БЕКІТЕМІН
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» ҚЕАҚ
Басқарма мүшесі, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор
________________ М. Ж. Сыздықов
«_____» _____________ 2022 ж.
|
СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТТІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
Студенттік Парламент депутаттарының кезектен тыс сайлауы студенттік өзін-өзі басқару органдарын дамыту және өз жобаларын іске асыру үшін белсенді студент жастарды анықтауға бағытталған.
Мақсаттары мен міндеттері
2.1. Мақсаты: студенттік өзін-өзі басқару органдарын дамыту, студент жастардың шығармашылық және көшбасшылық қабілеттерін арттыру.
2.2. Міндеттері:
- студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыру;
- жаңа креативті идеялар мен белсенді жастарды анықтау;
- студенттік өзін-өзі басқару органдарын жетілдіру;
- әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде студенттердің бастамаларын дамыту.
СП депутаттығына кандидаттар
3.1. Сайлауға алдыңғы және ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша «жақсы» және «өте жақсы» бағаға оқитын, шығармашылықта белсенді, спортпен шұғылданатын және салауатты өмір салтын қолдайтын 2-3 курс күндізгі оқу бөлімінің студенттері қатыса алады.
3.2. Сайлауға ішкі іріктеуден өткен және факультет деканы ұсынған әр факультеттен тек 5 студент қатыса алады.
3.3. Барлық өтінімдерді қарастырғаннан кейін факультеттерде ішкі іріктеуден өткен үміткерлер «Мен неге Студенттік Парламенттің депутаты болуға лайықпын?» және кестеге сәйкес ҚР Конституциясы мен тарихының негіздерін білуге тестілеуден өтеді (1-қосымша). Эссе мен тестлеудің қорытындысы бойынша әр факультеттен сайлауға қатысуға құқылы 3 кандидат іріктеледі.
Қатысу шарттары
4.1. 2022 жылдың 28 қыркүйегіне дейін togzhankhazhieva@mail.ru электрондық поштасына 4.2-тармаққа сәйкес құжаттарды ұсынған студенттер сайлауға қатысуға жіберіледі.
4.2. Сайлауға қатысу үшін қажетті құжаттар:
жеке куәліктін көшірмесі;
факультет деканының атынан ұсыныс хат (2-қосымша);
2021-2022 оқу жылындағы транскрипт;
3 қосымшаға сәйкес түйіндеме;
студенттің дипломдары, сертификаттары және басқа жетістіктерінің көшірмелері;
4-қосымшаға сәйкес Word құжаты форматында жеке сайлауалды бағдарламасы (мемлекеттік немесе орыс тілдерінде);
3 * 4 фото (электрондық форматта).
4.3. Үміткерлердің 2021-2022 және ағымдағы оқу жылындағы жетістіктері қарастырылады.
4.4. Барлық қажетті құжаттарды (сайлауалды бағдарлама мен 3*4 фотодан басқа) сканерлеп, бір pdf файл форматында togzhankhazhieva@mail.ru поштаға жіберу керек.
4.5. Құжаттың титулдық бетіне деректерді тіркеу қажет: аты-жөні, факультеті, курсы, мамандығы. 1 парақ – жеке куәліктің көшірмесі, 2 парақ – деканның ұсынысы (мөрі, қолы), 3 парақ – транскрипт, 4 парақ – түйіндеме, 5 парақ және одан әрі – дипломдар т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |