- бу мен ыстық су өндіру үшін қазандықтарда биогазды дара және табиғи газбен бірге жағу;
- электрогенераторларда мотор отыны ретінде қолдану, сонымен қатар ауа үрлегіштердің жетектерінің дизель қозғалтқыштарында негіздеу кезінде және автокөліктерде қолдану;
- шөгіндіні термиялық кептіру және өртеу құрылғыларында отын ретінде қолдану.
Биогазды мотор отыны ретінде қолдану кезінде оның қозғалтқыштардың жұмысына қолайсыз әсер ететін қоспалардан (су, ауыр бөлшектер, күкіртсутек, силоксандар және т.б.) тазартылуын ескеру керек.
9.11.3.7 Шөгінділерді метантенктерде ашыту үшін мезофильді (Т = 33С) немесе термофильді (Т = 53С) режимді қолдануға болады. Ашыту режимін таңдауды келесі өңдеу және кәдеге жарату әдістерін, сонымен қатар санитарлық талаптарды ескере отырып жүргізу кере.
9.11.3.8 Ашытудың талап етілген режимін қолдау үшін қарастыру керек:
- әдеттегідей, тәулік бойы бір қалыпты болатын шөгіндіні метантенктерге жүктеуді;
- жылу алмастырғыш аппараттарда метантенктерді эжектирлеуші құрылғылардан шығатын өткір бумен жылыту немесе метантенкке берілетін шөгіндіні қыздыру; Жылудың керекті мөлшерін метантенктерден қоршаған ортаға шығатын жылу мөлшерін ескере отырып анықтау қажет.
9.11.3.9 Ашытуды мезофильді (температура 35ºС шамасында) және термофильді (температура 50 – 60ºС шамасында) режимінде жүргізуге болады. Негіздеу кезінде сонымен бірге ашытудың екі фазалы термофильді-мезофильді режимді қолдануға болады.
Температура режимін таңдауды кейінгі шөгіндіні өңдеу және кәдеге жарату әдістерін, санитарлық талаптарды, түзілетін газды кәдеге жарату әдістерін ескере отырып, техникалық-экономикалық талқылаулардың және жылу техникалық есептеулердің нәтижелері бойынша жүзеге асыру керек.
9.11.3.10 Метантенктерге берілетін шөгінді ірі дисперсті қоспаларды жою мақсатымен прозорлары 6 мм аспайтын торлардан (елеуіш) сүзілген болу керек.
9.11.3.11 Құрамындағы құрғақ зат мөлшері 5% кем болғанға дейін артық белсенді тұнбаны метантенкке жібермес бұрын оның қойылуын қарастыру керек.
Метантенктердің көлемін құрылыстың жұмыс көлеміне органикалық жүктеме бойынша есептеу арқылы анықтау керек. Шөгінді жүктемесінің көлемдік мөлшері артық болмауы тиіс:
- термофильді үрдіс үшін 15%;
- мезофильді үрдіс үшін 7%.
Шөгіндінің органикалық затының ыдырауын шөгінді түрін, үрдіс температурасын, алдын ала өңдеудің болуын және түрлерін ескере отырып есептеу арқылы анықтау керек.
9.11.3.12 Метантенктердің сиымдылығын жүктеменің тәуліктік мөлшері бойынша шөгіндінің шынайы ылғалдығына байланысты есептеу қажет, ылғалдық мәні қалалық тоспа сулардың шөгінділері үшін 9.35-кестеден алынады, ал өндірістік тоспа сулардың шөгінділері үшін эксперименттік мәліметтердің негізінде алынады; тоспа суларда анионды беткей-белсенді заттар (ББЗ) болған кезде жүктеменің тәуліктік мөлшерін 9.11.3.13 бөлімге сәйкес тексеру керек.
9.35-кесте - Жүктеменің тәуліктік мөлшері бойынша шөгіндінің шынайы ылғалдығына байланысты метантенктердің сиымдылығының мәні
Ашыту режимі
|
Жүктелетін шөгіндінің тәуліктік мөлшері Дmt, %, жүктелетін шөгіндінің ылғалдығы, %, артық емес
|
93
|
94
|
95
|
96
|
97
|
Мезофильді
|
7
|
8
|
8
|
9
|
10
|
Термофильді
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
9.11.3.13 Тоспа суларда ББЗ болған кезде жүктеменің тәуліктік мөлшерінің, Дmt, %, 9.35-кестеден алынған шамасын мына формула бойынша тексеру керек:
(9.94)
мұнда Сdt - шөгіндіде беткей-белсенді заттардың (ББЗ) болуы, мг/г шөгіндінің құрғақ заты, эксперименттік мәліметтер бойынша немесе 9.36-кестеден алынады;
Pmud - жүктелетін шөгіндінің ылғалдығы, %;
Дlim– бір тәуліктегі метантенктің жұмыс көлемінің шекті рұқсат етілетін жүктемесі, қабылданады: г/м3:
а) 40 – тіке алкильді тізбекті алкилбензолсульфонат тар үшін;
б) 85 – басқа «жұмсақ» және аралық анионды ББЗ үшін;
в) 65 – тұрмыстық тоспа сулардағы анионды ББЗ үшін.
9.36-кесте - (9.94)-формула бойынша анықталған тәуліктік мөлшердің мәні
Тоспа судағы ББЗ-дың бастапқы концентрациясы, мг/л
|
ББЗ, мг/г шөгіндінің құрғақ затының болуы
|
Біріншілік тұндырғылардың шөгіндісі
|
Артық белсенді тұнба
|
5
|
5
|
5
|
10
|
9
|
5
|
15
|
13
|
7
|
20
|
17
|
7
|
25
|
20
|
12
|
30
|
24
|
12
|
Егер шөгіндінің берілген ылғалдығы үшін (9.94)-формула бойынша анықталған тәуліктік мөлшер мәні 9.35-кестеде көрсетілген мәннен кем болса, онда жүктеме мөлшерін ескере отырып, метантенктің сыйымдылығын түзету керек, егер тең немесе артық болса – түзету жүргізілмейді.
9.11.3.14 Жүктелетін шөгіндінің зольсыз затының ыдырауын Rr, %, жүктеме мөлшеріне байланысты, мына формула бойынша анықтау керек:
(9.95)
мұнда Rlim – жүктелетін шөгіндінің зольсыз затын мүмкіндігінше максималды ашыту, %, (9.96)-формула бойынша анықталады;
Кr – шөгіндінің ылғалдығына тәуелді және 9.37-кестеден алынатын коэффициент
Дmt – жүктелетін шөгіндінің мөлшері, %, 9.11.3.12-бөлімге сәйкес алынады.
9.11.3.15 Жүктелетін шөгіндінің зольсыз затын мүмкіндігінше максималды ашытуды, Rlim, %, шөгіндінің химиялық құрамына байланысты мына формула бойынша анықтау керек:
(9.96)
Мұнда, Cfat, Cgl, Cprt – сәйкесінше майлардың, көмірсулардың және белоктардың болуы, шөгіндінің 1 г зольсыз затына г.
Шөгіндінің химиялық құрамы жөнінде мәлімет болмаса, Rlim шамасының мәні:
- біріншілік тұндырғылардың шөгінділері үшін - 53%;
- артық белсенді тұнба үшін - 44%;
- белсенді тұнбасы бар шөгінді қоспасы үшін - зольсыз зат бойынша араластырылған компоненттердің орташа арифметикалық қатынастарына сәйкес.
9.37-кесте - Шөгіндінің ылғалдығына тәуелді коэффициенттің мәні
Ашыту режимі
|
Коэффициента Kr мәні, жүктелетін заттың ылғалдығы %
|
93
|
94
|
95
|
96
|
97
|
Мезофильді
|
1,05
|
0,89
|
0,72
|
0,56
|
0,40
|
Термофильді
|
0,455
|
0,385
|
0,310
|
0,240
|
0,170
|
9.11.3.16 Метантенктен жүктелген шөгіндінің ылғалдығын зольсыз заттың 9.11.3.14 сәйкес анықталатын ыдырауын ескере отырып, құрғақ зат бойынша жүктелген компоненттердің қатынасына байланысты қабылдау керек.
9.11.3.17 Метантенктерді жобалау кезінде «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар», «Қысыммен жұмыс істейтін жабдық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар», «Газбен қамтамасыз ету жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» және «Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігінің ережелері» атты Техникалық регламенттердің талаптарын орындау керек және бұл кезде қарастырылу керек:
- ГОСТ 12.3.006 сәйкес жабдықтар мен мекемеде қызмет етушілердің жарылыс-өрт қауіпсіздігі бойынша шаралар;
- метантенктердің саны екіден кем емес, бұл кезде барлық метантенктер жұмыс істеп тұруы қажет;
- метантенктер резервуарларының 5 кПа дейін артық қысымға есептелген герметтілігі;
- метантенктің диаметрінің оның биіктігіне (түбінен газ жинағыш қылтаның негізіне дейін) қатынасы 0,8 - 1 реттен артық емес;
- шөгіндінің статикалық деңгейі қылта негізінен 0,2 - 0,3 м жоғары орналасады, ал қылтаның жоғарғы бөлігі шөгіндінің динамикалық деңгейінен 1,5 м жоғары орналасады;
- герметті жабылатын люктер-саңылаулар, маңдай люктер;
- 5 - 10 сағат ішінде бос жүрген массаның барлығын өткізуге есептелген бұлғауыш құрылғылар;
- барлық өткізгіш құбырлардың барлығын жууды қамтамасыз ететін ауыстырып-қосқыштар;
- метантенк резервуарларын босату жүйесі – шөгіндіні төменгі зонадан жоғарғысына беру мүмкіндігімен;
- шөгіндіні метантенктің жоғарғы зонасына жүктеу және төменгі зонасынан жүктеу;
- газды қалпақтардан газ шығаруға арналған құбырлардың ашық ұштарының динамикалық деңгейден 2 м биіктіктен кем емес орналасуы;
- 600 - 800 м3 болатын өткізу шарттарына сәйкес газ жинаушы қылтаның ауданы тәулігіне 1 м2 ;
- шөгінділер деңгейін, метантенктердегі қысымды автоматты түрде бақылау;
- метантенктерден бекеттердің, алаң ішілік автомобиль және темір жолдардың негізгі құрылыстарына дейінгі қашықтық – 20 м кем емес, жоғары вольтты желілерге дейін - тіректің 1,5 биіктігінен кем емес
- метантенктер орналасқан территорияның қоршалуы;
- биогаз шығынын жинауға және орташалауға арналған газгольдерлер.
9.11.3.18 Шөгінділерді метантенктерде ашыту нәтижесінде алынатын газды тазарту бекетінің және жақында орналасқан объектілердің жылу энергетикалық шаруашылығында қолдану керек
9.11.3.19 Метантенктердің газ шаруашылығын жобалауды (газ жинау пункттері, газ желісі, газгольдерлер және басқа) «Газбен қамтамасыз ету жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» атты техникалық талаптарға сәйкес жүргізу керек.
9.11.3.20 Қысымды реттеу үшін және газды сақтау үшін сыйымдылығы 2 - 4 сағат бойы газ шығуына есептелген дымқыл газгольдерлерді қарастыру керек, қалпақ астындағы газдың қысымы 1,5 - 2,5 кПа болу керек.
9.11.3.21 Негіздеу кезінде ауаның орташа жылдық температурасы 6С кем болмайтын аудандарда және тұнбалы алаңдар жасау үшін территорияларда шектеулер болған кезде екі сатылы метатенктерді қолдануға рұқсат етіледі
9.11.3.22 Бірінші сатыдағы метантенктерді 9.11.3.1 - 9.11.3.10 сәйкес мезофильді ашытуға жобалау қажет.
9.11.3.23 Екінші сатыдағы метантенктерді қыздырусыз ашық резервуарлар ретінде жобалау керек. Тұнбалы судың шығуын құрылыстың биіктігі бойынша әр түрлі деңгейде қарастыру керек, диаметрі 200 мм кем болмайтын тұнба құбыры бойындағы жинағыш қабылдағыштан шөгіндіні шығару гидростатикалық қысыммен 2 м кем емес.
Екінші сатыдағы метантенктердің сыйымдылығын 3-4% тең болатын тәуліктік жүктеменің мөлшеріне байланысты есептеу керек. Екінші сатыдағы метантенктерді жиналып қалатын қабықтарды жоюға арналған механизмдермен жабдықтау керек. .
9.11.3.24 Екінші сатыдағы метантенктерден шығарылған шөгінділердің ылғалдығын ашыту кезінде қолдану керек:
- біріншілік тұндырғылардан алынған шөгінділер – 92%;
- шөгінділер, артық белсенді тұнбамен бірге – 94%.
9.11.4 Аэробты тұрақтандырғыштар
9.11.4.1 Шөгіндіні аэробты кондиционерлеу субмезофильді режимде (20ºС шамасында) де, термофильді режимде де жүргізуге болады (технико-экономикалық негіздеу кезінде ғылыми-зерттеу, консалтингтық және инжинирингтық ұйымдардың ұсыныстары бойынша рұқсат етіледі.
9.11.4.2 Субмезофильді аэробты конденцирлеуді есептеу кезінде шөгіндінің органикалық затының ыдырауын 20% артық емес шамада алу керек. Термофидьді режимді қолдану кезінде ыдырауды 45% дейін қабылдауға болады. Есептеу кезінде анықтау керек: аэробты өңдеу уақыты, керекті ауа шығыны, ал термофильді аэробты тұрақтандыру үшін – үрдістің автотермиялығының шарттары.
9.11.4.3 Шөгінділердің жоғары концентрацияланған қоспаларын аэробты тұрақтандырған кезде механикалық және пневмо-механикалық тұрақтандыруды қарастыру керек.
9.11.4.4 Аэробты тұрақтандыруға тығыздалмаған немесе 5 сағаттан артық емес уақытта тығыздалған белсенді тұнба және оның шикі шөгіндімен қоспасы бағытталады,
9.11.4.5 Аэробты тұрақтандыру үшін коридорлы аэротенктер түріндегі құрылыстарды қарастыру керек.
Аэрацияның ұзақтығын қабылдау керек:
- тығыздалмаған белсенді тұнба үшін 2 - 5 тәулік,
- біріншілік тұндырғылардың шөгінділерінің қоспалары және тығыздалмаған тұнба үшін 6 - 7 тәулік,
- шөгінді мен тығыздалған белсенді тұнбаның қоспасы үшін 8 - 12 тәулік (температура 20С).
Шөгіндінің температурасы анағұрлым жоғары болған сайын, аэробты тұрақтандырудың ұзақтығын қысқарту керек, ал төмен болса, ұзарту керек. Температура 10С өзгерген кезде, сәйкесінше, тұрақтандыру ұзақтығы 2,0 – 2,2 есе ұзарады.
Тұнбаны аэробты тұрақтандыру температураның 8 - 35С диапазонында жүзеге асырылады. Өндірістік тоспа сулардың шөгінділері үшін үрдіс ұзақтығын эксперимент жүзінде анықтау керек.
9.11.4.6 Аэробты тұрақтандыруға кететін ауа шығынын 1 м3 сыйымдылыққа 1–2 м3/сағ. деп алу керек, ол сәйкесінше 99,5 - 97,5% деңгейдегі шөгіндінің концентрациясына байланысты. Бұл кезде аэрацияның қарқындылығын 6 м3/(м2сағ) кем болмайтындай мәнге теңдестіріп алады.
9.11.4.7 Аэробты тұрақтандырылған шөгіндіні тығыздауды не жеке тұрған тығыздағыштарда, не тұрақтандырғыштың ішіндегі арнайы бөлінген зонада 5 сағаттан кем болмайтындай уақыт бойы жүргізу керек. Тығыздалған шөгіндінің ылғалдығы 99,5-97,5% болу керек.
9.11.4.8 Тұнбалы су тығыздағыштардан аэротенктерге бағытталуы тиіс. Оның ластануын ОБТтолық бойынша - 200 мг/л, ауыр заттары бойынша 100 мг/л деп алу керек.
9.11.5 Шөгіндіні механикалық сусыздандыруға арналған құрылыстар
9.11.5.1 Тоспа суларды тазарту кезінде түзілетін шөгінділерді сусыздандыруды табиғи және механикалық әдістермен немесе фильтрлеуші қапшықтардың көмегімен жүргізуге болады.
9.11.5.2 Шөгінділерді механикалық сусыздандыру үшін центрифугалар мен таспалы фильтр-престерді ұсынылады. Негіздеу кезінде камералық фильтр-престерді, шнекті престерді және басқа да жабдықтарды қолдану ұсынылады
9.11.5.3 Қалалық және соларға құрамы жағынан ұқсас тоспа сулардың шөгінділерінің су бөлу қасиетін жақсартуға арналған реагент ретінде органикалық полимерлерді (флокулянттарды) қолданған жөн. Технико-экономикалық негіздеу кезінде сусыздандыру үрдісін, сонымен қатар басқа үрдістерден бөлінетін төмен потенциалды жылуды кәдеге жаратудың арқасында шөгіндіні қыздыруды да жақсартатын реагенттер мен қоспаларды қолдануға болады.
9.11.5.4 Механикалық сусыздандыруға жататын қалалық тоспа сулардың шөгінділері алдын ала өңдеуден – тығыздаудан, жуудан (ашытылған шөгінді үшін), химиялық реагенттермен біріктірілуден өту керек. Өндірістік тоспа сулардың шөгінділерін алдын ала өңдеу керектігін эксперимент жүзінде анықтау керек.
9.11.5.5 Ашытылған шөгіндіні вакуум-фильтрлерде немесе фильтр-престерде сусыздандыру алдында оны тазартылған тоспа сумен жуу керек.
Жуатын судың мөлшерін қабылдау керек:
- ашытылған шикі шөгінді үшін - 1,0 - 1,5 м3/м3;
- мезофильді жағдайда ашытылған шикі шөгінді қоспасы үшін және белсенді тұнба үшін - 2,0 - 3,0 м3/м3;
- термофильді жағдайда ашытылған шикі шөгінді қоспасы үшін және белсенді тұнба үшін - 3,0 - 4,0 м3/м3.
Шөгіндінің үлестік кедергісі жөнінде мәліметтер болған кезде жуу суының шығынын qww, м3/м3, мына формула бойынша анықтау керек:
(9.97)
мұнда rmud - шөгіндінің үлестік кедергісі, см/г.
9.11.5.6 Жуу уақытының ұзақтығын 15 - 20 минут деп алу керек, шөгіндіні жууға арналған резервуарлардың саны екіден кем емес. Резервуарларда қалқып шыққан заттарды алып тастауға, бұлғауға және мезгіл-мезгіл тазартуға арналған құрылғылар болу керек.
9.11.5.7 Шөгіндіні жууға арналған (оны техникалық сумен араластыру) құрылысты жобалау кезінде одан бөлініп шығатын құмды алуға және одан оны одан әрі өңдеуге арналған құрылғыны қарастыру қажет. Ауамен араластыру кезінде оның мөлшері жуылатын шөгінді мен судың 0,5 м3/м3 қоспасына есептеліп анықталады.
9.11.5.8 Шөгінділердің барлық түрлерін сусыздандыру алдында оларды тығыздауыштарды қарастыру керек.
9.11.5.9 Жуылған шөгінді мен судың қоспасын тығыздау үшін, мезофильді режимде – 12 - 18 сағат бойы, термофильді режимде 20 - 24 сағат бойы ішінде қоспаның болуына есептелген тығыздағыштарды қарастыру керек.
Тығыздағыштардың саны екіден кем болмауы тиіс. Тығыздағыштардан шөгіндіні алуды плунжер түріндегі сорғыштармен жүргізілуі керек.
Бастапқы шөгіндіге және қосылған белсенді тұнбаға байланысты, тығыздалған шөгіндінің ылғалдығын 94 - 96% деп алу керек. Тығыздағыштардан тұнбалы суды алуды тазарту құрылыстарында жүргізу керек, оларды ластаушы заттардың қосымша мөлшерін ескере отырып есептеу керек.
Тығыздағыштардан алынған тұнбалы сулардағы ластаушы заттардың мөлшері салынды заттар бойынша – 1000 - 1500 мг/л, ОБТтолық бойынша – 600 - 900 мг/л.
9.11.5.10 Тығыздағыштардан салынды заттардың шығуын азайту үшін және тығыздалған шөгіндінің ылғалдығын төмендету үшін фильтратты вакуум-фильтрлерден тығыздағыштарға жіберу керек, сонымен қатар жуу суын хлорлы темірдің 0,1%-тік ерітіндісіне ауыстыру керек, оны дайындау үшін хлорлы темірдің жалпы керекті мөлшерінің 50%-ы қолданылады. Тығыздағыштарда қалқып шыққан заттарды алып тастауға арналған құрылғы болу керек.
9.11.5.11 Біріншілік тұндырғылардың шөгінділерінен ірі қоспаларды алып тастау мақсатымен фильтр-престерде сусыздандыру алдында прозорлары 100 мм кем емес торларды немесе ұяшықтары 10 мм 10 мм өлшемді сеткасы бар вибросүзгіш аппараттарды қарастыру қажет.
9.11.5.12 Қалалық тоспа сулардың шөгінділерін біріктіру кезінде реагенттер ретінде хлорлы темірді немесе күкірт қышқылды тотыққан темірді және әкті 10 % ерітінді түрінде қолдану керек.
Реагенттердің санын FeCl3 және CaO бойынша анықтау қажет, вакуум-фильтрлеу кезіндегі олардың мөлшерлерін шөгіндінің құрғақ массасына % түрінде алу керек:
а) біріншілік тұндырғылардың ашытылған шөгінділері үшін:
- FеСl3 3-4%;
- СаО 8-10%;
б) біріншілік тұндырғылардың шөгінділерінің және артық белсенді тұнбаның жуылған ашытылған қоспасы үшін:
- FeCl3 4-6%,
- СаО 12-20%;
в) біріншілік тұндырғылардың шикі шөгінділері үшін:
- FeCl3 1,5-3%;
- СаО 6-10%;
г) біріншілік тұндырғылардың шөгінділерінің және артық белсенді тұнбаның қоспасы үшін:
- FeCl3 3-5%;
- СаО 9-13%;
д) аэротенктерден алынған тығыздалған артық тұнба үшін:
- FeCl3 6-9%;
- СаО 17-25%.
ЕСКЕРТПЕ 1 Реагенттер мөлшерінің жоғары мәндерін термофильді режимде ашытылған шөгінді үшін алу керек.
ЕСКЕРТПЕ 2 Аэробты тұрақтандырылған шөгіндіні сусыздандыру кезінде реагенттер мөлшері мезофильді түрде ашытылған массаға арналған мөлшерінен 30% кем.
ЕСКЕРТПЕ 3 Fe2(SO4)3 мөлшері барлық жағдайда хлорлы темірдің мөлшерімен салыстырғанда 30 - 40% көбейтіледі.
ЕСКЕРТПЕ 4 Шөгіндіні камералы фильтр-престерде сусыздандыру кезінде барлық жағдайда әктің мөлшері 30% артық алынады.
9.11.5.13 Реагенттерді шөгіндімен араластыру араластырғыштарда жүргізіледі. Біріктірілген шөгіндіден қотару үшін ортадан тарататын сорғыны қолдануға болмайды.
9.11.5.14 Вакуум-фильтрлер мен фильтр-престердің сүзгіш материалын өндірістік сумен, сонымен қатар оның периодты регенерациясын 10% тежелген тұз қышқылымен жуу керек.
9.11.5.15 Тежелген тұз қышқылының мөлшерін концентрациясы 20% қышқылдың 1 м2 сүзгіш беткейге жылдық қажеттілігіне байланысты анықтау керек.:
- 20 л - қиындасатын матасы бар вакуум-фильтр үшін;
- 50 л - басқа типтегі сүзгіштер үшін.
9.11.5.16 Хлорлы немесе күкірт қышқылды тотыққан темір мен тұз қышқылының қоймасы оларды 20 - 30, әкті - 15 күндік қорда сақтау шарттарына есептеледі. Реагенттерді темір жол цистерналарымен жеткізген жағдайда резервуардың сыйымдылығы цистернаның сыйымдылығынан кем болмау керек.
9.11.5.17 Қалалық тоспа сулардың шөгінділерін сусыздандыру кезіндегі вакуум-фильтрлер мен фильтр-престердің өнімділігін және кектің ылғалдығын 9.38-кестеден алу керек.
Өндірістік тоспа сулардың шөгінділерін сусыздандыру кезіндегі вакуум-фильтрлер мен фильтр-престердің өнімділігін тәжірибелік мәліметтерден алу керек.
9.11.5.18 Вакуум-фильтрлеу кезінде вакуумның шамасын 40 - 65 кПа шегінде, шөгіндіні үргіштегі қысылған ауаның қысымын 20 - 30 кПа шегінде алу керек.
Вакуум-сорғылардың өнімділігін сүзгіштің 1,0 м2 ауданына ауа шығыны - 0,5 м3/мин, ал қысылған ауа шығыны - 0,1 м3/мин болатын шарттарға байланысты анықталады.
Фильтр-престеу кезінде біріктірілген шөгіндіні беруді қарастыру керек:
- 0,6 МПа кем емес қысым;
- шөгіндіні кептіруге кететін қысылған ауа шығыны 1,0 м2 сүзгіш беткейіне - 0,2 м3/мин;
- Қысылған ауа қысымы 0,6 МПа кем емес;
- жуу суының шығыны 1,0 м2 сүзгіш беткейіне - 4,0 л/мин;
- жуу суының қысымы 0,3 МПа кем емес.
9.11.5.19 Шөгінділерді сусыздандыру үшін шөгіндіні шнекті жүктеумен бірге үздіксіз әрекет ететін көлденең центрифугаларды қолдануға болады.
Бастапқы шөгінді бойынша центрифугалардың өнімділігін qcf, м3/сағ, мына формула бойынша анықтау керек:
(9.98)
мұнда lrot, drot – сәйкесінше ротордың ұзындығы мен диаметрі, м.
Флокулянттармен жұмыс істеген кезде центрифуганың өнімділігін 2 есе азайтып алу керек. Бұл кезде құрғақ затты ұстау тиімділігі 90 - 95% артады.
Құрғақ затты ұстау тиімділігі мен кек ылғалдығын 9.39-кестеден алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |