9. Бақылау (тесттер, есептер және т.б.)
Тесттер:
1. Науқастарды жасанды тамақтандыру мұрын арқылы асқазанға зонд қоюды қай кезде іске асырылады?
өңеш ісігі кезде;
жақ сынған кезде;
өңеш операциясынан кейін;
жұтынудың бұзылыстары кезде;
өңеш күйіктері кезде.
2. Гастростомалық арқылы науқастарды жасанды тамақтандыру қай кезде жүргізіледі?
өңеш ісігі кезде;
жақ сынған кезде;
өңеш операциясынан кейін;
жұтынудың бұзылыстары кезде;
өңеш күйіктері кезде.
3. Парентеральды тамақтандыру дегеніміз не?
Венаға нәрлі сорпаны енгізу арқылы;
Тамақтандыру мақсатымен асқазан – ішек жолдарына әр түрлі заттарды енгізу;
Зонд көмегімен іске асатын тамақтану;
Жыланкөз арқылы жүретін тамақтану;
Тік ішек арқылы нәрлі заттарды енгізу.
4. Ағзаға қажет барлық заттарды венаға енгізу кезіндегі парентеральды тамақтану түрі қалай аталады?
толық;
бөліктік;
қосымша;
толыққанды;
инфузионды.
5. Парентеральды енгізу препараттары қандай жылдамдықпен жүргізіледі:
10 – 20 кап/мин;
25 – 35 кап/мин;
40 – 60 кап/мин;
80 – 100 кап/мин;
120 – 150 кап/мин.
6. Зондтардың залалсыздандырылуы қандай ерітінділермен жүргізіледі:
0,5% хлорамин, 60 мин;
1% хлорамин, 60 мин;
2% натрий гидрокарбонаты, 60 мин;
3% хлорамин, 60 мин;
5% хлорамин, 30 мин.
7. Тазарту клизмасын тік ішекке орнатуда ұштықты дұрыс ендіру:
Басында құйымшаққа 3-4 см, сосын кіндікке 8-10 см
Басында кіндікке 8-10 см, сосын құйымшаққа 3-4 см
Басында құйымшаққа 8-10 см, сосын кіндікке 3-4 см
Басында кіндікке 3-4 см, сосын құйымшаққа 8-10 см
Басында құйымшаққа 5 – 6 см, сосын кіндікке 10 см.
СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР
Науқастың жұтынуы бұзылған. Осы науқас үшін сіз қандай жасанды тамақтандыру түрін қолданар едіңіз. Жүргізу техникасын айтып беріңіз.
Науқастың өңеші ісінген. Асқазанында гастростома бар. Науқасты тамақтандыру қажет. Сіздің тактикаңыз?
Достарыңызбен бөлісу: |