ҚР ҚН 5.03-07-2013
25
5.4.11.5 Мачтаны монтаждауды және мұнара секцияларын орнатуды жалғастыруға тек
бетон есептік беріктілікке жеткеннен кейін ғана рұқат етіледі.
5.4.11.6 Бетондау жұмыстары актімен рәсімделеді.
5.4.11.7 Кергі жасауды және сынауды МК сызбаларына сәйкес қамтамасыз ету
қажет.
5.4.11.8 Кергінің болат канаттарының
зауыттық сертификаты, ал кергі құрамына
кіретін изоляторлардың механикалық сынақ актісі болуға тиіс.
5.4.11.9 Әрбір ярустың тұрақты кергілері мен уақытша кермелерін анкерлік іргетасқа
тарту және біруақытта бірдей жылдамдықпен және күшпен белгіленген мәнге дейін
тартып қатайту талап етіледі.
5.4.11.10 Құрылысты пайдалануға берген кезде материалдар
мен бұйымдарды ішкі
бақылау жӛніндегі құжаттармен қатар, жасырын жұмыстарды куәландыруға,
аралық
қабылдауға мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:
- болат канаттарға, тӛлке құюға арналған қоспаларға және изоляторларға берілген
зауыттық
сертификаттар;
- мачталар мен мұнаралардың бітеуіштерін құюға және құбырлы белдіктерінің
ернемектерін битуммен майлауға бағытталған жасырын жұмыстарды куәландыратын
актілер;
- мачта құрылыстарына арналған кергілерді
жасау және сынау актілері;
- изоляторларды механикалық сынау актілері;
- құрылыс осьтерін орналастырудың геодезиялық схемаларын,
оның ішінде мұнара
белдіктері элементтерінің және кӛлемі шағын секциялары бар шарбақты мачталардың
осьтерінің орындалу актілері;
- мачта кергілерінің монтаждау тартылыстарын ӛлшеу тізімдемесі.
5.4.11.11 Мұнараның болат конструкцияларының жобасында кӛлденең (жел)
монтаждық жүктемелерді қабылдауға арналған тіреуіштер (бағыттағыштар) және
шығарылмалы бӛлігін шығарулар арасында бекітуге арналған балкалар қарастырылуға,
тартушы полиспастарды бекіту орындары анықталуға тиіс.
5.4.11.12 Монтаждауды кранмен призмалық бӛлігінің жоғарғы секцияларын стендке
орнатудан бастау қажет. Бұдан кейін пирамидалық бӛлігінің
конструкцияларын
монтаждаған жӛн.
5.4.11.13 Қолданыстағы ӛндірістердің қайта құру аймағындағы жұмыстарды
бастамас бұрын ҚР ҚН 1.03-05 бойынша келесі қауіпсіздік шаралары қолданылуға тиіс:
- қуат, бу, газ және басқа да күштік коммуникациялар ӛшірілуге;
- жақын тұрған ӛндірістер шаңнан, бұрғылау және дәнекерлеу ұшқындарынан
қорғалуға;
- реконструкцияға қатысы жоқ адамдардың ӛтуіне тыйым салынуға тиіс.
5.4.11.14 Монтаждау-бӛлшектеу кезінде тӛмендегілер ескерілуге тиіс:
-
тірек және оларға жанама элементтерді бӛлшектеуден
кейін қалған
конструкциялардың беріктігі және орнықтылығы;
- конструкцияларды бекіткіштерден (бұрандамалар немесе дәнекерлеу) босатқан
кезде құлаудың алдын алу жайы.