Строительные нормы республики казахстан



бет1/22
Дата23.02.2016
өлшемі2.85 Mb.
#5668
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛЫСТЫҚ НОРМАЛАР

СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

СУ БҰРУ. СЫРТҚЫ ЖЕЛІЛЕР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАР
Енгізілген күні – 2012.05.01

1 Қолдану саласы
1.1 Осы мемлекеттік норматив (бұдан әрі - норматив) сыртқы су бұру желілері жүйелерінің жобалануына қойылатын талаптарды белгілейді.

1.2 Осы нормативтің талаптары олардың ұйымдастыру-құқықтық құрылымына, ведомствалық тәуелділігіне және меншік нысанына қарамастан, жаңа инженерлік құрылыстар мен кешендерді, су бұру коммуникацияларын жобалау мен құру және (немесе) қолданыстағыларын өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтау, қайта құру, күрделі жөндеу) қызметіне қатысатын Қазақстанның жобалау-құрылыс кешені субъектілерінің пайдалануына арналған.



2 Нормативтік сілтемелер
Осы Ережелерді қолдану үшін келесі сілтемелік нормативті құжаттар қажет. Күні қойылған сілтемелерге сілтеме жасалатын құжаттың көрсетілген басылымы ғана, күні қойылмаған сілтемелерге енгізілген өзгертулерді қоса алғанда, сілтеме жасалатын құжаттың соңғы басылымы қолданылады:

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-II Су Кодексі (22.07.2011 ж. жағдай бойынша өзгертулер мен толықтырулармен бірге).

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-III ҚРЗ Еңбек Кодексі.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212-III Экологиялық Кодексі (22.07.2011 ж. жағдай бойынша өзгертулер мен толықтырулармен бірге).

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-II Заңы.

«Қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 314-II Заңы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №14 Қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №2157 Қаулысымен бекітілген «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы №259 Қаулысымен бекітілген «Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

ҚР ҚНжЕ  2.01-19-2004  Құрылыс конструкцияларын тот басудан қорғау.

ҚР ҚНжЕ 2.02-15-2003  Ғимараттар мен құрылыстардың өрт автоматикасы.

ҚР ҚНжЕ  2.03-30-2006  Сейсмикалық аудандардағы құрылыс.

ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2010  Құрылыс климатологиясы.

ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002  Табиғи және жасанды жарық.

ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2008*  Қала құрылысы. Қала және елді мекендерді жоспарлау және салу.

ҚР ҚНжЕ 3.02-04-2009  Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар.

ҚР ҚНжЕ 3.04-40-2006  Гидротехникалық құрылыстарға түсетін жүктеме мен күш (толқынды, мұзды және кемелерден келтірілетін).

ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2009  Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер мен құрылыстар.

ҚР ҚНжЕ 4.01-41-2006  Ішкі су құбыры және ғимараттар кәрізі.

ҚР ҚНжЕ 4.02-42-2006  Жылыту, желдету және кондиционерлеу.

ҚР ҚНжЕ 4.04-10-2002  Электртехникалық құрылғылар.

ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002  Ғимараттар мен құрылыстардың негізі.

ҚР ҚН 1.03-15-2009  Құрылысы қалқанды өту әдісімен жүргізілетін қалалар мен коллекторлық тоннелдердің өнеркәсіптік кәсіпорындарында құрылыс жұмыстарын жүргізу және қабылдау бойынша нұсқаулар.

ҚР ҚН 2.04-29-2005 Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғайтын қорғаныстың құрылысы бойынша нұсқаулық.

ҚР ҚН 4.01-05-2002  Сумен жабдықтау желілері мен пластмасса құбырлардан жасалған кәріздерді жобалау және монтажу бойынша нұсқаулық.

ҚР ҚН 4.02-09-2002  Жер асты суларының деңгейі жоғары аймақтарда қалалық жылу желілерін жобалау және құрылысын салу бойынша нұсқаулық.

ҚР ҚН 4.01-22-2004  Әйнекпластик құбырларды жер үстімен және жер астымен жүргізу бойынша нұсқаулық.

ҚНжЕ 2.01.09-91  Өңделетін аумақтардағы және шөгетін топырақтағы ғимараттар мен құрылыстар.

ҚНжЕ 2.06.03-85  Мелиоративтік жүйелер мен құрылыстар.

ҚНжЕ 2.09.03-85*  Өнеркәсіптік кәсіпорын құрылыстары.

ҚНжЕ 3.05.04-85*  Сумен жабдықтау мен кәріздің сыртқы желілері мен құрылыстары.

ҚНжЕ 3.05.07-85*   Автоматтандыру жүйелері.

ҚНжЕ II-89-80*  Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарлары.

ҚН 512-78 Электронды-есептеу машиналарына арналған ғимараттар мен жайларды жобалау бойынша нұсқаулық.

ҚН 551-82 Қолдан жасалған суқоймаларға арналған полиэтилен үлбір сүзгілеуге қарсы құрылыстарды жобалау және құрылысын салу бойынша нұсқаулық.

ВҚН 63-76  Шағын бассейндердегі судың нөсерлі ағынын есептеу бойынша нұсқаулық.

ҚР СТ 12.4.059-2002  Құрылыс. Сақтандыратын жабдық қоршаулары. Жалпы техникалық шарттар.

ГОСТ 12.1.003-83  (ЭҚҚК СТ 1930-79) Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі, Шуыл. Жалпы техникалық шарттар.

ГОСТ 12.3.006-75  Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Су өткізу және кәріз құрылыстары мен желістерін пайдалану. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары.

ГОСТ 21.408-93  Құрылысқа арналған жобалау құжаттамасының жүйесі. Технологиялық процесстерді автоматтандыру жөніндегі жұмыс құжаттамасының орындалу тәртібі.

ГОСТ 14254-96 (МЭК 529-89)  Сыртқы қабат қамтамасыз ететін қорғаныс дәрежесі (IP коды).

ГОСТ 15150-69  Машиналар, аспаптар және басқа да техника бұйымдары. Түрлі климаттық аудандарға арналып жасалған орындалымдар. Сыртқы ортаның климаттық факторларының әсер келтіру тұсындағы санаттар, пайдалану, сақтау және тасымалдау шарттары.

ГОСТ 17516.1-90  Электртехникалық бұйымдар. Механикалық сыртқы әсер етуші факторларға төзімділік тұсындағы жалпы талаптар.

ГОСТ 23407-78  Құрылыс алаңдары мен құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілетін учаскелердегі жабдық қоршаулары. Техникалық шарттар.

ГОСТ 25150-82  Кәріз. Терминдер мен анықтамалар.

ГОСТ 25298-82  Тұрмыстық тоспа суды тазалауға арналған жинақы қондырғылар. Түрлері, негізгі параметрлері мен өлшемдері.

ГОСТ 30852.0-2002  Жарылыстан қорғалған электр жабдық. 0-бөлім. Жалпы талаптар.

ГОСТ 30852.19-2002  Жарылыстан қорғалған электр жабдық. 20-бөлім электр жабдықтың пайдаланылуына қатысы бар ыстық газдар мен бу жөніндегі деректер.

ГОСТ 3634-99  Қарайтын құдықтардың люктары мен нөсер ағын құдықтардың жауын қабылдағыштары. Техникалық шарттар.

БҚ 34 РК.20.501-04  Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережесі мен Қазақстан Республикасы тұтынушылары электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері.

ҚР ТЖМ 2009 жылғы 14 тамыздағы № 197 Бұйрығымен бекітілген «Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары».

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы №35 Бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігінің ережелері».

Басмемэнергия бастығы 1984 жылдың 21 желтоқсанында бекіткен «Тұтынушылар электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері».

Энергетика және минералды ресурстар Министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі Комитеті Төрағасының 2008 жылғы 17 шілдедегі №11-Б бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында электр қондырғыларды орнату ережелері».



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы №788 Қаулысымен бекітілген «Елді мекендердегі су бұру жүйелеріндегі тоспа суларды қабылдау ережесі».

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2009 жылғы 19 маусымдағы № 360 Бұйрығымен бекітілген «Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің техникалық пайдаланылу ережелері».

Қазақстан Республикасының энергетика, индустрия және сауда Министрінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі № 327 және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік Төрағасының 2000 жылғы 13 қазандағы № 235 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Көмір шахталарындағы қауіпсіздік ережелері». Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 24 қарашада № 1301 тіркелген.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Орынбасарының - энергетика және минералдық ресурстар Министрінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 314 Бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының электр желілік ережелері».

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің 2010 жылғы 6 қазандағы № 795 Бұйрығымен бекітілген «Өндіріс нысандарының санитарлық-қорғау аймақтарының белгіленуіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар».

БНҚ 01.01.03-94   Қазақстан Республикасының жердің үстіңгі қабатындағы суларын қорғау ережелері.

БНҚ 211.2.03.01-97  Қазақстан Республикасының су объекітілеріне тасталатын ластаушы заттарды қалыпқа келтіру бойынша нұсқаулық.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 56 қаулысымен бекітілген «Арнайы су пайдалануға рұқсат беру тәртібі, рұқсаттың қолданыс күшін уақытша тоқтату».

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау Министрінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 129-п Бұйрығымен бекітілген «Тазалау құрылыстарының жұмысы мен тоспа сулардың бұрылуын бақылау бойынша нұсқаулық»

Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігінің бұйрығымен 1997 ж. бекітілген «Экологиялық аудандау жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының алуан түрлі табиғи-климаттық аймақтарындағы су ресурстарын пайдаланудың экологиялық нормалары мен нормативтерін әдістемелік анықтау».

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау Министрінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 100-п бұйрығымен бекітілген «Зиянды заттардың тоспа сулармен бірге су объектілеріне, сүзгілеу алаңдарына және төңіректегі жер бедеріне тасталу нормативтерін есептеу әдістемесі».

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Министрінің 2010 жылғы 26 қарашадағы №412 Бұйрығымен бекітілген «Химиялық зертханаларда өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы салалық талаптары».

ӘН 2.1.5.732-99  Халық қоныстанған жерлерде су бұру, суқоймаларды санитарлық қорғау. Тоспа сулардың ультракүлгін сәулесімен зарарсыздандырылуын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау.

ӘН 2.1.5.1183-03  Халық қоныстанған жерлерде су бұру, суқоймаларды санитарлық қорғау. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың техникалық сумен жабдықтау жүйелеріндегі судың пайдаланылуын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау. Әдістемелік нұсқаулар.



Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің м.а. 2005 жылғы 24 наурыздағы № 139 Бұйрығымен бекітілген Тірк. № 4-1-2/1182/Р 28.04.2005ж. «Жұмыс орындарындағы шуыл деңгейінің гигиеналық нормативтері».

СанЕжН 3.01.054.97  Халық су пайдаланатын жерлерде жағалаудағы теңіз суларын ластанудан қорғаудың санитарлық ережелері мен нормалары.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі №554 Бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су нысандарының қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар».

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі №555 Бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық арнаудағы нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар».

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің 11.11.2008ж. № 418 және Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің 14.01.2009ж. №12 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік нысандары мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын қауіпсіздік жүйелерімен жарақталуына және инженерлік-техникалық күшейтілуіне қойылатын техникалық талаптарды белгілейтін мемлекеттік нормативтер».
ЕСКЕРТУ  Осы Мемлекеттік нормативті пайдалану кезінде сілтемелік нормативтік құжаттардың қолданыс күшін жыл сайын шығарылатын ақпараттық тізбелер мен көрсеткіштердің ағымдағы жылдық сандары және ай сайын шығарылатын ақпараттық бюллетеньдер мен көрсеткіштердің ағымдағы жылы жарияланған сандары бойынша тексерген жөн.

Егер сілтемелік құжат алмастырылса (өзгертілсе), онда осы Мемлекеттік нормативті қолдану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу қажет.

Егер сілтемелік құжат ауыстырылмай күші жойылса, онда оған сілтемесі бар ереже осы сілтемеге қатысты емес бөлігінде қолданылады.

3 Анықтамалары мен қысқартулары бар терминдер

3.1 Осы Ережелерде ГОСТ 25150 сәйкес «Нормативті сілтемелер» бөліміне қосылған нормативті-техникалық құжаттар мен нормативті құқықтық актілерден алынған терминдер қолданылады.

3.2 Осы Ережелерде келесі қысқартулар қолданылады:

3.2.1 БК:  Белсенді кремнеқышқыл;

3.2.2 ТПБАЖ:  Технологиялық процессті басқарудың автоматты жүйесі;

3.2.3 ОБТ: Оттегіні биохимиялық тұтыну;

3.2.4 ОХТ:  Оттегіні химиялық тұтыну;

3.2.5 ТБС:  Тұрғындардың барабар саны.



4 Жалпы ережелер
4.1 Су бұру жүйелерін бекітілген қалақұрылысы жобаларын, даму сызбаларын және өнеркәсіп нысандарын Қазақстан Республикасының экономикалық аудандарына, орналастыру негізінде, сондай-ақ кешенді пайдалану мен су қорғаудың бас, бассейндік және аумақтық сызбаларының негізінде жобалау қажет.

4.2 Су бұру жүйелерінің жобаларын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілу арқылы тазартылған тоспа сулардың аумақты суару және суармалау үшін пайдалану мүмкіншілігін қарастырып, су тұтыну және тоспа суларды тарту балансына міндетті түрде сараптау жүргізіп, сумен жабдықтау жобаларымен қатар әзірлеу қажет.

Елді мекендер мен өнеркәсіп алаңдарындағы жаңбыр сулары мен еріген суды тарту құрылыстарын жобалаған уақытта өндірістік айналымды сумен жабдықтау үшін, суару және суармалау үшін тазартылған су мен жаңбыр суын пайдалану жолын алдын ала қарастыру қажет.

4.3 Нысандардағы су бұру сызбасы мен жүйелерін тоспа сулардың тазалануына қойылатын талаптарды, климат жағдайларын, төңіректегі жер бедерін, геологиялық және гидрологиялық шарттарды, су бұру жүйесінде орын алған жағдайда және басқа да факторларды ескеріп таңдау қажет.

4.4 Жобалау барысында олардың ведомствалық төркініне қарамастан, әр шығарылуда әр нысанға бөлек-бөлек тоспа суларды есептейтін аспаптарды орнатып, нысандардағы су бұру жүйелерінің біріктірілуі орынды ма, жоқ па, соны алдын ала қарастыру қажет, сонымен қатар қолданыстағы құрылыстарға берілген техникалық, экономикалық және санитарлық бағаларды ескеру, олардың барынша тиімді түрде пайдаланылу мүмкіншілігін алдын ала қарастыру қажет.

4.5 Өндірістік және қаланың тоспа суларын олардың сипатына қарай және мұндай сулар екінші рет қайта пайдаланылуы әбден мүмкін деген шартпен бірге немесе бөлек тазалауға жол беріледі.

4.6 Өндіріс орындарынан шыққан су мен жаңбыр суын тартатын су бұру жүйесін тазалайтын тазалау құрылғыларын «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және ҚР ҚНжЕ 3.01-01 талаптарына сай арнайы белгіленген орындарға орналастыру қажет.

4.7 Жобаларда қолданылатын негізгі техникалық шешімдер, олардың орындалу кезектілігі СанЕжН 3.01.054.97, «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су нысандарының қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар», «Коммуналдық арнаудағы нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» және «Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргізу ережесі» талаптарының ескерілуімен ықтимал жолдардың техника-экономикалық салыстырылуымен негізделген болуы тиіс.

Су бұру жүйелерінің желілері мен құрылыстарын жобалау кезінде еңбекті көп қажет ететін механикаландырылудың, технологиялық процесстердің автоматтандырылуының, құрылыс-монтаждау жұмыстарының зауытта дайындалған құрылыстардың, құрастырмалар мен бұйымдардың есебінен индустриаландырылуының ескерілуімен ғылыми-техникалық әзірлемелерге негізделген озық техникалық шешімдерді алдын ала қарастыру қажет. Тоспа суларды тазалайтын станциялардың қайта алынған энергия ресурстарын пайдалану мүмкіншілігін, тазартылған сулар мен шөгінделердің, сондай-ақ тазалау станциясының қажеттілігі үшін газ-метанды, сығылған ауа жылуы мен тоспа сулардың кәдеге жаратылуын арттырып, жылу және электр энергиясын үнемдеуге бағытталған жобалау шешімдерін бар мүмкіндігінше пайдалану қажет.

4.8 Техника-экономикалық есептеулерді артықшылықтары мен кемшіліктерін өткізілуін белгіленген тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мақұлдаған әдістемелерсіз анықтау мүмкін болмайтын техникалық шешімдер (технологиялар, жабдықтар, материалдар) бойынша жүргізу қажет.

Қолайлы жол еңбек күшінің азайтылуын, жұмсалатын материалдық ресурстар, электр энергиясы мен отын шығымының азайтылуын қамтитын күрделі салымдар мен жұмсалатын қаражаттың оңтайлы шамасымен, сондай-ақ ӘН 2.1.5.732, ӘН 2.1.5.1183, «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су нысандарының қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар», «Коммуналдық арнаудағы нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар», СанЕжН 3.01.054.97 және «Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргізу ережесі» талаптарының ескерілуімен анықталуы тиіс.

4.9 Су бұру жүйелерін жобалаған уақытта профилактикалық және жөндеу жұмыстарын пайдаланған және жүргізген кезде жұмысшылар үшін тиісінше еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын, қалыпты санитарлық-гигиеналық шарттар қою қажет.

4.10 Су бұру жүйесінің нысандары орналасатын және коммуникациялар өтетін жерлер, сондай-ақ тазартылған тоспа сулар мен судың беткі ағынның су объектілеріне шығарылу шарттары мен шығатын жерлер санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін, су ресурстары мен балық қорын қорғайтын уәкілетті мемлекеттік органдармен, ал дюкер кемеде жүретін тоспа сулар арқылы өткен уақытта өзен флотын басқаратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісілуі тиіс.

4.11 Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы су бұру сызбасын таңдаған уақытта:

- қалдықсыз және су пайдаланбайтын өндіріс орындарын, су шаруашылығының тұйық жүйе құрылғыларын іске енгізу арқылы, суды ауамен суыту әдістерін қолдану арқылы суытудың ластанған тоспа су көлемін азайту мүмкіншілігін;

- құрамынан жекелеген компоненттерді бөліп алу мақсатында тоспа су ағындарын жергілікті тазалау мүмкіншілігін;

- сапасына түрлі талаптардың қойылуымен түрлі технологиялық үрдістерде судың ілесіп пайдаланылу мүмкіншілігін;

- өндірістік тоспа суларды су объектілеріне немесе елді мекеннің немесе басқа да бір су пайдаланушының су бұру жүйесіне жіберу шарттарын ескеру қажет.

4.12 Өндірістік тоспа суларды коммуникация тораптарында газ тәріздес немесе қатты заттар түзілетін химиялық процесстер жүруі мүмкін екендігін ескеріп, түрлі ластаушы заттармен қосып тазалаған орынды болғанда ғана біріктіруге болады.

4.13 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың су бұру желілерін елді мекендердің желілерімен біріктірген уақытта кәсіпорын аумағынан тыс жерлерде орналасқан бақылайтын құдықтар бар ағытқыштарды алдын ала қарастыру қажет. Әр кәсіпорыннан жеке-жеке тасталатын тоспа сулардың шығымын өлшеп отыратын құрылғының болуын ойластыру қажет.

Бірнеше кәсіпорынның өндірістік тоспа суларын кәсіпорындардың әрқайсысындағы бақылайтын құдықтардан өткеннен кейін барып біріктіруге болады.

4.14 Қосып тартылып, елді мекеннің тұрмыстық тоспа сулармен қосып тазалануға жататын өндірістік (өнеркәсіптік) тоспа сулар су бұру жүйесінің желілері мен құрылыстарының жұмысына кедергі келтірмеуі, су бұру жүйесінің желілері мен құрылыстарындағы элементтердің материалын бүлдірмеуі тиіс. Сонымен бірге оның температурасы 40ºС жоғары болып, «Елді мекендердегі су бұру жүйелеріндегі тоспа суларды қабылдау ережесі» талаптарына сай келуі тиіс.

Аталған талаптарға сай келмейтін өндірістік тоспа сулар алдымен тазалануы тиіс.

4.15 Селитебті аумақтар мен кәсіпорын алаңдарындағы беткі ағын қоршаған ортаны түрлі табиғи және техногендік қоспалармен ластайтын үдемелі ластаушы көз болып табылады.

Қазақстан Республикасының Су Кодексі мен Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің талаптарына сәйкес су объектілеріне белгіленген нормативтерге дейін тазартылмаған, селитебті аумақтар мен кәсіпорын алаңдарынан ұйымдасқан түрде тартылатын жаңбыр, еріген және суаратын суларды тастауға жол берілмейді.

4.16 Тазалау құрылыстарына жаңбыр жауған уақытта, қар еріген кезде және жолдың үстін жуған кезде ластануына қарай ұқсас Селитебті аумақтар мен кәсіпорын алаңдарына келетін ағынның жылдық көлемінің 70% кем болмайтын мөлшерде және аумағы уытты қасиеті бар өзіне тән заттармен немесе көп мөлшердегі органикалық заттармен ластанған болуы мүмкін кәсіпорын алаңдарындағы ағынның бүкіл көлемінен жиналатын беткі ағынның анағұрлым қатты ластанған бөлігі жіберілуі тиіс.

Қазақстан Республикасындағы елді мекендердің көпшілігі үшін бұл шарттар тазалау құрылыстары ағынды жаңбырдың есептелген қарқынынан 0,05 жылдан 0,10 жылға дейін бір мәрте асатын кезеңділікпен жиі қайталанатын, қарқыны аз жаңбырды қабылдау арқылы есептелген уақытта орындалады.

4.17 Өнеркәсіптік аймақтардың, құрылыс алаңдарының, қойма шаруашылықтарының, автошаруашылықтардың аумақтарынан, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің (жанармай құю бекеттерінің, автотұрақтардың, автобус станцияларының, сауда орталықтарының) селитебті аумақтарында орналасқан аса ластанған учаскелерден шыққан беткі тоспа сулар жаңбыр суы тартылатын жүйеге немесе орталықтандырылған су бұру жүйесіне құйылмай тұрып, жергілікті тазалау құрылыстарында тазалануы тиіс.

4.18 Селитебті аумақтар мен кәсіпорын алаңдарынан су объектілеріне беткі ағынның шығарылу шарттарын белгілеген уақытта қалалық тоспа сулардың тасталу шарттары үшін Қазақстан Республикасының нормативтерін басшылыққа алу қажет.

Беткі ағынды тарту және тазалау сызбасы, сондай-ақ тазалау құрылыстарының конструкциялары олардың сапалық және сандық сипаттамаларымен, тарту шарттарымен таңдалып, қайсы бір жолдың техникалық іске асырылу мүмкіншіліктерінің бағаланып, техника-экономикалық көрсеткіштерінің салыстырылуы негізінде жүзеге асырылады.

4.19 Селитебті аумақтар мен кәсіпорын алаңдарындағы беткі ағындарды қоса алғанда, тоспа сулардың барлық түрлерін тазалау үшін қосып тартатын ортақ сал ағызатын және жартылай бөлек су бұру жүйелерінің тазалау құрылыстарын жобалаған уақытта тұрмыстық су бұру жүйесін жобалау бойынша осы нормативтің, сондай-ақ осы жүйелердің жұмысын реттейтін басқа да нормативтік құжаттардың нұсқауларын басшылыққа алу қажет.

4.20 Су бұру жүйелері мен оның жекелеген элементтерінің жұмысының сенімділігін анықтаған уақытта технологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық эәне су-қорғау талаптарын ескеру қажет.

Су бұру жүйесінің немесе оның жекелеген элементтерінің жұмысының тоқтап қалуына жол беруге болмайтын жағдайларда су бұру жүйесінің немесе оның жекелеген элементтерінің тоқтаусыз жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ететін іс-шараларды қарастыру қажет.

4.21 Су бұру жүйесі атқаратын жұмыстың сенімді болуы оның элементтерінің (коммуникациялардың, жекелеген құрылыстардың, жабдықтардың) сенімділік дәрежесіне байланысты болып:

- қажетті өткізу қабілетінің сақталуымен;

- тоспа сулардың шығымы мен ластаушы заттардың құрамы өзгерген уақытта (белгілі бір шекте) тоспа сулардың тазалану дәрежесімен;

- олардың су объектілеріне тасталу шарттарымен;

- электр қуатымен жабдықтаудағы іркіліспен;

- коммуникацияларда, жабдықтар мен құрылыстарда орын алуы мүмкін апаттардың салдарымен;

- жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен;

- ерекше табиғат жағдайларымен (сеймикалылық, топырақтың отыруы және т.б.) байланысты жағдайлармен сипатталады.

Су бұру жүйелерінің жекелеген элементтерінің сенімділігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін нақты іс-шаралар нормативтің тиісті бөлімдерінде келтірілген.

4.22 Жобалау кезінде су бұру жүйесінің іркіліссіз әрі сенімді жұмысы:

- су бұру нысандарының электр қуатымен жабдықталуының тиісті сенімділігімен (тәуелсіз екі көз, резервтік автономды электр станция, аккумуляторлық батареялар);

- коммуникациялардың қосарлануымен, айналма сызықтар мен айналдырып жіберу құрылғысымен, қатар тұрған құбырлардағы айырып-қосқыштармен;

- артынан тазалануымен және қалыпты режимде жұмыс істеуімен апатты (буферлік) ыдыстар құрылысымен;

- қатар жұмыс істейтін құрылыстардың саны қандай да біреуі жөндеу үшін немесе профилактикалық жұмыстар үшін өшірілген кезде қажетті және жеткілікті тиімділікті қамтамасыз ететін секцияларға бөлінуімен немесе;

- бір арнаудағы жұмыс жабдығының резервтелуімен;

- жабдықтар мен құрылыстардың қуатының, өткізу қабілетінің, сыйымдылығының, беріктілігінің қажетті қорының қамсыздандырылуымен (техника-экономикалық есептеулермен анықталады);

- жүйенің өткізу қабілетінің азайтуға болатын деңгейінің немесе апатты жағдайларда тоспа сулардың тазалану тиімділігінің анықталуымен (уәкілетті мемлекеттік органдармен келісіліп) қамтамасыз етілуі тиіс.

4.23 Құрылыстардың біреуінде апат болған немесе ол жөнделген кезде осы арнаудағы қалған құрылыстарға түсетін жүктеме тоспа суларды тазалау тиімділігінің азаюысыз есептелген жұмыс өнімділігінің 8% бастап, 17% дейінгі көлемнен аспауы тиіс.

4.24 Су бұру жүйелерінің құрылыстарынан тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар мен тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары ғимараттарының шекарасына дейінгі санитарлық-қорғау аймақтарды келешекте кеңейтілетіндіктерінің ескерілуімен:

-  елді мекендердің су бұру жүйелерінің құрылыстары мен сорғы станцияларынан;

- «Коммуналдық арнаудағы нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» сәйкес өндірістік тоспа суларды өз бетінше тазалау және айдау кезінде де, тұрмыстық тоспа сулармен бірге тазалаған кезде де өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағында орналасқан өндірістік су бұру жүйелерінің тазалау құрылыстары мен сорғы станцияларынан, ал олардан ауытқыған жағдайда уәкілетті мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органымен келісілуі тиіс, бірақ 4.1-кестеде көрсетілгеннен кем түспейтіндей қабылдау қажет.

4.25 Қоныс-мекендердің су объектілеріне тартылатын барлық тоспа сулары органикалық ластаушылардан биологиялық тазартылуы тиіс.

ТБС нысандардың тоспа суларын тазалаған уақытта 500 шартты тұрғынға дейін уәкілетті мемлекетті органдармен келісіліп, кейіннен қосымша тазалау жүргізіп, физика-химиялық тазалауды пайдалануға жол беріледі.

ТБС кезінде 500 астам шартты тұрғын егер суаруға арналған тазартылған ағынның пайдаланылуы көзделмесе, азот пен фосфор бірігулерінен биологиялық тазалау жүргізілуі тиіс.

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін, су ресурстарын қорғайтын уәкілетті мемлекетті органдармен келісіліп, тоспа сулардың температурасы 12ºС жоғары болған уақытта азот пен фосфордың кетірілуін қамтамасыз етуге жол беріледі.


4.1-кесте –Ең аз санитарлық-қорғау аймақтарының мәндері


Құрылыстар

Санитарлық-қорғау аймағы, құрылыстардың есептелген жұмыс өнімділігі, мың. м3/тәул болғанда

0,2 дейін

0,2 жоғары 5,0 дейін

5,0 жоғары 50,0 дейін

50,0 жоғары 280,0 дейін

Божыған шөгінділерге арналған лай алаңдарын механикалық және биологиялық тазалау құрылыстары, сондай-ақ бөлек орналасқан лай жиналтын алаңдар

150

200

400

500

Жабық жайларда тұнбаларды термомеханикалық өңдеу арқылы механикалық және биологиялық тазалау құрылыстары

100

150

300

400

Фильтрациялау алаңдары

200

300

500

-

Суармаланатын егін алқаптары

150

200

400

-

Биологиялық тоғандар

200

200

300

300

Циркуляциялық тотығу каналдары бар құрылыстар

150

-

-

-

Сорғы станциялары

15

20

25

30

1-ЕСКЕРТУ Жұмыс 280 мың м3/тәул жоғары су бұру жүйесі құрылыстарының өнімділігі Санитарлық үзілу мен санитарлық-қорғау аймақтары, сондай-ақ тоспа суларды тазалау мен шөгіндіні өңдеудің қабылданған технологиясынан шегіну кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органмен келісіліп белгіленеді.

2-ЕСКЕРТУ 4.1 кестеде көрсетілген санитарлық-қорғау аймақтарын тазалау құрылыстарына қатысты жел келетін жерде тұрғын үйлер болған жағдайда 2 еседен асырмай ұлғайтуға немесе қолайлы жел өрнегі болған жағдайда 25% асырмай азайтуға жол беріледі.

3-ЕСКЕРТУ Жұмыс өнімділігі 0,2 мың м3/тәул жоғары тазалау құрылыстарының аумағында тұнба жиналған алаңдар болмаған жағдайда аймақтың көлемін 30% азайту қажет.

4-ЕСКЕРТУ Алаңы 0,5 га дейінгі сүзгілеу алаңдарынан, механикалық және биологиялық тазалау құрылыстарынан санитарлық-қорғау аймағын жұмыс өнімділігі 50 м3/тәул биосүзгілерде 100 м етіп алу қажет.

5-ЕСКЕРТУ Жұмыс өнімділігі 15 м3/тәул кем жер асты сүзгілеу алаңдарынан санитарлық-қорғау аймағын 15 м етіп алу қажет.

6-ЕСКЕРТУ Сүзгілейтін траншеялар мен құм-гравий сүзгілерінен санитарлық-қорғау аймағын 25 м етіп алу қажет, септиктер мен сүзгілейтін құдықтардан тиісінше 5 м және 8 м, тұнбаны аэробты тұрақтандырып толық тотығуға аэробты қондырғылардан жұмыс өнімділігі 700 м3/тәул болған уақытта 50 м етіп алу қажет.

7-ЕСКЕРТУ Төгілу станциясынан санитарлық-қорғау аймағын 300 м етіп алу қажет.

8-ЕСКРЕТУ Селитебті аумақтардан келетін беткі суларды тазалайтын құрылыстардан санитарлық-қорғау аймағын 100 м етіп, сорғы станцияларынан 15 м етіп, өнеркәсіптік кәсіпорындардың тазалау құрылыстарынан - санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің органдарымен келісіліп қабылдау қажет.

9-ЕСКЕРТУ Шламжинағыштардан басталатын санитарлық-қорғау аймақтарын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің уәкілетті мемлекеттік органдарымен келісіліп, шламның құрамы мен қасиеттеріне байланысты қабылдау қажет.

4.26 Су бұру жүйелерін жобалаған уақытта заманауи ғылыми-техникалық әзірлемелерге және тоспа сулардың тек көлемін ғана емес, құрамын да ескеретін аз шығынды тазалауға бағытталған (толығымен зауытта дайындалып шығарылған қондырғыларды таңдай отырып) тәжірибелік зерттеулерге негізделген технологиялар мен озық техника шешімдерін қолдану ұсынылады. Ерекше көңіл еңбекті көп қажетсінетін жұмыстардың механикаландырылуына, технологиялық процесстердің автоматтандырылуына, жинақтама конструкцияларды, стандартты және үлгілік бұйымдар мен бөлшектерді, сонымен қатар зауыттар мен дайындау шеберханаларында дайындалатын дайын құрылыстарды қолдану арқылы құрылыс-монтждау жұмыстарының барынша индустрияландырылуына ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамамен белгіленген тәртіппен берілген, олардың қауіпсіздігін растайтын санитарлық- эпидемиологиялық қорытындысы бар материалдар мен реагенттерді қолдану қажет.

4.27 Су бұру жүйелерін жобалаған уақытта Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің, «Өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және ГОСТ 12.3.006 талаптарына сәйкес профилактикалық және жөндеу жұмыстарын орындаған уақытта тиісті қауіпсіздік шарттары мен еңбектің қорғалуы мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің санитарлық-гигиеналық шарттарын белгілеу қажет.

5 Жаңбырды су бұру жүйесі. Жаңбыр суларының есептелген шығымы. Су бұру желілерінің гидравликалық есебі
5.1 Беткі ағынның сапалық сипаттамасы және беткі ағынның селитебті аумақтар мен кәсіпорын алаңдарынан тартылу шарттары  
5.1.1 Селитебті аумақ пен кәсіпорын алаңдарынан шығатын беткі ағынның ластану дәрежесі мен сипаты әртүрлі және ол су жиналатын бассейннің және төменгі атмосфера қабатының санитарлық ахуалына, аумақтың абаттандырылу деңгейіне, сонымен қатар жауатын жаңбырдың гидрометеорологиялық параметрлеріне: жауынның қарқындылығы мен жауатын уақытына, бұған дейін болған құрғақ ауа райына, көктемде еріген қардың еру қарқыны мен процессіне байланысты болады.

5.1.2 Селитебті аумақтардан беткі ағынмен шығарылатын ластаушы заттардың мөлшері халықтың орналасу тығыздығымен, аумақтардың абаттандырылу деңгейімен, беткі жамылғының түрімен, көлік қозғалысының қарқындылығымен, жолдар тазаланып тұратын жиілікпен, сонымен қоса өнеркәсіптік кәсіпорындардың болуымен және атмосфераға шығарылған тастандылардың мөлшерімен айқындалады.

5.1.3 Жаңбыр ағынының құрамындағы негізгі қоспалардың концентрациясы шөгіндінің қабаты аз болған сайын құрғақ ауа райы ұзақ тұрған сайын жоғары болады. Концентрация жаңбыр сулары аққан уақытта өзгереді. Анағұрлым жоғары концентрация ағынның басында шығындалу көлемі барынша үлкен болған уақытта байқалады. Бұдан кейін оның зор қарқынмен азаятындығы байқалады.

Еріген сулардағы қоспалардың концентрациясы жылдың суық мезгілінде жауатын жаңбыр мөлшеріне, төңіректегі құрылыс нысандары салынбаған аумақтардан келетін еріген судың ағыны мен ағыс ауданының теңгерімінде топырақ бетінің үлесіне байланысты болады. Суаратын, жуатын сулардың ағыны айтарлықтай тұрақты құрамымен және қоспалардың жоғары концентрациясымен ерекшеленеді.

5.1.4 Селитебті аумақтарда қалыптасатын беткі ағынның негізгі ластаушы компоненттері болып, гүлзарлар мен ашық топырақ беттерінен шайылатын топырақ эрозиясының өнімдері, тұрмыстық қоқыс, жол жабындарының бетінен шайылатын компоненттер және ашық қойма жайларында сақталатын құрылыс материалдары, сонымен қатар автокөліктің және өзге де техника құралының бұзылуы салдарынан су жинау алабының бетіне түсетін мұнай өнімдері табылады.

Өзіндік ластаушы компоненттер өнеркәсіп аймақтарының аумағынан беткі ағынмен бірге шығарылады не болмаса атмосфераның төменгі қабатынан түседі.



5.1.5 Селитебті аумақтардың су жинау алаптарының түрлі учаскелері үшін беткі ағынның шамаланған құрамы 5.1-кестеде көрсетілген.
5.1-кесте - Селитебті аумақтардың су жинау алаптарының түрлі учаскелеріне арналған беткі ағынның шамаланған құрамы


Ағын ауданы

Жаңбыр ағыны

Еріген ағын

қалқымалы заттар, г/дм3

ОБТ20, мг/дм3

мұнай өнімдері, мг/дм3

қалқымалы заттар, г/дм3

ОБТ20, мг/дм3

мұнай өнімдері, мг/дм3

Аббаттандыру деңгейі жоғары және жолдың беті механикалық жолмен жиналатын селитебті аумақ учаскелері (әкімшілік ғимараттары, сауда және оқу орталықтары бар қала орталығы)

400

40

8,00

2000

70

20,00

Заманауи тұрғын үйлер

650

60

12,00

2500

100

20,00

Көлік қозғалысы жоғары магистралды жолдар

1000

80

20,00

3000

120

25,00

Өнеркәсіптік нысандардың қасындағы аумақтар

2000

90

18,00

4000

150

25,00

Ғимараттар мен құрылыстардың шатыры

20 кем

10 кем

0,01 бастап, 0,70 дейін

20 кем

10 кем

0,01 бастап, 0,70 дейін

Жеке құрылыс орындарын басым аумақтар; жасыл желектер мен көгалдар

300

60

1,00 кем

1500

100

1,00 кем

Селитебті аумақтардан шығатын беткі ағынды технологиялық тазалау сызбасын таңдаған уақытта басшылыққа алған жөн болатын басымдықтағы көрсеткіштер ретінде қажетті әрі жеткілікті болып, судың сапасы, қалқымалы заттардың, мұнай өнімдерінің құрамы және жеңіл әрі қиын тотығатын органикалық бірігулердің болуын жиынтықты сипаттайтын ОБТ20 мен ОХТ көрсеткіштерінің мәні сияқты жалпылама көрсеткіштер табылады.

Барлық көрсеткіштері бойынша анағұрлым ластанған болып, ОБТ20 көрсеткішінің мәні бойынша тазартылмаған шаруашылық-тұрмыстық тоспа суларға жақын келетін еріген ағын табылады.

5.1.6 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағынан келетін беткі ағынның құрамы әдетте, күрделі болады және негізгі технологиялық процесстердің сипатымен айқындалады, ал қоспалардың концентрациясы су жинау алабының түріне, аумақтың жиналу режимі мен санитарлық-техникалық ахуалына, газ бен шаң ұстау жүйелердің жұмысының тиімділігіне, шикізаттың жиналуы мен тасымалдануының ұйымдастырылуына, аралық және дайын өнімдерге, сонымен қатар өндіріс қалдықтарына байланысты болады.

Түрлі өндірістерді қамтитын ірі кәсіпорындарда жекелеген аумақтардан шығатын беткі ағын ондағы қоспалардың құрамы бойынша басқа учаскелердегі ағын мен ортақ ағыннан біршама ерекшеленуі мүмкін. Мұндай жағдай тазалау технологиясы мен оның тартылу сызбасын әзірлеген уақытта ескерілуі тиіс.

5.1.7 Өнеркәсіптік алаңдарда жиналатын және беткі ағынмен шайылатын қоспалардың құрамына байланысты өнеркәсіптік кәсіпорындар мен олардың жекелеген аумақтарын екі топқа бөлуге болады:



Бірінші топқа аумағынан шығатын ағын құрамы жағынан селитебті аумақтардан шығатын беткі ағынға жақын келетін және құрамында улы қасиеттері бар өзіндік заттары жоқ кәсіпорындар мен өндіріс орындары кіреді. Бірінші топтағы кәсіпорындардың аумағынан шығатын ағынның құрамындағы негізгі қоспалар болып, ірі дисперстелген қосалар, мұнай өнімдері, негізінен, қалқымалы заттарға сорбенттелген табиғи тектес минералды тұздар мен органикалық қоспалар табылады. Осыған сәйкес бірінші топқа қара металлургия (кокс химиясы өндірісінен басқа), машина және асап құрылысы, электр техника, көмір, мұнай, жеңіл, наубайхана, сүт, тамақ өнеркәсібі, химия өнеркәсібінің күкірт және сода ішкі саласы, энергетикағ көлік кәсіпорындары, өзен порттары, жөндеу зауыттары, жөндеу зауыттары, сонымен қатар мұнай қайта өңдейтін, мұнай-химия, химия кәсіпорындарының жекелеген өндіріс орындары және аумағына өзіндік ластаушы заттар түспейтін басқа да кәсіпорындар жатады.

Екінші топқа өндіріс жағдайына байланысты беткі ағынға улы қасиеттері бар өзінді заттардың немесе ағынның ОХТ мен ОБТ20 көрсеткіштерінің жоғары мәндерін түсіндіретін біршама мөлшердегі органикалық заттардың түсуіне толығымен жол бермеу мүмкін болмай отырған кәсіпорындар жатады.

Бұған сәйкес екінші топқа түсті металлургия, түсті металлдарды өңдеу, коксты химия өндірісінің, тұрмыстық химия, химия, орман химиясы, целлюлоза-қағаз, мұнай қайта өңдеу, мұнай-хими және микробиологиялық өнеркәсіп кәсіпорындары, былғары-шикізат пен былғары зауыттары, ет комбинаттары, шпал сіңу зауыттары, әуежайлар, металл беттерін химиялық және электр химиялық өңдейтін өндіріс орындары (гальваникалық өндіріс), бояу, CMC және т.б. шығаратын өндіріс орындары жатады.

Бірінші және екінші топтардағы кәсіпорындар үшін ластанудың негізгі көрсеткіштері бойынша жаңбыр тоспа суларының шамаланған сипаттамасы 5.2-кестеде келтірілген.
5.2-кесте – Топтарға бөліп көрсетілуімен жаңбыр суларының ластану көрсеткіштерінің мәндері


Көрсеткіш

Жаңбыр суларының ластану көрсеткіштерінің мәндері, мг/дм3

кәсіпорындардың бірінші тобы

кәсіпорындардың екінші тобы

Қалқымалы заттар

400 бастап, 2000* дейін

500 бастап, 2000 дейін

Тұз мөлшері

200 бастап, 300 дейін

50 бастап, 3000 дейін

Мұнай өнімдері

10 бастап, 30(70*) дейін

500 дейін

фильтрацияланған сынаманың ОХТ

100 бастап, 150** дейін

1400 дейін

фильтрацияланған сынаманың ОБТ20

20 бастап, 30** дейін

400 дейін

Өзіндік ерекшелігі бар компоненттер

жоқ

Өндіріс саласына байланысты жаңбыр суларының құрамында ауыр металлдар, фенолдар, СББЗ, мышьяк, роданидтар, фосфор, аммиак, фтор, майлар, ақуыздар, көмірсулар және т.б. болады.

_____________________

*Көлік қозғалысы жоғары және жанар-жағармайды көп пайдаланатын кәсіпорындар үшін, сондай-ақ жанармай құю бекеттері үшін жоғары мәндер.

** Дисперстелген қоспаларды ескере отырып,бұл көрсеткіштер 2-ден 3 есеге дейін ұлғаяды.

5.1.8 «Елді мекендердегі су бұру жүйелеріндегі тоспа суларды қабылдау ережесі» талаптарына сәйкес тазалауға жіберілетін еріген судың көлемін азайту үшін, сондай-ақ елді мекендер аумағындағы тазалау құрылыстарының жұмыс өнімділігін азайту үшін қыс мезгілінде қардың «құрғақ» қар тастайтын жерлерге жиналуы мен апаралуының, я болмаса еріген суларды артынан су бұру жүйесіне, одан кейін тазалау құрылыстарына тарту арқылы қар ерітетін камераларға тасталуының ұйымдастырылуын қарастыру қажет.

5.1.9 Тазалау құрылыстарына ластаушы заттар шамасының жоғары болуымен ерекшеленетін қала аумағынан, яғни өнеркәсіптік аймақтардан, көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысы қарқынды көпқабатты тұрғын үйлер аудандарынан, ірі көлік магистралдарынан, сауда орталықтарынан, сондай-ақ ауылды елді мекендерден шығарылатын беткі ағындарды тарту қажет.

ӘН  2.1.5.1183 сәйкес ағынның өнеркәсіп алаңдары мен тұрғын үй аймақтарынан жаңбыр су бұру жүйесі арқылы тартылуы онда шаруашылық-тұрмыстық тоспа сулар мен өнеркәсіп қалдықтарының түсуіне жол бермеуі тиіс.

Жаңбыр суы және еріген суды тазалау үшін нормативтің 5.7-бөліміне сәйкес жобаланатын резервуарларды (тұндырғыларды) қарастыру ұсынылады.

5.1.10 Селитебті аумақтар мен кәсіпорын алаңдарының беткі ағынының тазалану дәрежесі оның қаланың су бұру жүйелеріне қабылдану шарттарымен немесе су объектілеріне шығару шарттарымен айқындалады.

Өндірістік сумен жабдықтау жүйелерінде қайта пайдаланылған кезде тазартылған беткі ағын тұтынушылар қоятын технологиялық талаптарға сай келуі және санитарлық-эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпсіз болуы тиіс.

5.1.11 Беткі суларды тазалайтын құрылыстардың сызбасы оның сапалық және мөлшерлік сипаттамаларының, қоспалардың фазалық-дисперстік күйінің, талап етілетін тазалану дәрежесінің және қабылданған жиналу және реттелу сызбасының ескерілуімен әзірленуі тиіс.

5.1.12 Беткі тоспа сулардың құрамында әртүрлі фазалық-дисперстік күйдегі табиғи және техногенді ластаушы компоненттер бар. Сол үшін де тазалаудың талап етілетін тиімділігін қамтамасыз ету үшін алуан түрлі бөліну және (немесе) деструкциялану әдістерін қамтитын көпсатылы тазалау сызбаларын қолдану қажет.

5.1.13 Көп жағдайда беткі ағынды су нысанына тартқан уақытта немесе оны өндірістік сумен жабдықтау жүйесін қайта пайдаланған уақытта технологиялық тазалау сызбасын таңдаған кезде басшылыққа алынатын басымдықтағы көрсеткіш болып, ірі дисперстелген қоспаларда жиналған немесе бос күйінде (үлбір түрінде), эмульсияланған немесе еріген күйінде болатын қалқымалы заттар мен мұнай өнімдерінің мөлшері табылады.

5.1.14 Селитебті аумақтар мен кәсіпорын алаңдарының беткі ағынын тазалауға және қосымша тазалауға тиісті негіз болған жағдайда тұрмыстық және өндірістік тоспа суларды тазалау үшін қолданылатын технологиялар, құрылыстар мен қондырғылар пайдаланылуы мүмкін.

Бұл ретте құрылыстарды беткі ағынға тән өзіндік ерекшеліктерді (шығым, сапалық құрам және ластаушы компоненттердің концентрациясы бойынша тұрақсыздық) ескере отырып, нормативтік-техникалық әдебиеттің нұсқауларына сәйкес жобалап, есептеу қажет.

Жаңа және қалпына келтірілетін құрылыстарды осы құрылыстарды дайындаған әзірлеушілер берген ұсыныстар бойынша және «Зиянды заттардың тоспа сулармен бірге су объектілеріне, сүзгілеу алаңдарына және төңіректегі жер бедеріне тасталу нормативтерін есептеу әдістемесі», «Қазақстан Республикасының жердің үстіңгі қабатындағы суларын қорғау ережелері» және «Қазақстан Республикасындағы беткі суларды қорғау ережелерін қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулар» сәйкес жобалау қажет.

5.1.15 Беткі ағынды тазалау әдісі, сонымен қатар тазалау құрылыстарының түрі мен конструкциясы (ашық немесе жабық) басымдықтағы ластану көрсеткіштері мен гидрогеологиялық шарттар бойынша қажетті дәрежеде тазалануының жұмыс өнімділігімен анықталады (құрылысқа қажетті жердің болуымен, төңіректің жер бедерімен, жер асты суларының деңгейімен және т.б.).

5.1.16  Жұмыс өнімділігі кез келген құрлыстардағы беткі ағынды технологиялық тазалау сызбаларында шөгінді мен бетіне қалқып шығатын заттардың кетірілуін ұйымдастыру бойынша техникалық шешімдер қарастыру қажет.

5.1.17 Атмосфералық жауын-шашынның ықтимал түсу сипаты мен жаңбыр ағынының ерекше тұрақсыздығы оның тазалауға әперілмей тұрып, шығымы мен құрамының орташаландырылуын талап етеді. Тазалау құрылыстарының көлемін азайту және тазалауға ағынның анағұрлым ластанған бөлігін жіберу мақсатында бірінші топтағы селитебті аумақтар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың беткі ағынын тарту және тазалау сызбаларында бөлу камералары мен реттеу ыдыстарының құрылысын қарастыру қажет.

5.1.18 Жаңбыр ағынын реттеуге арналған бөлу камераларын көлеміне қарай қалқып жүретін ластануды (соның ішінде мұнай өнімдері үлбірінің) су объектісіне тазаланбай бұрылатын ағынның артық ағысына түсіп кету мүмкіндігін бөгейтін гидрожапқыш түрінде орындау қажет.

5.1.19 Беткі ағын шығымының тікелей суқабылдағышқа тасталмай реттелуін белгілі бір кезең (жыл, жылы кезең, ай) аралығында ағынның немесе шөгіндінің есептелген қабаты барынша көп жаңбыр ағынының қабылдануына есептелген шоғырландыратын (реттейтін) резервуарларды құру есебінен қарастыру қажет.

5.1.20 Жаңбыр ағынын (соның ішінде қайта) реттеу үшін және оны артынан терең тазалау құрылыстарына бұру үшін шоғырландыратын резервуардың пайдалы (жұмыс) көлемі (5.5)-формула бойынша есептелген есепті жаңбырдың жаңбырды ағынының көлемінен Wоч кем болмауы тиіс. Тоспа сулардан шығатын шөгіндіні жинау және уақытша сақтау үшін аумақтың қосымша резервін құру қажеттілігін ескеру қажет. Беткі ағынның ластанған бөлігін қабылдау, орташаландыру және алдын ала тазалауға арналған шоғырландыратын резервуардың толық гидравликалық көлемін резервуардың конструктивтік ерекшеліктеріне қарай есептелген жаңбыр ағыны көлемінің есептелген шамасынан артық 10% бастап, 30% дейін алу қажет. Шоғырландыратын резервуарға WТ.тәул түзейтін еріген тоспа су көлемінің тәуліктік көлемінің жиналу шарттарынан тексеру есебі (5.6)-формуласы бойынша қатар жүргізіледі.

Жобалауға алынған екі шаманың ең үлкені алынады.

5.1.21 Шоғырландыратын резервуардың конструкциясы оның арнауының ескерілуімен таңдалады. Шоғырландыратын резервуар тазалауға жіберілетін тоспа сулардың шығымын реттеу үшін пайдаланылған уақытта тоспа сулардың тұндырылуына жол бермеу бойынша арнайы іс-шараларды қарастыру қажет (гидравликалық немесе пневматикалық шайқау). Шоғырландыратын резервуар тоспа сулардың шығымын реттеу үшін ғана емес, алдын ала механикалық тазалау жүргізу үшін де пайдаланылған уақытта бетіне қалқып шығатын заттар мен түбіне тұнатын механикалық қоспаларды кетіру үшін және мерзімді жинау үшін тиімді әрі сенімді техникалық шешімдерді қарастыру қажет.

5.1.22 Tтаз есептелген жаңбырды қайта өңдеу кезеңі (шоғырландыратын резервуарды босату кезеңі) ағын түзуші шөгінді арасындағы кезеңдердің орташа уақыты туралы деректердің негізінде әдетте, үш тәулік аралығында алынады. Жекелеген жағдайларда бұл кезең көпжылдық кезең ішіндегі осы жерге тән жаңбырлардың заттай қатары туралы деректерді статистикалық өңдеу негізінде ұлғайтылуы мүмкін.

Шоғырландыратын резервуар босатылатын таңдалған кезеңнің ескерілуімен тазалау құрылыстарының жұмыс өнімділігі анықталады.
ЕСКЕРТУ  Еріген сулардың ең көп тәуліктік көлемін қайта өңдеу қажет болатын кезең шамасы 14 сағаттан кем болмайтын мерзіммен алынады, ал жекелеген жағдайларда бұл кезең шоғырландыратын резервуардың жұмыс көлемінің бар қорының ескерілуімен ұлғайтылуы мүмкін.
5.1.23 Беткі тоспа суын селитебті аумақтардан тарту жүйесі бөлек болған жағдайда тазалау құрылыстары су объектісіне шығарылмай тұрып, жаңбыр суын тарту жүйесінің бас коллекторларының аузына орналастырылуы тиіс.

Тоспа сулары су объектісіне шығарылатын орындар су ресурстары мен балық шаруашылығы, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілуі тиіс.

5.1.24 Беткі тоспа сулардың су объектілеріне ұйымдасқан түрде жиналу шарттарын белгілеген уақытта Қазақстан Республикасының Су Кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне, ӘН 2.1.5.1183, БНҚ 01.01.03 және «Арнайы су пайдалануға рұқсат беру, оның қолданысын тоқтату туру ережесі» сәйкессу объектілерінің санитарлық қорғалуына қойылатын жалпы шектеулер мен талаптар ескерілуі тиіс.

Беткі және тазартылған тоспа суларды су объектілеріне ұйымдасқан түрде бұрып ағызуға мүмкіншілік пен жағдай болмаған жағдайда су объектілерінің санитарлық қорғалуына қойылатын жалпы шектеулер мен талаптарды ескере отырып және уәкілетті мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық және экологиялық қадағалау органдарымен келісіліп жинағыш тоғандар мен буландырғыш тоғандарды қарастыру қажет.

5.1.25 Қаланың жаңбырды су бұру жүйесінде орталықтандырылған немесе жергілікті тазалайтын құрылыстар болған жағдайда бірінші топтағы кәсіпорындардың аумағынан шыққан беткі тоспа сулар тарту жүйелерін пайдаланатын ұйыммен келісіліп, алдын ала тазалаусыз қаланың жаңбыр бөлігіне (суағар) жіберілуі мүмкін.

5.1.26 Екінші топтағы кәсіпорындардың аумағынан шыққан беткі тоспа сулар елді мекеннің жаңбырды су бұру жүйесіне бұрылмай тұрып, сонымен қатар өндірістік тоспа сулармен бірге бұрылған жағдайда міндетті түрде алдын ала дербес тазалау құрылыстарында өзіндік ластаушы заттардан тазалануы тиіс.

5.1.27 Бірінші топтағы да, екінші топтағы да кәсіпорындардың аумағынан бекі тоспа суларды қалалар мен елді мекендердің су бұру жүйесіне қабылдау мүмкіншілігі (шаруашылық-тұрмыстық тоспа сулармен бірге тазалау мақсатында) тоспа сулардың осы жүйеге қабылдану шарттарымен айқындалып, тазалау құрылыстары қуатының резерві болған жағдайда әрбір нақты жағдайда қарастырылады.

5.1.28 Беткі тоспа суларды елді мекендер мен өнеркәсіп алаңдарының аумағынан тартатын жүйелерде коллекторлық желіге тізбекті кәрізден, жылу желілерінен, жер асты коммуникацияларының ортақ коллекторларынан, сонымен қатар өнеркәсіптік кәсіпорындардың ластанбаған тоспа суларынан сіңбе су мен кәріз суының келу мүмкіншілігі ескерілуі тиіс.

5.1.29 Су объектілерінің көлік жолдар желісі дамыған және көлік қозғалысы жоғары елді мекен аумағынанан келген еріген тоспа сумен ластануын алдын алу үшін қыс мезгілінде 5.1.8 сәйкес қардың «құрғақ» қар тастайтын жерлерге жиналуы мен апаралуының, я болмаса еріген суларды артынан су бұру жүйесіне, одан кейін тазалау құрылыстарына тарту арқылы қар ерітетін камераларға тасталуының ұйымдастырылуын қарастыру қажет.

5.1.30 снаитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органмен тиісті негізделген және келісілген жағдайда ішкі суағарлармен жабдықталған ғимараттар мен құрылыстардың шатырынан ағатын жаңбыр суы мен еріген су тазартылмаған күйінде тартылуы мүмкін.

5.1.31 Беткі тоспа суларжың тазалау құрылыстары мен су объектілеріне тартылуын мүмкіндігінше науаның төмен орналасқан бетімен өз бетінше ағылуын қарастыру қажет. Беткі ағынды тазалау құрылыстарына тиісті негіздеулер болған уақытта ерекше жағдайдайларда ғана айдауға болады.

5.1.32 Елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағында беткі тоспа суларды тартатын жабық жүйені қарастыру қажет.

Алуан түрлі лотоктарды, қарықтарды, кюветтерді, жыраларды, жылғалар мен шағын өзендерді пайдаланып, суағарлардың ашық жүйесімен су бұру аз қабатты жеке құрылысьтары бар селитебті аумақтар, ауылдық аймақтар, сондай-ақ жолдармен қиылысықан жерлерден көпір немесе құбыр құрылғысы бар саябақ аумақтары үшін рұқсат беріледі.

Қалған жағдайлардың барлығында тиісті негізделу және су ресурстарына мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қорғау және қадағалау жүргізетін уәкілетті органдармен келісілу талап етіледі.

Елді мекендер аумағында орналаспаған жол қызметін көрсету нысандары мен автомобиль жолдарынан шығатын беткі ағынды бұруды лотоктармен және кюветтермен орындауға жол беріледі.
5. 2 Беткі тоспа сулардың орташа жылдық көлемін анықтау
5.2.1 Жауын жауған уақытта, қар еріген кезде және жолдың беті жуылған уақытта селитебті аумақтар мен кәсіпорын алаңдарында түзілетін беткі тоспа сулардың орташа жылдық көлемі Wr мына формула бойынша анықталады:
Wr=WД + W Т + W М, (5.1)
мұнда, WД, W Т, және W М – тиісінше, жаңбыр, еріген және суару суларының орташа жылдық көлемі, м³.

5.2.2  Селитебті аумақтар мен өнеркәсіп алаңдарынан ағатын жаңбыр (WД) және еріген (W Т) сулардың орташа жылдық көлемі мына формула бойынша анықталады:


WД =10 · hД · ΨД · F, (5.2)
WТ =10 · hТ · ΨТ · F, (5.3)
мұнда, F - коллектор ағынының ауданы, га;

hД – жылдың жылы мезгіліндегі жаунын-шашын қабаты (мм) ҚР ҚНжЕ 2.04-01 бойынша анықталады;

hT – жылдың суық мезгіліндегі жауын-шашын қабаты қар ери бастаған уақыттың басында қар жамылғысындағы су қоры мен еріген судың жалпы жылдық көлемін анықтайды, ҚР ҚНжЕ 2.04-01 немесе «Қазгидромет» РМК деректері бойынша анықталады;

ΨД және ΨТ – жаңбыр мен еріге су ағынның жалпы коэффициенті.

5.2.3 Селитебті аумақтардан ағатын жаңбыр суларының орташа жылдық көлемі анықталған уақытта ағынның жалпы ауданы F үшін ағынның жалпы коэффициенті ΨД 5.3-кестеге сәйкес беті әртүрлі ағын алаңдары үшін жеке мәндердің орташа есепті шамасы ретінде есептеледі.

5.2.4 Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндіріс орындарының аумағынан ағатын жаңбыр суларының орташа жылдық көлемі (WД) анықталған уақытта ағынның жалпы коэффициентінің мәні ΨД әртүрлі беттер үшін ағын коэффициенттерінің орташа мәндерінің ескерілуімен ағынның бүкіл ауданы үшін орташа өлшемді шама ретінде болады. Оларды төмендегідей алу қажет:

- су өтпейтін жабындар үшін 0,6 бастап, 0,8 дейін;

- топырақтың беті үшін - 0,2;

- гүлзарлар үшін - 0,1.



5.3-кесте - Ағын коэффициентінің мәні Ψ


Ағын бетінің немесе ауданының түрі

Ағынның жалпы коэффициенті Ψ

Шатырлар мен асфальтбетон жабындар

0,6 бастап, 0,8 дейін

Төсемелі жұмыр тас немесе ұсақталған тас

0,4 бастап, 0,6 дейін

Жолдар төселмеген қала кварталдары, шағын скверлер, бульварлар

0,2 бастап, 0,3 дейін

Гүлзарлар

0,1

Заманауи құрылыс нысандары салынған кварталдар

0,4 бастап, 0,5 дейін

Орташа қалалар

0,4 бастап, 0,5 дейін

Шағын қалалар мен ауылдар

0,3 бастап, 0,4 дейін

ЕСКЕРТУ Құрылыс салынуы әртүрлі үлкен елді мекендер мен аудандар үшін есептеген уақытта Ψ коэффициентінің мәні беткі жамылғының негізгі түрі мен ағынның ауданы Ψ коэффициенті мәнінің ескерілуімен орташа есепті шама ретінде анықталады.

5.2.5 Еріген сулардың орташа жылдық көлемі анықталған уақытта селитебті аумақтар мен кәсіпорын алаңдарынан келетін ағынның жалпы коэффициентін Ψт қардың жиналуының және су сіңетін бетке жартылай сіңіп кетуі есебінен судың жоғалуының ескерілуімен жылымық кездерінде 0,5 бастап, 0,7 дейінгі аралықта қабылдау қажет.

5.2.6 Ағын алаңынан ағатын суару, жуу суларының жалпы жылдық көлемі (Wм),м3 мына формула бойынша анықталады:
Wм = 10 · m · k · ΨM · FM, (5.4)
мұнда, m – жол жабындарын жууға жұмсалатын судың меншікті шығымы (әдетте, бір жуғышқа 0,2 л/м² бастап, 1,5 л/м² дейін қабылданады);

k – жуғыштардың бір жылдағы орташа саны (Қазақстан Республикасының түрлі аймақтары үшін мәні орта есеппен 100 мәртеден 150 мәртеге дейін);

FM – жуылатын қатты жамылғылардың ауданы, га;

ΨM – суару, жуу сулары үшін ағын коэффициенті (әдетте 0,5 болып қабылданады).
5.3 Тазалауға бұрған уақытта беткі тоспа сулардың есептелген көлемін анықтау
5.3.1 Селитебті аумақтар мен кәсіпорын алаңдарынан тазалау құрылстарына бұрылатын есептелген жаңбырдың жаңбыр ағынының көлемі Wоч, м³, мына формула бойынша анықталады:
Wоч =10 · hа · Ψmid · F, (5.5)

мұнда, F – ағын ауданы, га;



hа – ағыны толығымен тазаланатын жаңбыр түрінде жауған жауын-шашынның ең үлкен қабаты, мм;

Ψmid – сыртқы беттің әр түрі үшін есептелген жаңбыр үшін ағынның орташа коэффициенті (ағын коэффициентінің Ψi тұрақты мәндеріне байланысты орта есепті шама ретінде анықталады) 5.10 кесте бойынша.

5.3.2 Бірінші топтағы селитебті аумақтар мен кәсіпорын алаңдары үшін ha шамасы есептелген қарқындылықтың Р бір мәрте асырылу кезеңімен аз қарқынмен жиі қайталанатын жаңбырдан жауын-шашынның тәуліктік қабатына тең деп қабылданады – 0,05 жылдан бастап, 0,10 жылға дейін. Бұл Қазақстан Республикасының елді мекендерінің көпшілігі үшін беткі ағынның жылдық көлемінің кемінде 70% тазалауға алынуын қамтамасыз етеді.

5.3.3 Бастапқыдағы көрсеткіштер:

-  метеостанциялар нақты бір жердегі атмосфералық жауын-шашынға көп жылдардан бері жүргізіп келген бақылаулардың деректері (кемінде 10 жылдан 15 жылға дейін);

- жақын маңдағы репрезентты метеостанциялардың бақылау деректері.

Метеорологиялық станцияны егер төмендегі шарттар орындалса, ағынның қарастырылып отырған ауданына қатысты можно репрезентатты деп санауға болады:

- станциядан нысанның су жинау алабына дейінгі ара-қашықтық 100 км кем;

- су жинау алабы ауданының теңіз деңгейі мен метеостанция деңгейінен биіктік белгілерінің айырмашылығы 50 м аспайды.

5.3.4 Көпжылдық бақылау деректері болмаған жағдайда селитебті аумақтар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін ha шамасын Қазақстан Республикасының көпшілік аумағы үшін беткі ағынның жылдық көлемінің кем дегенде 70% тазалауға қабылдануын қамтамасыз ететіндей 5 мм бастап, 10 мм дейінгі аралықта қабылдауға жол беріледі.

5.3.5 Селитебті аумақтар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардан тазалау құрылыстарына жіберілетін еріген сулардың ең жоғары тәуліктік көлемі WТ тәул, м3 мына формула бойынша анықталады:


WТ тәул =10 ·Ψт ·Kу ·F· hc, (5.6)
мұнда, Ψт – еріген су ағындарының жалпы коэффициенті (0,5 бастап, 0,7 дейін қабылданады);

F – ағын ауданы, га;

hc – 10 тәуліктік сағатте егріген судардың қабаты, мм, нысанның орналасуына байланысты қабылданады;

Ку – қардың ішінара шығарылуы мен жиналуын ескеретін коэффициент, мына формула бойынша анықталады:

Ку=1 - , (5.7)
мұнда, Fу – қардан тазартылатын аудан (ішкі суағарлармен жабдықталған шатыр ауданын қоса алғанда).

Климаттық аудандардың параметрлері 5.4-кесте бойынша анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет