АЛФ-ны Вейча-Карно диаграммасын қолдана отырып минимизациялау.
Вейча-Карно диаграммасын қолданатын минимизациялау әдісі көрнекі және қарапайым минимизациялау түрі болып табылады. Және бұл жағдайда АЛФ бейнелеудің графикалық әдісі қолданылады.
Вейча-Карно диаграммасы 2n квадратты тікбұрышты бейнелейді, мұндағы n – графикалық түрде бейнелеуге қажетті бульдік функцияның айнымалылар саны. n – жұп кезінде, тікбұрыштың әрбір жағы ұяшықтан тұрады, ал n – тақ кезінде тікбұрыштың бір жағы ұяшықтан, ал басқа жағы ұяшықтан тұратды. n аргументке тәуелді АЛФ-ң кез келген екі диаграммасы n+1- аргументке тәуелді АЛФ диаграммасын қолданады. Диаграммадағы әрбір ұяшыққа сәйкес элементарлы конъюнкция (аргументтер жиынтығы)қойылады, және де бұл жағдайда көршілес конъюнкциялар сәйкес келеді. Екі шеткі қарама қарсы қатарлар мен бағаналардағы ұяшықтар да көршілес конъюнкциялар болып саналады (диаграмма тода орналасқан деп елестетуге болады).
Диаграмманың әрбір ұяшығындасәйкес жиындағы АЛФ мәніне байланысты «0» немесе «1» мәндері қойылады. Жабыстыру және жұту графикалық түрде (визуальді) орындалады.
Мысал 1.2. У= х1х2 V х1 V х1х2 х3х4V х3х4+ х1 х3х4V 1x2x3x4 функциясын минимизациялау.
Шешімі. n=4 болғандықтан берілген функцияны минимизациялау үшін оналтылық квадраттық диаграмма саламыз. Бастапқы формула мүшелеріне сәйкес квадраттарды бірмен белгілейміз.
Жауабы: Уmin=x3x4Vx1 .
Негізгі әдебиет: 2[82-123], 3 [51-82]
Қосымша әдебиет: 5[236-283], 7[305-361]
Бақылау сұрақтары:
АЛФ берудің қандай әдістері бар?
ДЖҚФ алу үшін кестелік түрде бірілген алгебра логика функциясына қандай әрекеттер орындалады?
АЛФ-ң функционалдық тұрғыда толық жиыны қалай аталады?
АЛФ-ны Квайна-Мак-Класки әдісі.
АЛФ-ны Вейча-Карно диаграммасын қолдана отырып минимизациялау.
Достарыңызбен бөлісу: |