Техникалық паспорт: Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық
байқаудың нәтижелері бойынша ресімделген, құқықтық кадастрды жүргізу үшін қажетті
бастапқы немесе кейінгі объектінің техникалық, сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын
белгіленген үлгідегі құжат.
3.21
Ғимараттың (объектінің) тозған жағдайы: Құрылымдары, негізі (жалпы
ғимарат) жоғары физикалық тозу нәтижесінде берілген пайдалану талаптарын
қанағаттандырмайтын жай-күй.
3.22
Ғимараттың, объектінің (элементтің) физикалық тозуы: Белгілі бір уақыт
сәтінде белгіленетін табиғи-климаттық және техногендік факторлардың әсері нәтижесінде
олардың бастапқы техникалық және пайдалану сапаларын жоғалту дәрежесі; табиғи,
климаттық және өзге де факторлардың әсері нәтижесінде бастапқы техникалық және
пайдалану сапаларын (беріктігін, орнықтылығын, сенімділігін және басқаларын) жоғалтуы.
3.23
Ғимарат элементінің ақауы: Ғимарат элементінің оны дайындау,
монтаждау немесе жөндеу кезінде стандарттардың ережелерін, нормалары мен техникалық
шарттарын бұзудан туындаған ақаулығы (ақауы).
3.24
Дренаж: Жүйені ревизиялауға арналған құдықтар құрылғысы бар және суды
ағызу жағына қарай еңісі бар, дренаждау материалымен (қиыршықталған тас,
қиыршықталмаған бүтін тастар, ірі құм) толтырылатын терең салынған траншеялар).
3.25
Жапсыра салынған ғимарат: Ғимараттың сыртқы қабырғаларына тікелей
жақын орналасқан жаңа бөлмелер құру арқылы үйдің (ғимараттың) ауданы ұлғаятын қайта
құру түрі.
3.26
Жерасты сулары: Үстінде үздіксіз су өткізбейтін тау жыныстары жоқ жер
бетінен бірінші тұрақты сулы қабаттың жер асты сулары.
3.27
Жөндеу: Құрылымның техникалық және пайдалану деңгейін қалпына
келтіруге бағытталған жұмыстар кешені.
3.28
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары: физикалық тозуды жою және
конструкцияның, элементтің, инженерлік жабдық жүйесінің пайдалану көрсеткіштерінің
қалыпты деңгейін ұстап тұру жөніндегі құрылыс және ұйымдастыру-техникалық іс-
шаралар кешені.
3.29