Студенттің ПӘндік оқУ-Әдістемелік кешені



бет16/50
Дата17.04.2024
өлшемі3.15 Mb.
#499035
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50
UMK SUMP KZ1

Дешифраторлар.
Дешифратор немесе декодер деп кірістегі n-разрядты екілік коданы шығыста “m-нан1” түріндегі кодаға түрлендіретін комбинациялық типті функционалды түйін, мұнда n және m – мүмкін болатын m шығыс сигналдарының бірі. Басқаша айтқанда кіріс сигналдарының әр бір нақты комбинациясы үшін сәйкес шығыс сигналдары мысалы логикалық «1»-ге тең нақты бір мәнді қабылдайды, ал қалғандары логикалық «0» мәнін қабылдайды. Егер дешифратордың n кірістері оның m шығыстарымен m = 2n қатынасы арқылы байланысқан болса, онда дешифратор толық деп саналады. Егер m < 2n болса, яғни дешифратор шығысында кіріс сигналдарының барлық мүмкін болатын комбинациясы іске асырылмаса – толық емес деп аталады. Мысалы, толық емес дешифратор деп екілік коданы екілік-ондық кодаға түрлендіретін 4 кірісі бар және 10 шығысы бар дешифратор аталады. Дешифратор жұмысы шифратордың ақиқаттық кестесіне сәйкес (4.1-кесте) ақиқаттық кестемен баяндалады, мұнда тек кіріс және шығыс сигналдарының орындары ауысқан.
Схемотехникалық тұрғыда дешифраторлар ЖӘНЕ (И) немесе ЖӘНЕ-ЕМЕС (И-НЕ) логикалық элементтерінде (ЛЭ) іске асырылады. Соңғы жағдайда дешифратор инверсті шығысы бар дешифратор деп аталады.
Сызықты деп аталатын дешифратордың ең қарапайым схемасында әрбір шығыс функциясын іске асыру үшін жеке n-кірісті ЖӘНЕ немесе ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементтері қолданылады. ЖӘНЕ (немесе ЖӘНЕ-ЕМЕС) логикалық элементтері кірістеріне кіріс сигналдарының сәйкес комбинациялары беріледі. ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементінен тұратын сызықтық дешифратор схемасы және оның шартты-гарфикалық белгіленуі 6.2-суретте көрсетілген.
4.2-суреттегі дешифратор схемасында дешифратор кірісіне келіп түсетін бірфазалы (тура) сигналдардан парафазалы сигналдарды алу үшін қосымша ЖӘНЕ-ЕМЕС элементтері қолданылады. Әрбір ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементтердің шығысында m шығыс функцияларының біреуі инверсияланады. Шартты белгінің негізгі бетінде (4.2.ә-сурет) DC әріптері қойылған, бұл Decoder дегенді білдіреді. дешифратор кірістері олардың екілік салмақтарымен белгіленеді.
Дешифратор микросхемаларында әдетте стробтаушы кірістер орнатылған, оларды белсенді логикалық сигналдың орнауы жұмыс істеуге рұқсатты білдіреді. Егер 4.2.а-суреттегі дешифратор схемасында Е стробаушы кірісне логикалық 1 сигналы берілсе, дешифратордың шығыс функциялары оның кіріс сигналдарына тәуелді болмайды және оларджың бәрі логикалық 1 мәнін қабылдайды; қарсы жағдайда стробаушы сигнал E=0 дешифратор әдеттегі режимде жұмыс істейді. Мысалы, егер барлық кірістерде логикалық 0 болса, онда шығыста – логикалық 0, ал басқа шығыстарда логикалық 1 болады. Егер x2 кірісінде – логикалық 1 болса, ал басқаларында логикалық 0 болса, онда шығысында - логикалық 0, ал қалғандарында логикалық 1 және т.с.с.




а)

ә)

Сурет - 4.2. Инверсті шығысы бар дешифратор схемасы (а) және оның шартты графикалық белгіленуі (ә).


Стробтаушы кірістің бар болуы қажетті жағдайда бірнеше дешифратор микросхемасы негізінде кіріс кодасының разрядтылығын өсіру мақсатында дешифраторлы бұтақ құрылымын өсіруге болады (4.3-сурет).


Кеңінен қолданыс тапқан интегралды жолмен жасалынатын дешиф-ратордың сызықтық схемасы құрамы минимальді санды ЛЭ-терден тұрады және каскадты (пирамидальді және тікбұрышты) дешифраторға қарағанда жоғары жылдамдыққа ие.


Сурет - 4.3. Дешифраторлы бұтақ схемасы.



Сызықтық дешифратордың жылдамдығы бір логикалық элемент күйінің ауысу уақытымен анықталады. Алайда, n кірістік коданың разрядтылығын көбейткен сайын логикалық элементтің кірісі де соншалықты n шамаға өсуі керек, ал логикалық элементтер схемасының кіріс сандарын үлкейту мүмкіндігі шектеулі.
Үлкен n кездерінде каскадты дешифраторларды қолданған ыңғайлы, олар бірсатылы дешифраторлардан анағұрлым қарапайым болып келекді. Бірақ дешифратор құрылымындағы кез келген қарапайымдылық оның жылдамдығына кері әсерін тигізетінін ескерген жөн.

Цифрлық құрылғыларда дешифраторлар кеңінен қолданылады. Олар кез келген комбинациялық құрылғыларды: мультиплексорларды, демультиплексорларды, кода түрлендіргіштерінде және т.б. жасауда қолданылады. Жадыда сақтау құрылғыларында дешифратор көмегімен ақпаратты жазу және оқу ұяшықтарын таңдайды. Енгізу/шығару құрылғыларында дешифраторлар деректерді тасымалдайтын немесе қабылдайтын көптеген порттардың біреуін таңдауға мүмкіндік береді.


Рисунок - 4.4. Ондық цифрлардың жетісегментті индикаторы

“1 ден 2n” дешифраторымен қоса арнайы мақсаттағы дешифраторлар: кода түрлендіргіштері немесе сандарды қажетті формаға келтіргіштер болады.мысалы, арнайы дешифратор көмегімен 8421 BCD кодасын жетісегіментті кодаға түрлендіру орындалады. Мұндай дешифратор - түрлендіргіш жарық индикаторына нақты бір сегменттер жинағын таңдауға, яғни 8421 BCD (төрт битті екілік-ондық) кодада берілгенсанды ондық цифра түрінде беруге мүмкіндік береді (4.4-сурет).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет