"Су көздерiне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшiн су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектiлерiнiң



жүктеу 5.75 Mb.
бет1/26
Дата29.06.2016
өлшемі5.75 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
"Су көздерiне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшiн су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектiлерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 359-құжат; "Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 15 наурыздағы № 102-106 (27178); "Казахстанская правда" газетi 2012 жылғы 27 наурыз N 79-80 (26898-26899)


      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗI

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнiң 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкiметiҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған "Су көздерiне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшiн су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектiлерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы  


Үкiметiнiң        
2012 жылғы 18 қаңтардағы
№ 104 қаулысымен    
бекiтiлген       

Су көздерiне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшiн су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектiлерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Су көздерiне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшiн су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектiлерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрi – Санитариялық қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiне сәйкес әзiрлендi және сумен жабдықтау көздерiн ластанудан қорғауға, ауыз сумен жабдықтау көздерiн санитариялық қорғау аймақтарының шекараларын айқындауға, ауыз судың сапасына, сумен жабдықтау және кәрiздеу құрылыстарына, суды дезинфекциялауға, жабық және ашық жылумен жабдықтау жүйелерiндегi орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтауға, ыстық сумен жабдықтаудың бөлек желiлерi бар жылы сумен жабдықтау жүйесiне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгiлейдi.


      2. Осы Санитариялық қағидалар сумен жабдықтау объектiлерiне (орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ауыз сумен, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелерi), орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйелерiне және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына қолданылады.
      3. Осы Санитариялық қағидалар қызметi сумен жабдықтау объектiлерiн жобалаумен, салумен, қайта жаңартумен, оларды күтiп-ұстаумен және пайдаланумен байланысты заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
      4.Осы Санитариялық қағидадалар мынадай анықтамалар пайдаланылды:
      1) бак-аккумулятор – су жинауға арналған сыйымдылық
      2) арынсыз сулар – сулы қабаттың жоғары бетiнде атмосфералық қысым деңгейiнде қысымы бар жерасты сулары;
      3) бьеф – ағысы бойынша сужинағыш құрылыстан (бөгет, шлюздер) жоғары немесе одан төмен орналасқан су қоймасының, өзеннiң, арнаның бiр бөлiгi;
      4) сутаратқыш және магистралдық су құбырларыауыз сумен жабдықтау көздерiнен суды тұтынушы орынға оны жеткiзу үшiн жұмыс iстейтiн құбырлар түрiндегi құрылыстар;
      5) бiрiншi санаттағы су қоймасы – орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көзi ретiнде пайдаланылатын жерүстi су объектiлерi;
      6) екiншi санаттағы су қоймасы – жаппай демалу, туризм және спорт үшiн пайдаланылатын, сондай-ақ елдiмекендер шегiнде орналасқан жерүстi су объектiлерi;
      7) ыстық сумен жабдықтау – тұрғын үйлердi, ұйымдарды тұрмыстық және өндiрiстiк қажеттiлiктер үшiн арнайы жабдық пен құрылғылардың кешенi арқылы ыстық сумен жабдықтау;
      8) деаэрация – судан онда ерiген газдарды жою;
      9) жылумен жабдықтаудың жабық жүйесi – ыстық сумен жабдықтауға арналған су ысытқыштарда (бойлерлерде) ысытылатын жылумен жабдықтау жүйесi;
      10) қорғалған жерасты сулары – қорғанысы жеткiлiксiз жоғарыда жатқан сулы қабаттарынан жергiлiктi қоректену мүмкiндiгiн болдырмайтын барлық санитариялық қорғаныш аймақтарының (бұдан әрi – СҚА) белдеулерi шегiнде тегiс сутiрек жабыны бар қабат аралық сулар (арынды және арынсыз);
      11) каптаж – пайдалану мақсатында жерасты суларының шығарылуын қамтамасыз ететiн инженерлiк-техникалық құрылыс;
      12) коли-фаги – E.coli-дi лизирлеу және қөректендiргiш агарда плюс 37 Цельсий градус (бұдан әрi–0С) температура кезiнде 18 сағаттан кейiн лизис аймақтарын (түйiндiктер) қалыптастыру қабiлетi бар бактериалдық вирустар;
      13) магистралдық арна – суды бiр бассейннен екiншiсiне және бiр өзен жүйесiнен басқасына ауыстыруға арналған жасанды құрылыс;
      14) саба – өзендер мен көлдердегi судың жылда қайталанатын маусымдық төмен (сабалық) деңгейде тұруы;
      15) сабалық деңгей – өзендердегi судың жылда қайталанатын маусымдық деңгейi;
      15-1) тұщыту әдiстерi - судан ерiген тұз бен басқа да қоспаларды алып тастаудың физикалық және химиялық әдiстерi;
      15-2) теңiз сулары - егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, бұл Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы шегiндегi Каспий және Арал теңiздерiнiң сулары.
      Аумақтық суларды (теңiздi) есептеу Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындалатын тиiстi географиялық нүктелердi қосатын бастапқы түзу сызықтан, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тиесiлi құрлықта да, аралдарда да судың ең көп қайтатын жиегiнен жүзеге асырылады.
      15-3) жағалау жиегi - су объектiсi жағалауының судың барынша көтерiлуi (лық толуы) нәтижесiнде пайда болатын жиегi;
      16) арынды сулар – сулы қабаттың сыртқы бетiндегi атмосфералық қысымнан жоғары қысым астында орын ауыстыратын жерасты сулары;
      17) жеткiлiктi қорғалмаған жерасты сулары – қоректенуiн таралу аумағынан алатын жер бетiнiң бiрiншi қабатында орналасқан арынсыз сулы қабаттың жерасты (грунтты) сулары;
      18) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау – суды шығындау орындарына бермей, жинауға арналған, жалпы пайдалану үшiн ашық немесе жеке пайдаланылатын құрылыстар;
      19) жалпы колиформдық бактериялар (бұдан әрi – ЖКБ), грам терiс, оксидаза терiс, спора құрмайтын, дифференциалдық лактозалық орталарда өсе алатын, плюс 37 Цельсий температура (бұдан әрi –0С) кезiнде 24-48 сағат iшiнде лактозаны қышқыл, альдегид және газға дейiн ферменттейтiн таяқша;
      20) жалпы микробтық сан (бұдан әрi – ЖМС) – қоректендiргiш агарда плюс 370С температура кезiнде 24 сағат iшiнде колония құруға қабiлеттi мезофильдiк аэробты және факультативтiк анаэробты микроорганизмдердiң жалпы саны;
      21) жылумен жабдықтаудың ашық жүйесi – жылу желiсiндегi суды ыстық сумен жабдықтауға тiкелей бөлетiн жылумен жабдықтау жүйесi;
      22) судағы заттардың шектi болжамды деңгейлерi (бұдан әрi – ШБД) – уыттылықты болжаудың есептеу әдiстерiнiң негiзiнде әзiрленген және жобаланатын немесе салынатын ұйымдарды, тазалау құрылыстарын алдын ала санитариялық қадағалау кезеңiнде ғана қолданылатын деңгейлер;
      23) iшек тобының патогендi бактериялары – Enterobacteriaceae тұқымдас iшек инфекциялық ауруларын қоздырушылар;
      24) жерүстi су объектiлерiшекарасы, көлемi мен су режимi бар, құрлық бетiнде оның бедерi нысанында сулардың тұрақты немесе уақытша жинақталуы;
      25) рұқсат етiлген шектi шоғырланушылық (бұдан әрi – РШШ) – көлем немесе масса бiрлiгiнде, шектеусiз уақыт бойына күнделiктi әсер ету барысында, организмде ауырсыну өзгерiстерi мен болашақ ұрпаққа жағымсыз тұқымқуалаушылық өзгерiстердi тудырмайтын зиянды заттардың ең көп мөлшерi;
      26) рұқсат етiлген шектi түсiрiндi (бұдан әрi – РШТ) – сарқынды сулардың су объектiлерiне, суқойма жағдайы мен су сапасына зиянды әсер етпейтiндей, жол берiлген түсiрiндiлердiң саны;
      27) қойыртпақ – борпылдақ (жұмсақ) консистенциялы өндiрiстiң қалдықтары;
      28) шығын өлшеуiш – су шығынын өлшеуге арналған құрал;
      29) рекреация – жаппай демалыс, туризм және спортқа арналған, жақын орналасқан жағасы бар су объектiсi немесе оның учаскесi;
      30) бұлақ (бастау) – жерасты суларының жер бетiне табиғи жинақталып шығуы;
      31) санитариялық-қорғаныш жолағы – шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау сутартқышының бойымен жақын орналасқан, ондағы судың ластануының алдын алуға арналған аумақ
      32) сел – таулы өзендердiң арнасында күрт тасқын салдарынан пайда болатын балшық немесе балшық-тасты ағындар;
      33) селден қорғау – елдi мекендi, құрылыстарды сел ағынымен бұзылудан қорғауға арналған iс-шаралар, арнайы құрылыстар;
      34) ыстық сумен жабдықтау жүйесi – бұл мынадай жабдықтардың кешенi: жылу көзi, су дайындағыш аппаратура, суысытқыштар, су тасымалдайтын суқұбырлар, су температурасын реттеуге және бақылауға арналған құрылғылар;
      35) жеке ыстық сумен жабдықтау желiлерi бар жылумен жабдықтау жүйесi – жылу жүйесi мен ыстық сумен жабдықтау арасында байланыс болмаған жағдайда, орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау суының тiкелей қыздырылуымен сипатталады;
      36) ұңғыма – жерасты суларын жер бетiне шығаруға арналған құрылғы;
      37) жарма – су деңгейiнiң көтерiлуiн қамтамасыз ететiн және оның тегеурiнiн қабылдайтын гидроторап құрылыстары орналасатын өзен учаскесi;
      38) сульфитредуциялаушы клостридиялар – сульфиттердi сульфидке дейiн редуциялаушы спора пайда болатын анаэробты таяқша тәрiздi бактериялар;
      39) жылумен жабдықтау – тұрғын үйлердi, ұйымдарды жылыту, желдету, ыстық су арқылы жылумен жабдықтау;
      40) термотолерантты колиформдық бактериялар (бұдан әрi – ТКБ) – жалпы колиформдық бактериялардың белгiлерiне ие, сондай-ақ плюс 44 (плюс минус 0,5) 0С температурасы кезiнде 24 сағат iшiнде лактозаны қышқыл, альдегид және газға дейiн ферменттей алатын бактериялар;
      41) кемер – өзен, көл немесе жасанды суқойманың сулы бетiнiң құрлық бетiмен қиылысу сызығы;
      42) ыстық сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесi – бұл жылу электр станциясындағы тұтынушыларға құбыр бойымен таратылатын суды жылыту жүйесi;
      43) ауыз сумен жабдықтаудағы төтенше жағдайлар болып ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң ластануын, сарқылуын және (немесе) ауыз сумен жабдықтау жүйелерiнiң бұзылуын болдырған авария, апат, стихиялық немесе табиғи немесе техногендi сипат жағдайы салдарынан суды тұтынушыларға бiр тәулiктен аса ауыз судың берiлуiнiң тоқталуы саналады;
      44) энтеровирустар (iшек вирустары) – адам мен жануарлардың көбiне асқазан-iшек жолдарында болатын, инфекциялық ауруларды тудыратын рибонуклеинқышқылқұрамды вирустардың түрi.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 29.03.2013 № 307 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

2. Су көздерiне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшiн су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектiлерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      5. Ауыз судың химиялық заттарының қорытынды көрсеткiштерi осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сумен жабдықтау жүйесi үшiн белгiленедi.


      6. Су құбырында ауыз су сапасының және халықты сумен жабдықтау жағдайының нашарлауына әкелетiн немесе әкелуi мүмкiн авариялық жағдайлар немесе техникалық бұзылулар орын алған жағдайда, сумен жабдықтау жүйесiн пайдаланатын ұйым оларды жою және сәйкес аумақтардағы мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына анықталған уақыттан 24 сағат iшiнде хабарлау бойынша тез арада шара қабылдайды.
      7. Ауыз су сапасына өндiрiстiк бақылауды жүзеге асыратын ұйым (зертхана) гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтiн су сынамаларын зертханалық зерттеудiң әрбiр нәтижесi туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерiне тез арада хабарлайды.
      8. Тез арада жойылуы мүмкiн емес табиғи сипаттағы құбылыстармен немесе авариялық жағдайлармен байланысты жағдайларда, ауыз су сапасының органолептикалық қасиеттерiне әсер ететiн химиялық құрамның көрсеткiштерi бойынша гигиеналық нормативтерден уақытша ауытқуларға жол берiледi. Бұл ретте, пайдаланушы ұйым халықты гигиеналық нормативтерге сәйкес келетiн балама ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша iс-шаралардың орындалу мерзiмдерi мен негiздемелерiн көрсетiп, жоспар құрады.
      9. Ауыз су эпидемиялық және радиациялық тұрғыдан қауiпсiз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және жағымды органолептикалық қасиеттерге ие болуы тиiс.
      10. Ауыз судың эпидемияға қатысты қауiпсiздiгi оның микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткiштерi бойынша нормативтерге сәйкес келуi осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.
      11. Ауыз суды iшек тобындағы патогендi бактериялар мен энтеровирустарға зерттеулер, сондай-ақ тиiстi аумақтағы мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының шешiмi бойынша эпидемиологиялық көрсетулер бойынша өткiзiледi.
      12. Ауыз судың химиялық құрамы бойынша зиянсыздығы оның табиғи суларда неғұрлым жиi кездесетiн зиянды химиялық заттар, антропогендiк жынысты заттар құрамының көрсеткiштерi бойынша нормативтерге сәйкес келуiмен айқындалады:
      1) сумен жабдықтау жүйесiнде өңдеу барысында келiп түсетiн және қалыптасатын зиянды химиялық заттардың осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес;
      2) адамның шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде сумен жабдықтау көздерiне келiп түсетiн ауыз судағы зиянды химиялық заттар құрамының гигиеналық нормативтерi осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес келедi.
      13. Ауыз суда қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныптарына жататын және зияндылығының санитариялық-токсикологиялық белгiсi бойынша нормаланатын бiрнеше химиялық заттар анықталған жағдайда, олардың әрқайсысының суда анықталған қатынастарының рұқсат етiлген шектi шоғырлану (бұдан әрi – РШШ) мөлшерi бiрлiктен тұрады.
      Есептеулер мынадай формула бойынша жүргiзiледi:

С1 факт С2 факт Сп факт


---- + --- +......+ - С1 р.е С2 р.е Сп р.е

      мұндағы С1, С2, Сп – қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныптарына жататын жеке химиялық заттардың шоғырлануы:


      факт – нақты шоғырлану
      р.е – рұқсат етiлген шоғырлану.
      14. Ауыз судың органолептикалық қасиеттерi осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшадағы 3-кестеге сәйкес көрсеткiштермен және осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшадағы 1 және 2-кестелерге сәйкес органолептикалық қасиеттерге әсер ететiн заттардың көрсеткiштерiмен айқындалады.
      15. Ауыз суда жай көзге көрiнетiн организмдердiң және жұқа қабық бетiнiң болуына жол берiлмейдi.
      16. Ауыз судың радиациялық қауiпсiздiгi оның көрсеткiштерi бойынша нормативтерiне сәйкестiгiмен айқындалады (осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшадағы 4-кестеге сәйкес a және b – активтiлiгi).
      17. Судағы радионуклеидтердi сәйкестендiру және олардың жеке шоғырлануын өлшеу жалпы нормативтердiң белсендiлiгiнiң артуы кезiнде жүргiзiледi. Анықталған шоғырлануды бағалау радиациялық қауiпсiздiктiң қолданыстағы нормаларына сәйкес жүргiзiледi.
      18. Тұрақты өндiрiстiк бақылаудан өткiзiлуi тиiс ауыз судың бақыланатын көрсеткiштерiн таңдау, сумен жабдықтау көздерiнiң су құрамын бағалау нәтижелерi негiзiнде сумен жабдықтаудың әрбiр жүйесi үшiн зертхана жүргiзедi.
      Жүргiзiлген талдау негiзiнде микробиологиялық көрсеткiштер және химиялық құрамы бойынша сумен жабдықтаудың нақты көзiнiң санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасы жасалады.
      19. Суды зерттеулердiң химиялық заттарының қорытынды көрсеткiштерi химиялық заттардың құрастырылған тiзбесi бойынша, сондай-ақ осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаның 1-кестесiне сәйкес көрсеткiштер бойынша жүргiзiледi.
      20. Суды өңдеудiң реагенттiк әдiстерiн пайдаланатын сумен жабдықтау жүйелерi үшiн, судың таратқыш желiге берiлуi алдында кеңейтiлген зерттеулерiн жүргiзу кезiнде өңдеу процесiнде суда түзiлетiн химиялық заттар осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаны⹠-кестесiне сәйкес келуi тиiс.
      21. Судың кеңейтiлген зертханалық зерттеулерi сумен жабдықтау жүйесiнiң су жинау орындарында, ал су өңделген жағдайда немесе түрлi су жинау орындарының суын араластыру барысында – ауыз суды таратқыш желiге берер алдында жүргiзiледi.
      22. Жыл бойына судың сапасы туралы ақпарат алудың бiркелкiлiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн сумен жабдықтау көздерiнiң түрiне байланысты зерттелетiн су сынамаларының ең аз саны: жерасты және жерүстi көздерi үшiн тоқсанына бiр рет деп қабылданады.
      23. Судың химиялық құрамы мен оның құрамындағы заттардың шоғырлануының динамикасы туралы толық және нақты ақпарат алу қажет болған жағдайда, зерттелетiн су сынамаларының кезеңдiлiгi он екi есеге (ай сайын) ұлғаяды.
      24. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары судың химиялық құрамының кеңейтiлген зерттеулерiнiң нәтижелерiн әрбiр сумен жабдықтау жүйесi бойынша талдайды және халықтың ауыз суды пайдалануының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын және аумақтағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, су құрамындағы химиялық заттардың халық денсаулығына төндiретiн әлеуеттi қаупiн айқындайды.
      Жүргiзiлген бағалау негiзiнде бақыланатын көрсеткiштер тiзбесi, саны және тұрақты өндiрiстiк бақылауға арналған ауыз су сынамаларын алу кезеңдiлiгi бойынша ұсыныстар әзiрленедi.
      25. Су тарату орындарынан алынатын су сынамаларының саны мен алу жиiлiгi осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаның 1, 2, 3-кестелерiне сәйкес сумен жабдықтаудың әр жүйесi үшiн жеке айқындалады.
      26. Таратқыш желiсiнiң сынамаларын алу көшедегi су таратқыш жабдықтарынан ең биiк және ең соңғы учаскелерiнен, басқылау мен жергiлiктi су арынды бактары бар барлық үйлердiң iшкi су тарату крандарынан алынады.
      27. Су дайындау және су тазалау үшiн пайдаланылатын материалдар, реагенттер, құрылғылар ретiнде мыналар қолданылады:
      1) суға қосылатын реагенттер (коагулянттар, полиэлектролиттар (флокулянттар, альгицидтар), қаққа қарсы, тотқа қарсы, тұрақтандырғыштар);
      2) қосымша жабдық және конструкциялық материалдар (құбырлар; бiрiктiретiн арматура; крандар; суды сақтауға және тасымалдауға арналған полимер және металл ыдыстар, суысытқыштар, оқшаулағыш материалдар, төсемдер);
      3) сумен жанасатын конструкциялық материалдар мен жабдықтардың бетiн өңдеу үшiн пайдаланылатын материалдар (лактар, бояулар, эмальдар, герметикалар, жағындылар, тот басуға қарсы жабындылар, полимерлiк материалдар, резеңкелер және т.с.);
      4) табиғи және жасанды сүзгiлеушi түйiршiктi материалдар, сорбенттер және мембраналар (құм, гравий, цеолиттер, керамзиттар, шунгизиттер, клиноптилолиттер, көмiр, ионалмастырушы шайыр, полимерлiк мембраналар).
      28. Су дайындау мен су тазалау үшiн пайдалану үдерiсiнде:
      1) адам денсаулығына және адамның өмiр сүру ортасы ретiнде қоршаған орта объектiлерiне (су объектiлерi, топырақ, ауа, тамақ өнiмдерi, баспана) зиянды әсер етуi;
      2) ауыз судың органолептикалық қасиетiн төмендетуi;
      3) ауыз суға гигиеналық нормативтерден жоғары шоғырлануда қосындылардың түсуiне;
      4) суда микрофлораның биологиялық өсуiне және дамуына себепшi болу;
      5) гигиеналық нормативтерден жоғары шоғырлануда трансформация қосындыларын және/немесе өнiмдерiнiң пайда болуы мүмкiн материалдарды, реагенттердi және жабдықтарды пайдалануға жол берiлмейдi.
      29. Сумен жабдықтау жүйелерiнде пайдаланылатын конструкциялық материалдар мен iшкi жабындылардың қауiпсiздiгiн бағалау өлшемдерi мыналар болып табылады:
      1) органолептикалық (200 және 60 0С кезiнде су сорғыштың иiсi және дәмi, су сорғыштың көпiрiк жасауы, түсi);
      2) физикалық-химиялық (рН, перманганаттық тотығу);
      3) су сорғышта қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныптағы қосындыларының концентрациясы суда оның 1/2 РШШ аспайды, 3 және 4-сыныптағы қосындылары – судағы РШШ. Су сорғышта бiр бағыттағы уытты әрекетiмен сипатталатын қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныптағы екi немесе одан да көп заттар айқындалғанда, олардың әрқайсысының РШШ-ға сәйкес шоғырлану қатынасының сомасы бiрлiктен аспайды.
      30. Су тазалауға және су дайындауға пайдаланылатын реагенттердiң қауiпсiздiгiн бағалау өлшемдерi:
      1) сумен жабдықтауда реагенттер ретiнде тек қауiптiлiктiң 3-4-сыныптағы қосындылары қолданылады (суды дезинфекциялау құралдарынан басқа);
      2) қауiптiлiктiң 2-сыныбына жататын реагенттердi жылумен жабдықтаудың жабық жүйесiнде, сондай-ақ қажеттi технологиялық шоғырлануда айналмалы сумен жабдықтауды олардың су объектiлерiне құйылу кезiнде, бұл суларда реагенттердiң РШШ сақтау арқылы пайдалануға болады;
      3) реагенттiң 3 еселiк жұмыс дозасын есептеу кезiнде суда қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныптағы заттарының құрамы РШШ 1/2 бөлiгiнен аспайды, қауiптiлiктiң 3 және 4-сыныптағы заттары – РШШ аспайды.
      31. Сумен жабдықтау жүйелерiнде пайдаланылатын материалдардан су сорғыштардағы бақыланатын көрсеткiштердiң тiзбесi осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес айқындалады.
      32. Орталықтанбаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшiн жерасты сулары пайдаланылады. Оларды пайдалану су жинау құрылыстарының арнайы жабдығын орнату арқылы жүзеге асырылады (таратушы жүйелерi жоқ ұңғымалар, шахталық және құбырлық құдықтар, бұлақтарды ашу).
      33. Тарату тораптары жоқ ұңғымалар, құдықтар және бұлақтарды ашу санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негiзiнде тұрғындар тобын және шаруашылық-тұрмыстық объектiлерiн ауыз сумен жабдықтау үшiн ұйымдастырылады.
      34. Құдықтарды және бұлақты ашу құрылғылары үшiн орын ластанған немесе ластануы мүмкiн мынадай көздерден келетiн жерасты суларының тасқынынан 50 метрге (бұдан әрi - м) жоғары алыстатылған, ластанбаған биiктеу учаскеде таңдайды: әжетханалар, қазылған шұңқырлар, тыңайтқыштардың және улы химикаттардың қоймалары, өндiрiстiк ұйымдар, кәрiздеу құрылыстары, ескi қараусыз қалған құдықтар, мал қоралар, адамдарды жерлеу және жануарларды көму орындары.
      35. Су жинау құрылыстарын мыналарда: тасқын су басатын учаскелерге, төменгi, батпақ жерлерге; көшкiн және топырақтың пiшiнiн өзгертетiн басқа түрлерi болатын жерлерге; көлiктiң қарқынды қозғалысы бар магистральдан 30 м жақын жерлерге орнатуға жол берiлмейдi.
      36. Су жинау құрылыстарын жабдықтау барысында Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген материалдар (сүзгiштер, қорғаныш торлар, сорғыштардың бөлшектерi және басқалар), реагенттер және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға арналған шағын габариттi тазартқыш қондырғылар пайдаланылады.
      37. Құбырлық құдықтарды орнату үшiн үстiнен су өткiзбейтiн жыныстармен қорғалған су жиектерi пайдаланылады.
      38. Каптаждар сызашықтарды қайнар немесе тұма бұлақтардан (көздерден) үстiңгi қабатқа жинауға арналған. Қайнар бұлақтан су алу каптаждық камераның түбiнен, тұма бұлақтан су алу – камера қабырғасының тесiгi арқылы жүзеге асырылады.
      39. Құдыққа (каптажға) 5 метр аралығында жақын маңдағы аумақ қоршалады және абаттандырылады.
      Құдықтан (каптаждан) жиырма метрден жақын радиуста кiр жууға, машина және әртүрлi заттарды жууға, жануарларды суаруға жол берiлмейдi.
      40. Құдықтан (каптаждан) су алу үшiн шелектер, сорғылар пайдаланылады.
      41. Құдықтардың суын қатып қалудан қорғау үшiн таза сабан, пiшен, жаңқа пайдаланылады. Бұл мақсаттар үшiн тезек, шыны мақта және ластайтын басқа материалдарды қолдануға жол берiлмейдi.
      42. Жылына бiр реттен сиретпей құдықты (каптажды) жыныстардың толып кетуiнен және үйiлуiнен тазарту, ағымдағы бекiту, жабдықтарға жөндеу жүргiзiледi.
      43. Әрбiр тазартудан және жөндеуден кейiн құдықты (каптажды) дезинфекциялау жүргiзiледi.
      44. Құдықты (каптажды) тазалау, жуу және дезинфекциялау ауыз судың сапасы нашарлаған кезде, сондай-ақ су факторымен берiлетiн инфекциялық аурулар тiркелген жағдайда, осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт толтырыла отырып жүргiзiледi.
      45. Орталықтандырылмаған су көздерiнiң ауыз су сапасы өзiнiң құрамы мен қасиетi бойынша осы Санитариялық қағидалар белгiленген көрсеткiштерге сәйкес болуы тиiс.
      46. Орталықтандырылмаған су көздерiндегi су сапасының радиациялық қауiпсiздiгi осы Санитариялық қағидаларға сәйкес бағаланады.
      47. Ыстық сумен жабдықтау жүйесiне арналған бастапқы су және тұтынушыға берiлетiн ыстық судың сапасы қолдану жүйесiне және өндеу тәсiлiне қарамастан, орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесi суының сапасына қойылатын талаптарға сай келуi тиiс.
      48. Ыстық суды дайындаудың және халыққа жеткiзудiң барлық кезеңдерiнде судың сапасын зертханалық-өндiрiстiк бақылау жүргiзiледi.
      48. Ыстық судың сапасын зертханалық өндiрiстiк бақылау:
      1) жылумен жабдықтаудың жабық жүйелерiнде – бастапқы судың түсу (су құбыры) орындарында және суысытқыштардан кейiн;
      2) жылумен жабдықтаудың ашық жүйелерiнде – бастапқы судың түсу (су құбыры немесе су көзi) орындарында, суды дайындаудан кейiн (iшуге жарамды су) ыстық сумен жабдықтау желiсiне келiп түсу алдында;
      3) жеке ыстық сумен жабдықтау желiлерi бар жылумен жабдықтау жүйелерiнде – бастапқы судың түсу (су құбыры) орындарында және суысытқыштардан кейiн жүзеге асырылады.
      49. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесiнiң суы сапасын мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау желiге және таратқыш желiге келiп түсiру алдында бастапқы судың келiп түсуi орындарында iрiктеп жүзеге асырылады.
      50. Ыстық сумен жабдықтаудың әртүрлi жүйелерiн қолдану мүмкiндiгiн бастапқы судың сапасын, су тарату нүктелерiндегi суға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптарды және техникалық-экономикалық негiздердi басшылыққа ала отырып, жобалау ұйымы айқындайды.
      51. Ыстық судың эпидемиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жылумен жабдықтаудың ашық жүйелерi кезiнде кемiнде плюс 1000С температурада ауасыздандыру жүргiзiледi.
      52. Зираттар, қоқыс орындары, мал өлексесiн көметiн орындардың аумағында, жердiң суландыру алаңдары, ассенизация алаңдары және ыстық судың химиялық немесе биологиялық ластану қаупi бар басқа учаскелерде жылумен жабдықтау жүйелерiне және төсем тәсiлiне қарамастан, жылу желiлерiн жүргiзуге болмайды.
      53. Ыстық сумен жабдықтаудың жылулық желiлерiн тұрмыстық және өндiрiстiк кәрiздеу желiлерiмен бiрiккен каналдарға салуға жол берiлмейдi.
      54. Ыстық сумен жабдықтау желiлерiн басқа мақсатқа тағайындалған су құбырларымен байланыстыруға жол берiлмейдi.
      55. Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектiлер (қоғамдық тамақтану, тағам өнеркәсiбi, мектепке дейiнгi және жалпы бiлiм беру ұйымдарының, сондай-ақ аурухана ұйымдарының объектiлерi) жөндеу кезеңiнде жылудың басқа көздерiнен немесе меншiктi қордағы көздерден алынатын ыстық сумен қамтамасыз етiлуi тиiс.
      56. Бак-аккумуляторлар тұнбалардан және шөп басып кетуден мерзiмдi тазартылуы тиiс. Тазалау жиiлiгi пайдаланудың жергiлiктi жағдайларымен айқындалады және екi жылда бiр реттен сиретпей жүргiзiледi.
      57. Ыстық сумен жабдықтау және жылыту жүйелерiн жуудың сапасын бақылауды осы жүйелердi пайдаланатын адам жүргiзедi.
      58. Жылумен жабдықтауды маусымдық ажырату кезеңiнде, оны жөндегеннен кейiн және жаңасын iске қосуға жылумен жабдықтаудың ашық жүйелерiне қосылған ыстық сумен жабдықтау жүйелерiндегi темiрдiң құрамы 1 мг/л дейiн және түсi көрсеткiшi плюс 700С дейiнгi көрсеткiштер бойынша ауыз судың орталықтандырылған жүйелерiндегi судың сапасына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардан ауытқуына жол берiледi.
      59. Ыстық судың шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау желiсiне келiп түсуiне, сондай-ақ жылу жүйелерiнен ыстық суды таратуға жол берiлмейдi.
      60. Ыстық судың сапасын өндiрiстiк зертханалық бақылау санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келiсiлген тарату желiсiнiң нүктелерiнде жүргiзiледi.
      61. Ыстық судың сапасын өндiрiстiк зертханалық бақылау мынадай көрсеткiштердi анықтауды қамтиды: температурасы (0С), түсi (градус), лайлылығы (мг/л), иiсi (балл), рН реакциясы, темiр (мг/л), су дайындау үдерiсiнде қолданылатын реагенттердiң қалдық мөлшерi (мг/л), ыстық сумен жабдықтау құбырларының (мыс, мырыш және басқа элементтер мг/л-мен) материалынан жуылуы мүмкiн химиялық заттардың жол берiлетiн мөлшерi, микробиологиялық.
      62. Судың кеңейтiлген зерттеу және көрсеткiштердiң нәтижелерi осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресiмделедi.
      63. Жерүстi және жерасты су көздерiнен шаруашылық-ауыз су қажеттiлiгiне беретiн сумен жабдықтау көздерiне және құбыры құрылыстырында санитариялық қорғаныш аймағы (бұдан әрi – СҚА) көзделедi.
      64. СҚА екi және одан да көп әкiмшiлiк аумақтарға таралған жағдайда, СҚА белгiлеу жобасы осы аумақтардағы мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келiсiледi.
      65. СҚА үш белдеуден тұрады:
      1) су жинау, су құбырлық құрылыстардың орналасқан жерiнiң аумағын қамтитын және су жинау орындарын және су құбырлық құрылыстарын ластанудан және бүлiнуден қорғау үшiн қызмет ететiн бiрiншi белдеуден (қатал режимнен);
      2) шаруашылық-ауыз су мақсатындағы сумен жабдықтау су көздерiнiң микробиологиялық және химиялық ластануының алдын алуға арналған аумақты қамтитын екiншi және үшiншi белдеуден (шектеуден).
      Су тартқыштардың санитариялық-қорғаныш жолағы шаруашылық-ауыз суға қолдануға арналған су құбырлық суды ластанудан қорғайды.
      66. Бұлақтардың және су құбырлық құрылыстардың СҚА үш белдеулерiнiң әрқайсысында және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау сутартқыштарының санитариялық-қорғаныш жолағының шегiнде, олардың қолданылуына сәйкес, арнайы режим белгiленедi және су сапасының нашарлағанын алдын алуға бағытталған шаралар кешенi айқындалады.
      67. СҚА-ның жылғалап ағатын су жинағышы бар ауыз сумен жабдықтау жүйелерiнде жерүстi су көзi ретiнде сумен жабдықтау ұйымдастырылады.
      68. СҚА және оның белдеулерiн құрайтын, су тартқыштар мен магистральды су құбырлардың санитариялық-қорғаныш жолағының белгiленген шекараларын сумен жабдықтау көздерiн пайдалануда пайда болған (болатын) өзгерiстер жағдайларында (оның iшiнде жерасты суларындағы су жинаудың өнiмдiлiгi) немесе жергiлiктi санитариялық-эпидемиологиялық жағдайда санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының келiсiмi бойынша көзделуi мүмкiн.
      69. Жерасты суларының қорын жасанды толтыру кезiнде бас тоғандарға арналған бiрiншi белдеу шекарасы бас тоғаннан кемiнде 50 метр және сiңiретiн құрылыстардан кемiнде 100 метр қашықтықта (бассейндер және басқалар) орнатылады.
      70. Екiншi және үшiншi белдеулер шекарасын анықтау кезiнде, сулылық деңгей жиегiнен бас тоғанға жерасты суларының құйылымы бас тоғанның корек тендiру аймағынан шығатыны есепке алынады.
      71. Жерасты суларын сiңiретiн бас тоған үшiн және оны коректендiретiн суқоймасы бетi үшiн СҚА екiншi және үшiншi белдеуiн орнату қажет.
      72. Жерүстi су көзiн шаруашылық-ауыз суымен жабдықтаудың СҚА бiрiншi белдеу шекарасы мынадай шектерде орнатылады:
      1) су ағыстары үшiн (өзендер) ағысы бойынша жоғары – бас тоғаннан кемiнде 200 м, бас тоғаннан кемiнде 100 м ағысы бойынша төмен, бас тоғанға жағаның жалғасып жатуы бойынша – жазғы - күзгi сабасы кезiнде су кемерi шегiнен кемiнде 100 м қашықтықта.
      Бас тоғаннан жағаға қарсы беттегi бағытта өзен немесе арнаның енi 100 м кем емес – жазғы - күзгi сабасы кезiнде су кемерi шегiнен 50 м ендi барлық айдын және қарсы беттегi жаға, 100 м артық ендi өзен және арналар – бас тоғаннан 100 м кем емес ендi айдын жолақ
      2) шөмiш түрiндегi су жинау орнының бiрiншi белдеу шекарасына барлық шөмiш айдыны кiредi;
      3) су қоймалары үшiн (су сақтау қоймасы, өзен) бiрiншi белдеу шекарасы жергiлiктi санитариялық және гидрологиялық жағдайға байланысты, бiрақ 100 м кем емес су жинау қоймасы бойынша барлық бағыттарда және жазғы - күзгi сабасы кезiнде су кемерi шегiнен су жинауға жататын жағаға орнатылған болуға тиiс;
      4) теңiз суын шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшiн пайдаланған кезде су жинағыштар үшiн тұщыту әдiстерiмен бiрiншi белдеудiң шекарасы жергiлiктi санитариялық-эпидемиологиялық және гидрологиялық жағдайларға байланысты, бiрақ су жинау арнасына су қабылданатын жерден кемiнде 100 метр акватория бойынша барлық бағыттарға белгiленедi.
      Теңiз жағалауының нақты гидрофизикалық және топографиялық-гидрологиялық ерекшелiктерiне байланысты су жинау арнасының теңiз жаққа қарай ұзындығы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, СҚА негiздемесi жобасының негiзiнде, бiрақ кемiнде 300 метр болып белгiленедi.
      Ескерту. 72-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 29.03.2013 № 307 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      73. Ағын судағы СҚА екiншi белдеу шекарасының микробтық өздiгiнен тазаруы мақсатында тазартылады:
      1) судың ағысымен жоғары қарай ағын судың енi мен ұзындығының немесе оның жеке учаскедегi орташаланған жылдамдығын және белдiк шегiнен су жинау орнына дейiнгi судың ағу уақытын ескере отырып, жазғы-күзгi сабаның орташа айлық су шығынын IА, Б, В, Г және IIА климаттық аудандары үшiн кемiнде 5 тәулiк және қалған климаттық аудандар үшiн 3 тәулiк бойына 95% қамтамасыз етiлуi барысында;
      2) ағыс бойынша төмен – су жинағыштан 250 м кем емес, керi ағыстарға желдiң әсерiн қоса есепке алғанда;
      3) бүйiр шекаралары – жазғы - күзгi сабасы кезiнде су кемерi шегiнен аралықта болуға тиiс: жазық рельефтi жер – 500 м кем емес, таулы рельефтi жер – сумен қамту көздерi жаққа айналған бiрiншi баурайдың шыңына дейiн, кемiнде 750 м жамылғы баурайда және тiкте кемiнде 1000 м.
      74. Су қоймаларындағы СҚА екiншi белдеу шекарасы айдын бойынша барлық жағынан сужинағыштан үш километр (бұдан әрi-км) қашықтықта – жел бөгетi болған жағдайда 10% дейiн және бес км желбөгет бар болған кезде 10%-дан астам.
      Теңiз суларын тұшыту әдiстерiн қолдану кезiнде теңiздегi СҚА екiншi белдеуiнiң шекарасы гидрофизикалық және топографиялық-гидрологиялық ерекшелiктердi ескере отырып, су жинағыштан барлық жаққа қарай акватория бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны бере отырып, СҚА негiздемесi жобасының негiзiнде алып тасталады.
      Ескерту. 74-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 29.03.2013 № 307 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      75. Жекелеген жағдайларда, нақты санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды есепке ала отырып және тиiстi негiздемелер болғанда екiншi белдеу аумағын мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының келiсiмi бойынша кеңейтуге болады.
      76. Су жинайтын аумақтан тыс орналасқан шаруашылық-ауыз суға арналған су құбыры құрылыстарының СҚА, бiрiншi белдеумен (қатал режим) әкелiп өткiзiлген, сутартқыштар мен магистральды су құбырлары үшiн – қорғаныш жолағымен.
      77. Су құбыры құрылыстарының СҚА бiрiншi белдеу шекарасы мына қашықтықта қабылданады:
      1) артық және реттейтiн сыйымдылықтардың, сүзгiлердiң және жанасатын мөлдiрлеуiштердiң қабырғасынан – кемiнде 30 метр;
      2) арынды су мұнарасынан – кемiнде 10 метр;
      3) қалған ғимараттардан (тұндырғылар, реагенттiк шаруашылық, хлор қоймасы, сорғы станциялары және басқалар ) – кемiнде 15 метр;
      4) санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының келiсiмi бойынша конструктивтiк ерекшелiктерiне байланысты бөлек тұрған суқысым мұнараларына СҚА бiрiншi белдеуiн орнатпауға болады.
      78. Санитариялық-қорғаныш жолағының енiн су құбыры шегiнiң шетiнен барлық жағынан қабылдайды:
      1) су құбыры диаметрi 200 миллиметрге (бұдан әрi – мм.) дейiн болғанда, кемiнде 6 метр қашқтықта;
      2) су құбырының диаметрi 200-400 мм. болғанда, кемiнде 8 метр қашықтықта;
      3) су құбырының диаметрi 400-1000 мм болғанда, кемiнде 10 м қашықтықта;
      4) су құбырының диаметрi 1000 мм астам болғанда, 20 метр қашықтықта;
      5) грунт сулары бар болған кезде, су құбырының диаметрiне қарамастан – 50 метр.
      79. Су жинағыштар мен магистральдық су құбырлары баған түрiнде арнайы белгiлермен белгiленедi.
      Кәрiздеу коллекторлары мен кәрiздеу желiлерi үшiн санитариялық-қорғаныш жолағының енi жиек сызықтарының екi жаны бойынша қабылданады:
      1) кәрiздеу коллекторының диаметрi 400 мм кезiнде, қашықтық кемiнде 8 метр;
      2) кәрiздеу коллекторының диаметрi 400-1000 мм кезiнде, қашықтық кемiнде 10 метр;
      3) кәрiздеу коллекторының диаметрi 1000 мм астам кезiнде, қашықтық кемiнде 20 метр.
      80. Қажет болғанда, құрылыс аумағынан өтетiн су тартқыштың санитариялық-қорғаныш жолағының енiн санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң органының санитариялық-эпидемиологиялық оң қорытындысы болғанда қысқартуға жол берiледi.
      81. Су құбыры құрылыстарының аумағында хлор сақтайтын қойма болған жағдайда, тұрғын және қоғамдық ғимараттарға дейiнгi санитариялық қорғаныш аймағының көлемi кемiнде 300 метр деп қабылдануы керек.
      82. Жерасты су көздерiнiң суымен жабдықтаудың СҚА бiрiншi белдеу аумағы көгалдандырылады, қоршалады және күзетпен қамтамасыз етiледi, жерүстi суын оның жиегiнен бұру үшiн жоспарланады.
      Су құбыры құрылыстарын пайдалануға қатысы жоқ адамдардың СҚР-ның бiрiншi белдеу аумағына және су құбыры құрылыстарының аумағына кiруiне жол берiлмейдi. Су жинағыштың бiрiншi белдеу аумағы кемiнде 2,5 м биiктiкте бiтеу қоршаумен жабдықталады.
      83. Сорғыш станциясы, резервуарлар және арынды су мұнарасы су дайындайтын станция алаңдары СҚА-мен 2,5 м биiктiкте саңылаусыз қоршаулар бар. Саңылаусыз биiктiгi 2,0 м. және 0,5 м. тiкенек сымдармен немесе металл торлармен қоршауға жол берiледi. Өтпелi және әкiмшiлiк-тұрмыстық ғимараттардан басқа, құрылыстарды қоршап жанастыруға жол берiлмейдi.
      84. Жерасты және жерүстi суын жинайтын, сорғыш станциясының бiрiншi көтерiлуi және өңделмеген суды тартып құятын құрылыс алаңына арналған, сонымен қатар ұйымның аумағында орналасқан, қоршауы және күзет қорғанысы бар шаруашылық-ауыз суы су құбыры құрылысы алаңына арналған, қоршау түрi жергiлiктi жағдай есебiмен қабылданады.
      85. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау (жерүстi және жерасты) су көздерiнiң СҚА бiрiншi белдеу аумағында биiк ағаштар, су құбыры құрылысын пайдалануға, қайта жаңартуға және кеңейтуге тiкелей қатысы жоқ құрылыстың барлық түрлерi, оның iшiнде әртүрлi мақсаттағы құбырлар төсенiшi, тұрғын үй және шаруашылық-тұрмыстық ғимараттарда адамдарға тұруға, кәсiптiлiк балық аулаумен айналасуға, улы химикаттар және тыңайтқыштарды қолдануға жол берiлмейдi.
      86. Су жинау құрылысының ғимараты тұрмыстық кәрiздеу жүйесiне сарқынды суды бұрумен кәрiзденедi немесе локальды тазарту құрылыстарымен жабдықталады.
      Кәрiздеу болмаған жағдайда СҚА аумағының ластануын болдырмайтын орындарда орналасқан ластарды және тұрмыстық қалдықтар су сiңдiрмейтiн қабылдағыштар орнатылады.
      87. СҚА бiрiншi белдеуiнде орналасқан сужинау құрылысы ауыз судың ластануын болдырмау есебiмен жабдықталады.
      88. Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететiн жерасты су көздерiнiң СҚА-да мынадай iс-шаралар жүргiзiледi:
      1) анықтау, тығындау (консервiлеу) немесе барлық ескi қолданылмайтын, ақаулы немесе дұрыс пайдаланылмайтын, сулы қат-қабат ластану мүмкiндiгiн келтiретiн ұңғымаларды қалпына келтiру;
      2) санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының санитариялық-эпидемиологиялық оң қорытындысы болған кезде, кеннiң үстiңгi қабатының бұзылуына байланысты жаңа ұңғымаларды бұрғылау;
      3) объектiлердiң аумағын санитариялық абаттандыру бойынша iс-шаралар (кәрiздеумен, су өткiзбейтiн шұңқыр қондырғылары, жер бетiндегi суағарларды бұруды ұйымдастыру).
      89. СҚА-да:
      1) жерасты қабаттарына пайдаланылған суларды құю, қатты қалдықтарды жинау және жер қойнауын әзiрлеуге;
      2) зираттарды, мал өлексесiн көметiн орындарды, ассенизациялау өрiсi, сүзiлу өрiсi, көң қоймалар, сүрлеме орлар, мал шаруашылығы және құс өсiретiн шаруашылық субъектiлерi және жер асты суларының микробтық, химиялық ластану қауiпiне себепшi болатын басқа да объектiлердi орналастыруға, тыңайтқыш және улы химикаттарды қолдануға;
      3) жанар-жағар май материалдары, улы химикаттарды және минералдық тыңайтқыштарды, шаруашылық-тұрмыстық және өнеркәсiптiк сарқынды сулар жинауыштарын, шламқоймасын және басқа объектiлердi орналастыруға жол берiлмейдi.
      90. СҚА-да судың сапасына әсер ететiн ағынды сулар, оның iшiнде су көлiгiнiң ағынды сулары, сондай-ақ шомылу, кiр жуу, мал суаты, автокөлiктi жуу, кәсiптiк балық аулаумен айналасуға және суды пайдаланудың басқа түрлерiне жол берiлмейдi.
      91. Жол және жаяу жүргiншiлер жолдарының қиылыстарында СҚА-ның екiншi белдеуiнiң шекарасы "Санитариялық қорғаныш аймағы" деген арнайы белгiсi бар бағанамен белгiленедi.
      92. СҚА айдынының шегiнде құм, қиыршық тас пен тереңдету жұмыстарын жүргiзуге жол берiлмейдi.
      93. Жерүстi су көздерiнiң СҚА шегiнде:
      1) негiзгi пайдалану ормандардағы ағашты кесуге;
      2) орынға орналастыруға, мал жаюға, сумен қамтамасыз ететiн көздiң су сапасының нашарлауына немесе көлемiнiң азаюына әкелетiн басқа мақсаттарда жағалауға жолағының енi кемiнде 500 м шегiндегi су қоймасын мен жер учаскелерiн, орманжық жерлердi пайдалануға;
      3) өнеркәсiптiк, ауылшаруашылық, қалалық және жауын-шашынның ағынды суларын жiберуге тыйым салынады.
      94. Су тартқыштардың санитариялық-қорғаныш жолағының шегiнде жер қыртысы мен грунттық суларды ластайтын объектiлердi (дәретханалар, қоқыс төгетiн орлар, қи қоймалары, қоқыс қабылдағыштар және басқалар) орналастыруға болмайды.
      95. Қоқыс үйiндiлерiнiң, ассенизация егiстiктерiнiң, сүзгiлеу егiстiктерiнiң, жер шаруашылығының суару егiстiктерiнiң, зираттардың, мал өлекселерiн көму орындарының аумағында су тартқыштарын жүргiзуге, сондай-ақ өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылығы ұйымдарының аумағы бойынша магистральдық су тартқыштарды жүргiзуге жол берiлмейдi.
      96. СҚА белдеулерiнiң шекараларын белгiлеу:
      1) сумен жабдықтау көзiнiң түрiне (жерүстi немесе жерасты);
      2) ластану сипаттамасына (химиялық, микробтық);
      3) беткi ластанудан қорғау деңгейлерiне (жерасты көзi үшiн);
      4) гидрогеологиялық және гидрологиялық жағдайларға байланысты болады.
      97. СҚА 2, 3 – белдеулерiнiң көлемiн белгiлеген кезде мыналар ескерiледi:
      1) 2 - белдеу үшiн – микроорганизмдердiң тiршiлiк етуге бейiмдiлiк уақыты;
      2) 3 - белдеу үшiн – судағы химиялық құрамды тұрақты алғанда ластанудың таралу ұзақтығы;
      98. СҚА белдеуiнiң көлемiн анықтағанда, микроорганизмдердiң таралу мүмкiндiгiн шектейтiн (абсорбция, су температурасы және басқалары) факторлар, химиялық ластанулардың трансформацияға бейiмдiлiгi мен олардың қойырлығының сумен жабдықтау көздерiнде жүретiн заңдылығы толық зерттелген жағдайында химиялық-физикалық үдерiстердiң (сiңiру, шөгiндiнiң пайда болуы) әсерiнен азаюы есепке алынады.
      99. Сумен қамтамасыз ететiн жерасты көзiнiң СҚА екiншi белдеуiнiң шекаралары екiншi белдеу шегiндегi су қабатында болатын микробтық ластану сужинауға жетпейтiн шартпен осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес келедi.
      100. Химиялық ластанудан қорғауға арналған СҚА үшiншi белдеуiнiң шекарасы гидродинамикалық есептеулермен айқындалады. Су жинауға химиялық ластану қозғалысының уақыты су таратуды пайдалану мерзiмi ретiнде қабылданатын мерзiм есебiмен қабылданады (25-50 жыл).
      Егер жерасты суларының қоры су құбырын пайдаланудың шектелмеген мерзiмiн қамтамасыз етсе, онда сәйкесiнше үшiншi белдеу жерасты сулары сапасының ұзақ сақталуын қамтамасыз етедi.
      101. СҚА жобасына мәтiндiк бөлiм, картографиялық материал мен жер пайдаланушылармен орындалу мерзiмдерi мен орындаушылар бойынша келiсiлген iс-шаралар тiзiмiмен бiрге жергiлiктi басқару органдары шешiмiнiң жобасы кiредi.
      102. Сумен қамтамасыз ететiн жерасты көзiнiң СҚА анықтау үшiн мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
      1) су көзiнiң су сапасы;
      2) су көзiнiң орналасқан ауласының жалпы гидрогеологиялық сипаттамасы; таңдаған су қабат (артезиандық – арынды, грунттық – арынсыз) түрi бойынша мәлiметтер, оның шатырының тереңдiгi, күштiлiгi, сусыйымдылық жынысы; сулы қат-қабаттың қоректену және босатылу жағдайлары мен орны, су молдылығы (қордың iске қосылатын); сулы қат-қабаттың сумен жабдықтау және басқа мақсатта қолданылуы және келешекте пайдаланылуы;
      3) ауданның (кен орнының) гидрогеологиялық жағдайлары туралы жалпы мәлiметтер, сумен жабдықтау үшiн ұсынылатын қабаттың қоректену жағдайлары, сужинау ауласының топографиялық, жер қыртысы және санитариялық сипаттамасы, iске қосылатын су қабатының сипаттамасы (литологиялық құрамы, қуаты, бөгеу сипаттамасы) су алуды есептеудегi судың динамикалық деңгейi);
      4) қабаттардың, бөгелетiн қабаттардың өткiзгiштiк деңгейi, қоректену аймағының су сапасына әсер ету мүмкiндiгi;
      5) су жинауға iргелес орналасқан елдi–мекеннiң санитариялық сипаттамасы; су жинаудан бастап ықтимал ластану көздерiне: жұмыс iстемейтiн ұңғымаларға, сiңiргiш шұңқырларға, ойылып түскен жерлерге, құдықтарға, ескi тау-кен орындарына, жинауыштарға дейiнгi орналасу мен арақашықтық.
      103. Сумен қамтамасыз ететiн жерүстi көзiнiң СҚА анықтау үшiн мынадай деректер болуға тиiс:
      1) су көзiнiң су сапасы;
      2) гидрологиялық деректер: су жинаудың қоректену бассейнiнiң көлемi, үстiңгi қабаттағы ағынды режимi, ең жоғарғы, ең төменгi және орташа шығындар, су жинау орнындағы судың жылдамдығы мен деңгейi, мұзқұрсау мен ашудың орташа мерзiмдерi, көздегi күтiлетiн шығын, көтерiлу-қайту ағыстарының сипаттамасы жөнiндегi деректер;
      3) бассейннiң су жинау тұсында су сапасына әсер ететiн бөлiгiндегi жалпы санитариялық сипаттама: бассейннiң геологиялық сипаттамасы, жер қыртысы, ормандардың, жыртылатын жерлердiң, елдi мекендердiң бар болуы, өндiрiстiк кәсiпорындар (олардың саны, мөлшерлерi, орналасуы, өндiрiс сипаттамасы);
      4) су көзiнiң су сапасының нашарлауына әсер ететiн немесе әсер ете алатын себептер, су көзiнiң орналасы ауданындағы қатты және сұйық қалдықтарды жою тәсiлдерi мен орындары; суқойманы ластайтын тұрмыстық, өндiрiстiк ағындылардың бар болуы, жiберiлетiн ағынды сулардың көлемi, оларды тазарту қондырғылары мен орналасқан жерлерi; ағындыларды жiберу орнынан бастап су жинауға дейiнгi арақашықтық, су көзiнiң ластануына әсер ететiн басқа себептер (кеме қатынасы, ағаш ағызу, суат, қыста қоқысты мұзға тастау, шомылу, су спорты, мелиорациялық жұмыстар, ауыл шаруашылығында тыңайтқыштар мен улы химикаттарды пайдалану);
      5) суқойманың өздiгiнен тазару қасиетiнiң сипаттамасы,
      6) айдын мен суқойма көлемi, пайдалы және "өлi" көлем;
      7) суқоймадағы су пайдалану мен өңдеу режимi;
      8) суқойма жоспары, оның максималды және ең төменгi тереңдiгi, тереңдiк, жағалаулар, тереңдiк шөгiндiлердiң сипаттамасы, көктенудiң, шөп басудың, лайланудың бар болуы;
      9) күштi желдер мен ағыстардың бағыты;
      10) су объектiсi қозғалысының жылдамдығы;
      11) СҚА жекелеген белдеулерi бойынша шекараларын анықтау;
      12) көздiң суын өңдеу қажеттiлiгi туралы деректер (залалсыздандыру, мөлдiрлеу, темiрсiздендiру және басқалар);
      13) бiрдей қоректену аумағы бар аралас су жинаулар туралы деректер (орналасуы, өнiмдiлiгi, су сапасы);
      14) биомелиорация бойынша жұмыстарды өткiзу жоспары.
      104. СҚА жобасының құрамы мәтiндiк бөлiмдi, картографиялық материалды және жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiнiң жобасын қамтиды.
      105. Жобаның мәтiндiк бөлiмi мыналарды қамтиды:
      1) су көздерiнiң санитариялық жағдайының сипаттамасы, осы Санитариялық қағидалар көздеген көлемдегi су сапасын сараптау нәтижелерi;
      2) сумен жабдықтау көзi бойынша – гидрологиялық деректер (негiзгi параметрлер мен олардың уақыт динамикасы) немесе жер асты көзi бойынша гидрогеологиялық деректер;
      3) жерасты көзi мен жерүстi суқоймасы арасында гидравликалық байланыс бар жағдайда өзара байланысты сипаттайтын деректер;
      4) шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерi орналасқан аудандағы болашақ құрылыстар, соның iшiнде тұрғын үйлер, өндiрiс пен ауылшаруашылық нысандары туралы деректер;
      5) тиiстi негiздемемен бiрiншi, екiншi, үшiншi СҚА белдеулерiнiң шекараларын анықтау және орындау мерзiмдерi және қаржыландыру көздерiмен бiрге жауапты орындаушылар көрсетiлген iс-шаралар тiзбесi;
      6) барлық белдеулердiң санитариялық аймағына кiретiн аумақтарды шаруашылық мақсатта пайдалану қағидалары мен тәртiбi.
      106. Жобаның картографиялық материалы мынадай көлемде ұсынылады:
      1) СҚА екiншi және үшiншi белдеулерiнiн жобалаумен және су жинау орындары мен су құбыры құрылыстарының алаңдарын, сумен жабдықтау көзi мен оның қоректену бассейнiн түсiрумен бiрге жасалған ситуациялық жоспар;
      2) жерүстi сумен жабдықтау көзiнде су жинаудың қоректену аясы шегiнде ерекшелiк бағыттар бойынша гидрологиялық кескiндер;
      3) масштабы 1:500 – 1:1000 СҚА бiрiншi белдеуiнiң жоспары;
      4) осы аумақта орналасқан барлық объектiлердi түсiре отырып, жерасты су көздерi кезiнде 1:10000 - 1:25000 масштабында және жерүстi су көзi кезiнде 1:25000-1:50000 масштабында орындалған СҚА екiншi және үшiншi белдеулерiнiнiң жоспары.
      107. Ластану болуы мүмкiн көздерге жақын бiрiншi және мәдени-тұрмыстық қажеттiлiк үшiн су пайдалану орындарына (халықтың суға шомылуы, спорт және демалуы үшiн пайдаланылатын су қоймаларының учаскелерi, сондай-ақ елдi мекеннiң шегiндегi су қоймалары) жақын бiрiншi және екiншi санаттағы су пайдалану пункттерiн шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау перспективалары туралы ресми деректердi есепке ала отырып, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары айқындайды.
      108. Су объектiлерiнiң құрамы мен қасиеттерi ағыс бойынша жақын су пайдалану пункттерiнен бiр километр (шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға арналған су жинауы, шомылу, ұйымдасқан демалу орындары, елдi мекен аумақтары), ал ағыны жоқ су қоймаларында және су қоймаларында су пайдалану пунктiнiң екi жағынан бiр километр жоғары орналасқан суағарлардағы жарманың талаптары сәйкес болуы тиiс.
      109. 1 және 2 санаттағы шаруашылық-ауыз су және мәдени-тұрмыстық су пайдалану объектiлерiндегi судың құрамы мен қасиеттерiне және судағы зиянды заттардың шектi рұқсат етiлген шоғырлануына қойылатын гигиеналық талаптар осы Санитариялық қағидаларға 9, 10-қосымшаларда көрсетiлген нормативтерге сәйкес болуы тиiс.
      110. Су объектiлерiне қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныптарының бiрдей шектеулi зияндылығы бар бiрнеше заттар түскенде және жоғары орналасқан объектiлерден түскен қоспаларды есепке ала отырып, су объектiсiндегi әрбiр зат шоғырлануларының (С1, С2,...Сn ) ШРШ-ға сәйкес қатынастарының сомасы мынадай бiрлiктерден аспауы тиiс:

С1 + С2 + … + Сn 1.


ШРШ1 ШРШ2 ШРШn

      111. Су объектiлерiне мыналарды жiберуге тыйым салынады:


      1) ШРШ немесе болжамды жол берiлген деңгейлер белгiленбеген заттардан немесе өнiмдерден, судағы заттардың трансформацияларынан тұратын ағынды сулар. Сондай-ақ сараптамалық бақылау тәсiлдерi қолданылмайтын заттар;
      2) ағындысыз өндiрiстер ұйымдастыру, тиiмдi технологияны, өнеркәсiпте айналмалы және қайталанатын сумен жабдықтау жүйелерiнде және қалалық шаруашылықта тазарту мен залалсыздандырудан кейiн максималды пайдаланылатын және ауыл шарушылығында суару үшiн пайдалану арқылы ағынды суларды жою;
      3) залалсыздандырылмаған, тазартылмаған немесе жеткiлiктi тазартылмаған, шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулар және өнеркәсiптiк алаңдардың аумақтары мен елдi мекендердiң үстiңгi қабатты ағындысы;
      4) инфекциялық аурулардың қоздырғыштары бар ағынды сулар.
      Эпидемия тұрғысынан қауiптi ағынды сулар су объектiлерiне тек тиiстi тазарту мен коли-индексi 1000-нан кем емес және коли-фага индексi 1000-нан кем емес текше дециметрлi түймешек құраушы бiрлiктерге дейiн (бұдан әрi – ТҚБ) (бұдан әрi – дм3) залалсыздандырудан кейiн;
      5) тiндердi, қойылтылған текшелiк қалдықтарды, тоспа суларды залалсыздандыру нәтижесiнде пайда болған, радионуклеидтерi бар шөгiндiлердi және басқа да технологиялық және тұрмыстық қалдықтар;
      6) мұнай және өнiм құбырларынан ағу, мұнай кәсiпшiлiгiнiң ысырап болуы, қоқыстың, тазартылмаған ағынды, тақтатас асты, қорыс суларының төгiлуi және су көлiгiнiң жүзетiн құралдарынан басқа да заттардың ағуы;
      7) сумен және балшықпен емдеу үшiн пайдаланылатын суқоймаларға ағатын ағынды сулар;
      8) тазарту қондырғыларынан шығатын шайынды сулар.
      112. Құрамында радионуклидтер бар сарқынды суларды жiберу, жою және залалсыздандыру қолданыстағы радиациялық қауiпсiздiктiк нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      113. Құрылыс, тереңдету және жару жұмыстарын жүргiзу, пайдалы қазбаларды өндiру, кабельдердi, құбырларды және басқа коммуникацияларды жүргiзгенде, су объектiлерiндегi және (немесе) су қорғау аймақтарындағы гидротехникалық құрылыстың барлық түрлерiн қоса алғанда ауылшаруашылық және басқа да жұмыс түрлерiн жүргiзу кезiнде жерүстi суларының ластануына жол берiлмейдi.
      114. Жерүстi су қоймаларының қолайлы су режимiн ұстап тұру, олардың лайлануы мен тұнбалануы, топырақ қабаттарының су эрозиясын, су жануарлары мен құстарының тiршiлiк ету жағдайларының нашарлауын, сарқынды су тербелiстерiнiң азаюының алдын алу үшiн су қоймасына биомелиорация бойынша iс-шаралары жүргiзiледi және су қорғау аймақтары мен белдеулерi белгiленедi.
      115. Су қорғау аймақтары мен жолақтары және олар орналасқан осы жерлердiң шаруашылық пайдалану режимi бекiтiлген жобалау құжаттаманың негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiнде белгiленедi.
      116. Су қорғау аймақтарының ең аз енi әрбiр жағалаудың судың орта көпжылдық сабалық шегiнiң кемерiнен, өзен алқабын, алқабүстi террассаларын, тұрғылықты жағалаулардың тiк ылдиын, жыра және арқалықты қоса алғанда, қабылданады:
      кiшi өзендер үшiн (ұзындығы 200 километрге дейiн) 500 м;
      қалған өзендер үшiн: су жинағышта шаруашылық қолданудың қарапайым шарттарын және қолайлы экологиялық жағдайымен – 500 м; су жинағышта шаруашылық қолданудың күрделi шарттарын және экологиялық кернеулi ахуалмен – 1000 м.
      117. Арналық су бөгендерi үшiн су қорғау аймақтарының ең аз енi өзi орналасқан өзендер тәрiздi қабылданады. Су қорғау аймағының iшкi шекарасы қалыпты тiрелген шегеурiнде су кернесi бойынша өтедi.
      118. Құйылатын су бөгендерi және көлдер үшiн су қоймасының 2 шаршы километрге (бұдан әрi – км2) дейiнгi акваториясында су қорғау аймағының ең аз енi 300 метрдi және 2 км2 жоғары акваториясында – 500 метрдi құрайды. Су қорғау аймағының iшкi шекарасы орташа көп жылдық шегеурiнде су кернесi бойынша өтедi.
      119. Су қорғау аймақтарының көрсетiлген көлемi жергiлiктi физикалық-географиялық шартына, су объектiсiнiң шаруашылық пайдалану маңыздылығына және сипатына, iргелес аумақтың топырақтық, рельефтiк, санитариялық-техникалық және басқа да шарттарына байланысты өзгеруi мүмкiн.
      120. Жақын жатқан аумақтардан (өзен алқаптары мен арқалықтардың жаны, жол-көлiк желiсi, бөгеттер, орман массивтерiнiң маңы) жерүстi ағын суларының су объектiлерiне түсу мүмкiндiгiн болдырмайтын табиғи және жасанды меже немесе кедергiлер су қорғау аймақтарының шекаралары болады.
      121. Елдi мекендердегi су қорғау аймағы шегiнде су объектiсiнiң ластануын және қоқыстануын болдырмайтын пайдалану режимi сақталады.
      122. Өзендер мен магистраль арналарының су қорғау белдеулерiнiң көлемi өзен алқаптарының типiн және пiшiнiн, iргелес бөктерлердiң тiкшiлдiгiн, ауыл-шаруашылық жер-судың құрамы және жағалаулардың қайта өңделуiнiң болжамын ескере отырып, осы Санитариялық қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес келедi.
      123. Су қорғау белдеулердiң көрсетiлген көлемдерi он жылдық дәуiрде жағалаулардың қайта өңделуi болжамының енiне жоғарылайды. Жағалаулар бойында ағаш-бұталар жолақтары немесе қорғаныш және жағалауды нығайтатын құрылыстар болған кезде бағалы ауыл шаруашылық жер-суларда су қорғау белдеулерiнiң енiн азайтуға болады.
      124. Елдi мекендер шегiнде су қорғау жолағының шекаралары су объектiсiнiң ластануын болдырмайтын жағалаулық аймағын (жақтаулар, опырылу, орманбұталы жолақтар) мiндеттi түрде орнату кезiнде жоспарлануына мен құрылысына қарай белгiленедi.
      125. Қазiргi уақытта бар үй-жайлар, саяжайлар және бар учаскелерi олар су қорғау режимiн сақтаған кезде су қорғау жолағы шегiнде қалуына болады.
      126. Су қорғау аймақтарының шегiнде:
      1) су объектiлерiн және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерiнiң ластануы мен қоқыстануын болдырмайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген жаңа және қайта жаңартылған объектiлердi пайдалануға беруге;
      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектiлерге қайта жаңарту жүргiзуге, сондай-ақ құрылыс, су түбiн тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргiзуге, пайдалы қазбалар өндiруге, кабель, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгiленген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органдармен, уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi органдармен және басқа да мүдделi органдармен келiсiлген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргiзуге;
      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнiмдерiн сақтайтын қоймаларды, көлiк құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерiн, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсiп қалдықтарын төгетiн құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргiзуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына керi әсер ететiн басқа да объектiлердi орналастыруға;
      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерiн, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суғарылатын егiстiктердi, зираттарды, мал өлексесiн көметiн орындарды, сондай-ақ жерүстi және жерасты суларының микробпен ластану қаупiне себепшi болатын басқа да объектiлердi орналастыруға;
      5) жүктелiм нормасынан асырып мал жаюға, су қоймаларының режимiн нашарлататын малды шомылдыруға және санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметiнiң басқа да түрлерiне;
      6) су көздерiндегi су кемерiнен екi мың метрге жетпейтiн қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерiн улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендiру тәсiлiн қолдануға;
      7) шектi рұқсат етiлген шоғырлануы белгiленбеген пестицидтердi қолдануға, қардың үстiне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретiнде пайдалануға тыйым салынады.
      127. Су қорғау аймағында мәжбүрлi санитариялық өңдеу жүргiзу қажет болған жағдайда, уыттылығы әлсiз және орташа тұрақсыз пестицидтердi қолдануға жол берiледi.
      128. Су қорғау белдеулерiнiң шегiнде:
      1) су объектiлерiнiң сапалық және гидрологиялық жай-күйiн нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметiне немесе өзге де қызметке;
      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпiрлердi, көпiр құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстердi және су көлiгi қызметiне байланысты өзге де көлiк инфрақұрылымдары объектiлерiн, сондай-ақ су объектiсiндегi рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерiн беруге;
      4) су объектiлерiнiң және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерiнiң ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген қазiргi бар объектiлердi пайдалануға;
      5) жекелеген учаскелердi шалғындандыруға, егiн егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлердi өңдеудi қоспағанда, топырақ және өсiмдiк қабатын бұзатын жұмыстарды жүргiзуге (оның iшiнде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндiруге);
      6) шатыр қалашықтарын, көлiк құралдары үшiн арналған тұрақты тұрақтарды, кәсiптiк балық аулаумен шұғылдануға, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
      7) тыңайтқыштардың барлық түрлерiн қолдануға тыйым салынады.
      129. Су қорғау аймақтарын ұйымдастырғанда халықты сумен жабдықтауға, курорттық, сауықтыру және басқа да мұқтаждықтарына қолданылатын су көздерiн СҚА құруға рұқсат берiледi, олардың шекаралары мен көлемдерi осы қағидаларда белгiленедi.
      130. Су қорғау аймағы шегiнде орналасқан пайдаланылатын жерi бар жеке және заңды тұлғалар су қорғау аймақтарын тиiстi жағдайда ұстауға және жер қоры аумағы мен су қорғау жолақтарының аумақтарын қоспағанда олардың аумағының шаруашылық пайдалану режимiн сақтауды қамтамасыз етедi.
      131. Сарқынды суларды жерүстi су объектiлерiне шығару жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мыналарға қолданылады:
      1) меншiк нысанына қарамастан өндiрiстiк, ауылшаруашылық, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың, коммуналдық, емдеу-профилактикалық, көлiк нысандарынан шығарылатын ағынды сулардың барлық түрi, елдi мекендер мен өндiрiстiк нысандар, өнеркәсiптiк ұйымдар, шахта және кен сулардың, су салқындату жүйелерiнен, гидрокүл шығарулардан, мұнай өндiрiсiнен, гидроашу жұмыстарынан, суарылатын және құрғатылатын, оның iшiнде улы химикаттармен өңделетiн ауылшаруашылық аумақтарынан келетiн ағынды және дренажды сулардан шығарылатын үстiңгi қабатты ағындылар;
      2) өндiрiс технологиясы өзгеретiн жаңадан салынып жатқан, қайта жаңартылатын және құрылысы кеңейтiлген ұйымдардың, ғимараттар мен құрылыстардың барлық шығарылатыны жобаланған ағындылары, жергiлiктi мекендердiң және жеке тұрған объектiлердiң кәрiздеуiнiң барлық шығарылатыны жобаланған ағындылары.
      Елдi мекендер орналасқан шегiнде сарқынды суларды жiберуге жол берiлмейдi.
      132. Сарқынды суларды жiберу орны елдi мекеннiң шекарасынан және желбөгеттер кезiнде керi ағу мүмкiндiгiн есепке ала отырып, халықтың су пайдаланатын орындарынан төмен өзен ағысы арқылы орналасады. Тұнбалы және ағуы баяу су қоймаларына (өзендер, су қоймалары), сондай-ақ булану егiстiктерiне, сүзгiлеу егiстiктерiне, жинақтау-прудтарына, жергiлiктi рельефке ағынды суларды жiберу орны халықтың су пайдалану жағдайларына ол суларды жiберудiң керi әсер етпеу мақсатымен санитариялық, метеорологиялық және гидрологиялық (ауыспалы режимде жұмыс iстейтiн гидроэлектрстанциялардың режимi кенеттен өзгергенде керi ағу мүмкiндiгiн қосқанда) жағдайларын есепке ала отырып белгiленедi.
      133. Елдi мекендер шегiндегi су объектiлерiне су сағалары арқылы ағынды суларды жiберу тек ерекше жағдайларда ғана техникалық-экономикалық негiзде және мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының келiсiмiмен жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда су объектiлерi суының қасиетi мен құрамына қойылған нормативтiк талаптарды сарқынды суларға жатқызады.
      134. Су объектiлерiне сарқынды суларды бұру шарттары мыналар ескерiле отырып айқындалады:
      1) сарқынды суларды жiберу орнынан бастап халықтың суды шаруашылық, ауызсу, мәдени және тұрмыстық мақсатта пайдалану жақын пункттерiнiң есептiк (бақылау) тұстамаларына дейiнгi жер учаскесiндегi су объектiсiнiң сарқынды сулармен қосылу және араласу мүмкiндiгiнiң деңгейлерi;
      2) екi жылдық талдау бойынша сарқынды суларды жiберу орнынан жоғары су объектiсiнiң фондық су сапасы. Қаралатын және жақын су пайдаланатын пункт арасындағы басқа (бар және (жобадағы) ағынды сулардың көрсетiлген тармақтарында фондық су сапасы ретiнде сарқынды сулардың көрсетiлген тармақтарын есепке ала отырып, су объектiсiнiң ластану деңгейi қолданылады;
      3) су пайдалану түрiне қолданылатын су объектiсiнiң су сапасының нормативтерi, осы Санитариялық қағидаларға сәйкес.
      135. Белгiленген нормативтер болмаған жағдайда су пайдаланушылар ШРШ немесе су объектiлерiнiң суындағы болжанған рұқсат ету деңгейiн (бұдан әрi – БРД) негiздеу бойынша қажеттi зерттеулер жүргiзудi, сондай-ақ оларды ШРШ деңгейiнде анықтау әдiстерiн қамтамасыз етедi.
      136. Су объектiсiнiң су пайдалану Есептiк гидрологиялық жағдайлар болып мыналар есептеледi: реттелмеген су ағыстары үшiн – гидрометеоқызмет органдарының мәлiметтерi бойынша жылдың ең төменгi орташа тәулiктiк су шығыны 95 %-дық қамтамасыз етiлуi; реттелген су ағыстары үшiн – төменгi бьефтегi керi ағыс мүмкiндiгiн мiндеттi есепке алмағанда бөгеттен төмен белгiленген шығын; өзендер, және басқа баяу ағатын су қоймалары үшiн жел әсерi, ашық және мұзасты режимiндегi тайыздануы мен толуы жағдайлары үшiн есептер салыстыру арқылы анықталатын қолайлы режим.
      137. Су ерекше аз болған жылдары ең аз орташа тәулiктiк су шығыны 95% - дық қамтамасыз етуден кем болған жағдайда тазартылған сарқынды суларды жiберу санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негiзiнде анықталады.
      138. Әр сарқынды суларды шығару және әр ластайтын зат есептерi негiзiнде су объектiлерiндегi заттардың ШРҚ нормалары анықталады. Оларды сақтау осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес су объектiсiндегi есептiк (бақылау) тұстамасындағы судың нормативтiк сапасын қамтамасыз етуi тиiс.
      139. Сарқынды суларды су объектiлерiне жiберу, жiберу шарттары мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келiсiлгеннен кейiн белгiленген тәртiппен берiлетiн арнайы су қолдануға рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.
      140. Су объектiлерiне сарқынды суларды бұруды келiсу мыналар арқылы жүргiзiледi:
      1) су жағдайына әсер ететiн ұйымдардың, ғимараттардың, құрылыстардың және басқа объектiлердiң құрылысына арналған алаңдарды таңдау кезiнде, қайта жаңарту (кеңейту) туралы мәселенi қарау, ұйымның техникалық қайта жабдықталуы немесе өндiрiс технологиясының өзгеруi кезiнде;
      2) жаңа және қайта жаңартылатын (кеңейтiлетiн) объектiлердiң сарқанды сулары кәрiздеу, тазалау, залалсыздандыру және зарарсыздандыру жобларын қарау кезiнде;
      3) арнайы су пайдалану материалдарын және жұмыс iстейтiн объектiлердiң ШРҚ жобаларын қарау кезiнде.
      141. Жерүстi және жерасты суларын ластауды болдырмау үшiн құрылыстармен қамтамасыз етiлмеген және судағы зиянды заттарды анықтаудың әдiстерi мен белгiленген ШРҚ болмаған кезде жаңа және қайта жаңартылған объектiлердi пайдалануға беруге жол берiлмейдi.
      142. Су пайдаланушылар санитариялық-эпидемиялогиялық қызмет органымен келiсiлген тазарту қондырғыларының үзiлiссiз жұмысын және су объектiлерiнiң су сапасының гигиеналық нормативтерiн сақтауды қамтамасыз ететiн технологиялық, санитариялық-техникалық, ұйымдастыру-шаруашылық iс-шараларын жүргiзедi.
      143. Су пайдаланушылар тазарту құрылыстарының жұмысына, сарқынды суларды шығаратын жерден және халықтың су пайдаланатын жақын жердегi пункттерiнен жоғары орналасқан су қоймасының немесе су ағысының су сапасына жүйелi зертханалық бақылау жүргiзудi қамтасыз етедi.
      144. Су пайдаланушылар жасап отырған бақылау тәртiбi (бақылау пункттерiн таңдау, сарқынды сулардың зиянды компоненттерiнiң халықтың денсаулығына қауiптi дәрежесiн талдау көрсеткiштерiнiң тiзiмi, зерттеу жиiлiгi) мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келiсiледi.
      145. Авария туындайтын объектiлер мен құрылыстарда (мұнай және өнiм құбырлары, қоймалары, сарқынды суларды жинақтаушылар, кәрiздеу коллекторлары мен тазарту құрлыстары, кемелер мен басқа жүзу құралдары, мұнай ұңғымалары, бұрғылау платформалары, жүзу құралдарына май құю пункттерi) мыналарды қамтитын апатты жою жоспарлары әзiрленедi:
      1) мүдделi қызметтер мен ұйымдарға хабарлау нұсқаулары;
      2) ластанудан арнайы қорғалатын құрылыстар мен аумақтардың (су жинағыштар, жағажайлар, елдi мекендер) тiзбесi;
      3) авариялық жағдайлар туындаған кездегi iс-қимыл тәртiбi;
      4) талап етiлетiн техникалық құралдар мен залалсыздандыратын реагенттердiң апаттық қорының тiзбесi;
      5) ластайтын заттарды жинау мен жою және аумақты залалсыздандыру тәсiлi;
      6) су объектiсiнiң авариялық ластануы жағдайындағы су пайдалану тәртiбi.
      146. Шаруашылық және басқа да қызметi ауыз сумен жабдықтау жүйесi көздерiнiң авариялық ластануына және (немесе) ауыз сумен жабдықтау жүйесiнiң бұзылуына әкеп соқтырған адамдар бақылау пунктiндегi су объектiсi суы сапасының көрсеткiштерi нашарлаған кезде, жергiлiктi бақылау органына, су қорғау қоры және қолдану саласындағы уәкiлеттi органның өңiрлiк органдарына, төтенше жағдайлар бойынша, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарына тез арада хабарлайды және аварияны тоқтату бойынша шаралар қабылдайды.
      147. Су объектiсiнiң авариялық ластануы жағдайында шаруашылық-ауыз су құбырларының иелерi санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келiсiлген iс-шаралар жоспарын әзiрлейдi.
      148. Сумен жабдықтау объектiлерiндегi өндiрiстiк және тұрмыстық үй-жайлар су құбырымен және суды бұрумен жабдықталады. Орталықтандырылған су бұру жүйесiне қосылу мүмкiндiгi болмаған кезде, жинағыш-септиктерiмен, су өткiзбейтiн шұңқырмен жабдықталады.
      149. Сумен жабдықтау объектiлерiнiң өндiрiстiк үй-жайларында табиғи және жасанды жарықтандыру қамтамасыз етiледi. Iстен шыққан шамдар уақтылы ауыстырылады.
      150. Хлораторлық механикалық iске қосылған сору желдеткiш жүйесiмен жабдықталады.
      151. Өндiрiстiк және тұрмыстық үй-жайларды жинау үшiн мақсатына байланысты пайдаланылатын таңбаланған жинау мүкәммалы бөлiнедi және арнайы бөлiнген орында сақталады.
      152. Сумен жабдықтау объектiсiнiң өндiрiстiк үй-жайларының аумағында үш жақтан қоршалған, қатты жабыны бар контейнерлiк алаң бөлiнедi. Қоқыс пен қалдықтарды жинау және уақытша сақтау контейнерде жүзеге асырылады, шығаруды мамандандырылған ұйым арнайы бөлiнген орында жүргiзедi.
      153. Сумен жабдықтау объектiлерiндегi қызметкерлер құралы арнайы киiммен және қорғаныш құралымен ("Лепесток" респираторлары, қорғаныш көзiлдiктерi, резеңке қолғаптар) қамтамасыз етiледi.
      154. Сумен жабдықтау объектiлерiндегi персонал алдын ала және мерзiмдiк медициналық тексеруден, гигиеналық оқытудан және жұмысқа рұқсат алудан өтедi.
      155. Жылумен жабдықтау жүйелерiнiң жаңа жылу желiлерi, олармен байланысты жылу желiлерi жылумен жабдықтау жүйелерiнiң түрiне қарамастан, сондай-ақ күрделi жөндеуден, авариялық-қалпына келтiру жұмыстарынан кейiн кейiннен дезинфекциялай отырып, гидропневматикалық жууға жатқызылады.
      Дезинфекциялау оларға қоса берiлетiн нұсқаулыққа сәйкес кемiнде 6 сағат байланысу уақыты кезiнде құрамында 75-100 мг/дм3 белсендi хлор мөлшерi бар шаруашылық-ауыз суды, сондай-ақ басқа рұқсат етiлген құралдарды толтыру арқылы жүзеге асырылады.
      156. Құрамында қалдық хлоры бар жуынды суларды шығару елдi-мекеннiң кәрiздеу желiсiне, ол болмағанда, жерүстi суларын ластанудан сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтағанда жергiлiктi жер бедерiне немесе су қоймасына жүзеге асырылады.
      157. Су құбыры және жылу желiлiрiн жууды және дезинфекциялауды қызметтiң көрсетiлген түрiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйым жүргiзедi, сапасын бақылауды су пайдаланушының өндiрiстiк зертханасы жүргiзедi. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының аумақтық бөлiмшелерi арнайы бақылауды жүргiзу үшiн жұмыс жүргiзу уақыты туралы хабарланады.
      158. Су сынамаларының екi рет (бiрiнен кейiн бiрi) зертханалық зерттеу нәтижелерi ауыз су сапасына қойылатын белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келгенде жуу және дезинфекциялау аяқталды деп саналады. Сумен жабдықтау объектiсiн тазалау, жуу және дезинфекциялау актiсi осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресiмделедi.
      159. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйелерi үшiн суды дайындау үдерiсiнде Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуден өткен реагенттер мен конструкциялық материалдар пайдаланылады.
      160. Бақылау құдықтары құрғақ болуы, тығыз жабылуы тиiс. Су тарату құбырлары жарамды жағдайда ұсталады, халыққа суды шлангiлер және басқа да құралдар арқылы беруге жол берiлмейдi.

"Су көздерiне, шаруашылық-ауыз     


су мақсаты үшiн су жинау орындарына, 
шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға,  
суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына
және су объектiлерiнiң қауiпсiздiгiне
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық қағидаларына
1-қосымша              

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет