің ішкі бетін (лифт шахтасының жағынан) жанғыш материалдармен орындауға рұқсат етіледі.

4.4.4 Дүкен бөлмелері аралығындағы тікелей технологиялық байланыс үшін жүккөтергіштігі 100-ден 250 кг-ға дейінгі шағын жүк көтеру лифтілерін қолдануға рұқсат етіледі; бұл жағдайда түкпір шахтада 14-тен аспайтын аялдамаға рұқсат етіледі.

Металл қаңқалы шахтада екі аялдамалы көтеру биіктігі 5,2 м аспайтын шағын жүк көтеру лифтісін (лифт жиынтығымен қойылатын) орнату кезінде жерүсті қабаттарында өртке қарсы арақабырғалар мен аражабындардың қоршау құрылғысы талап етілмейді. Жерасты немесе шығыңқы ірге қабаттардағы металл қаңқалы шахтада шағын жүк көтеру лифтісінің бірінші аялдамасын орналастырғанда лифтіден шығу осы нормалардың 4.4.2 т. талаптарын ескере отырып, тамбур-қақпа арқылы қарастырылу керек.



4.4.5 Екі немесе үш қабатты сауда орындарын орналастыру кезінде жолаушылар лифтісін орнатуды қарастырған жөн.

Жолаушылар лифтісінің саны мен жүккөтергіштігін жолаушылар ағынын ескере отырып, анықтаған жөн.

Төрт және одан жоғары қабаттардағы ауданы 1000 м2 және одан астам сауда залдарын орналастыру кезінде, ереже бойынша, эскалатор орнатылу керек. Жобалау тапсырмасы бойынша жолаушылар лифтілері мен эскалаторларды қабаты төмен және ауданы 1000 м2 кем сауда залдарында да орнатуға рұқсат етіледі.

4.4.6 Екі немесе үш деңгейлі сауда залдары бар дүкендерде мүгедектердің, соның ішінде арбалы мүгедектердің жылжуына арналған кабинасының кеңдігі 2,1 м кем болмайтын (ҚР ҚБҚ 3.01-05-2001, МҚН 3.02-05-2003 талаптарын ескере отырып) бірден кем емес жолаушылар лифтісін орнатуды қарастырған жөн.

(Түзету, ҚР ИСМ Құрылыс және ТКШІК 24.10.2008 ж. № 17-1-2-05-3636 хаты)

4.4.7 Жерасты немесе шығыңқы ірге қабаттардағы жолаушылар лифтілерін тоқтату қажет болғанда лифт шахталарының есіктері өртке қарсы арақабырғалармен қоршалған (жолаушылар лифтілерінің алдындағы алаңшалар үшін нормаланған габариттерден кем болмайтын) тамбур-қақпаларға шығу керек. Тамбур-қақпалардың кіреберістегі есіктерінің өртке қарсы нығыздалуын қарастыру керек.

4.4.8 Дүкендердегі сауда залдарының деңгейлерінің (белгілерінің) еңістігі қабат биіктігінен кем болған жағдайда және көлбеушелер орнату мүмкін болмағанда мүгедектер үшін (соның ішінде арбалы мүгедектер үшін) саты баспалдақтарының бойымен немесе тігінен орналатырылатын арнайы көтергіштер қарастырылу керек. Бұл жағдайда көтергіш тұғырнамасының ені 0,9 м, ал тереңдігі 1,2 м кем болмау керек.

4.4.9 Дүкендердің лифтілері мен жүк көтергіштерінің машиналық бөлімшелерін тікелей тұрғын бөлмелердің астына орналастыруға жол берілмейді
4.5 Қоқыс шығару және шаң сору

4.5.1 Қоқыс контейнерлері үшін дүкен аумағында шаруашылық алаңы шегінде немесе ғимарат көлемінде орналасатын қатты жабынды шаруашылық алаңшасын қарастыру керек.

Қоқыс құбырларын (қоқыс шығарудың пневматикалық немесе вакуумдық жүйесі болмаған кезде) бес қабатты дүкендерде қарастыру керек. Аз қабаттары дүкендерде қоқыс құбырларын орнату қажеттіліктері жобалауға берілетін тапсырмамен анықталады.

Қоқыс құбырларымен жобалау тапсырмасы бойынша, әрі 11 және 12-қосымшаларды есепке ала отырып, жабдықталмаған дүкендер қоқыс жинау камерасын, қағаз қалдықтарын престеу бөлмесін, тағам қалдықтарын сақтауға арналған камераны, қарастыру керек. Аталған бөлмелерді инженерлік қамтамасыз ету талаптарын осы нормалардың 6-тарауын есепке ала отырып қарстыру керек.

4.5.2 Қоқысқұбыры ұңғысы:

- ауа өткізбейтін және құрылыс құрылымдарынан дыбысоқшауланған, экологиялық таза материалдардан жасалған, өртке қарсы талаптарға жауап беретін және дайындаушы-зауыттың сертификаттарымен куәландырылған құбырлардан жасалу керек;

- негізгі құрамдық жиынтығынан басқа (клапандар, шибер, қамыттар, ақаулағыштар) тазарту құрылғысы, шаю жүйесі, бөлу құрылғысы болу керек;

- адамдар үнемі болатын тұрғын үйлер және қызмет бөлмелермен қатар салынбау керек.



4.5.3 Қоқысжинағыш камера тікелей оқпанның астында орналастырылуға, ғимаратқа кірер есіктен қалың қабырғамен (қалқанмен) оқшауланған сыртқа ашылатын есігі бар дербес шығу орны болу керек және өртке қарсы 1-типтегі арақабырғалармен (EI 45) және 2-типтегі аражабындармен (EI 60) қоршалуы керек.

Қоқысжинағыш камералардың жоспардағы мөлшерін 2,0 х 1,5 м кем болмайтындай, ал камераның биіктігін жарықта 1,95 м-ден кем болмайтындай етіп қабылдаған жөн. Қоқыс жинағыш камераға апаратын дәліз болған жағдайда, ереже бойынша, оның ені 1,3 м-ден кем болмауы керек.

Қоқысжинағыш камераға спринклерлік суарғышты орнату қарастырылғаны жөн.

Қоқысжинағыш камера еденінің белгісі жаяужол деңгейінен жоғары немесе көлік өтетін жолға 0,05 м-ден 0,1 м-ге дейінгі аралықта жақын болуы керек. Қоқыс алуды механикаландырған жағдайда қоқысжинағыш камераны басқа деңгейде орналастыруға рұқсат етіледі.

Қоса салынған (қосып-қосымша салынған) дүкендерде қоқысжинағыш камераны тұрғын бөлмелердің астына, сондай-ақ адамдар үнемі болатын басқа мақсаттағы бөлмелердің астына немесе олармен жапсарлас етіп орналастыруға рұқсат етілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет