1. Пән туралы ақпарат
Пәннің атауы_ Қазақ тілінің тарихы мен жазуын оқыту
Кредит саны______5_____________
Курс, семестр____2 курс, 4 семестр
Мамандықтың шифры және атауы: 6B01701-«Қазақ тілі мен әдебиеті
Институт____ Филология
Кафедра__Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, атағы, қызметі: Қосымова Гүлбану
филология ғылымдарының докторы, профессор
Контактілік ақпарат (телефон, e-mai) _ 87015773509. E-mail: gkosym@inbox.ru
2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)*
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2) 0,6 + емт 0,4
3. Пәннің қысқаша мазмұны. Курстың мақсаты: «Қазақ тілінің тарихы мен жазуын оқыту» пәнін оқытудың мақсаты- бүгінгі тілдің фонетикалық, грамматикалық құрылымының осы күйге жету жолын, эволюциясын тарихи- салыстырма әдіс негізінде түсіндіру және жазудың тарихын оқыту болып табылады.
«Қазақ тілінің тарихы мен жазуын оқыту» пәнінің негізгі міндеттері: тарихи грамматика курсы зерттеу көздеріне сүйеніп, сөздердің грамматикалық кластарға жіктелу тарихын, жеке грамматикалық категориялардың қалыптасу эволюциясын, дыбыстар жүйесінде болған тарихи өзгерістерді, олардың тілдік лексикалық қорына, грамматикалық құрылымына әсерін түсіндіру жазудың тарихын оқыту.
Пәнді игеру нәтижесінде магистрант қабілетті болады:
Пәндік құзіреттілігі: «Қазақ тілінің тарихы мен жазуын оқыту» пәнін оқыту нәтижесінде студент сөздердің этимологиясын, дыбыстардың тарихи өзгерісін, грамматикалық тұлғалардың қалыптасу тарихын, сөз тіркесі мен сөйлемдердің даму сипатын және жазудың тарихын білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |