ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН
Мамандығы: 051101 «Мейірбике ісі»
Пәні: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі
Пәннің коды:
Курс: 4
Кредит: № 4
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА
АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Құрастырған:А.Ә. Әлдешев.
Шымкент – 2013ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды.
хаттама № ____«_____»______ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Әлдешев А.Ә.
1. Тақырыбы: Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде жүргізілетін инфузиялық – трансфузиялық терапияның ерекшеліктері мен принциптері.
2. Мақсаты: Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде инфузиялық – трансфузиялық терапия жүргізуде мейірбикелік процесті ұйымдастыруды үйрету.
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:
Организмдегі жалпы су құрамын;
су ректорлары, ағзадағы су алмасун;
Судың орташа тәуліктік балансын;
Шайырлылық және қанның коллоид - осмотикалық қысымын;
Судың иондық құрамының болуын;
Шайыршылық және су балансының бұзылыс түрін;
Дегидратация және жоғарғы гидратацияның дәрежелерiн;
Инфузиялық заттардың негізгі түрлерін;
ҚСҚ негізгі компоненттері, ҚСҚ бұзылыстарының белгілерін;
Қан физиологиясын;
Топтық және резус анықтаудың әдiстерi - тиiстiлiгін;
Гемодинамикалық қан алмастырғыштарын;
Сәйкес емес қан құюдың алғашқы симптомдарын.
Студент істей алуы тиіс:
Ағзадағы сұйықтық жетіспеушілігінің дәрежесін анықтауды;
Қанның топтық тиістілігін анықтауды;
Қанның резус тиістілігін анықтауды;
Қан және оның компоненттерін құюды жүргізу;
Қан құю үшін көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді анықтауды;
Гемотрансфузияға науқасты дайындау;
Қанның жарамдылығын және оның компоненттерiн құюға жарамдылығын анықтау;
Инфузиялық терапияның көлемі мен мөлшерін есептеуді, оның құрамын бақылауды;;
Инфузиялық терапияның асқынуларын түзетуді жүргізу.
4. Өткізу түрі:
Сұрақтарды қолдана отырып, сабақтың тақырыбы бойынша ми шабуылы әдісімен сабақты талдау;
Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
Кіші топтарда жұмыс істеу (3 – 4 адамнан құралған топ қанды құю техникасын талдап, оған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді шығарып қан тобын және стандартты сарысу бойынша резус – факторды анықтауды өткізуді, аудиториядағы жеке және биологиялық үйлесімділікті басқа топтарға презентация түрінде көрсетеді);
ТСО-дан қолдану (ПК, мултимедиалық проектор) сабақ тақырыбын презентациялау.
Тақырып бойынша тестерді шешу.
Достарыңызбен бөлісу: |