ҚР ҚН 5.03-07-2013
32
5.7.4.3 Силикат панельді саңылау айдарлы арақабырғалардың
қабырғаларға және
ӛзара бекітілуін ерітіндінің әрбір тігісіне ендірілетін перфорацияланған сызықты тот
басуға тӛзімді болаттан жасалған анкерлермен орындау қажет.
Панельді арақабырғаларды монтаждау кезіндегі тӛзімділігі құрал-жабдықты
бекіткіштермен қамтамасыз ету қажет.
5.7.4.4 Үлкен ӛлшемді арақабырғаларда ғимараттың кӛтергіш конструкцияларына
бекітілген пилястралар немесе тіреулер (ұстындар) алдын ала қарастырылуы тиіс.
5.7.5 Қалауды тҧрғызу барысында қабырғаларды қаптау, арқалардың және
кҥмбездерді қалаудың ерекшеліктері
5.7.5.1 Қалаумен бір уақытта орындалатын кірпіш қабырғаларын ірі бетонды
плиталармен қаптау барысында қалаудың және қаптауышты
орнатудың бірізділігін
қамтамасыз ету қажет.
5.7.5.2 Қаптауыш плиталар ерітінді тігістермен бірге плиталардың пішіні бойынша
немесе бір-біріне тығыздап орнатылуы тиіс, плиталардың түйісетін
қырларын ажарлау
қажет.
5.7.5.3 Арқалардың және күмбездердің кірпіш қалауы бойынша негізгі жұмыстардың
басталуына дейін ұйымдастыру – дайындық шаралары ҚР ҚН 1.3-00 құрылыс
нормаларымен сәйкес орындалуы тиіс.
5.7.5.4 Арқалардың және күмбездердің қалауын жасаудың бірізділігі жоба бойынша,
құрамында қалып бар екі түрлі қисық күмбездерді қалау үшін арналған жұмыс
сызбаларымен орындалуы тиіс.
Екі түрлі қисық күмбездердің толқындарын қалау үшін
қалыпты жылжымалы
үлгілермен алдын ала қарастыру қажет.
5.7.5.5 Арқалардың және күмбездердің кірпіш қалауы бойынша жұмыстарының сапа
бақылауы құрылыс ұйымында құрылатын және қажетті растылығын және бақылау
толықтығын қамтамасыз ететін техникалық құралдармен жабдықталған арнайы
қызметтермен орындалуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: