Студенттің ПӘндік оқУ-Әдістемелік кешені


Адрестік кеңістікті үлестіру



бет30/50
Дата17.04.2024
өлшемі3.15 Mb.
#499035
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50
UMK SUMP KZ1

Адрестік кеңістікті үлестіру.
«Ортақ шиналы» интерфейсті МПЖ-нің адрестік кеңістік көлемі адрестік шина разрядтылығымен, сонымен қатар, интерфейсінің басқарушы сигналдардың номенклатурасымен анықталады. Басқарушы сигналдар қатынас құрылған объектінің (жедел жады, сыртқы жадылар, стек, арнайыландырылған тұрақты жадылар және т.б.) типін анықтай алады.
i8080 базасындағы микропроцессорлық жүйенің ортақ адрестік кеңістігінде құрылғылардың селекциясын ұйымдастыру және адрестік кеңістікті үлестіру мысалы 12.1-суретте көрсетілген.
Микропроцессорлық жүйенің шағын жады көлемдерінде кейбір адрестік желілерін селектрлеуші ретінде қолданған жөн, бұл микропроцессорлық жүйенің құрылғылар санын азайтуға мүмкіндік береді. Бірақ адрестік кеңістік өте тиімсіз қолдаылады.

Сурет -12.2. Құрылғыларды тікелей селекциялау үшін адрестік желілерді қолдану.


Қатынас құру орындалатын құрылғы типі туралы ақпаратты қолданғанда басқарушы сигналдар көмегімен селекция орындай отырып, бір адресті бірнеше құрылғыға бекітуге болады.


Осылай микропроцессорлардың көбісі қатынас құру типі туралы қандай да бір ақпарат береді. Нәтижесінде көптеген интерфейстерде жадыға және енгізу/шығаруға, сирек жағдайларда стекке немесе арнайыландырылған тұрақты жадыға қатынас құруға арналған жеке басқарушы желілер болады.


Жады диспетчері.
Жады көлемін адрестік кеңістік шеңберінен тыс кеңейту керек кезде «жады диспетчерін» қолдануға болады. Қарапайым жағдайда ол программалы-қатынас құру регистрін бейнелейді, ол енгізу/шығару кеңістігінде орналасуы керек. оған ағымдағы белсенді жады банкінің номері енгізіледі, және бұл жағдайда жады банкінің көлемі микропроцессордың адрестік кеңістігінің көлемімен тең болуы керек (2k).
Әр уақытта процессор тек бір банкке ғана қатынас құра алады. Басқа жады банкіне қатынас құру керек болған жағдайда микропроцессор алдын ала программалық процесдураны (банк номерін қайта жүктеу) орындау керек. айтылған процесстік иллюстрациясы 12.3-суретте көрскетілген.



Сурет-12.3. Жады диспетчерін қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет