Студенттің ПӘндік оқУ-Әдістемелік кешені


Екілік санау жүйесінде бөлу амалын орындау



бет13/50
Дата17.04.2024
өлшемі3.15 Mb.
#499035
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
UMK SUMP KZ1

Екілік санау жүйесінде бөлу амалын орындау.
Берілген А бөлінгішіне В бөлгішін бөлу кезінде бөлінді C=A/B анықталады. В0 екені белгілі, өйткені нөлге бөлудің мәні жоқ. Бектіліген үтірлі цифрлық машинада [Х]<1 нөлден кіші сандарды бейнелеу жиі кездесетіндіктен, бөлінгіш пен бөлгішке қосымша шектеулер енгізіледі:
А<1, В<1, С<1.
Соңғы теңсіздіктен А<Вболу керек екенін көруге болады.
Егер бөлу нәтижесі бөлінгіш пен бөлгіш қатынастарына байланысты бірден үлкен болса, онда операция орындалмайды, және бұл жағдайда «Аса толу» немесе «Қате» сигналы қалыптасады. Сандарды тура кодада бөлу кезінде операцияға бөлінгіш пен бөлгіш модульдері қатысады. Бөлінді таңбасы (көбейту амалындағыдай) бөләнгіш пен бөлгіштер таңбаларын 2 модуль бойынша қосу арқылы анықталынады.
Бөлу процессі бөлінгіштен бөлгішті азайту амалынан және пайда болған қалдықты әрбір қадамда бір разрядқа солға жылжыту амалдарының тізбегінен тұрады. Егер кезекті қалдық оң болса, бөлінді разрядына 1 жазылады, егер қалдық теріс болса, бөліндіге 0 жазылады. Азайту процессі қайталанады, ал қайталану саны бөлінді разрядымен анықталады.


Мысал 3.2. Х=4910=0,1100012 санын У=710=0,1112 санына тура кодада (бірінші әдісті қолданып ) бөлу.

Жауабы: [Х/У]пр = 1, 111.

Бөліндінің келесі разрядын анықтау мақсатында кезекті теріс қалдықты алған соң қандай операция орындалатынына байланысты бөлу әдістерін қалпына келтіріп бөлу және қалпына келтірмей бөлу деп бөліп қарастыруға болады:



  1. Қалдықты солға жылжыта отырып қалпына келтіріп бөлу;

  2. Қалдықты оңға жылжыта отырып қалпына келтіріп бөлу;

  3. Бөлгішті солға жылжыта отырып қалпына келтірмей бөлу;

  4. Бөлгішті оңға жылжыта отырып қалпына келтірмей бөлу.

Бөлуге мысал 3.2-мысалда көрсетілген.
Екілік-ондық санау жүйесінде алгебралық қосу.
Есептеу техникасында төрт негізгі екілік-ондық кодалау жүйесі (D-кодалар) қолданылады:

  • 8421 санау жүйесі 16 мүмкін болатын комбинацияның алғашқы онын қолданады;

  • 2421 санау жүйесі 16 мүмкін болатын комбинацияның алғашқы бесеуін және соңғы бесеуін қолданады;

  • 8421+3 санау жүйесі 16 мүмкін болатын комбинацияның ортаңғы онын қолданады;

  • 8421+6 санау жүйесі 16 мүмкін болатын комбинацияның соңғы онын қолданады.

Нақты кодалау жүйелеріне кірмейтін комбинацияларды тйым салынған комбинациялар деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет