Су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғаудың бас схемасын бекіту туралы


Сырдарья өзенінің сағасы және сағадағы сулы-батпақты жерлердің экологиялық жүйесі



бет10/32
Дата25.02.2016
өлшемі6.07 Mb.
#22819
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32

4.5.2. Сырдарья өзенінің сағасы және сағадағы сулы-батпақты жерлердің экологиялық жүйесі

Арал аймағының мәселелері бүкіл әлемге белгілі. Ол нақты бір дәрежеде су қорларын тиімсіз пайдаланудың салдары болып табылады, бұл теңіз деңгейінің +53 м ден +38 м дейін төмендеуіне әкелді.

Кіші Аралды және Сырдарья өзені атырауының көлдік жүйесін сақтап қалу Орталық-Азия мемлекеттерінің Арал теңізі бағдарламасының басты мақсаттары болып табылады, сондықтан минималды-экологиялық көлемде кепілдендірілген ағын барлық Сардарья өзені бассейнінің су қорларынан каматамасыз етілуі керек.

Кіші Арал теңізінің шығыс бөлігі, Сарышығанақ шығанағы мен Арал ойпатының солтүстік-шығыс бөлігіндегі көлдері бар Сырдария өзенінің сағасын қосқанда, Қазақстандағы оныншы Рамсард алқабы болып орын алып отыр. Бұл аумақтың қосылуы оның аса құндылығын халықаралық деңгейде танылуы болып табылады. Жаңа сулы-батпақты алқаптың ауданы 330 мың.гектарды құрайды.

Бұл алқап осында ұялайтын және миграциялайтын 200 мың құстар үшін ғана емес, сондай-ақ арал албырты және аралдық лысач сияқты сирек балықтар үшін де маңызды.

Солтүстік Арал теңізінің қажетті су тұтынуы, бұлану мен сүзілуге, сондай-ақ минералдылықты 16-17 г/л-ден аспайтын деңгейде ұстап тұру және төмендету үшін шайуға тең көлемнен тұрады.

Кіші Арал мен атырауды ұстап тұру үшін Сырдарья өзенінің бассейнінде 5-7 км³ судың берілуін қамтамасыз ету жетерліктей шынайы мақсат және оны шешімін табу, құлдыраудың кері үрдісін және Арал маңының Қазақстан бөлігіндегі тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуін тоқтатуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Қазақстанда Арал теңізінің бассейнінінде ғылыми және жобалық жұмыстардың үлкен көлемі орындарлды және бұл Кіші Аралды сақтап қалуды, өзен атыраулары мен батпақты-көлді жүйелердің құлдырауының тоқтауына қол жеткізуге болатын мәселе ретінде қарауға мүмкіндің береді. Алайда, Сырдарьяның төменгі сағасы үшін қажетті ағынды алу өз бетінше әлі жеткіліксіз және мәселені шешу үшін суды тиімді пайдалану мен тарату бойынша бірқатар инженерлік-техникалық шараларды жүргізу қажет, жеке алғанда, өзен арнасы мен атырауының сулану жүйесін қайта құру (бірінші орында өзендік-батпақтық), өндірістік емес судың жаппай жоғалуын қысқарту және, Кіші Аралды реттелетін су объектісіне айналдыру.

Атыраулардың, өзен арналарының, жағалаулы көлдердің және батпақтардың кеуіп кетуі биоәртүрлілікке кері әсерін тигізді: атырауда бұрын мекен еткен жануарлардың 178 түрінен 38 ғана қалды. Тоғай мен камыстарда мекен еткен жануарлардың түрлері жойылып кетті. Балықтардың популяциясы маңызды қысқарды, теңіз балық кәсіпшілік және кеме жолдарының маңызынан айырылды. Арал теңізі бассейнінінде 7,9 млн.га суармалы жерлердің 5,2 млн.га тұздалған, іс жүзінде 4,5 млн.га жуығы дренажбен қамтамасыз етілген.

1960 жылдарға дейін Арал теңізінің деңгейі 53 м белгінің шамасында ауытқып тұрды, және теңіздегі судың көлемі 1064 км³ құрады, 1961-1987 жж.кезеңінде теңіз деңгейі 15 м.төмендеді. Арал теңізінің деңгейінің төмендеуінің салдарынан оның акваториясы екіге бөлінді – Улкен және Кіші (Солтүстік) теңіз болып, Амударья мен Сырдарья өзендерінің қалдық ағынымен қоректенетін.

Көкарал гидроторабының құрылысынан кейін Солтүстік Арал теңізі (САТ) маңызы бойынша суқоймаға айналып кетті – Нарын-Сырдарья каскадының төменгі сатысына. САТ деңгейін 42,0 м белгіде тұрақтандыру кезінде, теңіздегі су бетінің ауданы 3550 км² құрады, оның орташа минералдылығы 9,5 г/л құрады.

Қазіргі кезде Сырдарья өзенінің ағыны бассейнде алты ірі суқоймасы бар (Тоқтағұл, Андіжан, Қарақұм, Чарвак, Шардара және Коксарай реттегіші) және негізінде Сырдарья өзенінің ағыстарында орналасқан көптеген кішігірім суқоймалармен реттелген.

Сырдарья атырауының су шаруашылық инфрақұрылымы алты ірі көлдік жүйеге бөлінген: Ақсай, Қуандарья, Қамстыбас, Ақшатау, Оң жақ жағалаулы және Сол жақ жағадаулы Приморская (4.6.3 сур.). Көлдік жүйелердің әрбіреуі, табиғи ағыстар мен жасанды каналдардың күрделі желісімен байланысқан жеке көлдер мен батпақтардың жиынтығы түрінде болып келеді. Көлдік жүйелердің әсер ететін аймағында бірқатар елді мекендер, сондай ақ басты балық шаруашылық объектілер, шөп шабатын жерлер және мал бағатын аудандардың, ормандар мен бұталардың негізгі аудандары орналасқан.

Сырдарья атырауының көлдік жүйелері мен сулы батпақты алқаптары, Қазақстандағы Арал маңының судағы және су маңындағы экожүйелерінің тұрақты күнкөрісінің негізі, Кызылорда облысының Қазалы және Арал аудандарының халқының тіршілік етуіне қажетті шарт болып табылатын балық кәсіпшілігін және азық өндірісін жүргізетін база болып табылады.

Табиғи жағдайда Сырдарья өзенінің арнасының ұзындығы атырау аралығында 189 км және түбінің орташа еңісі 6,35 см/км болғанда Арал теңізіне ортажылдық су шығыны 15,5 км ³ жуық болатын жіберілімді қамтамасыз ететін. Атыраудың аумағында суландыруға осы кезеңде, орташа шамамен жылына 1,9 км³ шығындалатын. Сонымен қатар, атыраудың сулану режимі оны қоректендіретін Сырдарья өзенінің деңгейлік режимінің ерекшеліктерін көрсететін. Атыраулы суаттардың толырылу фазасы сәуір-маусымда байқалды. Судан босатылу фазасы тамыз-наурызда байқалды.

Сырдарья ағынының өткен ғасырдағы 60-жыдарындағы антропогендік қысқаруы мен Арал теңізінің деңгейінің құлауы (эрозия базисі) атыраудың сулану мәселесін қиындатты: жетпісінші жылдары мұнда атыраулы көл жүйелеріне судың өзіндік ағып келуін қамтамасыз ететін екі уақытша су көтергіш суторап тұрғызылды:


  1. Аманөткел су көтергіш тоған (1976 жылы тұрғызылған) Сырдарья сағасынан 69 км қашықтықта орналасқан. Бұрындары суторап Камыслыбас пен Ақшатау көл жүйелерін суландырып тұру үшін өзенде су деңгейінің бұйрықты қалпын камтамасыз ететін.

  2. Ақлақ су көтергіш тоған (1975 жылы тұрғызылған), жағалау сызығынан 25 км орналасқан Сырдарьядағы ең төменгі гидротехникалық құрылым болып табылады. Сондай-ақ суторап құрамында реттеуіш ғимарат болып жұмыс істейтін, жағалаулық су тастағыштар тұрғызылды. Суторап Теңіз жағалауындағы өзен жүйелеріне судың өздігінен ағып берілуіне арналған болатын: Оң жак және Сол жак жағалаудағы.

1993-1994 жылдары су тасқынының жоғары болған кезеңде қабысып тұрған Аманөткел және Ақлақ сутораптарының жарылуы орын алды, соның салдарынан олардың көлдерді басқару жағдайы жоғалды.

Өзен ағынының жалпы көлемінің төмендеуінің нәтижесінде, Сырдарья өзенінің төменгі ағысындағы көл жүйелерін суландыру аса күрделі болды.

Сонымен қатар канал желілерінің қанағаттандырарлық болмағаны жағымсыз рөл атқарды, олар арқылы көлдік жүйелердің сулы-тұзды және деңгейлік режимдері ұстап тұрылатын.

Сырдарья атырауының су шаруашылық инфрақұрылымына суды бөліп таратушы желілер – табиғи ағындар мен жерде жасалған жасанды каналдар – және су реттеуіш құрылымдар- трубалы бетонды су тастағыштар кіреді.

Ол ұзындығы әр түрлі табиғи және жасанды 54 суағарлардан тұрады, сондай ақ 55 су реттеуіш гидротехникалық құрылымдардан, сонымен қоса Сырдарья атырауының тұтынушыларына су қорларын бөліп беру және Арал теңізіне тастау үшін Сырдарья өзенінің ұзындығы бойында 35 негізгі су бұрғылар бар.

3 сурет Арал жаныңдағы су объектілерінің табиғи шаруашылық жүйесі



Өзендегі орын алған гидроқұрылымдар мен су өткізгіштер жоғарғы суларды өткізетін инженерлік талаптарды және су аз жылдары басқару шарттарын қанағаттандырмайды. Осыған байланысты оларды жөнеу жұмыстары немесе жаңа реттеуіш құрылымдарды салу қажеттілігі туындайды, олар атыраудағы орын алған су қорларын дұрыс бөлуге және интегралды басқаруға мүмкіндік береді.

Космостық түсірілімдердің мәліметтері бойынша атыраулы көлдердің ауданы 1976 жылмен салыстырғанда 400 км² дейін қысқарған, ал ондағы су көлемі 1,5 км³ жуық құрады. Сонымен қоса суқоймалардың балық шаруашылық маңызы тек Камыстыбас, Ақшатау мен Теңіз жанындағы көл жүйелерінде ғана сақталды, олар каналдар арқасында сулануынады (1975-76 жылдары Аманөткел мен Ақлақ бөгеттерінің құрылысынан кейін қол жетімді болды).

Арал теңізінің ластануы мен тұздануы 70-жылдары теңіздің тұрғылықты теңіз мекендеушілердің жойылуына әкеп соқтырды. Теңіздің тұздылығы 14 г/л жеткенде - фитопланктонның биомассасы мен саны 3-5 есеге қысқарды. Осыған байланысты көптеген балықтардың өсу қарқыны үдеді, өлімі өсті, қайта кобею үрдісі толық бұзылды.

Солтүстік Арал теңізінің су балансы, теңіздің көпсулы жылдарына қатысты жағдайына сәйкес биіктіктігі бар берік бөгеттің болуы кезінде теңіздің деңгейі 46,0-47,0 мБС дейін қайта қалпына келуін, оның екі көлдік жүйелердің болжамдалатын су тұтыну бруттосы (шығын мен ағып кетуді ескерегенде) 2,73 км³ көлемін құрайды.

Сырдарьяның төменгі ландшафты құрылымында экожүйелердің, жабайы аңдарға қорек базасын қамтамасыз ету үшін өсімдік пен топырақ түрлерінің, балықтардың уылдырық шашатын және молайтатын орындарының, құс ұяларының дұрыс теңгерімін ұстап тұру керек. Гидроморфты және шөлді ландшафтардың едәуір ыңғайлы қатынасы, Ақсай-Қуандарья жүйесін ескергенде (0,7км³) атырауға 2,1 км³ кем болмайтын су көлемі түскенде байқалады. САТ толтыру үшін жылына 3 млрд км³ кем болмайтындай су қажеттілігін ескере отырсақ, Сырдарья атырауына келіп түсетін судың көлемі жылына 5,1 млрд.км³ кем болмауы тиіс.

Сырдарья атырауының тұрақты сулануы үшін, өлшемі 105 мың.га жуық көлдік жүйелердің ауданы ұсынылған, сонымен қатар 75 мың.га –көлдер және 30 мың.га сулы-батпақты жерлер.

Сырдарья өзенінің бассейнінің су экожүйелері – бұл көлдер, сулы-батпақты жерлер, жайылымдардар немесе өзенге жақын жерлерде орналасқан шабындықтар, ормандар мен бұталар. Экожүйелердің бұл түрі су теңгерімінде ең маңызды және ең аз зерттелген болып табылады. Жеткіліксіз зерттелген: көлдер мен батпақтардың аудандары, олардың пландағы өлшемі, келіп түсетін сулардың тереңдігі мен көлемі, олардың қайдан келетіні, қандай су ағындары мен каналдары бойынша, қандай суды пайдаланатындығы (сырдарьядан ба алде КДС), қандай деңгейлер тиімді, қайда барып тасталынады, экологиялық және экономикалық қайтарылымы қандай, флора мен фауна, көлдік жүйелердің реттелу режимі және оның экожүйе құрамына әсер етуі: өсімдік, балықтар, ондатрлар мен суда жүзетін құстар.

Негізінен, жайылып суғарылатын шабындықтар өзен жайылымында жеке массивтермен, суармалы каналдар мен коллекторлардың аймағында, суғарылатын массивтердің перифериясында және Сырдарья өзенінің атырауында орналасады.

Шабындық жерлер Сырдарьяның өзеннен алшақ орналасқан аудандарында мал шаруашылығын қысқы азық қорегімен қамтамасыз ете отыра негізгі азық өндіруші болып табылады.

Шабындықтарды суландыру жартылай өзен ағынымен, жартылай қайтарылатын коллекторлы-дренажды сулармен жүзеге асырылады. Өзеннен суландырылатын шабындықтардың ауданы және сол кезде пайдаланылатын судың көлемі жылдар бойынша маңызды ауытқып тұрады, өйткені ол Сырдарья өзенінің сулылығына байланысты болады.

Тұтастай алғанда, өзен суымен суғарылатын шабындықтардың статистикалық ауданы 135 мың.га құрайды. Ол өзеннің аңғары мен атырауында жеке массив түрінде орналасады, сондай ақ Сырдарья өзенінің арнасынан алшақ орналасқан шаруашылық-экологиялық жүйелердің құрамында .

Шардара-Қазалы аумағында шаруашылық-экологиялық жүйелерге Шошақкөл, Телікөл, Жаңадарья-Қуандарья және Қараөзек жатады.

Нақты объектілердің кешенді сипаттамасы оларды функционалды тағайындалуы бойынша немесе су тұтынуы бойынша бірмәнді құрамдарға шектеуге мүмкіндік бермейді.

Суғарылатын ескі арналар, ылдилар, көл ойпаттары және тоғайлар шөптердің, қамыстардың, бұталардың, тоғай ормандарының өсетін жері, жануарлар мен құстардың мекендейтін орындары, сонымен қатар жайылым жерлердің және малдардың су ішетін жерлері, шабындық жерлер, балық кәсіпшілігінің және халыққа шұрат болатын жерлер болып табылады.

Шаруашылық-экологиялық жүйедегі су тұтыну жиырма жылдық кезең ішінде қарастырылды (1976-1995 жж.), онда шаруашылық-экологиялық жүйелерде судың орташа тұтынылуы, Қараөзек ағынындағы бақыланбайтын және тиімсіз су тасқындарының салдарынан, су көп жылдары 2,6-3,3 км³/жыл дейін көтеріле отырып, 1,6 км³/жыл жуықты құрады. Көбінесе бұл Сырдарья өзен арнасының өткізіу қабілетінің жеткіліксіз болуымен және елді мекендер мен ауылшаруашылық жерлердің су басудан қорғау рөлін орындайтын мәжбүрлі тасқындар болды.

Бұл судың жүйелендірілген есебі жүргізілмейді, су басудың экономикалық көрсеткіштері жоқ. Бұл мәселені егжей-тегжейлі зерттеу үшін, өлшемдердің іс жүзіндегі түсірілімі және аталған жерледің өнімділігі, сондай ақ су берілімін, судың бөлінуі мен су шығынын төмендету бойынша арнайы зерттеулер қажет.

Су, батпақталған жерлер, ылғалданған шабындықтар орын алған аумақтың жалпы ауданы 504,83 мың.га құрайды. Сондай-ақ сулы-батпақты жерлердің шегінде ормандар мен бұталар бар, олардың ауданы шамамен 46,25 мың.га құрайды. Көлдер мен өзендердің су беті 129,47 мың.га құрайды. Жергілікті балық шаруашылық ұйымдардың бағалауы бойынша, Қызылорда облысында балық өнімін беретін көлдердің ауданы Сырдарья өзені бойынша 46,5 мың.га құрайды.

Барлығы Төменгі сағада Шардара суқоймасынан атыраудың шыңына дейін экожүйелердің ауданы 394,31 мың.га құрайды, соның ішінде көлдердің астында – 73,65 мың.га, батпақтардың – 161,2 мың.га, жайылымдар мен ормандардың – 159,45 мың.га.

Өзен атырауының экожүйесі 110,12 мың.га алып жатыр, соның ішінде көлдердің астында – 55,82 мың.га, батпақтардың – 32,5 мың.га, шабындықтар мен ормандардың – 21,8 мың.га.

Өзен сағасының экосистемасын бағалауы, ірі экосистемалар кіші экосистемаларға қарағанда ауданы анағұрлым көп болады, барлық ауданы саға экосистемаларынан 5 есе шамадан асады, олар өзен су балансында бейнеленуі тиіс.

Сырдария өзенінің сағасының су-батпақты жерлердің кәзіргі уақытта суландырылуы бір қалыпты емес және жағдайлардан бағынышты болады. Суы аз кезеңдері 1980 – 1988 жылдары Сырдария өзенінен суды аз алғандықтан су-батпақты жерлердің басым бөлігі толық жойылып кетуіне алып келді.

Өткен ғасырдың 90 – жылдардың басынан, көлдер жұйесіне судың келуі және су көлемінің көтерілуіне байланысты, су экосистемалар қайта даму процессі басталды: судың тұздылығы төмендеді, су тоғандарында балықтың қайта оралуы басталды, құстардың саны көбейді. Кәзір осы учаскілер толық Рамсар конвенция критериаларына сәйкес. Сырдария өзенінің сағасындағы көлдердің орналасуы жері 4 суретте бейнеленген.

Бірақ, өзен сағасы су батпақ жерлердің суландырылуы жағдайы жақсарғанына қарамастан, су тәртіптемесінің реттіу мәселелері шешілмеген. Көлдерге судың келуі табиғи шарт ережелері бойынша судың табиғи өзен арнасынан немесе өзен арнасының табиғи таз жерлерден судың шығуы нәтижесінде болды.

Кәзіргі жағдайда өзеннің табиғи арнасының тереңдетілуі немесе арнайы су келу каналдарының құрылысы, өзеннің су денгейі төмен болған кезіне арналған, көлдерге барған су жазға саба маусымында өзенге қайтып келіп көлдердің тартылып қалуына себепкер болады. Токтағұл су қоймасының энергетикалық жұмыс режиміне өтуі және өзен сағасына су жібері көлемін арттыру салдарынан негізгі экосистемалар суландырылды. Осыған тағы жағдай жасаған ардайым өзен арнасының тереңдету және кеңейту жұмыстардың жүргізілуі, Сырдария өзенінің көлдер жүйесімен байланыстырады.

Табиғи жығдайларда орын алатын көктемгі су басу, қысқы су басу режимі маңызды кемшіліктері болады.

Қысқы режимінің кемшіліктрері балықтың өмір сүру қалпына күш түсіру, тоғай ормандардың жойылып кетуі, ондарт мекенінде қолайсыз жағдайдың туындауы және басқалар.
4 сурет. Сырдарья өзенінің сағасындағы көлдердің орналасуы



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет