Техникалық су
. Үйлер, зауыттар,
жеңіл және ауыр өнеркәсіп,фармацевтика салаларын
жылытатын қазандықтар
ешқандайтехникалық кәсіпорын өз жұмысында сусыз жұмыс жасай алмайды жә
не оны көп мөлшерде тұтынады. Өндірістік мақсатта пайдаланылатын су -
техникалық деп аталады. Әрине, адамдар мұндай суды іше алмайды, өйткені ол
сапа мен қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмейді.
. Техникалық судың құрамы тұздар мен минералдардыңбелгілі бір түрлерінің жи
ынтығынан тұрады. Олар белгілібір мөлшерде әртүрлі өндіріс көздерінен алынғ
ан суда болады.
Өнеркәсіптік суды дайындау
. Өндіріске келетін суда еріген заттардан басқа, ерімеген заттар болады. Олар құм, сазбалшық, өсімдік және
жәндіктердің қалдықтары, түрлі микроорганизмдер болады. Сондықтан суды тазарту керек. Суды тазарту
жолдары: мөлдірлеу, зиянсыздандыру, жұмсарту, тұзсыздандыру, газсыздандыру.
. •
Мөлдірлеу –
су құрамындағы механикалық қоспалардан суды тазарту үшін үлкен бетондалған ыдысқатұндырады, қалға
н заттардан ажырату мақсатымен құм сүзгіштен өткізеді.
. •
Суды зиянсыздандыру –
суды микроорганизмдерден және бактериялардан тазарту әдісі: хлорлау, озондаунемесе қайнату.
. •
Суды жұмсарту – су құрамындағы ерітінді түріндегі Са
және Mg тұздарынан жарым-
жартылай немесе толық тазарту. Суларды жұмсарту әдістері: физикалық, химиялық және физикалық-
химиялық болып бөлінеді.
. •
Суды газсыздандыру –
суды еріген газдан тазарту. Суды газсыздандыруға химиялық және физикалық әдістер қолданылады.