ҚР ҚН 5.03-07-2013
35
- жіңішке қабырғалар мен арақабырғаларды капиталды қабырғаларға, қаңқаға және
жабындарға бекіту құрылғысы;
- қалауға монолитті және темірбетонды элементтерді қосумен тас қабырғаларын
күшейту құрылғысы;
- шатыр асты жабынынан жоғары шығып жатқан элементтерді анкерлеу құрылғысы.
5.8 Қҧрылыс конструкцияларының монтажды қосылыстарын дәнекерлеу
5.8.1 Дәнекерлеу жҧмыстарын жҥргізу
5.8.1.1 Дәнекерлеу жұмыстарының жүргізу кезінде ҚР ҚН 1.03-05 талаптарын сақтау
қажет.
5.8.1.2 Дәнекерлеу жұмыстары бойынша басшылықты дәнекерлеу жұмысы бойынша
арнайы оқу немесе дайындалу жӛніндегі құжатына ие тұлға жүзеге асыруы тиіс.
5.8.1.3 Дәнекерлеу мен жабыстыруды дәнекерлеушілерді аттестациялаудың
бекітілген Ережесіне сәйкес берілген дәнекерлеу жұмыстарын орындау құқысының
куәлігіне ие электр дәнекерлеушілер ғана орындай алады.
5.8.1.4 Берілген конструкцияның түйіспе қосылыстарын монтажды дәнекерлеуге
дәнекерлеу жұмыстарын атқару жобасында немесе технологиялық құжаттамасында сәйкес
талаптар бар болса, онда әрбір дәнекерлеуші алдын ала сыналатын түйісу үлгісін
дәнекерлеуі тиісті. Үлгілерді дәнекерлеуді монтажды дәнекерлеу қосылыстарын
орындаған кездегі дәл сондай материалдан (болат маркасы, қалыңдығы), дәл сондай
кеңістіктегі орналасуында және сондай режимдерді пайдалануымен жүзеге асыру қажет.
5.8.1.5 Түйістіру жіктерін сыртқы қарау мен ӛлшеуден кейінгі пісірілген сынақты
үлгіден жасалған болат конструкциясының сыналатын үлгілері үшін тілімше ӛлшемдері,
механикалық сынақтары үшін үлгілердің пішіні мен ӛлшемі нормативтік құжаттар
талаптарына сай болуы тиіс.
5.8.1.6 Болат конструкциялар үшін сыналатын үлгінің түйіспелі пісірілген
қосылысының механикалық сынақтары дәнекерлеу қосылыстарының нормативті
құжаттарының талаптарына сәйкес, ал темірбетонды конструкциясы үшін арматураның
түйіспелі пісірілген қосылысының механикалық сынақтары арматуралық ӛнімдердің
нормативті құжаттарының талаптарына сәйкес орындау қажет.
Механикалық сынақтардың қанағаттанарлық нәтижелерде дәнекерлеу жұмыстары
жетекшісінің бақылауымен сыналатын үлгілерді екінші ретті дәнекерлеуге жол беріледі.
5.8.1.7 Дәнекерлеу материалдары (қапталған электродтар, ұнтақты сым, жаппай қималы
дәнекерлеу сымдары, балқытылған флюстар) қапталған электродтарға, ұнтақты сымға,
жаппай қималы дәнекерлеу сымдарына, балқытылған қосындыларға арналған нормативті
құжаттардың талаптарына сәйкес болуы қажет.
|