Строительные нормы республики казахстан


 Екінші тұндырғылар. Тұнба бөлгіштер



бет13/22
Дата23.02.2016
өлшемі2.85 Mb.
#5668
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

9.3.8 Екінші тұндырғылар. Тұнба бөлгіштер
9.3.8.1 Тазартылған суды белсенді тұнбадан (биоүлдірден) бөлу үшін тұнба бөлуге арналған құрылғыны қолдану қажет:

- екінші тұндырғылар;

- қалдықтың өлшенген қабаты бар мөлдіреткіштер;

- флотациялық қондырғылар;

- мембраналық модульдер және т.б.

9.3.8.2 Екінші тұндырғының типін (тік, радиальды, көлденең) станция өнімділігін, құрылыстар тұтастығын, пайдаланатын бірліктер санын, алаң конфигурациясы мен рельефін, геологиялық шарттарды, тоспа сулар деңгейін және т.б. ескере отырып таңдау қажет.

9.3.8.3 Биоүлдір мен тұнбаны бөлуге арналған екінші тұндырғыларды құрылыс көлемін пайдалану коэффициентін, тұнба индексін және тұнба концентрациясын (биоүлдірді) ескере отырып, жер бетіне гидравликалық ауырлық м/(м·сағ) бойынша есептеу қажет. Тұндырғылар алаңын анықтау кезінде биосүзгілерден соң рециркуляциялық шығынды есепке алу қажет.

9.3.8.4 Барлық түрлі биосүзгілерден соң екінші тұндырғылардың бетіне түсетін ауырлықты qssb, м3/(м2сағ) мына формула бойынша есептеу қажет:


(9.50)
мұндағы u0 – биоүлдірдің гидравликалық ірілігі; толық биологиялық тазарту кезінде u0 = 1,4 мм/сек;

Kset, коэффициентінің мәнін 9.2.4.7. бойынша қабылдау қажет.
Тұндырғылар ауданын анықтау кезінде қайта циркуляциялау шығынын ескеру қажет.

9.3.8.5 Барлық типті екінші тұндырғыларды аэротенктерден соң аэротенктегі белсенді тұнба концентрациясын ai, г/л, оның Ji, см3/г индексін және мөлдіретілген судағы тұнба концентрациясын at, мг/л ескере отырып, гидравликалық ауыртпалығы qssa, м3/(м2сағ) бойынша мына формуламен есептеу қажет:


(9.51)
мұндағы Kss – тұндыру аймағының көлемін пайдалану коэффициенті, ол:

- радиальды тұндырғылар үшін 0,4 тең болып;

- тік типтері үшін 0,35 тең болып;

- перифериялық шығарылымды тік типтері үшін 0,5 тең болып;

- көлденең типтері үшін 0,45 тең болып қабылданады.

at – мәнін 10 мг/л кем етіп,

ai – мәнін 15 г/л артық етіп қабылдауға болмайды.
9.3.8.6 Тұндырғылардың конструктивті параметрлерін 9.2.4.7 - 9.2.4.9 сәйкес тиісті түрде қабылдау қажет және бұл ретте:

- тұнба қоспасы шығысы мен тазартылған суды жинауды енгізу және жинау құрылғысының периметрі бойынша;

- бейтарап қабат биіктігін шығысындағы түбінен 0,3 м жоғары, тұнба қабатының тереңдігін 0,3 м-ден 0,5 м дейін;

- тұнбалық шұңқырлардың еңіс бұрышын 50-тан 55 дейін;

- мөлдіретілген суды жинақтаушы суағардың 1,0 м ауыртпалықты 8 л/с-тан 10 л/с дейін қабылдау қажет.

9.3.8.7 Шөгіндіні гидростатикалық әдіспен жойған кезде биосүзгілерден соң екінші тұндырғылардың сыйымдылығын оның екі тәуліктік көлемінен аспайтындай, аэротенктерден соң екінші тұндырғыларды белсенді тұнбаның екі сағаттан аспайтындай етіп қабылдау қажет.

9.3.8.8 су бетінен екінші тұндырғы ернеуінен биіктікті 0,3 м кем емес етіп алу қажет. Су қабылдайтын (жинайтын) астаулардағы су ағызғыш жиегін биіктігі бойынша реттелетіндей етіп қарастыру қажет.

Екінші тұндырмалардағы 1,0 м су ағызғыштың ауыртпалығы 10 л/с аспауы тиіс. Тазартылған суды жинау үшін жүктелген перфорацияланған құбырларды қолдануға жол беріледі.

9.3.8.9 aiJi, параметріне тәуелді өлшенген шөгінділері бар мөлдірету режимінде жұмыс жасайтын, аэротенктер-тұндырғылар немесе окситенктерге арналған тұнба бөлгіштерге гидравликалық ауырпалықты 9.21-кесте бойынша қабылдау қажет.
9.21-кесте – Шөгіндісі саралған мөлдіреткіш режимінде жұмыс жасайтын аэротенк-тұндырғы мен окситенктерге аралған тұнба бөлгіштерге гидравликалық ауыртпалық мәндері


aiJi

100

200

300

400

500

600

qms, м3/(м2сағ)

5,6

3,3

1,8

1.2

0,8

0,7

9.3.8.10 Тұнба қоспасын бөлуге арналған флотациялық қондырғылардың есебін 9.22-кестеге сәйкес өлшенген заттар құрамы бойынша мөлдіретудің талап етілген деңгейіне байланысты жүргізу қажет.

9.3.8.11 Ағынды резервуарындағы арынды 0,6 МПа-дан 0,9 МПа дейін қабылдау қажет, қанығу ұзақтығы 3 минуттен 4 минутке дейін.

Алынатын тұнбаның ылғалдылығын тұнбалы индекс және жинақтау-тасымалдау құрылғысы типті, қайта циркуляция коэффициентін ескере отыратын есеппен анықтау қажет.

Екінші тұндырғыдан тұнбаны үздіксіз немесе мерзімді түрде алып тастауға болады. Мерзімді алып тастау кезінде уақыт интервалын оның жинақталу аймағының сыйымдылығы мен түзілетін қалдық көлеміне байланысты орнатылуы тиіс.
9.22-кесте - Өлшенген заттар құрамы бойынша мөлдіретудің талап етілген деңгейіне байланысты мәндер


Параметр

Өлшенген заттар құрамы, мг/л

15

10

5

Флотация ұүзақтығы, мин

40

50

60

Тұнбаның өлшенген заттарының л/кг, ауаның шекті шығысы

4

6

9

9.3.8.12 Мембраналық сүзгілермен қондырғыларды таңдау пайдаланудың нақты шарттарында өнімділікті, жұмыс ұзақтығын, тазарту деңгейлерін міндетті түрде ескере отырып, өндіруші зауыттың пайдалану сипаттамаларына (материалдары) бойынша жүргізіледі.


9.3.9 Толық қышқылдануға аэрациялық қондырғылар (ұзартылған аэрациялы аэротенктер)
9.3.9.1 Толық қышқылдануға аэрациялық қондырғыларды тоспа сулардың биологиялық тазартылуы үшін қолдану қажет.

Тоспа суларды қондырғыға бермес бұрын ірі механикалық қоспалардың ұсталуын қарастыру қажет.

9.3.9.2 Толық қышқылдануға аэротенктердегі аэрация ұзақтығын (9.32)-формуласы бойынша анықтау қажет, бұл ретте:

- ОБТтол бойынша қышқылданудың орташа жылдамдығын 6,0 мг/(гсағ) тең болатындай етіп;



ai – тұнба мөлшерін 3,0 г/л -ден 4,0 г/л дейін болатындай етіп;

s – тұнбаның күлділігін 0,35 тең болатындай етіп қабылдау қажет.

Ауаның шекті шығынын (9,45)-формуласы бойынша анықтау қажет, бұл орайда:



qO – оттектің шекті шығынын, мг/мг ОБТтол алынған 1,25 тең болатындай;

K1, K2, KT, K3, Ca - 9.3.7.29 ұсынылған деректер бойынша қабылдау қажет.

9.3.9.3 Тұндыру аймағында тоспа сулардың тұру ұзақтығы ең жоғарғы ағын жағдайында 1,5 сағаттан кем болмауы тиіс.

9.3.9.4 1,00 кг ОБТтол үшін артық белсенді тұнба мөлшерін 0,35 кг ретінде қабылдау қажет. Артық тұнбаны тұндырғыдан, сондай-ақ аэротенктен тұнба мөлшері 0,5 г/л ден 6,0 г/л дейін жеткенде алып тастауға болады.

Тұндырғыдан алынатын тұнбаның ылғалдығы 98% тең, ал аэротенктен алынатын тұнбаның ылғалдылығы 99,4% тең болады.

9.3.9.5 Тұнба алаңдарына ауырлықты мезофильді шарттарда ашытылған шөгінділер үшін сияқты қабылдау қажет.
9.3.10 Циркуляциялық қышқылдану арналары
9.3.10.1 Циркуляциялық қышқылдану арналарын (ЦҚА) қыстың ең салқын кезеңінің есептік температурасын 25С төмен емес аудандарда тоспа сулардың биологиялық тазартылуы үшін қарастыру қажет.

9.3.10.2 Аэрация ұзақтығын (9.32)-формуласы бойынша анықтау қажет, бұл ретте - ОБТтол бойынша қышқылданудың орташа жылдамдығын 6,0 мг/(гсағ) тең етіп қабылдау қажет.

9.3.10.3 Циркуляциялық қышқылдану арналары үшін:

а) жоспарла арна пішінін О-тәрізді;

б) тереңдігін 1,0 м жуық;

в) 1,0 кг ОБТтол үшін артық белсенді тұнба мөлшерін 0,4 кг;

г) алынған 1,0 кг ОБТтол үшін оттектің шекті шығынын 1,25 мг етіп қабылдау қажет.

9.3.10.4 Қышқылдану арналарында тоспа сулардың аэрациясын арнаның тік учаскесі басында орнатылатын, механикалық аэраторлармен қарастыру қажет.

 Аэраторлар мөлшері мен олардың жұмысының параметрлерін арнадағы су жылдамдығы мен оттек бойынша өнімділігіне байланысты паспорттық деректер бойынша қабылдау қажет.

9.3.10.5 Аэаратормен жасалатын vcc арнасындағы судың жылдамдығын м/с мына формула бойынша анықтау қажет:



(9.52)
мұндағы Jair – аэратор сипаттамасы бойынша қабылданатын аэратор қысымының импульсі;

lair – аэратор ұзындығы, м;

cc – арнаның негізгі қимасының ауданы, м2;



n1 – бұдырлық коэффициенті; бетон қабырғалар үшін n1 = 0,014;

R - гидравликалық радиус, м;

lcc – арна ұзындығы, м;

 - жергілікті кедергілер коэффициенттерінің сомасы;

О-тәрізді арна үшін  мәні 0,5-ке тең.

Аэраторлар ұзындығын түбі бойынша арна енінен кем емес және су айнасы бойынша арна енінен аспайтындай етіп қабылдау қажет, аэраторлар саны екіден кем болмайды.

9.3.10.6 Циркуляциялық арналардан белсенді тұнбасы бар тоспа сулар қоспасын екінші тұндырғыға шығаруды өздігінен ағызу арқылы қарастыру қажет, тоспа сулардың екінші тұндырғыда болу ұзақтығы ең жоғары шығын бойынша 1,5 сағатқа тең.

9.3.10.7 Екінші тұндырғыдан қайтымды белсенді тұнбаның арнаға үздіксіз берілуін, артық тұнбаның мерзімді түрде тұнба алаңдарына берілуін қарастыру қажет.

9.3.10.8 Тұнба алаңдарын мезофильді шарттарда ашытылған шөгінділерге арналған ауыртпалықты ескере отырып есептеу қажет.
9.3.11 Сүзу өрістері
9.3.11.1 Тоспа сулардың толық биологиялық тазалауға арналған сүзгіден өткізу жолдарын әдетте құмдарда, құмдақтарда және жеңіл саздақтарда қарастыру қажет.

Тоспа суларды оларды сүзгіден өткізу жолына түсірмес бұрын тұндыру ұзақтығы 30 минуттен кем болмауы тиіс.

9.3.11.2 Сүзгіден өткізу жолдарына арналған алаңдарды: еңісі 0,02 аспайтын, бірқалыпты және орташа рельефте; жер асты суларын жинауға арналған құрылыстан депрессиялық қалқанша радиусының мөлшеріне тең болатын қашықтықта, бірақ:

- жеңіл саздақтар үшін 200 м;

- құмдақтар үшін 300 м;

- құмдар үшін 500 м кем болмайтын қашықтықта, топырақ қабаты ағыны бойынан төмен орналасқан жерден таңдау қажет.

Сүзу өрістері топырақ ағыны бойынан жоғары орналасқан жағдайда, олардың жер асты суларын жинауға арналған құрылыстарға дейінгі қашықтығын гидрогеологиялық жағдайларды және сумен жабдықтау көзінің санитарлық қорғанысы талаптарын ескере отырып қарастыру қажет.

Су жүргізетін деңгейжиектерді сыналау жерлерімен шекаралас аймақтарда, сондай-ақ су ағынын суалдырумен жабылмаған Карсттар мен сызатты жыныстар болған жағдайда, сүзгіден өткізу жолдарын орналастыруға жол берілмейді.

9.3.11.3 Тоспа сулардың сүзгі алаңдарына ауыртпалығын баламалы шарттардағы сүзу өрістерін пайдалану тәжірибесінің деректері негізінде қабылдау қажет.

Тұрмыстық және оған құрамы бойынша жақын өндірістік тоспа сулардың ауыртпалығын 9.23-кесте бойынша қабылдау қажет.


9.23-кесте - Тұрмыстық және оған құрамы бойынша жақын өндірістік тоспа сулардың ауыртпалығының мәні


Топырақ қабаты

Ауаның орташа жылдық температурасы, С

Топырақ сулар тереңдікте м, болғанда, тоспа сулардың ауыртпалығы, м3/(гатәу)


1,5

2

3

Жеңіл саздақтар

0-ден 3,5 дейін

-

55

60

3,5 -тен 6 дейін

-

70

75

« 6 « 11

-

75

85

11-ден жоғары

-

85

100

Құмдақ

0-ден 3,5 дейін

80

85

100

3,5 -тен 6 дейін

90

100

120

« 6 « 11

100

110

130

11-ден жоғары

120

130

150

Құмдар

0-ден 3,5 дейін

120

140

180

3,5 -тен 6 дейін

150

175

225

« 6 « 11

160

190

235

11-ден жоғары

180

210

250

1-ЕСКЕРТУ   Ауыртпалық атмосфералық жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 300-ден 500 мм дейінгі аудандардағы ауыртпалық көрсетілген.

2-ЕСКЕРТУ   Атмосфералық жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері келесідей аудандар үшін ауыртпалықты сәйкесінше азайту қажет:

- 500 мм-ден 700 мм дейін –15% -дан 25% дейін;

- 700 мм жоғары, сондай-ақ І климаттық аудан үшін және ІІІА климаттық шағын ауданы үшін 25%-дан 30% дейін, бұл ретте ауыртпалықты төмендетудің үлкен пайызын жеңіл саздақтарда, ал төмен пайызын – құмды қабаттарда қабылдау қажет.


9.3.11.4 Қажетті жағдайларда сүзу өрістерінің алаңын тоспа суларының мұздауына тексеріп тұрған жөн. Мұздану ұзақтығын ауа температурасы минус 10С төмен күндер санына тең етіп қабылдау қажет.

Сулардың мұздану кезеңінде тоспа сулардың сүзілу мөлшерін 9.24-кестеде ұсынылған коэффициент мөлшеріне азайта отырып анықтау қажет.

9.3.11.5 Әрбір жекелеген жағдайда ауданы негізделуі және сүзілу жолының пайдалы ауданының % аспауы тиіс резервтік карталарды қарастыру қажет:

-  III және IV климаттық аудандарда 10%;

-  II климаттық ауданда 20%;

-  I климаттық ауданда 25%.

9.24-кесте – Мұздану кезеңінде сүзілу мөлшерінің төмендеуі коэффициентінің мәні


Топырақ қабаты

Мұздану кезеңінде сүзілу мөлшерінің төмендеуі коэффициенті

Жеңіл саздақтар

0,30

Құмдақтар

0,45

Құмдар

0,55

9.3.11.6 Желістер құрылысы, жолдар, қоршау біліктері, ағаш отырғызу үшін қосымша алаңды сүзу жолының ауданы 1000 га астам болғанда 25% дейін, және олардың ауданы 1000 га дейін және одан аз болғанда 35% дейін мөлшерде қабылдау қажет.

9.3.11.7 Сүзу өрістері карталарының мөлшерлерін жергілікті жер рельефі, жолдардың жалпы жұмыс ауданы, топырақты өңдеу әдістеріне байланысты анықтау қажет. Тракторлармен өңдеу кезінде бір картаның ауданы 1,5 га кем болмауы тиіс.

Карта енінің ұзындыққа қатынасын 1:2-ден 1:4 дейін қабылдау қажет; негіздеу кезінде карта ұзындығын ұлғайтуға жол беріледі.

9.3.11.8 Тоспа сулардың мұздауына арналған сүзу өрістерінің карталарында еріген сулардың шығарылуын қарастыру қажет.

9.3.11.9 Сүзу өрістерінде дренаж құрылғысы (ашық немесе жабық) топырақ қабатының сипатына тәуелсіз, карта бетінен 1,5 м кем тереңдікте топырақ суларының орналасуы кезінде, сондай-ақ бір құрғату шұңқырлары (жабық дренаж құрылғысы жоқ) топырақ суларының деңгейінің қажетті төмендеуін қамтамасыз етпейтін кезде, топырақ қабатының жағымсыз сүзу қабаттарында топырақ сулары одан да үлкен тереңдікте орналасқан кезде міндетті болып табылады.

9.3.11.10 Сүзу өрістерінде душ бөлмесін, арнайы киімді кептіруге арналған жайларды, демалу және тамақтану бөлмелерін қарастыру қажет.

Сүзу өрістеріндегі аудандардың әрбір 75,0 га-дан 100 га дейінгі аралығында қызмет көрсететін қызметкерлерді жылытуға арналған будкаларды қарастыру қажет.


9.3.12 Жер асты сүзу өрістері
9.3.12.1 Жер асты сүзу өрістерін жер бетінен 1,8 м аспайтын және 0,5 м кем болмайтын тереңдікте және 1,0 м кем топырақ су деңгейінен жоғары суару құбырлары орналасқан кезінде құмды және құмдақ топырақтарда қолдану қажет.

9.3.12.2 Суару құбырларының жалпы ұзындығы 9.25-кестесіне сәйкес ауыртпалық бойынша анықталады.

9.3.12.3 Суару құбырларын шағыл тастардан, ұсақ жақсылап кептірілген қазандық шлагынан, құмтастан және ірі түйірлі құмнан жасалған қалыңдығы 0,2 м-ден 0,5 м дейінгі қабатқа салу қажет.

Жер асты сүзгі өрістері алдында септиктерді орнатуды қарастыру қажет. Жекелеген суарғыштар ұзындығын 20,0 м аспайтындай етіп қабылдау қажет.

9.3.12.4 Ауа ағыны үшін суару құбырларының шетінде жер бетінен 0,5 м биікте тұратын диаметрі 100,00 тұрақтарды қарастыру қажет.

9.25-кесте – Астаудан топырақ сулардың ең жоғарғы деңгейі тереңдігіне байланысты, жер асты сүзу өрістерінің суару құбырларының 1 м-не л/тәулік ауыртпалық мәні


Топырақ қабаты

Ауаның орташа жылдық температурасы, С

Астаудан топырақ суларының ең жоғарғы деңгейі тереңдігіне байланысты, жер асты сүзу өрістерінің суару құбырларының 1-м-ні л/тәулік ауыртпалық, м

1

2

3

Құмдар

6,0 дейін

16

20

22

6,1 ден 11,0 дейін

20

24

27

11,1 ден жоғары

22

26

30

Құмдақтар

6,0 дейін

8

10

12

6,1 ден 11,0 дейін

10

12

14

11,1 ден жоғары

11

13

16

1-ЕСКЕРТУ   Ауыртпалық атмосфералық жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 500 мм дейінгі аудандар үшін көрсетілген.

2-ЕСКЕРТУ  Атмосфералық жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 500 мм-ден 600 мм дейінгі аудандар үшін –10% -дан 20% дейін, 600 мм жоғары аудандар үшін 20%-дан 30% дейін, І климаттық аудан үшін және ІІІА климаттық шағын ауданы үшін 15% азайту қажет. Бұл ретте ауыртпалықты төмендетудің үлкен пайызын жеңіл саздақтарда, ал төмен пайызын – құмды қабаттарда қабылдау қажет.

3 ЕСКЕРТУ Қалыңдығы 20 см ден 50 см дейін ірі түйіршікті төсеме болған жағдайда, ауыртпалықты 1,2-ден 1,5 дейін коэффициентпен қабылдау қажет.

4 ЕСКЕРТУ Бір тұрғынға немесе маусымды әрекет ететін объектілер үшін суды бұру шекті мәні 150 л/тәулік болғанда, ауыртпалықтар нормаларын 20% ұлғайту қажет.




9.3.13 Құмды-қиыршықты сүзгілер және сүзгілеуші траншеялар
9.3.13.1 Тоспа сулар мөлшері 15 м3/тәулік аспайтын кезде құмды-түйіршікті сүзгілер мен сүзгілеуші траншеяларды бұрушы кәріз астауынан 1 м-ге тоспа сулардың жоғары деңгейінде су өткізбейтін және әлсіз сүзгілеуші топырақтарда жобалау қажет. Құрылыстар алдында септиктер құрылғысын орнату қажет.

Тазартылған суды РНҚ 01.01.03, Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің, Қазақстан Республикасының Су Кодексінің, СанЕжН 3.01.054, «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау, мәдени-тұрмыстық суды пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» талаптарын және «Қазақстан Республикасының әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарында су ресурстарын пайдалануды анықтаудың әдістемелік нормалары мен нормативтерінің», «Экологиялық ауданға бөлуді жүргізу кезінде су объектілеріне ластаушы заттарды тастау нормалары мен нормативтерін анықтау әдістемесінің» және РНҚ 211.2.03.01 талаптарын ескере отырып су объектілеріне тастау немесе жинақтағыштарға (оны суару мақсатында пайдалану) жинау қажет.

Сүзуші траншеялардың есептік ұзындығын суару құбырларына ауыртпалық пен тоспа сулар шығынына байланысты қабылдау қажет, бірақ олар 30 м аспауы тиіс, траншеяның астындағы ені 0,5 м кем болмауы тиіс.

9.3.13.2 Құмды-қиыршықты сүзгілерді бір немесе екі сатыда жобалау қажет. Бір сатылы сүзгілердің тиеуші материалы ретінде ірі және орташа түйіршікті құмды және басқа да материалдарды қабылдау қажет.

Екі сатылы сүзгідегі бірінші сатының материалдары қиыршық тас, шағыл, қазандық шлагы және 9.3.3.6-сәйкес қабылданатын ірілікті басқа да материалдар, ал екінші сатыда – бір сатылы сүзгіге сәйкес материалдар қабылданады.

Сүзгілеуші траншеяларда тиеуші материал ретінде ірі және орташа түйіршікті құмды және басқа да материалдарды қабылдау қажет.

9.3.13.3 Сүзуші траншеялар мен құмды-қиыршық тасты сүзгілердің суару құбырларына ауыртпалықты, сондай-ақ жүктеу қабатының қалыңдығын 9.36-кестесі бойынша қабылдау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет