Қазақстан Республикасы Білім жӘне ғылым министрлігі
Қ.И.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ақпараттық технологиялар институты
Есептеу техника кафедрасы
СТУДЕНТТІҢ ПӘНДІК ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
“Цифрлық құрылғылар және микропроцессорлар ” пәні бойынша
«Көпарналық телекоммуникациялық жүйелер» 050719 мамандығына арналған
Алматы 2006
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 050719 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялық жүйелер мамандығы студенттеріне арналған «Цифрлық құрылғылар және микропроцессорлар» пәнінің оқу-әдістемелік кешені.
Құрастырғандар: Есептеу техника кафедрасының аға оқытушысы Члимова Айгүл Сейсенбайқызы
Алматы: ҚазҰТУ, 2006.____б.
Аңдатпа (аннотация)
Есептеу техникасындағы және байланыс жүйелеріндегі түрлі дамулардың көбісі цифрлық құрылғылардың және микропроцессорлардың дамуымен байланысты. Интегралды сұлбаларды (ИС) қолдану нәтижесінде күрделілік деңгейі бойынша түрлі ИС – қарапайым логикалық элементтер мен функционалды түйіндерден бастап құрамында жүздеген, мыңдаған тіпті миллиондаған элементтер бар күрделі цифрлық құрылғылар мен аса үлкен интегралды сұлбалардан тұратын ЭЕМ және микропроцессорлық жүйелердің техникалық сипаттамалары жақсарады және функционалдық мүмкіндіктері кеңейеді. Осыған байланысты «Цифрық құрылғылар және микропроцессорлар» курсы 050719 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялық жүйелер мамандықтары бойынша бакалаврларды кәсіби түрде дайындауда ерекше маңызы бар.
Бұл пәннің оқу әдістемелік кешеніне кіретін материалдарды шартты түрде үшке бөлуге болды және мұнда цифрлық құрылғылар мен телекоммуникациялық жүйелердің дамуында ерекше роль атқаратын мәселелері талқыланады. Бірінші бөлімде цифрлық құрылғылардың логикалық және арифметикалық негіздері қарастырылады, атап айтқанда цифрлық құрылғылар жасалынатын логикалық элементтерде орындалатын логикалық амалдар және цифрлық құрылғыларда орындалатын екілік санау жүйесіндегі қосу, азайту, көбейту, бөлу және т.б. тақырыптар қарастырылады. Екінші бөлімде ЭЕМ цифрлық құрылғыларының функционалдық түйіндері (шифраторлар, дешифраторлар, мультиплексорлар, демультиплексорлар, триггерлер, регистрлер, санағыштар, қосындылағыштар, компараторлар және т.б.) қарастырылады. Осы тақырыптар негізінде дешифрлау, мультиплексілеу, екілік сигналдарды салыстыру және т.б. функцияларды орындауға арналған деректерді цифрлық түрде өңдейтін құрылғыларда кеңінен қолданылатын функционалдық түйіндерді сұлбатехникалық түрде іске асыру мәселелері қарастырылады. Әр түрлі жадыда сақтау құрылғыларының құрылымын сұлбатехникалық түрде іске асыру, жіктелінуі, негізгі сипаттамалары, жұмыс істеу ұстанымдары және оларды қолдану ерекшеліктері осы ОЭК-нің үшінші бөлімінде қарастырылады.
Оқу-әдістемелік кешеннің төртінші бөлімінде түрлі мақсаттарға арналған аналогты-цифрлы түрлендіргіштер мен цифрлы-аналогты түрлендіргіштер сұлбалары және жұмыс істеу ұстанымдары қарастырылады. Соңғы бөлімде микропроцессорлар мен микропроцессорлық жүйелер қарастырылады.
«Цифрлық құрылғылар және микропроцессорлар» пәніне арналған оқу-әдістемелік кешенінің қорытынды бөлімінде зертханалық жұмыстардың, студенттердің өз бетінше орындайтын жұмыстарының және студенттердің оқытушының бақылауымен орындайтын өз бетінше жұмыстарының тақырыптары, сонымен қатар, ұсынылған әдебиеттер тізімдері берілген.
«Цифрлық құрылғылар және микропроцессорлар» пәнінің оқу бағдарламасында (Syllabus) қамтылған мәселелер студентке пәнді толық меңгеруге және қажетті логикалық элементтерді, сондай ақ функционалдық түйіндерді дұрыс таңдауға және солардың негізінде аналогты және цифрлық техникаларда, микропроцессорлық жүйелерде ақпаратты өңдеу, қабылдап-тасымалдау функцияларын іске асыратын телекоммуникациялық жүйелерде қолданылатын кез-келген электронды құрылғылардың сұлбаларын жинауға мүмкіндік береді.
© Қ.И.Сәтбаев атындағы
Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2006
Достарыңызбен бөлісу: |