Студенттің ПӘндік оқУ-Әдістемелік кешені



бет14/50
Дата17.04.2024
өлшемі3.15 Mb.
#499035
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50
UMK SUMP KZ1

Арифметикалық қосу.
Қосу операциясына қатысатын D-кодалар екі параметрмен сипатталады:

  1. Өзін-өзі толықтырушы қасиетпен (қосымша кодаларды қарапайым ережелер бойынша алу мүмкіндігі);

  2. Аддитивтілік қасиетпен, бұл жағдайда қосынды кодасы қосылғыштар кодасының кодасына тең.

Кесте 3.1 – D-кодалар.





Салмақталған кодалар

Салмақталынбаған кодалар

8421

2421

8421+3

8421+6

0

0000

0000

0011

0110

1

0001

0001

0100

0111

2

0010

0010

0101

1000

3

0011

0011

0110

1001

4

0100

0100

0111

1010

5

0101

1011

1000

1011

6

0110

1100

1001

1100

7

0111

1101

1010

1101

8

1000

1110

1011

1110

9

1001

1111

1100

1111



2421 жүйесі –өзін-өзі толықтырушы ,бірақ аддитивті емес.
Коррекция екі жағдайда болуы мүмкін:

  1. Егер үлкен (келесі) тетрадаға тасымал жоқ кезде тйым салынған комбинация пайда болса, онда дұрыс нәтиже алу үшін +0110 коррекциясын (бір тетрадаға) жүргізу керек;

  2. Егер үлкен (келесі) тетрадаға тасымал бар кезде тйым салынған комбинация пайда болса, онда дұрыс нәтиже алу үшін +1010 коррекциясын (бір тетрадаға) жүргізу керек;

Коррекция кезінде тетрадааралық тасымалдар ескерілмейді.
8421+3 жүйесі өзін-өзі толықтырушы , аддитивті емес.
Коррекция барлық жағдайда қажет:

  1. Келесі тетрадаға тасымал жоқ болғанда дұыс нәтиже алу үшін тетрадаға 1100 коррекциясын қосу керек;

  2. Келесі тетрадаға тасымал жоқ болғанда дұыс нәтиже алу үшін тетрадаға 0011 коррекциясын қосу керек

8421 жүйесі – аддитивті, бірақ өзін-өзі толықтырмайды.
Екі қосылғыштарды қосу кезінде келесі жағдайлар туындауы мүмкін:

  1. Егер қосылғыштар таңбасы бірдей болса, онла біреуі 8421 кодада алынады, екіншісі 8421+6 кодада алынады.

  2. Егер қосылғыштар әртүрлі таңбалы болса, онда оң қосылғыштар 8421 кодада, теріс қосылыш 8421+6 кодада алынады.

Бұл екі жағдайда коррекция келесідей қолданылады:

  1. Егер қосынды >0, және келесі тетрадаға тасымал болса, онда нәтиже 8421 кодасында алынады.

  2. Егер қосынды >0, және келесі тетрадаға тасымал жоқ болса, онда 1010 (-6) коррекциясы енгізіледі.

  3. Егер қосынды <0, және келесі тетрадаға тасымал бар болса, онда 0110 (+6) коррекциясы қоданылады.

  4. Егер қосынды <0, және келесі тетрадаға тасымал болса, онда нәтиже 8421+6 кодада алынады..



Мысал 3.3. Х=+52 және У=+37 сандарын 2421 кодасында қосу.



Жауабы: [Х+У]2124 = +89


Негізгі әдебиет: 3[67-98], 3 [51-82]
Қосымша әдебиет: 5[23-28], 7[35-61]


Бақылау сұрақтары:

  1. Көбейту операциясы қандай амалдардан тұрады?

  2. Тура кодада көбейтудің қанша түрі бар?

  3. Бөлу операциясы қандай амалдардан тұрады?

  4. Тура кодада бөлудің қанша түрі бар?

  5. Есептеу техникасында екілік-ондық кодалау жүйелерінің қандай түрлері қолданылады?

Дәріс 4. ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТҮЙІНДЕР. КОМБИНАЦИЯЛЫҚ ТИПТІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТҮЙІНДЕР.
Шифраторлар. Дешифраторлар.

Цифлық логикалық құрылғылардың функционалдық түйіндері екіге бөлінеді: комбинациялық және тізбектелген. Комбинациялық типті функционалдық түйіндер деп шығыс сигналдары кез келген уақыттың дискретті мезетінде дәл осы кезде кірісте тұрған бірмәнді түрде логикалық сигналдармен анықталатын логикалық құрылғылар.


Цифрлық құрылғылардың тізбектелген функционалдық түйіндер құрамында міндетті жады элементтері болады. Сондықтан бұл құрылғылар жадысы бар автоматтар немесе цифрлық автоматтар (ЦА) деп аталады. Тізбектелген құрылғылардың шығыс сигналдары дәл осы уақыттағы ЦА-ң кірісіндегі сигналдармен ғана емес, сонымен қатар жады элементтерінің күйімен анықталады, ал соңғыларының күйлері алдыңғы келіп түскен кіріс сигналдарының күйіне байланысты. Сонымен, цифрлық автоматтары айнымалылардың (сигналдардың) кіріс жинағының тізбегін шығыс жинағының тізбегіне түрлендіреді. Олардың «тізбектелген құрылғылар немесес схемалар» деп аталуы осыған байланысты.
Комбинациялық құрылғылар арасында іс жүзінде кеңінен қолданылатындары типтік функционалдық түйінде: шифраторлар, дешифраторлар, мультиплексорлар, демультиплексорлар, компараторлар, кода түрлендіргіштер, бақылау схемалары, сумматорлар және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет