Студент: Садуова Нурханым Сабақтың тақырыбы


Омар Хайямның философиялық ойлары қандай?



бет2/2
Дата03.01.2022
өлшемі50.56 Kb.
#450231
түріСабақ
1   2
Философия Садуова

2. Омар Хайямның философиялық ойлары қандай?

Омар Һайям - парсы математигіастрономы, ақын, философы (толық аты — Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибраһим әл-Һайям) шамамен 1048 жылы Хорасанның Нишапур қаласында дүниеге келген, әрі сонда қайтыс болған. Жас кезінде жақсы отбасының тәрбиесінде болған, әрі өлеңге құмартып өскен, оның кейбір өлеңдері осы күнге дейін жеткен. Нишапурда жұмыс атқарған кезінде, сол кездегі оқымыстылармен бірлесіп сол замандағы күнтізбеге өзгерістер енгізген.

 Уақыт үлкен қаланы күл етіп, көзге қораш мекенді көркейтіп, жаңартып жібереді. Бірақ бұл Нишапур жөніндегі әңгіме емес, бұл әңгіме осы қаланың атын шығарған ұлы парсы философы, Батыс пен Шығыс философтарының патшасы, Шындықтың білгірі, «орасан Имам» және тағы да басқа мәртебе иесі – Омар Хайямның даналығы жайлы. Біздің заманымыз бен ол тіршілік еткен кездің арасында жүздеген жылдар жатыр. Бірақ, Омар Хайям ұмыт болды ма? Оны кім білмейді? Оның уытты, жалынды рубаиына ерімейтін жүрек бар ма? Омар Хайямды бүкіл әлем біледі.
          Омар Хайям туралы айтылған да жазылған да сөздер көп. Бірақ оның әлемге атының кең тарауы ХІХ ғасырда ғана мүмкін болды. Орыс тілінде Омар Хайям тұңғыш рет 1891 жылы «Европа Вестнигінде» ақын В. Л. Величконың аудармасында жарық көрді. Ол Хайямның 52 рубаятын орысшаға аударды. 1910 жылы орыс ақыны Н. Д. Бальмонт Омар Хайямның он бір рубаятын аударды. Жалпы, Омар Хайямды аударушылар саны қырық шақты. Сонда Омар Хайям деген кім, неліктен ол әлемдегі ең озық ақынның бірі болып саналады, оның көзқарасын қалай ұғынуға болады. Осы мәселелер төңірегінде біраз ой қозғалық. 
          Бұл адам бар ғұмырын математика мен астрономияға бағыштады, өзін Әбу-әли Ибн Синаның шәкіртімін деп есептеді және поэзиямен қолы бос кезде ғана айналысты. Бірақ оның есімін өлмес даңққа бөлеген поэзиясы болды. Фирдоусиден кейін өзін ақынмын деп атауға жүрексінген адам үшін бұл нағыз ақындық бақыт қой!
          Ақынның толық аты Гийас ад-Дин Абу-л-Хатх Омар ибн Ибрахим Хайям. Жас шағында Омар Хайям Бұхара мен Самарқанда тұрды. Жиырма жетісінде алыстағы Исфахандағылардың көзіне шалынды. Мәлік-шахтың бас уәзірі Низам әл-Мүлік жас ғалымды Исфаханға шақырды. Осы жерде Омар Хайям қырық жылдан астам ғұмырын өткізді. Осы жерде ол:
           «Қараңғылық пердесінің ар жағында не бар деп, 
Ойлағанмен болмас мәлім...» дей келіп, терең философиялық мәні бар түйін жасайды. «Сол перде ашылғанда біз көреміз,
Күмәнды ойымыздың бос болғанын».
          Исфаханда Омар Хайям арнайы философиямен шұғылданады. Ол, әсіресе, Ибн-Сина еңбектерін мұқият зерттейді. Осы кезде арабтың ақыны әрі философы Абу-л-Ала әл-Маарри еңбектерімен танысады.
          1080 жылы Омар Хайям алғашқы философиялық еңбегін жазды. «Болмыс және болуға тиісті істер туралы трактат». Бұл кітап Иранның оңтүстік провинцияларының бірінің имамы әрі уәзір Фарстың хатына жауап ретінде жазылған. Имам Шығыс пен Батыс философтарының патшасы Абу-л-Хатх Омар ибн Ибрахим Хайямнан алла тағаланың әлем мен адамды жаратудағы құдіреттілігін түсіндіруді және дұғалардың қажеттілігіне қалай қарйтындығын сұрады. Бұл хат атақты ғалым, ислам идеологы Омар Хайямның исламға қарсы айтылған сөздерінің кең таралуынан туындалып отыр. Бұл хаттың мақсаты Омар Хайямды исламның маңызды діни міндеттерін мойындату болды. Жауап трактатында өзін Ибн-Синаның шәкірті деп жариялап, өз ойларын Аристотель дүниетанымын ұстанған философ ретінде түсіндірді. Бұл еңбекте алла тағалаға алғашқы себеп, ол болмыс өзгешелігі заңы, құдай өмірінен тыс деген идея айтылған. Бұл әлемде алла тағаланың бар екендігін мойындай отырып, табиғаттағы тізбектелген нақты өзгерістердің бәрі алла тағаланың құдіреттілігімен емес, табиғат заңдылықтарымен түсіндіріледі деді. Әрине, Омар Хайям пікірі мен ортодоксальді мұсылмандық қағидалары сәйкес келе бермейді. Сол себепті кезінде Омардың мұсылмандығына шүбә келтірушілер де болған. 
          Бірде Омар Хайямнан «Сен мұсылмансың ба? Сен аллаға сенесің бе?» деп сұрағанда, ол «Жартылай мұсылманмын, яғни жартылай құдайдан безген деп есептей беруіңе болады, жартылай...» деп жауап берген. 
          Омар Хайям Ибн-Сина сияқты философиялық жүйе жасамаған. Бүгінгі күнге дейін Омар Хайямның бес философиялық шығармалары жеткен, олар: «Болмыс және болатын істер туралы трактат», «Үш сұраққа жауап: мәңгілік және детерменизм, әлемдегі қайшылықтың қажеттілігі», «Жалпы ғылымның пәні туралы ақыл жорығы», «Ғұмыр туралы трактат» және «Қажетті кітап (бар нәрселер хақында)». Бұлар өте қысқа, кейбіреулері бірнеше беттен ғана тұрады.
          Көзі тірісінде Омар Хайямды ақын ретінде мойындамаған. Оны Шығыс пен Батыс философтарының патшасы, Хорасан имамы, хакім деп мадақтаған. Тағдыр жазуы деген сол, ол бүгінде күллі адамзат үшін ақын болып танылды. Омар Хайям есімі аталғанда бірден оның рубаяттары еске түседі. Ол осы рубаяттар арқылы бізге мәлім ғана болып қоймай, ойға салып отыр. Өлеңнің төрт жолында айтылатын ойдың кеңістігі адамды таң-тамаша етеді.

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет