Студенттерге арналған пән силлабусы Пән туралы ақпарат



бет2/28
Дата29.03.2022
өлшемі85.69 Kb.
#456515
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Силлабус ШЖжҚЗТ

Пәннің мақсаты: білім алушыларды шетелдердегі капитализмнiң пайда болуы мен дамуының негiзгi заңдылықтарымен, жаңа және қазіргі тарихтың әр түрлi кезеңдерiнде әлемнiң алдыңғы қатарлы елдерi мен аймақтарының даму үрдiстерiмен, жекелеген мемлекеттердiң әлеуметтiк-экономикалық және саяси даму ерекшелiктерiмен таныстыру болып табылады.
Міндеттері:

  • әлем тарихындағы шет елдерінің орны мен рөлін көрсете отырып, жаңа және қазіргі замандағы олардың әлеуметтік-экономикалық, идеялық-саяси, рухани дамуындағы ерекшеліктерін анықтау;

  • білім алушылардың бойында тарих ғылымының жетістіктерін меңгеруге дәріс, семинар сабақтары, консультация, және де өзбетімен жұмыс жасау арқылы белсенді түрде қатысуына ықпал ететін тарихи сананы қалыптастыру.

  • білім алушыларды курстың негізгі деректері мен категориялық аппараттарымен таныстыру;

  • білім алушыларды шет елдердің қоғамдық дамуының негізгі концепцияларымен таныстыру және шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы бойынша негізгі еңбектер туралы мәліметтер беру.

Құзіреттіліктер:
Негізгі құзыреттіліктер: білім алушының жалпы мәдени құзіреттіліктері: ойлау, түрлі деңгейдегі мәселелерді талдай білу; өзара әрекет тәсілдері мен технологияларын меңгеру; тарихи ақпаратпен жұмыс жасау;
Жалпы кәсіптік құзіреттіліктер: Шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы бойынша теориялық және тәжірибелік білімдер жүйесін игеру;
Кәсіптік құзіреттіліктер: білім алушының педагогикалық саладағы қызметінде түрлі білім беру мекемелерінде жаңартылған мазмұндағы оқу жоспарларын құруы, заманауи әдістемелер мен технологияларды, соның ішінде ақпараттық технологияларды қолдана алуы.
Оқыту нәтижелері
- жекелеген өркениеттердің негізгі элементтерін, шетелдердің дамуының басты бағыттарын анықтау;
- түрлі елдердегі модернизациялық үрдістердің, Батыс пен Шығыстағы революциялық үрдістердің ерекшеліктерін салыстыру;
- жаһандық және жергілікті тарихи-мәдени, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-саяси, этнодемографиялық және конфессиялық үрдістерге қоғам дамуының объективтік заңдары негізінде сыни баға беру;
- шетелдер тарихының жаңа және қазіргі кезеңдеріндегі дамудың біртұтастығы мен үздіксіздігін сипаттайтын негізгі оқиғалар, құбылыстар мен үдерістерге, олардың себеп-салдарлық байланысын аша отырып талдау жасау;
- шетелдер тарихының жаңа және қазіргі кезеңдері бойынша ақпарат пен әртүрлі көздегі деректерді олардың шынайылығы, идеологиялық бағыттылығы және ғылымилық көзқарастары тұрғысында түсіндіру;
- шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы мен мәдениетіндегі тарихи тұлғалардың рөлі мен олардың жетістіктеріне баға беру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет